Өскемен қаласы С. Аманжолов атындағы ШҚМУ
Матаева
Бақытгүл Үкіжарқызы магистр, «Психология және
коррекциялық педагогика» кафедрасының аға оқытушысы
Капенова
Ақмарал Ермакқызы
Өскемен
қаласы С. Аманжолов атындағы ШҚМУ
«Казақ тілі
және әдебиет» мамандығының 2 курс студенті
Сезім
және эмоция, соның ішіндегі
күрделі эмоция, аффекттер
Біз күнделікті
өмірімізде сезім деген сөзді жиі қолданамыз. «Не сезіп
тұрсың?» деген сөйлем мағынысы психикалық таным
процесі түйсік ретінде қолданады. Бірақ, түйсік мен
сезімді өзара шатастыруға болмайды. Сондай- ақ,
қабылдауды да, елесті өзіндік мағынасы бар сезіммен
шатастыру, әрқайсысың жеке дара танымдық ерекшеліктері
процестерге балау – қателік. Алайда, сезім түйсіну, қабылдау,
елес, ойлау, қиял, ес сияқты жеке процестермен байланысты.
Өйткені, адам бойынан түрі мен келетінен оның жан
дүниесінің мазмұны және жүйесі осы сезімдер
арқылы түгелей көрініс береді.
Қазіргі кезде психологиялық әдебиеттер мен күнделікті
өмір тәжірибесінде сезім мен эмоция ұғымдары бір
мағынада қолданып жүр. Адам сезімнін қайнар
бұлағы – бізді қоршаған болмыс,объективті шындық.
Сезім адамның табиғи және әлеуметтік
қажеттілектерінің қанағаттырылу не
қанағаттандырылмауы салдарынан туындап отырады. Егер бұл
ұғымдрдың мәнін жекелеп талдап көретін
болсақ, онда екеуінін арасында елеулі айырмашылығы бар екенін
аңғарамыз.
Сөйтіп, сезім дегеніміз не? Сезім - адамның өзіне, өзге
адамдарға, қоршаған заттар мен құбылыстарға
көңіл-күй қатынасын білдіретін және оларды
бейнелейтін психикалық процесс.
Сезімнің психикалық
процес екендігін тағы бір ерешелігі- оңын адам
көніл-күйіне байланысты әрбір процеске белгілі бір
түрде реңк беріп тұратындығы. Кейбір
құбылыстар адамға түрліше әсер етіп,
қуантады, шаттық сезімге бөлейді. Ал кейпір ренжітіп тіпті
тұңғиыққа батыруы мүмкін. Адамның
сезім күйлері- қуаныш, қайғы, таңдану,
наразылық көрсету, ызалану, кектену, қарқылдап,
көзінен жас аққанша күлу т.б. көніл-
күйдің сипаттық ерекшеліктерін сыртқа шығарады.
Сезімнің сан алуан көріністер мен олардың пайда болуы
әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға,
әсіресе, материалдық рухани-мәдени қажеттілектерді
қанағаттандырудың мақсат-мүдделеріне байланысты.
Сезім ұғымының кен мағынада қолданылуы жалпы
көніл-күйді, ал эмоция сол көніл-күйдің белгілі
бір жағдайға қатты әсерленуін білдіретін
қысқа мерзімді уақытша көрініс.
«Эмоция» ұғымы төркіні – «емовера» деген латын сөзінен
«эмоцион» дейтін француз сөзінен шыққан. Қазақша
– тітіркену, толқу. Бұл –жан дүниесінің сыртқы
және ішкі әсерлер салдарынан ызалану, қаһарлану,
қорқу және шаттану сияқты жағдайларының
көрініс беруі. Эмоция–адамдар мен жануар дүниесінде көрініс
беретін кейіп. Эмоциялық күй адамды іс-әрекеттерге
шабыттандырып, тиісті нәтежеге жеткізеді немесе көніл-күйін
жабырқатып, іс-әрекетті бейберекетсіздікке ұшыратады. Сезім
мен эмоцияның адам іс-әрекеті мен көніл-күйіне
ұнамды ісер етуі стеникалық – күшті сезім тудырса, ал
ұнамсыз не теріс әсер етуі астеникалық – әлсіз,
жағымсыз сезім тудырады. Стеникалық сезім жүйке
жүйесіндегі қозуды күшейтсе, астеникалық сезім
жүйкеге тежелеу жасап, адамның әрекетшілдігін
әлсіретедеді. Сөйтіп, адамның сезім күй және
оның қысқа мерзімді айқын көрінісі –эмоция –жан
дүниесінін жандану мен тіршілік ағамында айтарлықтай
маңызы бар психикалық процесс. Сонымен, эмоция дегеніміз
–адамның органикалық мұқтаждықтарын
қанағаттандыру не қанағаттандырылмау байланысты
туандайтын психикалық күйлер.
Сезімдер – өте күрделі психикалық
процестердің бірі. Сезімдер адамның тіршілік қажетіне,
өзара қарым – қатынасына байланысты
сан алуан формаларда көрінеді. Адам сезімдері тарихи
– әлеуметтік сипатта болады. Демек,
адамның өмірі қоғамға байланысты,
оның әрекеті де қоғамдық саналы әрекет.
олай болса, адамның сезімдері де қоғамдық сипатта
болып, сезімнің мазмұнын қоғамдық болмыс белгілеп
отырады. Сезімдерден эмоцияларды айыра білу қажет. Сезімдер мен
эмоциялардың бірнеше сапалық ерекшеліктері бар.
Олардың сапасын көрсететін
осындай ерекшеліктерінің бірін – қарама
– өарсы, полярлық сапалықтар деп атайды.
Мәселен, сүйсіну, сүйсінбеу, көңілдену,
қажу, шаттық, уайым т.б. осы секілді сапалар өзара екі
полюске ажырасып, біріне – бірі қарама – қарсы мағынада
болады. Күрделі
эмоциялардың бірі – көңіл.
Кейпіне қарап адамдарды шат,
жайдары, жылы жүзді, ақжарқын, не
көңілге кірбін кіру, ызалы, түсі суық т.б. деп
ажыратады. Адамның көңіліне айналасын қоршаған
дүние әсер етіп отырады. Егер оның қызметі жақсы
жүріп жатса, ұжымы ынтымақты блып жатса, отбасы жағдайы
жарасымды болса, көңілі де көтеріңкі болады. Көңілге
адамның денсаулық жағдайы, жүйке –
жүйелерінің ерекшеліктері де әсер етеді. Өмір – тіршілігі
үшін елеулі маңызы бар оқиға адамның
көңіліне үлкен із қалдырады. Мәселен, адам
көптеп айналысып жүрген ісі оңға басса, немесе бір
нәрсеге қолы жетсе (жоғары оқу орнын бітіру,
диссертация қорғау т.б.), шат – шадыман күйге түседі.
Керісінше, ол ылғи да сәрсіздікке ұшырай берсе,
көздеген мақсатына жете алмаса, жанын өоярға жер таба
алмай қиналады. Мұндайда қабағы
қатыңғы, ренішті күйде жүреді. Сондықтан да
«Көңілсізден күлкі шықпас», «Адам көңіден
азады» деген мақалдар тегіннен – тегін айтылмаған. Ерік – жігері
күшті, рухани өмірінің мазмұны бай адамдар, тіпті ауыр
жағдайларда да көңілді жүреді. Оптимистік, жарқын
болашаққа сену, қиыншылыққа мойымау ерік – жігері
күшті, қажырлы адамдардың басты қасиеті. Адам өз
көңілінің қожасы болуы керек екендігін олар іс
жүзінде көрсете білуі тиіс. Осы айтылғандардың
өмір сүруге қолайсыз кездерде де көңілді
ырқына жібермеуге болатындығы, көңілдің
тұрақты болуы жұмыс қабілетін арттыруға,
адамның жеке қасиетінің жақсы сапаларына байланысты
екені жақсы аңғарылады. Өз көңілін
меңгере білу – мұғалім үшін аса қажетті
сипат. Төменгі сынып оқушыларының
мұғалімінің қасы –ен қабағына қарап
отыратыны белгілі. Гер мұғалім көңілсіз, кірбің
болса, оқушылардың оқу материалдарын меңгерулеріне
қолайсыз әсер етеді.
Эмоцияның бір
түрі – аффекттер. Аффекттер дегеніміз
қысқа уақытқа созылса да,
бүрқ етіп
қатты көрінетін эмоцияның түрі.
Аффекттер кейде адамның бүкіл психикалық
кейпін бұзып, мәнерлі қозғалыстарға толы,
ерік күшінің әлсіреу жағдайынды өтеді.
(мәселен, зәре ұшу, қорқу, долылық, жан
түршігу, кенеттен торығу, қамығу т.б.) М. Ю. Лермонтов
бір адамның басынан байқалған аффектіні былайша суреттейді:
«Орынсыз жан таласып кейде бекер,
Жұламын тимұрынды
қолым жетер...
Сонан соң әлім
кетіп жерге құлап,
Еңіреп егіл
– тегіл, жаттым сұлап.
Кеміріп жердің дымқыл
топырағын,
Шықтай қып
жерге төктім жасты – ай бұлақ».
Аффект кезінде адамның «есі
шығып » кетпейді. Дені
сау адамдарда болатын аффекттерді адамның жеке
басының кемшілігі деп түсіну керек. Бұл – адамның
өзін меңгере аламауы, ерік тәрбиесінің кемістігі. ерік
– жүгері күшті адам мұндай
ұшқалақтыққа, лепірмелікке бармайды. Ондай адам
не істесе де ойланып істейді. « Ар - сі ақылға ермек, бойды
жеңбек, өнерсіздің қылығы өле бермек » деп
Абай дұрыс айтқан.Дені сау адамдардың аффектісінен
психикасы ауруға шалдыққан адамдардың
аффекттерін (патологиялық аффекттер) ажырату қажет.
Мұндай аффекттер ми қабығы мен қабық
асты орталықтарының
байланысы бұзылғандықтан, екінші сигнал
жүйесінің реттеушілік орны рөлі кемігендіктен болады.
Аффекттерді тәрбиелеу адамның жеке басын тәрбиелеумен
тығыз байланысты мәселе.
Құмарлық –
адамның ойы мен әрекетінің негізгі
бағытына із қалдыратын күшті, терң,
тұрақты эмоция. Құмарлық өзінің
қоғамдық мәнімен бағаланады. Егер ғылым мен
өнерге, еңбекке құмарлықты ұнамды десек,
дүние құмарлық, бақ құмарлық,
ойын құмарлықты ұнамсыз құмарлық
дейміз. «Құмарлық кісіге жүк артады,
міндеттіліктуғызады, міндет борышты етеді, бұлар еңбекке
жүктейді, еңбек ғылым мен өнерге ашылған жол » ,
- деп Абай адамға қажетті құмарлықтың
психиологиялық табиғатын көрсеткен. А. С. Пушкин «
Сараң сері» драмасында Альберттің образы арқылы,
құлқынын ақша тескен адамның
«құмарлығын» былайша суреттейді:
«Е, менің әкем
үшін ақша малай да емес, дос та емес,
Бас иетін қожасы,
өзі қызмет етеді,
Еткенде қандай
десеңші!
Алжирдің нағыз құлындай,
Шыншырлаулы төбеттей!
Иттің суық
жатағында тұрады.
Қорегі оның
қара су мен кепкен нан,
Көз
ілмейді түн бойы, жүгірңдң арсылдап,
Ал алтыны
жатыр сандықтарда мызғымай ».
1. Аймауытов Ж. Психология.- Алматы, 1995.
2. Алдамұратов Ә. Қызықты психология.- Алматы,
“Қазақ университеті”, 1992.
3. Алдамұратов Ә. Жалпы психология.- Алматы, “Білім” 1996.
4. Әбдірахманов А.,Жарықбаев Қ. Психологиялық орысша-
қазақша сөздік.- Алматы, “Мектеп”, 1976.
5. Елеусізова С. Қарым- қатынас психологиясы.- Алматы, 1995.
6. Жарықбаев Қ., Озғанбаев О. Жантануға кіріспе.-
Алматы, 2000.
7. Жарықбаев Қ. Жүсіпбек Аймауытұлының
психологиялық көзқарастары.- Алматы, 2000.
8. Жарықбаев Қ.Қазақ психологиясының тарихы.-
Алматы, 1996.
9. Мұқанов М. Ақыл- ой өрісі.- Алматы, 1980.
10. Тәжібаев Т. Жалпы психология.- 2000.