Қазіргі қоғамда гендерлік толеранттылықтың мәні

 

 

Қазіргі уақытта латын тілінен, француз тіліне кейін еуропа тілдеріне еніп, елімізде гендерлік саясат, толеранттылық, гендерлік толеранттылық деген жаңа ұғымдар қалыптасуда. Бірақ бұл сөздерді «төзімділік» деп аударып жүрміз. Кейбір көзқарастарда, мысалға, Татьяна Марголина төзімділік (терпимость) пен «толеранттылық»  ұғымдарын ажырата келе, төзімділік өзгеге жол беру және оның амалсыздан істелетін шара екендігін айтса, «толеранттылық» адам өз еркімен және саналы түрде баратын белсенді әлеуметтік мінез-құлық деп айтылған болатын. Сол ұғымдарға тоқталып кетсем.

Толеранттылық (лат. tolerantia — төзімділік, көнбістік)-басқа ойға, көзқарасқа, наным-сенімге, іс-әрекетке, әдет-ғұрыпқа, сезім-күйге, идеяларға төзімділік, жұмсақтық көрсете білу қасиеті. Толеранттылық-адам құқығы мен бостандығы, плюрализммен қатар негізі демократиялық принциптердің бірі болып есептеледі. Жалпы толеранттылық өркениетті қоғамға тән құбылыс.

«Толеранттылық – бейбітшілікке жетуге мүмкіндік беретін және соғыс жағдайынан бейбітшілік жағдайына жеткізетін дүние»,-деп 1995 жылы (БҰҰБҒМҰ)-ның бас Конференциясында қабылданған толеранттылық қағидаттары жөніндегі Декларациясында айтылған.

Толеранттылық-дегеніміз бейбітшілікті қалау қасиеті, сонымен қатар, этникалық, діни, саяси, конфессионалдық және жеке адамдар арасындағы келіспеушіліктерге, жас және гендерлік айырмашықтарға қатысты шыдамдылық таныту және «өзге адамдардың» өмір сүруге тең құқылы екендігін мойындау болып табылады[1].

Тағы айта кетерлік жайт, өмірдің өзекті мәселелеріне айналып отырған толеранттылық мәселесімен қатар жүретін, өзекті де өрбімелі мәселенің бірі әйелдердің билік басына келуі, яғни  гендерлік саясат.

Алдымен «гендер» терминінің мәнін ашып алайық. Гендер термині «жыныс» - деген мағынаны білдіреді. Аталмыш терминді әлеуметтануға енгізген Энн Оукли болатын. Демек жыныс ретіндегі гендер ұғымы ерлер мен әйелдер арасындағы айырмашылықтардың әлеуметтік аспектілерін қозғайды. Бірақ гендер термині қазіргі уақытта кең мағынада қолданыла бастады. Ол жеке бастың бірегей дарылығын айқындау үшін ғана емес, сонымен бірге бейнелік деңгейде еркек және әйел жынысының мәдени мұраттары мен стерелтиптерін анықтау үшін қолданылады. 1970 жылдары әлеуметтанушылар мен психологтардың негізгі назары жыныс гендер бар деген мәселені дәлелдеуге бағытталды. Яғни олар ерлер мен әйелдердің арасындағы жіктелу мен айырмашылықты биологиялық әртүрлілікпен түсіндіруге болмайтынын, мәдени алаңда басым болып отырған еркектік пен әйелдік идеялары шын мәнінде жаттандылық екенін, олардың ақиқат шындыққа салыстырмалы ғана қатысты барын дәлелдеуге тырысты.

Гендерлік саясат-ерлер мен әйелдердің билік құрылымдарына теңгерімді қатысуына қол жеткізуді, әйелдердің экономикалық тәуелсіздігі, өз бизнесін дамытуы мен мансап жолында ілгерілеуі үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етілуі, отбасындағы құқықтар мен міндеттердің тең жүзеге асырылып, жыныс нышаны бойынша зорлық-зомбылықтан азат болу. Гендерлік мәселе қазіргі заманғы руханияттық ойтолғаныстар мен күнделікті тұрмыс кешудің көпжақты қырларына байланысты туындаған қоғамдық-саяси, рухани-мәдени, экономикалық-әлеуметтік саланы тұтастай қамтитын, жалпы айтқанда, антропологиялық тұрпатты ізденістер мен түйткілдердің шынайы өмір мәнділігінің көрінісі[2].

Сонымен, гендерлік саясат-ол ерлер мен әйел адамдардың тең дәрежеде құқылы болуы, ал толеранттылық латынның «tolerantia» тілінен аударғанда- шыдамдылық, басқа көзқарастарға, мінез-құлықтарға, діни-наным сенімдерге төзімділік таныту, жағымсыз әсерлердің ықпалын бастан өткізе алушылық, өзгелерге қатысты дүниелерге шыдамдылық таныта білу деген мағынаны білдіреді.

Толеранттылықтың маңыздылығы туралы мәселелерді зерттеген ғалымдар қатарына Р.Р.Валитова, В.А.Васильев, С.А.Герасимов, Н.В.Круглова, Е.В.Магомедова, А.А.Погодина, Г.У.Солдатоваларды жатқызуға болады. Берілген терминді әртүрлі салаларда зерттегендер: философиялық жағынан (В.С.Библер, М.Бубер, Ф.М.Достоевский, И.М.Лебедева, Ф.М.Малхозова, Б.Ф.Поршнев); аксеологиялық жағынан (А.Г.Асмолов, Р.Г.Апресян, С.М.Шалютин, Е.В.Магомедова, Л.М.Иванова); әлеуметтік-құқық жағынан (Н.В.Круглова, Е.В.Магомедова, Е.А.Темичева, А.А.Чичановский, Л.П.Ильиченко); психология жағынан (А.Г.Асмолов, Л.Я.Коломинский, М.Медовар, А.В.Петровский А.А.Реан).

Адамдардың өмірлік іс-әрекет саласының ерекшелігіне байланысты толеранттылықтың бірнеше формасын ұсынылады:

1. Саяси толеранттылық – түрлі партиялар мен бірлестіктердің атқаратын жұмысына деген қатынас.

2. Ұлтаралық толеранттылық – түрлі ұлт өкілдеріне деген қатынас, кейбір ұлт өкілдерініңькемшіліктері мен жағымсыз іс-әрекеттерін өзгелермен байланыстырмау.

3. Нәсілдік толеранттылық – өзге нәсіл өкілдеріне қатысты теріс ұғымды ұстанбау.

4. Діни толеранттылық – түрлі концессиялардың діни ерекшеліктерін мойындау.

5. Гендерлік толеранттылық – өзге жыныс өкілдеріне дұрыс көзқараспен қарау.

6. Жас ерекшелік толеранттылығы – түрлі жас мөлшердегі адамдарға дұрыс көзқараспен қарау.

7. Физиологиялық толеранттылық – науқас, мүгедек, сыртқы кемшіліктері бар адамдарға деген қатынас.

8. Білімдік толеранттылық – сауаты жоғары тұлғалардың білім дәрежесі төмендеу адамдардың сөздеріне және іс-әрекеттеріне шыдамды қатынасы.

9. Географикалық толеранттылық – шағын қалашық, ауыл және басқа аймақтардың тұрғындарына және керісінше дұрыс көзқараспен қарау.

10. Таб-аралық толеранттылық – түрлі дәрежедегі дүние-мүлік иелерінің – байлардың кедейлерге, кедейлердің байларға шыдамды көзқарасы.

11. Сексуалды-ориентациялық толеранттылық – дәстүрлі емес сексуалды ориентациясы бар адамдарға қатысты шыдамды қатынас.

12. Маргиналдық толеранттылық (қоғамның маргиналды өкілдеріне қатысты толеранттылық)-кедейлерге, мүсәпірлерге, сотталғандарға және т.б. деген қатынас[3].

Алдағы уақытта, толеранттылық біздің халқымыздың күнделікті өмірінің дағдысына, дәстүріне айналуы керек. Сондай-ақ, біздер толерантты қоғам арқылы ұлттық болмысымызды жойып алмауға баса мән берген жөн. Қайта керісінше, толерантты қоғамды пайдаланып тілдік, ұлттық басымдылыққа жетудің жолдарын қарастырғанымыз жөн.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1 Гриншпун И.Б. Ұғым және Толеранттылықтың мағыналы сипаттамалары

(психикалық оқиға толеранттылық туралы мәселе жөнінде)/ Толеранттылық санасы және толеранттылық қарым-қатынастарын қалыптастыру (теория және практика):Ғылыми-әдістемелік жинағы. -М.: Изд. МПСИ; Воронеж: «МОДЭК» баспасы, 2002– 368б. - Б.31-40.

2 Толеранттылық сана-сезім және толеранттылық қарым-қатынасты қалыптастыру (теория және іс тәжірибе): Гылыми-әдістемелік жинағы. - М.: МПСИ баспасы; Воронеж: «МОДЭК» баспасы, 2002. – 368б.

3 Асташова Н.А. Толеранттылық -адами даралықтың өзiн көрсете бiлудiң шарты. //Әлеуметтiк және экологиялық дағдарыс шарттарындағы толеранттық: Бүкілресейлік ғылыми-практикалық конференциясының материалдары (10-12 қыркүйек 2002 ж.) / Н.А. Асташованың редакциялығымен. - М.: МСПИ; Брянск: БГУ, 2002. – Б. 17-23.