Филологические науки/Язык, речь, речевая
коммуникация
Казбекова
Ш. И., Сайлауова Арайлым
ТарГУ, филология
мамандығының 2-курс студенті
Қазіргі кездегі ағылшын тіліне
түркі тілінен енген кірме сөздердің сараптамасы
Әрбір тілдегі кірме сөздер сөздік қордың
байытылуына әр түрлі әсерін тигізеді. Кейбір тілдерде олар
тілдің сөздік қорында мәнді бейнеленуіне ешқандай
да әсерін тигізген жоқ. Басқа тілдерден енген сөздер
тарихтың әр кезеңінде тілдің сөздік қорына
әсер еткені соншалықты, тіпті қызметтік сөздер, мысалы,
есімдік, жұрнақ сияқты кірме сөздер бастапқы
қызметтік сөздерді ығыстырды. Кірме сөз барлық
тілге қатысты процесс және ағылшын тілінің
лексикалық құрамы үшін бөлінбейтін
болғандықтан, бұл тақырып маңызды және белсенді,
оны қарастыру және зерттеу үшін материал жеткілікті. Тірі тіл
– тұрақты дамып отыратын құбылыс
болғандықтан. Жаңа бірдеңе келеді, ескі жоғалады,
сондықтан лексикология облысында жұмыс істеп жатқан
ғалымдар үшін шешілмеген көп сұрақатр пайда болады.
Мәселе өзінің дамуының ұзақ тарихы
процесінде ағылшын тілі сөздікке әр түрлі жолмен енген
шетелдік сөздердің көптеген мөлшерін
қабылдаған. Бұл сөздердің құрамына
қызметтік сөздер де, сөз түзетін морфемалар да кіреді.
Ағылшын тіліндегі кірме сөздердің бұндай үлкен
мөлшері лингвистерге ағылшын тілі өз болмысын жоғалтып,
қандай да бір «гибридті тілге» айналды деген тұжырым жасауға
негіз болды. Ағылшын лингвисті А.Бо, «бұл тіл жаңа түісінікті
белгілеу үшін басқа тілге жүгінетініне байланысты,
ағылшын тілінің сөз түзетін қабілеті
ақырындап өше бастады» деп жазған.
Жұмыстың
өзектілігі
қазіргі кездегі ағылшын тілінде болып жатқан
өзгерістерді басқа тілден кірме сөздердің енуі себебі
бойынша анықталады және қойылған мақсатқа
жету үшін келесі тапсырмалар
қойылды:
- ағылшын тіліне қатыысты лексикалық кірме
сөздердің түсінігін анықтау;
- түркі сөздерінің қолданылуының
лексика-семантикалық облысын зерттеу;
- қазіргі кездегі ағылшын тіліне түркі кірме
сөздерінің әсері туралы сұрақты қарастыру.
Бұл жұмыстың зерттеу объектісі ағылшын тіліне
басқа тілдік лексикадан кірме
сөздердің ену процесі болып табылады.
Кірме сөздер - тіларалық қарым-қатынас (байланыс)
нәтижесінде бір тілден екінші тілге ауысқан бөгде тілдік
элементтер (сөздер, сөз тіркестері, жұрнақтар т. б.).
Көбінесе белгілі бір жаңа ұғым-түсініктің
атауы болып келетін кірме сөздер «шет тіл сөздері», «интернационал
сөздер», сияқты түрлерге сараланып зерттеледі.
Түркі сөздері ағылшын тілі сияқты атақты
тілге қалай енуі мүмкін? Ағылшындар қайда және
түріктер қайда? Олар бір-біріне жақын тұрмайды,
ең атақты түркі тілінің ролі мен беделі ағылшын
ролі мен беделімен салыстыруға болмайды.
Бірақ әрқашанда бұлай болған жоқ.
Әр дәуірде және Евразиялық континенттің әр
орнында түріктер көптеген әр түрлі
өздерінің мемлекеттерін құрды, соның ішінде
атақтылары, Ғұн империясы, Түрік қағанаты,
Алтын Орданы және т.б.
Түркі халқының тілі әр түрлі тілдерде,
соның ішінде ағылшын тілінде де өз ізін қалдырды.
Біздің мәліметтер бойынша, ағылшын тілінде төрт
жүзге жуық тіркі сөздері бар, оның ішінде 55%-ын
этнографиялық реалиялар, 26%-ы қоғамдық-саясатты
лексикаға жатады, 19%-ы табиғи реалиялар болып табылады.
Этнографиялық сөздердің ішінде ағылшын
тілінің ажырамас бөлігіне айналған сөздер: caviar,
coach, kiosk, kumiss, macrame, shabrack, shagreen, vampire және т.б.
Көптеген үйреншікті қоғамдық-саясатты
реалиялар: bashi-bazouk, begum, effendi, chiaus, cossack, ganch, horde,
janissary, khan, lackey, mameluke, pasha, saber, uhlan.
Көбірек белгілі табиғи реалиялардың ішінде badian, beech,
irbis, jougara, mammoth, sable, taiga, turkey және т.б. сияқты
сөздер кіреді. Бұл топта минералдың 18 атауы бар, мысалы,
dashkesanite, turanite және т.б.
Ағылшын тіліне түркі сөздері тура контакт арқылы,
және тілді тасымалдаушылар арқылы да енген. Түркі тіліндегі
сөздер сакстердің және ағылшындардың
ата-бабаларының тіліне IV ғасырды соңында ене бастады, онда
олар ғұн-түріктерге қарасты болған. 376 жылы
барлық Орталық Европа ғұндардың қол астында
болды және тек 449 жылы ғана ғұндардың ханы
Аттиланың өлімінен кейін, ағылшындардың,
сакстардың және юттардың бір тобы Британдық
аралдарға қоныс аудара бастады. Бұл қоныс аудару
процесі шамамен 150 жылға созылды .
Осылай, түріктік лексиканың бұрынғы ағылшын
тіліне тура әсер етуі кем дегенде 73 жылға созылды. Сол кездегі түріктердің
неміс тайпаларынан мәдени қатынаста да, әскери жұмыс
жағынан да алда тұруын есепке алсақ, онда бұрынғы
ағылшын тіліне көптеген түркі сөздері, әсіресе
әскери, мал шаруашылығындағы терминология, сонымен
қатар мемлекеттің құрылысымен байланысты түсініктердің
білдіретін сөздер енуі керек еді.
Әр түрлі үнді тілдерінен ағылшын тіліне шамаен 900
сөз енді, оның 40-ы түркі тілінен шыққан, мысалы:
beebee, begum, burka, cotwal, kajawah, khanum, soorme, topchee, Urdu.
Орыс тілі арқылы ағылшын тіліне 60-тан астам түркі
сөздері енген: astrakhan, ataman, hurrah, kefir, koumiss, mammoth, irbis,
shashlik және т.б.
Поляк тілі арқылы ағылшын тіліне hetman, horde, uhlan
сөздері енді.
Венгр тілінен неміс және француз тілдерінің көмегімен
ағылшын тіліне соасh, haiduk, kivasz, vampire сияқты түркі
сөздері енген.
Ешқандай шектелмеген ағылшын тілі өзінің
«түрін» жоғалтқан жоқ, ол оған даму шегіндегі
барлық сипатымен неміс тобының тілі болып қалды, және
кірме сөздермен байланысты өзгерістер тек оның сөздік
қорын кеңейтті.