Касымбекова Г.К.

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің «Психология және коррекциялық педагогика» кафедрасының аға оқытушысы

Түйіндеме

Мақалада жоғарғы оқу орындарында оқытушы мен студент арасындағы тұлғааралық мәслеге назар аударылады. Сонымен қатар білім беру саласындағы тұлғаралық қатынастың педагогикалық және психологиялық теорияларының негізгі тұжырымдамаларына талдау жасалған.

Резюме

В статье рассматривается проблемы межличностного отношения в учебном процессе высшего учебного заведения, психолого-педагогический анализ меличностного отношения в учебном процессе.

Summary

The article deals with the problem of interpersonal relations in the educational process of the higher education institution, psychological and pedagogical analysis melichnostnogo relations in the educational process.

 

Білім беру саласында тұлғааралық қатынас мәселесінің педагогикалық – психологиялық тұжырымдамалары

 

Педагогиканың назарында және білім беру үдерісінің негізгі екі құрылымын студент пен оқытушы алады. Олардың тұлғааралық қатынастарын басқару жолдары білім берудің әлеуметтенуі,  адамгершілік критериялар мен философиялық ойлардың өзгеруімен сәйкес өзгерістерге ұшырап отырады.

Педагогика тарихында білім беру үдерісінде педагогтердің басымдылық орынды алатындығын білім беру жүйесінде  антикалық уақыттан бастап орта ғасырдағы шіркеу мектептерімен  «Қайта өрлеу» дәуірінде  ұжымдық білім берудің  түрлерінде көрсетеді. Антикалық философ Платонның мектептерінде «оқытушы-студент» қатынасының  алғашқы тәжірибесі әңгімелесу, сұхбаттасу әдісіне жатқызылып оқытушы студенттермен  Академ бақшасында серуен кезінде жүзеге асырылған («Академия» деген ұғым осыдан қалған). Сол кездің өзінде оқытушының  мінез-құлқы маңызды рөл атқарған. Шынында да, бүгінгі күннің өзінде  әңгімелесу мен сұхбаттасусыз  оқытушы мен студенттердің  тұлғааралық қатынасын  елестету мүмкін емес. Сауатты құрылған әңгімелесу мен сұхбаттасу тұлғааралық қатынастың  құрылуына көмектеседі

Я.А. Коменский «Ұлы дидактика» еңбегінде келесідей көрсетеді:  тұлғааралық қатынасты зертеуде  педагогтің алатын орны ерекше,  педагог күн тәрізді  әрбір білім алушының табиғатына, оның өсуіне, гүлденуіне, жеміс әкелуіне әсер етеду. Көп жағдайда  тұлғааралық қатынасты құру педагогке байланысты болып келеді.. Оқытушы  білім алушылармен  тұлғааралық қатнасының стилін  ашып, талдағаннан кейін  пайда болған мәселемен айналыса алады. Ал, нақты өмірде  жағдай дәл айтылғандай жүзеге аспайды. И.А. Крыловтың аңыз әңгімесінде (басня( айтылғандай  «Күштіде әрқашан әлсіз кінәлі» дегендей, өкінішке орай  көптеген оқытушылардың көзқарасы бойынша  пайда болған кез келген мәселеде тек студенттер ғана кінәлі болады. Аталған жағдайға байланысты  көптеген ғалымдарды оқытушының тұлғалық ерекшеліктерін зерттеу бағытында қызығушылықтарын ояатты. Я.А. Коменскийдің  көзқарасын негізге ала отырып  Г. Песталоцци білім алуышмен  өзара әрекеттің  дидактикалық негізін құрды, алайда  Песталоцци еңбегінде көптеген  кемшіліктер кездескенімен  білім алуышмен  тұлғааралық қатынасты  құрудың фундаменті  жасалды.

Жоғарыда айтылғандай  ХVIII ғасырда үй тапсырмасы орындалмады, тек қана сабақ барысындағы парасатты ақылды әңгімелесу жеткілікті болған. Оқытушының міндетіне  білім алушының  есін  біліммен толтыру емес, білім алушылардың ғылымға деген  қызығушылықтарын ояту болған, оқытушы айтып, ал білім алушы жазу нұсқауы берілмеген.  Оқытушылар мен білім алушылардың арасында  өзара сенімді кепілдейтін келісім шарт жасалған, мазмұнында өз еріктерімен  орындауға берілген  міндеттер тізбесі көрсетіледі [39]. Өзара сенімділікпен білім алушылармен парасатты әңгімелесулер  «оқытушы-студент»  тұлағааралық қатынасының негізін құрады, алайда аталған әдіс ұзаққа бармады.

1940-шы жылы  И. Гербарт  педагогика саласына  білім алушылардың  іс-әрекетін басқару, яғни  оқыту үдерісінде  оқытушының  білім алушыға, оның тәрбиесіне  әсер ету әдісін ұсынған. Сонымен қатар қорқыту,  бұйрық беру,  тыйым салу, жазалау, ақтау арқылы әсер етумен қатар «айып кітабы» әдісін ұсынды, онда  оқытушы  білім алушының  мінез-құлқында көрінетін теріс әрекеттерін жазып отыру керек. И. Гербарттың  ұсыныстары негізінде  білім алушылардың мінез-құлқы мен тәртібінде  шекаралар қойылды. Оның пікірінше,  білім алушылармен  тұлғааралық қатынаста оқытушының нұсқауларын  тыңдамаса жазалау болатындығын түсінуі қажет деген [31].  

Алайда, И. Гербарттің  тұлғаны басу туралы ұсынысы  ХVII-XVIII  ғ.ғ. ағартушыларының  идеалогиясына қарама-қайшылық көрсетті. Дж. Локктің  еңбектерін талдауда қарым-қатынас әдісін гумманистік тұрғыда қарастырған. Дж. Локктің ойынша,  тұлғааралық қатынасты орнатуда  оқытушы  білім алушының жас ерекшеліктері мен индивидуалды ерекшеліктерін ескеру қажеттілігін көрсеткен. Қорқыту мен бұйыру болған кезде өзара сенімділікке жету мүмкіндігі болмайтындығымен қатар  білім алушының адамгершілік сезімдері мен ар-намысын түсірмей өзара тұсіністік бағытында болуын көрсеткен [80].

Ж.Ж. Руссоның көзқарасы бойынша,  оқытушы мен білім алушының тұлғааралық қатынасы олардың еркіндік негізінде  жасалатындығын көрсетіп, білім алушылардың мехникалық тұрғыда тіл алушылығы мен басқалардың  еркін орындау иделогиясына қарама-қайшы пікір айтқан [114].

Тарихи тұрғыда қалыптасқандай «оқытушы-білім алушы» арасындағы тұлғааралық қатынаста оқытушының тұлғасы  орталық, доминантты тұрғыда көрінеді. Ж.Ж. Руссо мен Г. Песталоцци  дәстүрлерін  жалғастыра отырып неміс ғалымы  А. Дистервег тұлғааралық қатынасты оқытушының  құра алу қабілеттілігін атап өткен. Оның ойынша, оқытушы  қатал, талап қоюшы және әділ  болу қажет екендігін көрсеткен [36]. 

Оқытушы мен студенттердің тұлғааралық қатынасын алғаш ашып қарастырған тарихи кезең –ХІХ ғасырдың 60-шы жылдары болып табылады. Реседегі (крепостной праваны)-ның жойылуына сәйкес адамгершілік құндылықтар, тұлға мәселесіне, өзіндік жетілдіруге, қоғамдағы әйелдер мен балаларға гуманистік тұрғыда қатынас мәселесіне жаңа көзқараспен қарай бастады. Осы кезеңдегі белгілі ағартушылар тұлғааралық қатынасты білім алушының тұлғалық ерекшеліктерін, ар-намысын, адамгершілік құндылықтар негізінде білім алушының кәсіби маман ретінде қалыптасуы мен табиғи қабілеттіліктерін дамытудың жаңа қағидаларының теориялық және практикалық құрылымын енгізді.

Осы кезеңнің белгілі бір өкілі Н.И. Прирогов болды, ол білім алушымен сезімдік қатынасқа  назар аударды. Ол оқытушылардан  «білім алушының әрбір әрекет» талдауда формалды заңгерлік қатынас емес (оқытушы оқытуы қажет ал, бала білім алуы қажет заңдылығында емес), олардың  мінез-құлықтарының себептерін түсінулерін талап еткен. Оқытушылар алдына қойылған талаптармен олардың алдына біріншіден, күрделі, қиын міндеттер қойды, екіншіден, тәрбиелеу өнерінде  оқушыларды зерттеу және  олармен  тұлғааралық қатынасты дарау мәселесі негізгі орынға қойылды [69]. 

Білім алушының даралық ерекшелігі негізінде құрылған  тұлғааралық қатынастар жас ерекшелік психологиясы саласы мен әлеуметтік ортада  тұлғаның қалыптасуын қарастыратын психологиялық білімдерге сүйенеді. Н.И. Приоговтің  көзқарасы қазіргі күннің өзінде өзекті.

Педагогика саласындағы танымал ғалым  К.Д. Ушинскийдің көзқарасы бойынша оқытушының негізгі бір сапасы ретінде өзі беретін пәннен ғана емес арнаулы педагогика саласынан  білімі  жоғары болуы керек.

Арнайы педагогикалық білімдер білім алушының  ақыл-ой қабілеттілігінің  даму мен зейіндерінің белсенденуіне қажетті білім. К.Д. Ушинский айтуынша, оқытушы  алған білімімен шектелмей,  өзінде ғылыми және педагогикалық шеңберді кеңейту қабілеттілігін үнемі дамытуы қажет. Оқытушы өзі оқыған кезде ғана білім бере алады.  Біздің зерттеуімізге аса құнды К.Д. Ушинский кәсіптік тәжірибесінде оқытушы мен білім алушының тұлғааралық қатынастарына аса назар аударған. Тәрбиелеу мен жоғарғы сапада білім беруге жетуде оқытушы  білім алушының жас дүниесінің қыр сырын түсінуі қажеттілігі туындайды. «Болмаған жағдайда  педагогика өз міндетін жүзеге асыра алмайды», - деп жазады, сонымен қатар К.Д. Ушинский бойынша, оқытушының білім алушыларға әсер етеу алу табиғатысыз педагогкалық  іс өз мақсатына жете алмайды. Оның күші кәсіби құзыреттілігі мен білім алушының  өміріне із қалдыруында болып табылады, деген [135]. 

Оқытушының кәсіби құзыреттілігі оның негізгі іс-әрекетінің негізі болып табылатындығы біздің зерттеу жұмысымыздың нәтижелерінен белгілі.

Ресей педагогикалық шығармаларында білім алушыны сыйлау жайлы көп жазылды, әсіресе А.Н. Радищев, В.Г. Белинский, Н.А. Добролюбов еңбектерінде  оқытушы мен студенттің қатынасына гумманистік көзқараста, яғни  өзара сыйластық пен түсіністік құрыуы қажеттілігіне тоқталған [106]. 

Н.А.Добролюбовтың пікірінше,  оқытушының еркіне көзсоқырлықпен көнетін болса,  білім алушының өз беттілігін баяулатып, оның дамуына үлкен зиян келтіреді, сондықтан оқытушы талап қоя білуі қажет,  бұйрық беру мен білім алушының мәнсіз тыңдауларына жол бермеуі тиіс [38].  

Осындай постулатада  Лев Толстойдың халыққа арналған мектебінде білім беру  концепциясы жасалған, сонымен қатар  тәрбие мен еркіндік  қағидаларын  педагогканың бір ғана критерийі ретінде алды. Оқытушылар мен білім алушылардың тұлғааралық қатынастары өзара сенімділік негізінде құрылып, Л.Тостойдың  ойынша,  білім алу мекемесі уақытты қуанышты, қызықты өткізетін орын болуы тиіс. Сонымен қатар Л. Тостой білім беру әдістерінің мазмұны туралы  ойларын  білім алушылардың ашық айтуын қалады.

Педагогика тарихы  қоғам тарихымен  үзіліссіз байланыста, яғни «Қазан» төңкерілісінен кейінгі  кезеңде  оқытушы мен білім алушының  тұлғааралық қатынастары білім беру үдерісінде маңызды орын алған.

ХХ ғасырдың  20-шы жылдарында оқыту барсында күш көрсету толығымен теріске шығарылды. Осы кезеңнін белсенді өкілінің бірі, Кеңес өкіметінің алғашқы педагогика оқулығында оқытушының білім алушымен тұлғааралық қатынасын ағзаның кенеттен болатын ерекшелігі деп қарастырған П.П. Блонскийді атап кетуге болады. Шындығындада,  педагогке аз уақыттың ішінде білім алушымен жағымды қатынас орнату мақсатында қарым-қатынас құрылымын  жасай алуы қажет [27].  

Оқытушы мен білім алушының арасында тұлғааралық қатынас мәселесіне үлкен қор қосқан Н.К. Крупская мен А.С. Макаренконы. Қазіргі кезге дейін өзекті болып  А.С. Макаренконың ілімдері саналады, оның айтуынша оқытушы мен  білім алушының арасындағы  дұрыс емес қатынастан  оқытудың өзі бір азапқа айналады,  білім алушының бойында  педагогпен, біліммен, білім беру мекемесімен байланыстының барлығы да  жағымсыздықты тудырады.  Осындай қатынастардың бірнеше түрлері бар: білім алушының тұлғалық ерекшелігін басу, қарама-қарсы әрекеттер жасау т.с.с. Макаренконың ойынша,  оқытушы мен білім алушының арасындағы дұрыс қатынастар ұжымдағы тұлғаның толыққанды тәрбиесінің кепілі, деген. Сонымен қатар  білім беру саласында тұлғааралық қатынастың нормаларын көрсетеді: «Білім алушының тұлғасына қаншалықты сыйластық болса, соншалықты талап қойылуы қажет. Махаббат пен қаталдылықта, еркелікпен қатыгездік арасында  өлшемділікті сезе білу қажет. Тұлғааралық қатынаста  талап қоюшылық махаббат болуы қажет», деп көрсеткен [83].

1920-1940-шы жылдары педагогтермен білім алушылардың тұлғааралық қатынасына ерекше мән бөлінген кезең деуге болады. Гумманистік дәстүрлі бағыттың жақтаушыларының Н.А. Петров (1940, 1948), Т.Е. Конникова (1957),  А.Л. Шнирман (1956) білім беру үдерісінде оқытушы мен білім алушының бірлескен әрекетінде  өзара сыйластық пен сенімділікке назар аударады. Олардың көзқарасын Л.С.Выготский жалғастырған, білім беру үдерісінде білім алушының  жеке даралық, тұлғалық ерекшелігіне мән беруге тоқталады. Жоғарыда көрсетілген ғалымдардың көзқарасы бойынша, студенттерге жағымды әсер етудің негізгі бір құрылымы ретінде педагогте аса жоғары моральдік сапалардың болуы тиіс, деген ойда болған.

Т.К. Чугуев  өз тұжырымдамаларында  оқытушы мен студенттердің арасындағы тұлғааралық мәселеге педагогткалық үдерісті ұйымдастыру мәселесімен қарастырады және оқытушы мен білім алушының тұлғааралық қатынастының негізгі төрт типтерін көрсеткен:

- симпатия (өзара жақсы қабылдау);

- сынау тұрғысынан симпатия;

- немқұрайлы қатынас;

- жағымсыз, теріске шығару қатынасы [140]. 

Аталған төрт типтің алғашқы екеуінде педагог пен студенттің арасындағы қалыпты қатынасты көрсетсе, соңғы екі типі аталған қатынастың жүзеге асуына кедергісін тигізеді.

Қазіргі кездегі білім беру үдерісінің  тәрбие жөнінідегі мәселе тәжірибесінің қорының молдылығына қарамастан  үлкен адамдардың білім алушының рухани әлемін түсінуге аса назар аударуда, білім алушыны, баланың, студенттің ішкі сезімдік күйзелістерін түсінбей педагог оның ішкі күштерін дамыта алмайды.  Аталған мәселе В. Сухомлинскийдің педагогкалық еңбектерінде терең қарастырылады. В. Сухомлинский өз еңбегінде  ізгілікті бағытты ұстанады да педагогикалық тәжірибеде  педагог пен білім алушының тұлғааралық қатынасына ерекше назар аударады. Оның көзқарасы бойынша, оқытушының шеберлігі студенттің ішкі рухани  өмірін оята алуда, педагог-оқытушы тек қана  үлкен жолдас емес сонымен қатар студентте  эмоционалдық қатнасты өзіне бағыттап, жоғарғы сезімдерді оятуға әсер ететін адамгершілік үйреністерді қалыптастыратын тәжірибелі тәлдімгер бола алуы тиіс. 

Қазақстанда аталған мәселе бойынша Х.Т. Наубаева «Мектепке дейінгі кезеңдегі балалардың  бірлескен іс-ірекетіндегі тұлғааралық қатынастың гуманизациясын» қарастырса, У.И. Ауталипова  «Мектепке дейінгі жастағы балалардың  отбасындағы тұлғааралық қатынасының  психолого-педагогикалық негіздерін» зерттеген. Өз еңбегінде отбасындағы ата-анамен мектепке дейінгі балалардың тұлғааралық қатынас ерекшеліктерін көрсеткен, А.М. Кенжеканова «Бастауыш сынып оқытушысының балалармен  қарым-қатынасының қалыптасуы» мәселесіне тоқталған,  өз еңбегінде басты идеяға тұлғаның психологиялық дамуының негізгі тенденциясы ретінде  гуманизация мен ынтымақтастықты көрсеткен. Сонымен қатар,  тұлғааралық қатынас сапасының  деңгейі оқытушының  кәсіби шеберлігі мен  құзыреттілігіне байланысты және оқу-тәрбие процесінде  коммуникативті қатынасты ұйымдастыра алуы мен  оқытушының білім деңгейіне байланыстылығын  қарастырған. Жоғарғы оқу орнындағы  оқытушы мен студенттің тұлғааралық қатынасы мәселесіне М.М. Рыкулованың «Келешек маман тұлғасының өзіндік дамуына  оқытушы мен студент қарым-қатынасының әсері» атты еңбегінде  Қазіргі жоғарғы оқу орны жағдайында  келешек маман тұлғасының  қалыптасуының педагогикалық үдерісі ашылады және  оқытушы – студенттің тұлғааралық  қатынасының келешек маман тұлғасының өзіндік даму үдерісе әсерін көрсетеді. Сонымен қатар Оспанова мен А.Р. Ерментаеваның еңбектерінде тұлғаарлық қатынасты субътілктің бір компоненті ретінде көрсетеді. А.А. Русалинова педагогтің білім алушыға қатынасының негізгі төрт  типін бөліп көрсетеді:

-         Тұрақты-жағымсыз қатынас немесе  ашық-жағымсыз қатынас, мұнда білім алушының жетістіктеріне деген сын көзқарас, сөгістер білдіру, бұйрық беру т.с.с., педагогтің студентпен қатынасы тек қана жағдайға байланысты, қысқа мерзімді, ашулы болып келеді. Бұл қарым-қатынастағы  императивті  стратегияның ашық түрін көрсетеді. Білім алушының  тұлғалық потенциалдары толығымен жаншылып шеттетіледі;

-         Тұрақты-жағымды қатынас, мұнда оқытушының студенке деген жағымды, ашық, мейірімді қатынасы мінезделеді. Білім берудегі қателіктерді  педагог шешуге болатын  қиыншылықтар деп қарастырады. Педагог – ұстамды;

-         Тұрақысыз – жағымды қатынас, мұнда педагог  білім алушының қандай да бір қателігін оқуға деген жауапсыздығы төмен деп қарастыруы.  Оқытушының осындай жағдайдан кейін студентпен тек іскерлік қатынаста болуға ұмтылуы;

-         Жағымды теріс қатынастар,  қатынастардың біржақсыздығы мен  қарама-қайшылықтарының көрінуі. Мұнда студент педагогтің өзіне деген қатынасын түсіне алмайды. Педагогтің бірдей жағдайға әр түрлі баға беруі. 

            Тұрақты-жағымды қатынас негізінде педагог білім алушыға  оның тұлғалық сапаларының жағымды жақтарының дамуына әсер етеді. Осындай қатынас түрлері студентте білім алуға деген құштарлығын оятады, ол үшін міндетті түрде  студенттің тұлғалық ерекшеліктерін ескерген жөн. Осындай көзқарасты  Б.Г. Ананьевте қолдайды, оның ойынша  студентер педагогтің олардан нені талап ететінін, келешекте ол неге қажет екендігін түсінуі тиіс. «Өзара түсіністік» (взаимопонимание) – тұлғааралық қатынастың негізі, оған оқытушының койған бағасы кедергі жасауы мүмкін»,- деп жазады өз еңбегінде  Б.Г. Ананьев [3].

            «Педагогикалық бағаның психологиясы» атты еңбегінде  Б.Г. Ананьев, оқытушылар студенттердің еңбектерін бағалауда объективті көзқараспен қарамайды, егер  бағалау студенттің алға ұмтыуына себеп немесе бағыттауды атқарса онда тәрбие мен білім берудің тәсілі ретінде алынады. Бағалаудағы осындай объективтілік білім мен біліктіліктің бір бөлігін ғана бағалап, парицональды, яғни  мөлшерлі болып табылады және өзара түсіністікке апармайды. Осындай көзқарасты  В.А.Караковскийде ұстайды: «қатынас педагогикасы  тәрбиелеудің белгілі бір жолы», деп көрсеткен. Ол қатынасты қандайда бір  ауыр еңбек түрімен сәйкестендіреді, яғни өзара сыйластыққа, шыдамдылыққа, өзіндік шектеулерге негізделген «высший пилотаж» «жоғарғы көрсеткіш».

            А.В. Петровскийдің көрсетуінше, тұлғаның дамуы  жетекші әрекеттік типтің монополиясы емес, ол педагогтар мен құрдастарының, яғни жақын қоршаған ортаның  өзара қатынасынасынан  қалыптасады, деген [100]. Сонымен қатар автор  қоршаған ортаның факторын атап өтеді, алайда  олар қалыптасатын орта, өзара қатынас тұлғааралық қатынастың мүшелері, яғни тұлғасыз жүзеге аспайды.

Кеңес одағы психологтерінің тұлға психологиясы  тұжырымдамаларының  мазмұнында  жүйелі құрылымдылық  жақтары басым. Соның ішінде айрықша көзге түсетіні Грузия психологиялық мектебі негізіндегі  тұлға тұжырымы маңызды орын алады (Д.Н.Узнадзе,  А.С. Прангишвили); А.Ф. Лазурский мен В.И. Мясищев, Б.Г. Ананьев, А.Г. Ковалев (Санкт-Петербург мектебі);  С.Л. Рубинштейн, Л.С. Выготский, А.Н.Леонтьев, Б.М.Теплов, В.Д. Небылицин, Л.И. Божович, К.К. Платонов (Москва мектебі); В.С. Мерлин (Пермь мектепбі); ал әлеументтік психологиялық  тұжырымдардан  В.А. Ядовтың диспозициялық құрылымын айта кетуге болады.

В.Н. Мясищевтың  тұлғалық тұжырымдамасында  тұлға жөніндегі көзқарасын талдайтын болсақ,  тұлғаның ойлау мәселелерінің теориялық мәнінің  екі жағдайын қарастырған.

Тұлғаның құрылымы жөніндегі сұрақтарды ашық түрде  алғашқылардың бірі болып  қарастырғанын айта кету керек. «Құрылымдық мінездеме адамның жан-жақты даму жолын  сатылай немесе қарама-қарсылығын, тұрақтылығын, өзгергіштігін, тереңдігі мен таяздығын, жетістігі мен кемшілігін және басқа да функцияларын зерттеу болып табылады. Осы принциптік қағидалар тұлғаның құрылымдық ерекшеліктерін  анықтаған болу керек, өйткені онда жеке-жеке құрамдас бөліктері жоқ тек қана психологиялық белгілер  бар – ол  тұлғаның психикалық мінездемесінің басқа адамдардың психологиялық  мінездемелерін  өзіне жабық түрде  қабылдау қатынасы деп көрсеткен.

К.К. Платонов В.Н. Мясищевтің тұлғалық құрылысынан бағыттылықты, темперамент пен  сезімділікті алып  тастаған деп ескерту жасайды. Бағыттылықты В.Н. Мясищев «доминанталық  қатынас немесе  оның интегралы» деп түсінідіреді. Қатынас құрылысындағы  компоненттің бірі эмоциялық болып табылады.     Тұлғалық қатынас – тәжірибесіндегі  белсенді, саналы түрдегі, таңдаулы, интегралды байланысы. В.Н.Мясищевтің тұжырымдамасы бойынша қатынас дегеніміз тұлғаның жүйелі түрдегі қалыптасу элементі  болып табылады. Бала туғаннан бастап қоғамдық қатынастарға  түсуге мәжбүр болады (ең алдымен анасымен эмоционалдық қатынас,  өзін  қоршаған  жақын адамдармен, құрдастарымен,  тәрбиешілермен, мұғалімдермен, әріптестерімен және де ойын, оқу, еңбек түріндегі қатынастары) ішкі сезім арқылы тұлғаның қатынасының  дамуы арқылы  қалыптасады. Осы қатынастар  жеке тұлғаның  дамуына  ішкі потенциалы арқылы әсер етеді. Мұндай жағдайлардан  адамның  жабық көрінбейтін  жақтарын  білуге болады.

            Сонымен, В.С. Мясищев қатынас құрылымында – «сезімталдылық», «бағалау» (когнитивті танымдылық) және «конативті» (тәртіптілік) жақтарына ерекше  көңіл бөледі. Қатынастың  әрбір жағы тұлғаның  мінезімен, қоршаған орта және адамдармен  әртүрлі жағдайдағы зат алмасу мен  идеялық  қатынас өмірдегі байланысы анықталады, деген. Эмоционалды компонент тұлғалық  қатынастың  қоршаған орта, адам және өзіне-өзі деген эмоционалды қалыптасуына көмектеседі. Танып-білу, бағалау – ортадағы объектілерді, адамдарды және өздерін  тануға, түсінуге, бағалап, қабыладуына мүмкіндік жасайды.       Мінез-құлқына (конативті) байланысты компоненттері – құндылықты бағалау объектісіне, адамдарға және  өзіне деген тұлғалық тәртібінің тактикалық және стратегиялық жолдарын таңдап жүзеге асыру жолдарын қалыптастыруға көмектеседі.

            В.Н. Мясищев бойынша қатынас түрлерін эмоционалды және  рационалды бағалау бойынша оң және теріс көзқарас болып бөлінеді.          Мінез-құлық қатынас қажеттілік арқылы түсіндіріліп, ал қажеттілік сол заттарға  жету жолдарының әдістерін жанама жолмен жетуді көрсетеді. Қатынастың эмоционалдық жағы  махаббаттық, қимастық, түсінушілік, жек көрушілік, жауласушылық, мүлдем көргісі келмейтін қарама-қарсы белгілер арқылы  көрсетіледі. Сонымен қатар тұлға қатынасының  қатыптасу негізінде қоршаған  ортамен адамдар және  заттардың  бейнелеу процесін атап өткен. Берліген нұсқауға қарым-қатынастағы тұлғаның принциптерін зерттеумен қатар бейне тұтастық принципі (адамды адамның бейнелеуі) мен қатынас және  «үндеуі» жатады. В.Н. Мясищев енгізген  психологиялық қатынастың  тағы бір негізгі ұғымы «тұлға қатынасының динамикасы», яғни қатынастың даму процесінің көбінде саналы жақтарына (санасыз қатынастан саналығы), жіктелініп саралануы. Қатынастың даму деңгейін тұлға дамуының белгілі деңгейімен байланыстырады. Лазурский мен Мясищевтың қатынас тұжырымдамалары ХХІ ғасырдың өзінде тұлға психологиясы  мен  қарым-қатынастың  ядросы болып саналып олардың шәкірттерінің еңбегінде жалғасын көруде.

Сонымен білім беру саласында әр педагогке міндетті түрде  тұлғаның психолого-педагогикалық аспектілерін меңгеру қажеттілігі туындайды. Тек өзінің және студенттің әлеуметтік ұстанымын диагностап оның мәнділігін түсінуден құндылықтар иерархиясы, сонымен қатар  адамгершілік бағытталу арқылы  «педагог-студент» тұлғааралық қатынасы жүзеге асады. Тұлғалық ерекшелігін ескеру тек қана  студенттің басқалардан ерекшелінетін даралық ерекшелігі емес, ол -  студентке әр уақытта тұлға ретіндегі қатынастың бірізділігі [6]. В.Н. Мясищевтің көзқарасы бойынша, тұлғаны оның әлеуметтік ортасында қарастыру қажет, деген.

Е.И. Роговтің «педагог-студент» тұлғааралық қатынасын құрудың жаңа ережелері мен құрылымын өз  зерттеуінде ұсынады.

1. Өзінің психологиялық жағдайы мен студенттің эмоциялық жағдайын психологиялық бағдарлық (қазір және осы жерде» принципі бойынша);

2. Тұлғалық бағалауына емес, студенттің өзбеттілік шығармашылық әрекеттеріне толығымен сену («сенімділік» принципі бойынша);

3. Студентті  өзіне тең, өзі шешім қабылдай алуға құқығы бар тұлға ретінде қабылдау («серіктестік» принципі бойынша);

4. Қарым-қатынастың  шешілмеген, ортақ мәселеге бағытталуы («мәселелі» принципі бойынша);

5. Студенттерге өз атынан (басқа біреудің көзқарасына сілтеу жасамай), өзінің  нақты сезімі мен талап-тілектерін білдіру (қарым-қатынастың «жекешелендір» принципі бойынша).

Жоғарғы оқу орнында оқытушы мен студенттің тұлғааралық қатынас мәселесіндегі психологиялық-педагогикалық ойлардың тарихи дамуына келетін болсақ авторитарлылықтан (ресми құқықтық) тұлғалық бағыттылыққа ауысу. Аталған тұлғааралық қатынастың негізінде  оқытушының, яғни педагогтің тұлғасы қарастырылады, оның сезімталдылығы;  басқа біреуді түсіне алу қабілеттілігі;  өлшемдік сезімі; сенміділігі; өзіндік дамуы. Тұлғааралық қатынасты құру негізінде  оқытушы студенттердің табиғи (даралық) ерекшеліктерін білуі сонымен қатар  педагогикалық үдерістің әлеуметтік ортасы маңызды. Студенттерге теріс әсер ететін орта, адамның еркіндігіне, оның тұлғааралық қатынасына зиянды әсер ететін орта және ынтымақтастық. Тұлғааралық қатынастың күрделігі оқытушының жауапкершілік негізіне жатады.

Қазіргі кезде білдім беру үдерісінде  студенттердің оқытушыларға қандай қатынаста болатындығынан олардың өз мамандығына, біліміне қатынасы көрінеді.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1.    Ананьев Б.Г. Человек как предмет познания, СП., 2002 – 288 с.

2.    Абуева И.А. Әлеуметтік психология, Алматы., 2001 – 58 б.

3.    Бодалев А.А. Личность и общение / А.А. Бодолев. - М.: Изд-во МГУ, 1979. – 151 с.

4. В.Н. Мясищев. Проблемы психических особенностей человека и их значение // Глава из совместной с А. Г. Ковалевым монографии «Психические особенности человека». Л., 1957. Т.1.

5. В.Н. Мясищев. Проблема отношений в психологии индивидуальных различий // Проблемы психологии. Л., 1948.

6. В.Н. Мясищев. Основные проблемы и современное состояние психологии отношений человека // Психологическая наука в СССР. М.: Изд-во АПН РСФСР, 1960. Т.2.

7.    А.Р. Ерментаева. Студенттерді психологиялық дайындаудың негіздері/ Моногорафия, Өскемен, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы, 2007 ж.

8.    Кенжан А. Болашақ мұғалімдердің оқушылармен сөйлесе білу ерекшеліктерін дамыту / А. Кенжан // Ұлт тағылымы. – 2002. - №4. – 36-37 бет.

9.    Обозов Н.Н. Межличностные отношения / Н.Н. Обозов. – Л.: Изд-во ЛГУ, 151 с.