ЖАЗБАША ТІЛ ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ ОНЫ ҮЙРЕТУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Мэлс Аяулым Ришаткызы,
студент
Мажитаева Шара, профессор
Е.А.Букетов атындағы
Қарағанды мемлекеттік университеті
Бұл
мақалада жазбаша тілдің қызметі, оның ерекшеліктері,
оқушыларға жазбаша тілді үйренуде кездесетін
қиындылықтар туралы қарастырылған.
Тіл адамдардың
қарым-қатынас құралы болғандықтан, ол
сөйлеу әрекетінің арқауы болып табылады. Тіл ұлт
пен ұлтты жақындастыратын өзгеше қатынас. Тілмен сөйлесу
адамзат баласы үшін тысқары бір дүние емес, ол ішкі
құбылыс. Сөйлеу тек адамға ғана тән. Адам
тіл арқылы бір-бірімен қатынаса алады. Қазіргі таңда,
еліміз өз егемендігін алып, дербес мемлекет ретінде танылуда.
Сондықтан еліміздің өркениетін көтеру мақсатында
шет тілдерін меңгеру, шет елдермен қарым-қатынас
орнатудың маңызы зор екендігін көрсетіп отыр. Бұл
дегеніміз қазақстандықтар үшін, жастар үшін
ағылшын тілін үйрену - ғылымды, экономиканы, бизнесті одан
әрі дамыту қажеттілігінен туындатып отыр. Білім - адамзат
қазынасы, халықтың білімділігі - елдің байлығының
ең маңызды бөлігі. Тәрбиелеу мен оқыту
жүйесінде білім арқылы ең озық мәдениет пен
дүние таным қалыптасады.
Н. Ю
Вторушинаның пікірінше, шетел тілін, жалпы кез келген тілді
үйренуде немесе үйретуде
жаза білудің, жазбаша тілдің маңызы зор. Өйткені
жазбаша тіл – бұл жазбаша сөздегі ойдың мақсатты
және шығармашылық іске асуы, ал жазбаша сөз – ойды
жазбаша тілдік белгілерде
қалыптастыру мен тұжырымдау тәсілі.
Оқушылардың жазбаша дағдылары көпжағдайда
сөйлеу қызметінің басқа түрлеріне үйрену
деңгейінен елеулі қалып қояды [1].
Жазбаша тілге
оқытудың мақсаты оқушыларда жазбаша коммуникативтік
құзіреттілікті қалыптастыру болып табылады, ал бұл
жазбаша белгілерді, сөйлеу түрлерінің жазбаша мазмұнын
және нысанын жазбаша меңгеруді қалыптастырады. Жазбаша тілге
оқыту кезінде шешілетін міндеттер жазбаша тілдің оқыту
мазмұнын игеру үшін жағдайлар жасаумен байланысты. Бұл
міндеттер оқушыларда қажетті графикалық автоматизмдерді,
сөйлеу-ойлау дағдыларын және айтылатын ойдың жазбаша
стильге сәйкес тұжырымдай білу дағдысын
қалыптастыруға, білімі мен дүниетанымын кеңейтуге,
жазбаша тілдің мазмұнын жеткізе білу мәдениеті мен
интеллектуалдық дайындығын игеруге, жазбаша мәтіннің
тақырыптық мазмұны, сөйлеу стилі және
графикалық пішіні туралы түпнұсқадан ауытқымай
жеткізе білуді қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Жазбаша тілді
оқытуға қойылатын ақырғы талаптар
оқушыларда шетел тілін меңгерудің қол жеткізілген
бағдарламалық деңгейіне сәйкес тілдесу, танып білу
және шығармашылық тәсілі ретінде шетел тіліндегі жазумен
қалай практикалық жұмыс жасау қабілеттерін
қалыптастыруды енгізеді. Жазбаша тілді үш жазықтықта:
мазмұны (ойлау), бейнелеу (сөз) және орындау (графикаларды)
қарастыруға болады. Жазбаша
тілдің мазмұны оның қызметтік мақсаты және
міндеттерімен анықталады, мысалы, эмоциялық әсер,
көмекке жүгіну, қызметті басқару, ақпаратты
сұрату, іс жүргізу әрекеттерін орындау, ақпаратты
сақтау, адамның шығармашылық әлеуметін жазбаша бейнелеу [1].
Ойды мазмұнды
қорыту жазбаша туындының нысанын анықтайды. Жазбаша тіл
туындыларының нысанына оқыту мазмұны енгізілуі мүмкін,
оған жататындар: құттықтау ашық хаттары,
телеграммалар (жеке және іскерлік мазмұнда), жазбалар (отбасы
мүшелері, достары, жұмыстағы әріптестері),
маңдайша жазулар (үйлерде, мекемелерде), заттаңбасы (тауар
орамаларында), суреттерге қол қою,
хабарландырулар-нұсқаулықтар,
хабарландырулар-ақпараттар (жұмыс іздеу туралы, жұмысқа
қабылдау туралы, спорттық және мәдени өмірдегі
жаңалықтар), мәзірлер, жарнамалар, шақыртулар,
көңіл айтулар, жеке хаттары, көбінесе хатта
жұмысқа қабылдау туралы, алғыс хаттар, яғни
bread-and-butter letters, наразылық және шағымдары бар
хаттар, өтініш хаттар (басшыға, қоғамға),
өтінішке берілген жауаптар, автобиографиялық мәліметтер,
яғни curriculum vitae, сипаттамалар, яғни confidential references,
толтырылған сауалнамалар және бланкілер, анықтамалар,
mind-maps үлгідегі тірек схемалары (аудитория алдында сөйлеу
үшін), нұсқаулықтар (қауіпсіздік техникасы
бойынша, тапсырмаларды орындау үшін), рецепттер (кулинарлық,
белгілі және жеке), күнделіктер (бақылаулар, саяхаттар),
сөздіктер, диктанттар, библиографиялар (автордың шығармалары,
проблема жөніндегі кітаптар), конспектілер, яғни notes
(оқыған мәтіннің мазмұнын қысқаша
баяндау), қабырға газетіне мақалалар, әсерлер
(көрген немесе тыңдаған кездегі алған әсерлер
туралы), кітапқа шолу, рецензия, яғни reviews (кітапқа,
әңгімеге, кинофильмге, өнер туындыларына), есептер,
яғни reports (бақылаулар туралы, сауалнама туралы,
сұрақтар туралы), баяндамалар (проблема туралы, case-studies
үлгідегі нақты жағдайларды зерттеу туралы), баяндау,
яғни reproduction (оқыған мәліметтерді, естіген
мәліметтерді), резюме, яғни summary (оқыған
мәліметтердің, естіген мәліметтердің негізгі идеясы),
хабарламалар (жаңалықтар туралы, соңғы
жаңалықтар туралы), шолулар (газеттегі мақалалар, апта
ішіндегі жаңалықтар), аннотациялар, яғни précis
(әңгіменің, кітаптың, фильмнің негізгі
мазмұны), рефераттар, яғни synopses (оқыған
мәліметтерді қысқаша шолу), тезистер, яғни abstracts
(сөйлеуді қысқаша баяндау), жобалар, яғни projects
(қоршаған әлем жағдайына және өзгерісіне
көзқарастар), очерктер, яғни essays (заттарға
және құбылыстарға жеке көзқарас),
шығармалар (тақырыпты немесе проблеманы қайта түсіндіру
(интерпретация)), әңгімелер (фабулалар мен сюжеттерді ойдан
шығару), өлеңдер (әр түрлі пішіндегі
өлеңмен жазылған туындылар жазу) т.б. [2].
Қазіргі
заманғы әлемде жазбаша коммуникацияның рөлі тым
жоғары деген пірірмен ешікім дауласа алмайды. Жазу бізге өлшеусіз,
бірақ сенімді қызмет етеді.
Сөйлеу түрі және жазу өнімді қызмет түрі
болып табылады, бірақ жазбаша тілдік нұсқалардың
жағдайымен байланысты бірқатар міндеттер туындайды.
Бұл
қандай міндеттер және осыдан туындайтын жазбаша тілінің
сапасы қандай деген
сұрақ туындайды. Сөйлеу мен жазудың арасында
психологиялық және лингвистикалық тұрғыда маңызды айырмашылық бар.
Профессор А.И.Гальперин: «бәрінен
бұрын, ең алдымен, тікелей реципиент пен аралық кері
байланыстың болмауын атап көрсету керек» дейді. Сөйлеп
тұрған адам тыңдап тұрған адамның
әрбір фразаны мұқият тыңдап, соған сай реакциясын
тікелей көре алады, бұл оның сөзін реттілікпен
сөйлеуіне әсер етеді; жазатын адам бұл реакцияны алдын ала
болжауы мүмкін, сондықтан оның сөзі
неғұрлым негізделген, толық баяндалады. Жазатын адам ең
алдымен тиісті оқиғаға сәйкес реципиентті
көрсетіп, сосын өз пікірін айта алады. Бұл жазатын
адамға болған оқиғаны неғұрлым толық
сипаттауға мәжбүрлейді, әйтпесе қате
бұрмаланып кетуі мүмкін [3].
Жазатын адам
өзінің сөзін мәнерлеп баяндай алмайды. Сондықтан
ол фразаларды неғұрлым
мұқият синтаксистік түрде құрастыруы, соған
сәйкес дәлме-дәл бейнелеуі тиіс.
Сөйлеп
тұрған адам көбінесе уақыт тапшылығы
жағдайында болады; ал жазатын адамның уақыты шектеусіз.
Сондықтан ол тек сөздің мағынасына ғана емес
оның формасына де барынша көңіл бөледі. Біз
жазылғандарды саралап көргенде барынша сәйкес
пайдаланылған сөздердің мағынасы мен формасы
айтылған ойдың мазмұны мен мағынасын
қаншалықты бере алатындығын тексереміз. Жазатын адам,
негізінен, өз сөзін ұзақ мерзімді жоспарлаумен білдіреді, сондықтан оның
сөзі барынша ойға қонымды, түсінікті. Ол
дәлме-дәл сөзді іріктеп, сөзінің лексикалық
құрамын түрлендіре алады [4].
Жазбаша жазу мен
жазба тілдің сапасы тек белгілі бір қиыншылықтар мен
ерекшеліктерге ғана емес, сонымен бірге
жазба жұмысының өзіндік бір сипатты ерекшеліктеріне де
байланысты.
Жазбаша тіл
қызметі жазбаша сөзде ойды мақсатқа сай
бағытталған және шығармашылық тұрғыда
аяқтау, ал жазба тілі – жазбаша тілдік белгілерде ойды қалыптастыру
және тұжырымдау тәсілі (Л.С. Выготский, И.А. Зимняя, Tricia
Hedge). Атап айтқанда жазудың өнімді жағына шетел тілі
сабақтарында аз үйретеді.
Оқушылардың жазбаша жазу дағдылары сөйлеу
қызметінің басқа түрлерін үйрету деңгейінен
елеулі түрде артта қалып қоятынын көріп жүрміз [5].
Жазу да сөйлеу
сияқты үш жиілікті құрылыммен сипатталады: түрткі
салу-мотивациялық, аналитикалық-синтетикалық және
орындаушылық. Түрткі салу-мотивациялық бөлігінде мотив
пайда болады, қажеттілік түрінде сөйлесуге деген
ниетінің болуына, жазбаша түрде бірнәрсені беруге,
қандай да бір ақпаратты хабарлауға байланысты. Жазатын адам
өзінің түпкі ойын айтқысы келеді.
Аналитикалық-синтетикалық бөлігінде сөйлеудің
өзі қалыптасады, іске асырылады: мәтінді
құрастыру үшін қажетті сөздерді іріктеу,
тақырыптық белгілерді ұсыныстар тобына бөлу,
сөйлемдер арасындағы байланыстарды мағыналық
ұйымдастыруда предикатты немесе өзекті бөлігін атап
көрсету. Жазба тілінің орындаушылық бөлігі қызмет
түрі ретінде жазбаша мәтіннің графикалық
белгілерінің көмегімен өнімді көрсетумен іске асырылады
[6].
Ағылшын тілінде жазбаша тілдің
дағдыларын дамытудың маңызы үлкен. Қазіргі кезде шетел тілінің заманауи қоғамдағы
орнын артық бағалауға болмайды. Мектептегі оқыту
процесі осы тапсырыстарға сәйкес өзгереді. Көбінесе
оқытудың практикалық мақсаты келесі түрде
өзгерді: шетел тілін үйрету – шетелдік сөйлеуді үйрету
– шетел тілінің сөйлеу қызметін үйрету – шетел тілімен
қарым-қатынас жасауға үйрету.
Біз қазіргі
кезде шетел тілін үйрену қалыпты жағдай болған кезде
ағылшын тілі туралы, халықаралық қатынас тілі туралы,
тілді зерделеу мақсаты коммуникативті құзіреттілікті
қалыптастыру туралы айтамыз. Мағынасы жағынан ықпалдас
болып келеді және өзіне бірнеше негізгі компоненттерді енгізеді:
·
айтылым, тыңдалым, оқылым және
хаттағы коммуникативтік дағдылар;
·
ақпаратты құрастыру және айырып
тану үшін тілдік материалды меңгеру дағдылары мен тілді білу;
·
онсыз коммуникативтік құзыретті
толыққанды қалыптастыру мүмкін емес
әлеуметтік-мәдени білімділікті қамтамасыз ету үшін
лингвистикалық елтану және елтанушылық білім [7].
Өйткені
қазіргі кезде оқыту процесі шетел тілін практикалық
меңгеруге бағытталған, онда жазба немесе сөйлеу тілі
ретіндегі қызметтің сөйлеу түрінің үлкен
маңызын атап өту керек. Соңғы кезде аталған
қызмет түріне көп көңіл бөліне бастады. Жазба
тілді меңгеру шетел тілін білуді, тілдік ортадан тыс кезде internet,
e-mail, sms және т.б. сияқты қазіргі заманғы
коммуникация құралдары арқылы сол тілде сөйлейтін
адамдармен сөйлесіп, тілді нақты пайдалануға мүмкіндік
береді. Жеке және ресми құжаттарды жазу мүмкіндігі,
сауалнамаларды, құжаттардың бланкілерін толтыру
қажеттілігі оқушылардың зерделенетін тілдің жазбаша
коммуникацияларын белсенді меңгеруге ынталандырады. Сонымен жазу
дегеніміз не ? Біріншіден ғылымда жазу және жазба тіл деп ажыратады.
Лингвистикалық
әдебиетте жазу дегеніміз сөйлеу түрінің бірі ретінде
графикалық жүйе деп түсіндіріледі, белгілердің
көмегімен тілді беру құралы,
ең ақырында дыбыстық сөзге толықтыру;
оның туындыларын сақтау және оны ара
қашықтықта беру үшін сөзді көрсетуге
мүмкіндік беретін графикалық белгілер жүйесінің
көмегімен қатынас құралы деп көрсетіледі [8].
Г.Шамшырақованың
тұжырымдауынша, жазбаша тіл айтылатын сөзбен байланысты
сөйлеу қызметі және ойды жазбаша ойлау процесі ретінде
анықталады. Біз үшін
жазуға үйрету бұл жекелеген сөздерді, сөз
тіркестерін, сөйлемдерді жазу үшін тілдің графикалық
және орфографиялық жүйелерін пайдалана білу дағдысын
қалыптастыру, ауызша тілді графикалық белгілер көмегімен
бекіту. Жазба тілді үйрену бұл оқушылардың
қарым-қатынас қажеттіліктеріне сәйкес өз ойларын
жеткізе білу дағдысын меңгеру, жазбаша түрде нақты
тілдік құралдармен қарым-қатынас жасауды жүзеге
асыру болып табылады. Жазба тілді үйрену мақсаты оқушыларда
жазбаша коммуникативтік құзіреттілікті қалыптастыру болып
табылады, жазба белгілерін, жазба тілде сөйлеу мазмұыны мен формасын
меңгеруді енгізеді [9].
Егер жазуды
қызметтің өнімді түрі ретінде қарастыратын болсақ, онда сөйлеу сияқты
үш сатылы құрылыммен сипатталады:
мотивациялық-түрткі салу, аналитикалық-синтетикалық
және орындаушылық. Басқаша айтқанда, түрткі
салушы, қалыптастырушы және нәтижелі.
Мотивациялық-түрткі салу бөлігінде мотив пайда болады,
қажеттілік түрінде сөйлесуге деген ниетінің болуына,
жазбаша түрде қандай да бір ақпаратты беруге байланысты,
түпкі ойын айтқысы келеді. Аналитикалық-синтетикалық
бөлігінде сөйлеудің өзі қалыптасады және
іске асырылады, нақты мәтінді құрастыру үшін
қажетті сөздер іріктеледі, тақырыптық белгілерді
ұсыныстар тобына бөлінеді, сөйлемдер арасындағы
байланыстарды мағыналық ұйымдастыруда предикат немесе
өзекті бөлігі атап көрсетіледі. Жазба тілінің
орындаушылық бөлігі қызмет түрі ретінде жазбаша
мәтіннің графикалық белгілерінің көмегімен
өнімді көрсетумен іске асырылады [10].
Психологтардың
тұжырымдауынша, жазбаша сөйлеу негізі ауызша сөйлеу болып
табылады. Ауызша сөз және соның ішінде сөйлеу жазу мен
сөздерді тудыру механизмдерінің өздерімен байланысты.
Бұл ойлаудан (не айтудан) тілдің қажетті
құралдарын іріктеуге (мұны қала айту, қандай
сөздер керек және оларды сөйлегенде үйлестіру)
және ойды тілдің көмегімен ауызша – сөйлеуде немесе
жазбашада – жазуда іске асырғанға дейін байқалады [1].
Жазу оқумен
тығыз байланысты. Соның негізінде тілдің бірдей
графикалық жүйесі жатыр. Жазу кезінде және оқу кезінде
графемно-фонемдік сәйкестік белгіленеді. Бұл тек әр
түрлі бағытта болады: әпріптерден бастап дыбыстарға
дейін оқу кезінде, ал дыбыстардан әріптерге дейін жазу кезінде.
Сонымен жазу
оқушылардың білімі мен дағдыларын жүйелендіру, оларды
өзіндік бақылау мен өзіндік түзетуді жүйелендіру
үшін қажет. Жазу үлкен маңызға ие, біздің
қалай ойлайтынымызға және қалай
оқитынымызға, сонымен қатар біздің жеке
дамуымызға және басқа адамдарға деген
қатынасымызға әсер етеді. Аталған қызмет
түріне оқыту қажеттілігінің 5 себебін атап
көрсетуге болады: жазу адамның қалай ойлайтынына байланысты
әсер етеді. Жазу бізге тыңғылықты болуға
үйретеді, ой қызметін логикалық тұрғыдан
тұжырымдауға көмектеседі. Жазу біздің
оқуымызға көмектеседі. Жазу ақпаратты іріктеуге,
сұрыптауға, ең негізгісін атап көрсетуге, нақты
айқындауға көмектеседі. Жазу
біздің не оқығанымызды есте сақтауға
көмектеседі. Жазу табысты қамтамасыз етеді, өйткені
біздің қалай ойлайтынымызға және
оқитынымызға әсер етеді. Жазу жеке тұлғалық
дамуға әсер етеді. Біз жазу арқылы ойлауды үйренеміз,
біздің жеке тәжірибемізге терең әсер етеді. Жазу
әлеммен байланыс құралы болып табылатыны мәлім.
Зерттеушілер жазуды үйренуде 3 затты білу
қажеттігін айтады: қалай жазуды,
жазу процесі кезінде не болады, өзінің жұмысын
қалай сындарлы бағалау керек [10].
Қорытындылай
келе, оқушыларды жазбаша тілге
үйрету және дамыту жолдарын талдап, түрлі жаттығулар
ұсынып, оқытуда жаңа материалдар қолданып,
түрлендіріп отырған кезде ғана оң нәтиже беретіні
сөзсіз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Вторушина Н. Ю. Письмо и письменная
речь в обучении иностранному языку // Альманах современной науки и образования.
Тамбов: Грамота, 2010. № 1(32). ч. 2. –С. 129–132.
2.Гальскова Н.Д., Гез Н.И. Теория
обучения иностранным языкам: Лингводидактика и методика. – М.: Издательский
центр «Академия», 2004.
3.Гальперин
А. И. Очерки по стилистике английского языка. — М.: Просвещение, 1999.
4.Кочетова Л. А. Обучение студентов
письменному информационному общению в свете межкультурных различий //
Межкультурная коммуникация и СМИ: Материалы междунар. науч.-практ. конфер. 14
мая 2010 г. — Барнаул: Алт. гос. ун-т, 2010. — С. 123–126.
5. Соловова Е. Н. Методика обучения
иностранным языкам: базовый курс лекций. М.: Просвещение, 2002.
6. Иманқұлова С.
Жаңаша оқыту әдістемесі. Әл-Фараби атындағы Қазақ
Ұлттық университетінің хабаршысы, Филология сериясы. №1, 2006.
–Б.97-98.
7. Бархударов Л. С. Грамматика английского языка. –М., 1986.
8. Сақтағанова М. С., Алиева,
Н. Қ., Ботағарина Г. Ағылшын тілін оқытудағы
бүгінгі белес. Алматы: Білім, 2006.
9. Шамшырақова Г . Ағылшын
тілін оқытудың құрылымы// Кәсіптік мектеп, №3, 2007. –Б 12-15.
10. Жұмайқызы Г.
Ағылшын және қазақ тілдеріндегі салыстырмалы
ерекшеліктер. Астана: Аударма баспасы. 2004.