Рахатаева А.А. - ҚарМТУ студенті
(ХТОВ-15-1 тобы)
Секта -шынайы
қатер! Сектаға тартудың жолдары
Қазіргі таңда елімізді түрлі діни бірлестіктер,
ұйымдар, ағымдар толқындары
басып алып жатыр. Алайда «секта» сөзі кемсітушілік пен
қорлаушылық мағынасын таратпаса да, бұл термин
мемлекеттің қоғам қайраткерлерінің, түрлі
организацияларының тарапынан көп сынды, қарсылықты,
мақұлдамау мен келіспеушіліктерді туғызды.
Сонымен, «секта» дегеніміз не? Оның мақсаттары қандай?
Бұл шындық па, әлде миф пе?
В.Дальдың түсіндірме сөздігі бойынша, «секта» - дін жайлы
өзінің жеке оқытуын қабылдаған бірлестік болып
анықталады.
Секта – дәстүрлі діндерден бөлінген, оларды дін ретінде
мойындамайтын, жеке көзқарастары мен діни догматикаларын
қалыптастырған, мемлекеттің ішкі
тұрақтылығы және қоғамдық
құрылыстарға кері әсерін тигізуші тар шеңберлі
көзқарастағы адамдардан құралған топ.
Сондай-ақ, ислам дінідегі радикалды ағымдар да форма
жағынан секталардан алшақ
болғанымен, принциптері бір әрі қызметтері, мақсат -
мүдделері ұқсас болып келеді. Осы секталар мен
ағымдардың басшылары көбіне заңға қайшы
келетін қылмыстық әрекеттерге барып, қарапайым топ
мүшелерінің саналарын түрлі манипулияциялық амалдармен
жаншып, тоталитарлық жолмен бағындыруға тырысады.
Қазақстанда ислам дініндегі көптеген радикалды
партиялардың ықпалы мен олардың мүшелер саны күн
сайын өсіп келеді. Неліктен бұл процесс жалғасын тауып жатыр? Кейбіреулер «сырттан келген манипуляцияға
оңай ұшырайтын адамдар типі ғана бұрыс жолға
түседі» деп ойлайды. Алайда, теріс пиғылды ағымдардың
құрамына бұрын өз идеологиясы мықты болған,
әрі бай азаматтарымыз да еніп жатады. Неліктен? Яғни, жалған
діни ұйымдарға әлеуметтік қорғалмаған
азаматтармен қатар салиқалы, қалталы адамдар да келеді
және кейін сол ұйымды үнемі қаржыландыруға
мәжбүр болады. Кез-келген теріс пиғылды діни
ағымға адепттердің көптеп ендірілуін көздейтін
манипуляциялық жүйеге адамның сезімталдығын
анықтайтын көптеген факторлар бар. Мысалы, жас адам өзінің
өмірлік мақсатын, өз ой-қорытындыларына бір негіз
іздейді, ал, оның әке-шешесінің онымен сөйлесетін
уақыты жоқ немесе бір адам отбасын жоғалтуы мүмкін,
кейде ересек адамның өзі қайғысына ортақ болатын
адам таба алмай қиналыста болады. Сондай кездерде жалған діни
ағым мүшелері өз жұмысын бастайды. Олар көбінесе
стресстік жағдайда жүрген, апатия немесе депрессияға
ұшыраған адамдарға бағытталады. Себебі, мұндай
жағдайда жүрген адамға кез-келген ұсақ
мәселе шешілмейтін азап секілді көрінеді, ал, жалған діни топ
мүшелері адамға кішігірім төлемақы төлету
және күнделікті өмірден бас тарту арқылы
«Құдайдың құтқаруын» ұсынады.
Әрине, ешкім оларға тікелей бұлай демейді, барлығы
өздігінен болып жатқан сияқты көрінеді. Осыдан келіп,
адамдар көбінесе өзінің манипуляцияға
ұшырағанын білмей қалады.
Еліміздегі көптеген «секталардың» стратегиясының мәні болып, ел саясатына араласу,
елді басқару, Конституцияны түбегейлі өзгертіп,
оның орнына әлемнің
барша мұсылман халқын біріктіретін уәләйәтті
қабылдау табылады. Стратегияның орындалуы үшін қатарларына «мәңгілік
мұсылман елі» концепциясына шын жүректен сенетін ізбасарларды көптеп жинауы керек. Осындай радикалды
партияға «Хизб-ут-тахрир» партиясы жатады.
Бұл партия 1953 жылы шейх
Таклитдин Набхоний бастауымен сириялық Байтул- Макдис қаласында
құрылған. Қазіргі уақытта Оңтүстік
Қазақстанда тараған.
Кез-келген теріс пиғылды діни ұйымдардың өз
психологтары бар және олар адамдарды қарапайым психологиялық
әсер ету тәсілдерін қолдана отырып тәуелдендіреді.
Біріншіден, қиын жағдайда жүрген адамға
ыңғайлы әрі жағымды орта керек. Бұл ұйымда
ондай орта бірден ұйымдастырылады: тегін тамақ, жататын орын,
сіздің келгеніңізге қуанышты болатын «жаңа отбасы»,
барлығы сізге жымиып, бір-бірінің амандығын сұрайды.
Бұның барлығы кез-келген адамға жағымды болып
көрінеді және қайтадан сол жерге келіп, осында көп
уақытқа қалуға ынтасын тудырады.
Екіншіден, жаңадан келген адамды өзін топпен
ассоциациялауға үйрету керек, яғни, оны жақсы
көретін осы «керемет адамдардың» мүшесі ретінде сезінуге
итермелеу керек. Әртүрлі ұйымдарда түрлі амалдар бар
(тренингтер, бірігіп ән салу, топтық құлшылық
ету, өздерінің мейрамдары, өздерінің ерекше тілі
және т.б.), жаңадан келген адамның миына идеологиялық
ақпаратты құйып, сол ақпаратты ешқандай
сұрақсыз және сыни ескертулерсіз жаттауын қатаң
қадағалап отырады. Яғни, адамның сындарлы ойлауы мен
ерік қалдықтарын түгелімен жоюға тырысады. Осылайша,
топ оны «өз мүшесі» етіп қабылдауға ынталандырады.
Үшіншіден, жатталған материал практикада сәтті
қолданғанда, адамды мадақтау және «жоғары
деңгейдегі» топ мүшелеріне жақындату арқылы
қолдайды. Іс-әрекетін басқа біреулердің қолдауы
«өзін керемет сезінуін» туғызады, сонымен қатар, осы сезімдер
үшін ол өзінің «ұстаздарына» алғысын білдіреді.
Тәуелділік пайда болады. Енді, манипуляцияны толық жүзеге
асыра беруге болады, яғни, адамды өзінің кез-келген
мақсаттарында қолдануға болады, енді, ол,
айтқанның барлығын бұлжытпай орындайды. Себебі,
оның алдында егер топ одан бас тартса, адам не істерін білмейтіндей
жағдай жасалды… сол кезде адамда топтан бөліну фобиясы
қалыптасады, сондықтан өзін мұндай әдіспен
жазаламас үшін барлығын істеуге даяр болады.
Осылайша, біртіндеп секта мүшелерінен тәуелділік
қалыптасады, соларға тартатын бір тылсым күш пайда болады.
Осы кезеңде адам өзінің не істейтінін шеше алмайтындай
жағдайға жетеді. Оған бөгет бола алатын – адамның
жақындары мен достары, себебі, олар оны бұрынғы өмірге
қайтадан тарту үшін бар күшін салады. Сол себепті теріс
пиғылды діни ұйым адамның бар уақытын алуға
тырысады. Оның мақсаты – адамға дұрыс демалу мен
жақындарымен қарым-қатынасқа түсу уақытынан
айыру.
Сектаға түскен адам одан еш
уақытта өз еркімен шықпайды. Шыққысы келсе де,
оған жол берілмейді де, манипуляция күшейеді. Яғни, «егер бізді
тастап кетсең, өміріңнің күл-талқаны
шығады», «сенің жаның шіриді», «тозаққа
түсесің» немесе ең жиі қолданылатын манипуляция « сенің жақындарың мен
туысқандарың азап шегетін болады». Нәтижесінде, «секта»
мүшесі одан шығудан қорқатын болады.
«Секта» – қоғамдағы
жаңа құбылыс емес. Ол сонау ерте замандағы белгілі бір
фанатиктер тобтарының харизматикалық көшбасшылар
соңынан еріп, олардың ізбасарлары атануынан көрініс табады. Алайда, жиырма бірінші ғасырда
«секталар» дінді қару ретінде пайдаланып, азаматтарды еркінен, сана
сезімдерінен, ойынан айырып, ел ішінде, әлемде саяси
тұрақсыздықты туындатып отыр. «Сектаға» түскен
адамдардың психикасы зақымдалады, алайда оның
бұғауынан құтылып шығуға күші жеткен
өжет адамдардың
есінің толық қалпына келіп, жазылуы үшін кем
дегенде 2-3 жыл қажет.
Қорытындылай, «секта» –
қиял-ғажайып пен миф емес, бұл қоғам үшін,
адамзат болашағы үшін үлкен қауіп-қатер. Сол
себепті де, егер де
сіз өз жақындарыңыз бен таныстарыңыздың арасында
біртүрлі өзгерістерге ұшыраған немесе күдікті адамдармен
араласып, түрлі түсініксіз жиындарға барып жүрген
адамды байқасаңыз, онда оған немқұрайлы
қарамаңыз, дер кезінде көмектесуге тырысыңыз.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1.
Орысша-қазақша
түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша
/ Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын -
Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. - 569 б. ISBN 9965-808-89-9
2.
Белов А. В. Секты, сектантство, сектанты / А. В. Белов; АН
СССР (Москва). — М.: Наука,
1978. — 151 б.: ил.
3.
Сарсенбеков Н.Ж., Төлеуқұл
А.А., «Қазақстандағы діни ахуал» Инновация в технике, технологии и образовании: Тез. доклады межв. студ.
науч. Конф. 19-20 апреля 2012г. В 6-ти ч. Часть 6/ -Караганда: Изд-во КарГТУ,
2012. – б. 79-80.