ф.ғ.к.,
доцент м.а. Н.Б. Есенова
«Байтерек» балабақшасының әдіскері
Беремкулова М.Н.
Тараз мемлекеттік
педагогикалық институты
Мектепке дейінгі кезеңдегі баланың даму
психологиясы
Мектепке дейінгі балаларда
физиологиялық және психологиялық өзгерістер мен
ерекшеліктер болады. Мектеп алды даярлық жұмыстарды
ұйымдастыруда осы ерекшеліктерді ескере отырып жүргізуіміз
қажет. Мектепке дейінгі
балалық шақта организмнің қарқынды жетілуі
жалғаса түседі.
Мектепке
дейінгі шақтың елеулі ерекшелігі болып баланың
құрдастарымен жасайтын арнайы өзара
қарым-*қатынасының пайда болуы болып табылады. Мектеп жасына
бейінгі баланың басқа адамдарға қатысты өзіндік
ішкі позициясы өз «менін» және өз
қылықтарының маңызын аңғарудың арта
түсуімен, үлкендердің ішкі дүниесіне, олардың
іс-әрекеттері мен өзара қарым қатынасына ерекше қызығуымен
сипатталады.
Мектеп жасына дейінгі баланың
іс-әрекетінің негізгі түрлері. Айтылып өтілгендей, мектепке
дейінгі шақта жетекші іс-әрекет ойын
болып есептеледі. Оның жетекші іс-әрекет болуы, қазіргі
баланың өзінің көп уақытын ойынмен алданып,
үлкендердің еңбек әрекетіне аз немесе мүлдем
араласпауына байланысты емес. Ойын баланың психикасында сапалы
өзгерістер туғызады: онда мектеп жетекші болатын оқу
әрекетінің негіздері қаланады.
Балалардың
ересек адамдармен бірлесіп өмір сүруге ұмтылуы бірлескен
еңбек негізінде қанағаттандырыла алмайды. Бұл
қажеттілігін балалар ойын үстінде қанағаттындыра
бастайды, ойын арқылы өздеріне ересектер ролін алып, еңбектік
өмірді ғана емес, сол сияқты әлеуметтік
қарым-қатынасты да нақтылап көрсетеді. Баланың
қоғамдағы осындай ерекше орны оның үлкендер
өміріне араласуының айрықша түрі болып сманалатын
рольдік ойынның пайда болуының негізіне айналады.
Ойын
үстінде сәбиге адамдар арасында болатын объективті
қарым-қатынастардың алғашқы қадамы
жасалынады. Қарым-қатынаста
бірлескен іс- әрекет арқылы адамның белгілі міндеттерді орындауын талап ететіндігін
ұғындырып және
өзінің құқықты екендігін
біледі. Сатып алушының рөлін атқарғанда, мәселен,
бала сатып алуға ниеттенген затын мұқият тексеріп
қарауға, қызмет көрсетуге байланысты ескертпе
жасауға құқығы бар екенін, бірақ
дүкеннен шығарда сатып алған затты үшін ақша
төлеуге міндетті екенін аңғарады. Сюжеттік ойында рольді
атқару дегеннің өзі рольде көрсетілген міндетті орындау
және ойынның басқа қатысушыларына байланысты правоны
жүзеге асыру болып саналады. Белгілі рольдерді жүйелі орындау
ойнаушы балаларды тәртіптендіріп отырады. Бірлескен іс-әрекет
үстінде олар өз іс-әрекеттерін үйлестіруді
үйренеді. Балалар тобының басқа мүшелерімен жасалынатын
мұндай шынайы өзара қарым-қатынастар коллектистік
сапаларды ғана қалыптастырып қоймай, сонымен бірге
баланың өзіндік санасын да жоғары көтереді.
Құрдастарына, туа бастаған ұжымдық пікіріне
қарап бағдар алу баланың әлеуметтік сезімдерін:
топқа ілесу, басқаға жаны ашу т.б. қабілеттерін
қалыптастырады.
Н.К.Крупская өзінің көптеген
еңбектерінде ойынның бала өміріндегі маңызына
үлкен мән берген. Қандай ойын болмасын, әйтеуір бір
нәрсеге үйретеді, ең бастысы - баланы
мұқияттылыққа, еңбекке, жолдасымен
ынтымақта болуға үйретеді. Балалар әр алуан іс – қимылы нәтижесінде
олардың автоматталған әрекеті – дағдылары, іс -
әрекет түрлерін орындауға бейімділігі мен ептілігі,
тіршілікке қажетті әдеттері қалыптасып, адамның
анатомиялық, физиологиялық және психикалық
жағынан дамып жетілуіне әсер етеді. Оның рухани
өмірінің мазмұнын байытады.
Дағды –
адамның белгілі іс - әрекетті сан рет қайталап отыруы
нәтижесінде қалыптасып, автоматты түрде орындалатын ісі. Дағдының қалыптасуы
қимыл – қозғалысьар мен әрекет жасауға орай
бірнеше сатылардан тұрады.
Адамның
әрекетіндегі ептілік /бейімділік/ - белгілі бір істі атқаруға
бейім тұру, өзінің игерген білімін, дағдысын
түрлі жағдайда қолдана білу. Ептілікке жадамның
өз білімін, дағдысын өзгешелеу ұқыптылық
қасиетін көрсетеді. Ептіліктің тағы бір ерекшелігі
адамның өз білімін қажет болған жағдайда
қолдана білу әрекетінен анық
байқалады.
Әдет –
адамның іс - әрекетіндегі мінез – құлыққа
байланысты тұрақты қасиеті. Психологиялық
тұрғыдан алғанда әдет адамның белгілі іс -
әрекет түрін бұрынғы өмір тәжірибесінде
қалыптасқан дағдылары мен біліміне сүйене отырып
жүзеге асырылады. Әдет –
адамның қажеттілігін өтеуге сәйкес қайталанып
отыратын әрекет. Ол адамның кез келген іс - әрекетінің
түрінде кездеседі.
Ниет - адамның белгілі қажеттіліктерді
қанағаттандырудағы іс - әрекетіне байланысты
психологиялық көңіл – күй. Қажеттілік –
адамның белсенді әрекетін тудыратын қозғаушы күш,
ал ниет – сол қажеттіліктің нақты көрінісі. Ниет адамды
түрлі әрекеттерге ұмтылдырады.
Қызығу
– адамның танымдық қажеттіліктерді сезіп, олардың
айқын түрде түсіндіруге жан дүниесінің сілкінісі.
Қызығу барысында адам өзінің әр нәрсені
танып білу қажеттілігін қанағаттандыру үшін қилы
белсенді түрде меңгеру керектігін түсінеді.
Сенім –
адамның белгілі бір түсініктеріне сәйкес
қажеттіліктерін қанағаттандыру жүйесі. өз
қажеттілігін орындау жолында адам дүниетанымдық
көзқарасында, табиғат пен қоғам
заңдылықтары жөнінідегі ұғымдарына, өмір
тәжірибесіне сүйене отырып іс - әрекет жасайды.
Ұмтылу
– адамның іс - әрекетті атқаруға талаптанып,
белсенділігін қуаттайтын ниеті. Адам өз қажеттілігін
өтеудің жағдайын нақты болжамдып, көз алдына
елестете алмаса да көздеген мақсатына жету үшін қуатын
жұмсап, талаптанады. Адамның жеке бағыт – бағдары, бір
іс - әрекетті орындауға талпынысы, сол әрекет негізінде
туындаған арманы, құмарлығы, әр түрлі
мақсаттарға жету жолындағы әрекеті – оның
даралық қасиеттеріне тән психологиялық ерекшеліктер.
Қандай да іс - әрекет бірқатар элементтерді қамтиды.
Олардың бәрі бірге іс - әрекеттің құрылымын
сипаттайды.
Ойын -
балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын - айналадағы
дүниені танудың тәсілі. Ойын балаларға өмірде
кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана
қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін
қалыптастырады дегенді айтады.
Іс -
әрекеттің жетекші типін ұйымдастыру – баланың жеке
басын қалыптастыруға мақсатты түрде ықпал
жасайтын құрал. Мектеп жасындағы балалар көп
қырлы, көп компонентті іс - әрекеттердің жеке
түрлерінен өзінен - өзі пайда болмайды, олардың
жекелеген жас кезеңінде түрлі жүйесін құрады.
Олардың әрқайсысы тек
іс - әрекеттің алуан түрлерінің белгілі бір
құрамымен сипатталып қана қоймай, сонымен бірге осы
кезеңде баланың қарым – қатынасын айналадағы
адамдарға, болмысқа алып келетін жетекші іс - әрекеттің
болуымен сипатталады. Жетекші қызметті дамыту осы кезеңде баланы
дамытудағы психологиялық процесстер мен психикалық
ерекшеліктерге басты өзгерістер енгізуге жағдай жасайды. Сондықтан,
іс - әрекеттің жетекші типін арнайы ұйымдастыру баланың
жеке басына мақсатты түрде ықпал жасауға, оның
бір іс - әрекет процесінде талап етілетін қажеттіліктердің,
мотивтердің және мақсаттарды қалыптастыруға
мүмкіншілік беретін неігзгі шарт.
Бала үшін отбасы-ең
алғашқы да аса белсенді тұлғалық қалыптасу
көзі.Отбасында қабылданған
көзқарастар,салт-дәстүрлер, ұстанымдар,
әрекет-қылық үлгілері тұлға элементіне
бастау беріп, оның барша өмірінің сипатын қалайды.
Отбасы тәрбиелік
қызметтерінің іске асуы оның ұлттық
ерекшеліктеріне,әлеуметтік-мәдени салт-дәстүрлеріне
және талап-тәртіп ұстанымдарына тән.
Тұлғаның әлеуметтенуінде жетекшілік маңызға
иежалпыға бірдей жағдаяттар болады. Олар туған күннен
бастап,балаға болатын үздіксізде,тұрақты ықпал;
отбасындағы қаоым-қатынастың
туысқандық,сүйіспеншілік, сенім, өзара жауапкершілік
сезімдеріне негізделуі; ұрпақтан-ұрпаққа
тәжірибе өткізуге бағытталған әр қилы
денгейдегі отбасы мүшелерінің өзара
қарым-қатынасы мен ықпалы.Өз балаларының
ерекшеліктерін, қызығулары мен қажеттерін ескеруде ата-ана
мүмкіндіктері орасан.
Халық педагогикасында
«Үйінде ұл-қызы бардың көгінде сөнбес
жұлдызы бар» дегендей ата-ана бала тәрбиесіне нені ексе есеигенде
соның жемісін көрері анық емес пе? Сондықтанда мектепке
дейінгі бүлдіршіндердің күнделікті күн тәртібін
дұрыс ұйымдастыра отырып,балаға көмектесу, кездескен
қиыншылықтарды жеңуге қол ұшын беріп отыру
арқылы еңбек дағдысының беки түсуіне ықпал
етеді, ұқыптылыққа, жауапкершілікке үйренеді.
Отбасында балалардың өзіне-өзі қызмет ету
дағдыларын үйрету мен қатар, моралдық нормалардың
алғашқы өлшемдерін игере бастайды .
Қолданылған
әдебиеттер
1
Ә Алдамұратов «Жалпы
психология» Алматы. Білім 2006 ж.
2
Л.С. Выготский «Развитие высших психических функций» Москва. 1990г.
3
В.С. Мухина «Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы» Редакцияны
басқарған Л.А. Венгер. Алматы 1996 ж.