Право/8.Конституционное право
ЕУРО ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚ ПЕН
ҚАЗАҚСТАН АРАСЫНДАҒЫ КЕМШІЛІКТЕР.
з.ғ.к., доцент Алимбетов А.В. з.ғ.м. Құрманбаева
Д.П.
М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университеті,
Қазақстан
Кеден
одағы 2011 жылдың шілдесінен бастап іске кірісті, арада жарты жыл
өтпей жатып 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап ол
Бірыңғай экономикалық кеңістікке ұласты, ал 2015
жылдан бастап Еуразиялық экономикалық одаққа
жеткізіліп, 2016 жылдан бастап жүзеге асырылғалы отыр. Барлық
фактілерге қарағанда біз егемендігімізден айрылуға, ал Ресей
бізді қайтадан қосып алуға асығып бара жатқан
сияқты. Ресейліктер қазірдің өзінде Еуразиялық
экономикалық одақ дегенді «Еуразиялық одақ» деп танып,
«экономика» деген сөзді алып тастап, КСРО-ның
жаңаланған формасы түрінде танитынын жасырмайды. Өзге
емес Путиннің өзі 2011 жылы «Известия» газетіне берген
мақаласында осылай деді. Міне, осындай жағдайда Назарбаев Путинге
2025 жылға арналған экономикалық әріптестіктің
стратегиясын әзірлейік деген ұсыныс айтты. Сондай-ақ, бұл жағдайлар Еуроодақтың
болашағына күдікпен қарайтындардың түрлі
болжамдарына құлай сенетіндердің қатарын көбейте
түскендей. Қазақтың «Тау мен тасты жел, адамзатты
сөз бұзар» деген нақылын алға тарта сөйлесек,
еуроаймақтың келешегіне айтылып жүрген түрлі
пайымдаулар аталған бірлестіктің жүйкесін
жұқартпай тынбайтыны анық. Тіпті, мұндай болжамдар
жинақтала келіп, осыған дейін орныққан
қоғамдық оңды пікірлерге соққы жасап,
ақырында еуроаймақ елдері ынтымағының іргесін
шайқалтып жіберуі де мүмкін. Бiздер бiрнеше айдан берi
Тәуелсiз мемлекеттердiң қарым-қатынасында
бұрын-соңды болмаған жағдайды байқап отырмыз.
Ресей президентi В.Путин өзiнiң нөкерлерiнің құрамына Ресей, Қазақстан
және Белорусь кiретiн Евразиялық Одақ (ЕО) құру
жөнiндегi жұмыстарды ширатып, сол Одақтың
алғашқы басқарушы органы - Евразиялық
Парламенттi жасақтауды жеделдетуге нұсқау беруiн жиiлеттi. Егер Еуразиялық Праламент
құрылған жағдайда мұндағы
Парламенттің міндеті ЕЭОқа қатысушы мемлекеттерді
қадағалауы болып табылады. Бұл жағдайда қос
палаталы Парламенттің де таратылып кетуі әбден мүмкін. Ал
оған бiздiң жоғарғы билiктегi лауазымды адамдар селт
етiп үн қатар емес. Мәскеу Евразиялық
Одаққа кiрген мемлекеттердiң тәуелсiз саяси
өкiлеттiктерiнiң бiраз бөлiгi ұлттық
институттардан жоғары тұрған ортақ құрылымдарға
берiлуi тиiс екендiгiн тiптi жасырмайды да. Қазiргi кездегi Ресей
басшылығы ұстанған саясаттағы негiзгi
бағыттардың бiрi – ұлыдержавалық
дәстүрлерiн қайта жаңғыртып, жерлердi жинастыру,
Ресейге әлемдiк саясатта ықпалын жүргiзетiн
бұрынғы мәртебесiн қайтарып алу екендiгi әмбеге
аян. Кремль бұл мақсаттарына жету үшiн тұтастай
әскери және экономикалық шараларды iске қосуға,
озбырлық, басқыншылық және арандатушылық саясатын
iске асыруға қабілеттi екендiктерiн әлденеше рет
танытқан.
Ресей Федерациясының
экономикасы қазақстандiкiнен 10 есе, ал халқының саны 9
есе артық. Осыны көлденең тартқан ресейлiктер Еуразиялық
Экономикалық комиссияның 80 пайызын құрап отыр.
Еуразиялық Одақтың ақшасын басатын станокты да
Ресейдiң өзiнде қалдырары тiптi анық.
Еуроодақ
елдері өздерінің экономикалық тұрғыдан
одақтасуына 40 жылдық дайындықтан кейін ғана қол
жеткізді. Ондағы мемлекет басшылары ақымақ емес, керісінше
әлдеқайда ақылды адамдар. Еуроодақтың бюджетін
құрайтын гранттың жалпы сомасы 105 млрд. еуро болса,
соның 21,1 пайыздық жарнасын ең үлкен экономика –
Германия төлейді. Одан кейінгі Франция –16,4., Италия –13,6., Ұлыбритания–13,05.,
Испания–8,5., Нидерланды – 5,3 пайыз және т.б. солай экономикалық
қуаттарына сәйкес жарна төлейді. Ешкімнің
ешқандай артықшылығы жоқ.
Ал біздің Кеден одағының негізгі жарнасы, тіпті
барлығы деуге болады – Ресейдің мойнында. Еуропалықтарға
еліктеп одақтың атқару органын «еурокомиссия»
деп атады. Сол комиссияны 87,9 пайызға
Ресей, 7,33 пайызға Қазақстан және 4,7 пайызға
Беларусь қаржыландырады. Ұлтүстілік (наднациональный)
парламент, министрліктер т.б. да қаржыландыратын Ресей. Адамзат тарихында барлық
мәселені ақша шешетіні белгілі, «кто платит – тот и заказывает
музыку» дейді орыс мақалы да. Ендеше барлық шығынының
90 пайызға жуығын Ресей төлеп отырса ол одақ кімнің
мүддесін ойлайды, ең алдымен кімге бүйрегі бұрады, соны
ойлап көрдік пе? Әлемнің еш түкпірінде мұндай
«одақ» көрмейсің, бұл тең елдердің өз
еріктерімен бірігуі (тіпті экономикалық болса да) емес, іс жүзінде
Ресейге Қазақстан мен Беларусьтің қосылуы болып
табылады. (Егер, барлық шығындарды Қазақстан, Ресей,
Беларусь – үшеуі – 33,3 пайыздан өтейтін болса, онда бәлки,
тең елдердің экономикалық одағы деп ойлануға
болар еді). Сондықтан да Ресейлік истеблишмент «экономикалық
одақ» дегенді айналыстан шығарып, Еуразиялық одақ
дегенді ашықтан ашық қолданатын болды. Олар бұл
одақты де-факто Ресей билігіндегі жаңа КСРО деп
қабылдауға толық құқы бар. Мұндай
жағдайда біздің тәуелсіздік туралы үніміз жақын
болашақта өшеді. Одақтың тілі, ділі, саясаты,
экономикасы, тәрбиесі, қалпы – бәр-бәрі қайтадан
«ұлы орыстікі» болады. Путиннің асығуы тегін емес,
шындық Назарбаевтың басына жеткенше – ол өзіне қажетті
одақты тезірек құрып алмақшы.
Еуроодақтың
білікті сарапшыларының айтуына қарағанда Путиннің Кеден
одағын құру мақсаты – Қытайдың
Орталық Азиядағы ықпалына қарсы тұруға бағыталған.
Дұрыс. Ол өзінен экономикалық жағынан қуатты,
даму перспективасы жоғары, прогрессивті елдің болашақ
экспансиясынан қорқады. Біздің президентіміз экономиканы
дамытуға алып рынок («170 млн-дық рынок») керек дейді. Егер оның сөзі шындық
болса, Ресей Еуразиялық одаққа Қытайды да тартып алар
еді ғой. Өйткені Қытаймен қосылса 170 млн түгіл
1,5 млрд-тық рынок туар еді ғой. Бұған Қытай
жағы еш қарсылық та білдірмес еді. Бірақ, Ресей оған ешқашан баспайды.
Неге? Өйткені мұндай одақта оның жұтылып кету
қаупі бар. Ондай одақ бола қалса жетекші рөлді
Қытай алып кетеді және қытай өндірісшілеріне
қарсы орыстар бәсекелесуге дәрменсіз.
Ал
біз неге жұтылып кетуді ойламаймыз, өзіміздің өндірушілеріміздің,
экономикалық потенциалымыздың Ресейден әлдеқайда
әлсіз екенін неге көре алмаймыз, тәуелсіздігімізден айрылып
қалу қаупінен неге жасқанбаймыз? Одақшыл болсақ
өзімізбен терезесі тең мемлекеттермен біріксекте болар еді ғой. Рас, бір кезде
Орталық-Азиялық одақ (ЦАС) бола жаздаған, бірақ
оны көршілеріміз керек қылмады. Олардың басшылары алдымен
өздерінің экономикасын дамытуды, өздерінің
мүддесінің орындалуын қалады. Беларуссияға Кеден
одағының керек себебі, еуродақ сарапшыларының айтуына
қарағанда, (нақты айтқанда О.Шумило-Топиола): «для
Лукашенко, Таможенный союз является способом, чтобы обеспечить выживание своего
режима». Шын мәнінде солай
екені даусыз.
Жалпы, Еуразия экономикалық одағын құру
көптеген халықты алаңдатып отырғаны жасырын емес.
Өйткені бұқара халықтың арасында «Бұл
одақ империялық жоба емес пе?» деген заңды қобалжу бар.
Егерде Ресей шын ниетімен аталған одақты таза экономикалық
интеграция деп қабылдайтын болса оның орталығын неге
Астанаға қоймасқа? Өйткені Украинада болып жатқан
соңғы күрделі жағдай Қазақ елі мен
Белоруссияны алаңдатпай қоймайды. Сондықтан да мемлекет
басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысы бойынша
Еуразиялық комиссияның орталығы Астанада орналасуы керек.
Сонымен, қорыта келсек, Кедендiк
одақ Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Қазақстан
Республикасы жан-жақты ойластырылып, көпшiлiктiң,
тәуелсiз ғылыми сарапшылардың бағасын алған
ұйым емес. Кедендік одаққа енер алдында халықтың,
елдің пікірі сұралмады. Биліктегілер белінен басып, ешқандай
референдумсыз, талқылаусыз Кедендік одаққа
Қазақстанның мүше болуын шешіп жіберді.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі:
1. Досан Баймолда. Еуропалық Одақ және
Қазақстан: бүгінгі жағдайы және болашағы
//http://akikatkaz.kz/
2. Сыдықов Е.Б. Қазақстан
және Еуропалық Одақ.//Қазақстан
Республикасының Сыртқы саясаты. -Алматы, 2012 ж