ҚарМТУ
Әбек М.О., Тілеухан О.З., Адылханова С.Е.
Дін
өз мәнінде ғана қоғамдық-рухани
құбылыс және кері кету бағытына ауытқыған
жағдайда, барлық құбылыстар сияқты
адамзаттың қас жауына, яғни, өзінің керісінше
мағынасына өтеді, құндылықтық бағдары
түбегейлі өзгеріске түседі. Бұл қарапайым
ғана формула болғанмен, оның бұрмаланған
кейпінің алдын-алуда адамзат тарихы оңтайлы тәсілді іздеп
табуда дағдарысқа тап болуда.Қазіргі кездегі әлемді
алаңдатып отырған маңызды діни түйткілдердің
бірі, тіпті ғаламдық мәселелердің қатарына
жатқызуға да болатын құбылыс – діни экстремизм мен
терроризм деп айтуымызға болады.Ақпараттық-постиндустриалды
қоғам жағдайында басқа да қайшылықты
және қатерлі мәселелер аз емес. Діни экстремизм мен терроризм
ең қауіпті қыры өзінің құрбаны
үшін – қоғамның әлеуметтік құрылымы
мен мәртебелерден, рольдерден тәуелсіз; бай-кедей,
басшы-бағынышты, бизнесмен-министр, әйел-бала, кәрі-жас т.б.
кез-келген «адасқандар» деп верификациялаған қоғам
мүшелерін таңдап жатпайтындығы. Тіпті діни сенімі бар адам
бойынша алғанда да, сол діннің өкілі де,
өздерінің діни сенімі мен ұстанған бағытына
сәйкес келмесе, олар да потенциалды құрбандарға айналуы
ықтимал.Ендеше, оның хауіптілік дәрежесін, қатерлі
сипатын және кезек күттірмейтін өзектілігін былайша
жүйелеп көрсетуімізге болады:
1. Ол байлық пен билік
иесін, бедел мен рухани асқақ тұлғаны, зияткер мен
шынайы дін өкілін де, нәресте мен мүгедекті де т.б.
әлеуметтік қабаттар мен топтардың қайсысы болсын
таңдап жатпайды, өзінің керіағар пиғылын
жүзеге асыру мақсатында бәрін де өз
ұстанымының құрбанына айналдырады.
2. Табиғат стихиясынан, оның алапат апаттарынан гөрі, ол
саналы ұйымдасқан және «ұлы» жоспарлар аясында
қызмет етеді. Уақыт пен байсалдылықтың,
төзімділік пен парасаттылықтың құралдарын
мойындай қоймайды, яғни келіссөздер мен саяси парасатты
ұстанымдарды көп жағдайда қабылдай бермейді.
3. Күтпеген жерден,
тосыннан, жасырын әрекет етеді. «Аңдыған алмай
қоймайды» дегеннің керін келтіреді. Ол әлеуметтік
кеңістік пен уақыттан тыс, яғни, аймақтық
бөлініс пен мезгіл талғамайтын нәтижесі трагедияға алып
келетін құбылыс. Табиғат пен қоғамның даму
заңдылықтары мен қажеттіліктеріне көп жағдайда
бағына бермейді, олардан тысқары болады. Осыларды ескере келе, біз
бұл тұста «діни жат пиғыл», «діни экстремист», «діни
террорист» деген сияқты дінге қатысты ұғымдардың
барлық сенімдерге ортақ жалпылама атау екендігін ескере келе,
қозғалып отырған мәселені нақтылап,
радикалдардың ислам діні арнасындағы көріністерін
таразылауға бет бұрмақпыз.Діни экстремистік
пиғылдың өрлеуі оған кез-келген адамның елігіп
кетуінің басты жасырын себептерінің бірі – қазіргі исламтанушылар,
діни философтар мен социологтар, дінтанушылар, имамдар мен дін өкілдері,
діни ағарту саласындағы дәріс берушілер мен тәрбие
берушілердің кейбірі зайырлылық ұстанымда болмай
отырғандығы. Сондықтан оларды, жат діни ағым
арнасындағы идеологтар-апологеттер-миссионерлер және зайырлы
бағыттағы насихатшылдар деп бөлуге болады.
Бұл жерде миссионер заңмен арнайы бекітілетін дінді таратушы
тұлға екендігін, апологет сол дінді жақтаушы-ақтаушы
маман болып табылатындығын, идеолог арнайы рухани-моральдік
құралдар арқылы жұмыс жүргізетін субьект
екендігін назарға салғымыз келеді. Сондықтан, бүгінгі
таңда ислам дінін өзі де толық түсіне алмай жатып,
өзгелерге уағыз айтып, ел ішіне іріткі салатын идеологтар
қазақ қоғамында бүгінгі күні ислам дінінің
беделін түсіріп бара жатыр десек те болады. Саяси құрылымымыз
бен әлеуметтік стратегиямызды жоққа шығару билік
иелерінің арасында толқулар мен оған деген келіспеушіліктер
тудырып отыр. Осыған байланысты, белгілі бір деңгейде, ислам
дінінің жат бағыттарын уағыздаушылар оның бүгінгі
қоғамдағы беделін мүмкін арнайы, мүмкін
байқаусызда түсіріп жіберіп отыр. Мәселе, сол уағыз
тыңдаушылардың ғана емес, уағыздаушылардың
өздерінің жат пиғылды екендігін сезбеуінде және сезе
тұра оны арнайы ұйымдастыруында болып отыр.
Экстремизм мен терроризмнің алдын-алу үшін алдымен, оның
шығу себептерін тауып, оны жою мақсатын қою маңызды іс
болып табылады.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1. Шадықұлұлы Қ., Қабылова А.С., Жұрынбаев
Е.С. Халықаралық терроризм және экстремизммен күрес
саласындағы негізгі терминдер мен ұғымдардың
түсіндірме сөздігі.-Алматы: Өлке, 2011.- 160б.
2. Нұрғалиева М. Қазақстандағы діни экстремизм
сын-қатері: қарсы тұруға дайын болу// Экстремизм мен
терроризмге қарсы әрекет етудегі дәстүрлі
діндердің ролі.-Әдістемелік материалдар жинағы, Алматы:
ҚР БҒМ ҒК Философия және саясаттану инстиуты.- 2011.-
151б. — 58-67бб.
3. Курганская В. Қазақстандағы діни экстремизмнің
интенсификациялану факторлары және оған қарсы әрекет
ету жолдары. Экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет етудегі
дәстүрлі діндердің ролі.-Әдістемелік материалдар
жинағы, Алматы: ҚР БҒМ ҒК Философия және
саясаттану инстиуты.- 2011.- 151б. — 46-57бб.