ОҚУШЫ ОҚШАУЛАНУЫНЫҢ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ, ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМА
п.ғ.к, доцент Танирбергенова Анар Шынболатовна
Төлебай
Гүлдана Ерсұлтанқызы
Досымова
Таншолпан
Астана қаласы,
Қазақстан
Республикасы
Әлеуметтік қобалжу,
қоршаған орта алдындағы қорқыныш,
қауіптенушілік сезімі, құрбыларының шектеп тастауы,
конфликтілі жағдайдағы топтан оқшаулану сезімдері бала
психикасындағы көп толғандыратын жайт.
Адам психикасының қайнар көзі
- қарым-қатынас екендігі тек біздің зерттеу
жұмысымыздың бірінші тарауында ғана дәлелденіп
қойған жоқ, сондай-ақ қарым-қатынас жасау
стилі мен технологиясының да адам психикасына зор әсер ететіндігі
жан-жақты ашылып отыр.
Балалардың әлеуметтік-эмоционалдық дамуындағы
изоляцияның ролін психологиялық ғылыми зерттеу
жұмыстарынан көруге болады. Бұл тақырыпшада біз
психологиялық әдебиеттерге шолу жасау арқылы балалардың
мектепке дейінгі шақтан жеткіншек жасқа дейінгі аралықта
әлеуметтік изоляцияны зерттеу мәселелері мен қарым-қатынасында
проблемасы бар балалардың психологиялық ерекшеліктерінің
көрінуі мен оның дамуын сипаттайтын мәселелерге
тоқталамыз.
Мектеп жасына дейінгі шақта баладағы әлеуметтік изоляция
белгілері үлкендердің үрейін туғызбайды. Жеке дара
ойынмен ойнап жатқан бала тәрбиешілер мен ата-анаға
проблемалы болып көрінбейді. Алайда мұндай балаларды
мұқият зерттеген кезде, олардың алдында өз қатары
мен қарым-қатынасқа түсуінде біршама потенциалды
қиындықтар туындайтындығы байқалған.
Олай болса өз құрбыларымен қарым-қатынас
жасау барысында қиыншылық туындаудың негізгі себептерін
былайша түсіндіруге болады. Олардың ішіндегі бастылары:
1. Өз құрбыларымен өзара
қарым-қатынаста бала инициативасы мен белсенділігі әлсіз
болады.
2. Басқа өз құрбы балаларға
инициативалық үндеуі құнсыз болады.
3. Тұлға аралық қарым-қатынастағы
проблемаларды өз бетінше шеше алмайды. Өз құрбылар
арасында болған кішігірім қақтығыстар үшін де
ересектер мен үлкендерден көмек сұрап келеді.
4. Өз
құрдастарының арасында беделі төмен болады.
5. Вербальді
қарым-қатынас деңгейінің төменділігі
көрініп тұрады.
Жалпы
алғанда мұндай балаларды көнгіш, тыныш және
бағынуға бейім деп сипаттама беруге болады. Жеті жасқа толғанда баланың әлеуметтік және
жекелік қиыншылықтары күрт өседі. Оларда
ұялшақтық, қорқақтық,
жалғыздыққа ұмтылу, жасқаншақтық
сезімдері пайда болады. Жеткіншек жаста әлеуметтік оқшаулану
деңгейі өседі. Олардың өзіне деген бағасы
төмендеп, өзіне сенімсіздікпен қарайды. Бұндай
қасиеттердің көріну бағыттары психология
ғылымында адам табиғатындағы биологиялық және
әлеуметтік мәселелерін зерттеуде ерекше орынға ие. Мектеп
тәжірибесінде ең көп кездесетін жағдай –
оқушылардың ақыл-ойы мен сабаққа үлгеріміне
байланысты балалардың өзара қарым-қатынасындағы
ерекшеліктер. Күнделікті мектеп өмірінен белгілі жайттың бірі
төмендегіше көрінеді. Айталық, ақыл-ойы басқа
балаларға қарағанда жоғары, сабаққа
үлгерімі жақсы, оқу тапсырмаларына белсене қатынасатын
оқушылырға балалар үйір болып келеді де, ақыл-ойы
біршама баяу дамыған, оқу үлгерімі төмен, оқу
тапсырмаларына енжар келетін оқушылармен басқа балалар көп
жұғыса бермейді. Ендігі кезекте осындай балалардың
қарым-қатынасы мен психологиялық ерекшеліктерін
қарастырып кетейік.
Педагогикалық тәжирібе және психологиялық
зерттеулер жалпы білім беретін мектептерде - оқу барысында арнайы бапты
талап ететін оқушылар едәуір кездесетіндігін көрсетеді.
Денсаулығына, физиологиялық және психикалық
функцияларының дамуына байланысты норма мен патология арасында болатын
оқушылар да кездеседі. Мұндай балалар оқу үлгерімі
төмен, артта қалған, әлеуметтік
дезадаптацияланған оқушылар болуы мүмкін. Мұндай
балалардың ерекше тобын ақыл-ойы енжар (интеллектуал пассив)
оқушылар құрады. Олар біршама ақыл-ойы артта
қалған балаларға ұқсас болып келеді.
Ақыл-ойы енжарлықтың себебі көптеген
әртүрлі жағдайда олардың дамуындағы
ауытқуларға байланысты емес, оларды оқыту мен
тәрбиелеудің жеткіліксіздігіне байланысты да болуы мүмкін.
Сондықтан ақыл-ойы енжар оқушылар ерекше зерттеуді
қажет етеді.
Ақыл-ойы енжар феномені бірқатар еңбектерде корсетіледі. Л. И.
Божович, К. Маркова, М. В. Матюхина, Н. А. Менчинская, Д. Б. Богоявленская, Н.
С. Лейтес. Дегенменде бұл мәселеге ең
алғаш Л. С. Славина зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
Олардың эксперименттік зерттеулерінің нәтижесінде
ақыл-ойы енжар балалар төмендегіше сипатталады деп көрсетеді.
1. Ақыл-ойы, дағды мен ептіліктері жеткілікті дәрежеде
қалыптаспаған.
2. Ақыл-ой әрекеттеріне теріс қатынас құрады.
3. Шындыққа танымдық қатынастың болмауы.
В. С. Юркевич танымдық қажеттіліктің даму деңгейіне
талдау жасай отырып, "ақыл-ой жалқаулық"
ұғымына сипаттама береді, яғни ақыл-ой енжарлығы
- білуге құмарлықтың балада болмау нәтижесі деп
көрсетеді. Көптеген зерттеулерде нашар оқитын оқушылар
сипаттамасына ұқсас ақыл-ойы енжар көрінуін
түсіндіреді. Дегенмен, "ақыл-ойы енжар" термині жиі
қолданбайды және негізгі екпін үлгермеушілігінің
себебіне түседі. Осыған байланысты ақыл-ойы енжар
болуының табиғаты зерттеуден тыс қала береді, бірінші кезекке
оқуда қиыншылықты жеңу міндеттері қойылады.
Психологиялық әдебиеттерге талдау жасай отырып, ақыл-ойы
енжар - негізгі мәселе ретінде Л. С. Славина жұмыстарынан кейін
зерттеулер жүргізілмеген. Бұл параграф ақыл-ойы енжар типтері
мен себептерін қарастыруға арналады. Мұнда ақыл-ойы
енжар деп отырған ұғым ақыл-ойы әрекетінің
төмен деңгейі болып табылады. Ал мұның негізі
көбіне ақыл-ой ептілігінің жеткілікті дәрежеде
көрінетін тәрбие ерекшеліктерінде, ақыл-ой күшіне
негативті қатынас құруға, ақыл-ой тапсырмаларын
орындау кезінде басқа жолдардың әсер етуіне байланысты.
Ақыл-ойы енжарлығы бас миының органикалық
өзгерістерден туындайтын дефектологиялық сипатта
көрсетілмейді. Аталмыш мәселеге талдау жасай отырып, ақыл-ойы
енжарлығының 2 түрі кездесетіндігін көрсетеміз:
1. Ақыл-ой әрекетінің операциялы (тәсілдік) -
техникалық механизмінің бұзылуы салдары ретінде
ақыл-ойы енжарлығы;
2. Жеке адам сферасының мотивациялық қажеттілігінің
дамуының негативті тенденциясының көрінуі ретінде
ақыл-ой енжарлығы;
Ақыл-ой енжарлығының көрінуі кеңдігіне орай
жалпы және жеке (таңдамалы) ақыл-ойы енжарлығы деп
бөлуге болады. Жеке ақыл-ой енжарлығы - оқу пәні
мен іс-әрекет түрлерінің таңдамалы қатынасында
көрінеді. Л.В.Орлова осы мәселеге арнап зерттеу жұмысын
жүргізеді. Енді осы зерттеу жұмысын қарастырып көрелік.
Зерттеу бастауыш сынып оқушыларымен жүргізілді: ақыл-ой
енжарлығының бастапқы тамыры - мектеп жасына дейінгі
кезеңде басталатын болса да, бастауыш мектеп жасында ақыл-ой
енжарлығы айқын көрінеді. Бастауыш мектеп
кезеңінің жас ерекшелік тенденциясы бойынша оқушының
танымдық сферасына не жағымды және не жағымсыз
әсер етуі мүмкін. Бұл әсер ақыл-ой
енжарлығын не көрсетпей жіберуі,не ақыл-ой енжарлығын
айқын көрсетіп жіберуі мүмкін.
Зерттеу жұмысында ақыл-ойы енжар мотивациялық сипаттамасы
адамның мотивациялық қажеттілік сферасының негативті
қалыптасу факторы ретінде көрсетіледі - бұл танымдық,
оқу және жеке адамның өзінің ақыл-ой
әрекетінің негізгі компоненттеріне, мазмұнына әсер
етеді. Зерттеу мақсатын жүзеге асыру үшін мынадай міндеттер
қойылды:
1. Ақыл-ой енжарлығының көрсеткіштерін
нақтылау;
2. Ақыл-ой енжарлығының әртүрлі сипаты
бойынша оқушыларды анықтау және топтарына сипаттама беру;
Эксперименталдық зерттеу 2 жыл бойы Коломна қаласындағы
41 мектепте жүргізілген екен.
1 кезеңде 27 баладан тұратын экспериментті осыған дейінгі
белгілі ақыл-ой енжар белгілері бойынша ақыл-ой енжарлар
психологиясы сипаттамасы мен таңдау критерийлері анықталды.
Бақылау тобында 18 бала іріктелді, бұларда 1 топтағы
балаларға сәйкес таңдалды. 2 кезеңде әрбір
оқушының түрлі эксперименттік әдістемелерді
қолдана отырып, жүйелі, кешенді зерттеу жүргізілген.
Бірінші кезеңде жүргізілген тәжірибесінде ақыл-ойы
енжар балалардың психологиясына сипаттама беру барысында расында да
бұл балалардың қарым-қатынаста едәуір
қиналатынын, өзіне сенімсіздік басқалармен қатынас
жасауына кедергі жасайтынын, сондай-ақ ондай балаларды
құрбылары шектететіндігін сипаттайды. Осы зерттеулерден
шығатын ой - балалардың топтан тыс болуының бір себебі -
олардың ақыл-ой деңгейі, сабаққа үлгерімі,
сондай-ақ оқу тапсырмаларына селқостық қатынасы
болып табылады.
Қарым-қатынас - жалпы адам өмір сүруінің
негізгі жағдайы. Адам қалыпты өмір сүру үшін,
өзінің психикалық қасиеттерін дамыту үшін, жеке
тұлғалық ерекшеліктерін жетілдіру үшін, сондай-ақ
білім меңгеріп тәжірибе жинақтау үшін адамдармен
қарым-қатынас жасайды. Қарым-қатынас арқасында
ғана адам өзінің кім екенін танып, өзін
өзгелерден ажырата алады, өзін басқалармен салыстыру арқылы
басқа адамдағы қасиеттерді меңгереді.
Қоғамнан тыс адам өмір сүре алмайды. Адам психикасының
дамуындағы қарым-қатынастың ролі ерекше.
Сондықтан адам өзгелермен қатынасқа түсу
арқылы ғана қалыпты өмір сүре алады.
Адам дүниеге шыр етіп келіп түскеннен бастап-ақ
айналасындағылармен қатынас жасай бастайды. Өмірінің
алғашқы кезеңінде биологиялық сипаттағы
қарым-қатынас болса, одан әрі оның
қарым-қатынас сипаты әлеуметтік сипатқа түсе
бастайды.
Мектеп жасына дейінгі балалардың ересектермен
қарым-қатынасы туралы М.И.Лисина зерттей келе балалардың
әлеуметтік мінез-құлқы мен жеке басының дамуын
тек ересектермен қарым-қатынасымен ғана түсіндіруге
болмайтындығын атап өтеді. Баланың жасы
ұлғайған сайын оның жеке басының дамуында
қарым-қатынас ерекше орын алатындығын айтып өтеді.
Өз құрбыларымен қарым-қатынас жасай отырып,
өзінің ішкі жан дүниесіндегі тұйықтықты аша
алады, өз құрбылырымен өзара әрекеттесе отырып,
өз көзқарастарын жеткізе алады.Тек балалардың
қарым-қатынас ерекшеліктерін зерттеу ғана олардың
арасында туындаған қиыншылықтарды басқаруды
жеңілдетеді, топтағы барлық балалармен өзара
қатынасты толық құруға жол ашады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың өз құрбылары
арасындағы қарым-қатынас сипаты көбінесе ойын
әрекеттерінде көрінеді. Ойын барысында туындаған кейбір
келіспеушіліктер мен конфликтілер баланың топтан
оқшаулануының бір себебі болып табылады. Осыған орай
психологиялық конфликтіні олардың ойын іс-әрекеті
жағдайында зерттеу, сонымен қатар еңбек іс-әрекетінде
бақылау арқылы топтан оқшауланатын баланы зерттеу
оңайырақ. Ойын кезіндегі балалар
қарым-қатынасының құрылымы мен мазмұны.
Ойын - мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті бола
отырып, ол жан-жақты әрекет негізінде балалар
қарым-қатынасының бірқатар типтерін ажыратады.
А.Н.Леонтьев балалар арасындағы қарым-қатынастық
ойындарда фантастикалық өлшемдер кездесетіндігін көрсетеді.
Оның айтуы бойынша шындық әрекет, шындық тәсіл
және заттармен шындық бейне жасау болады. Сюжетті-рольдік ойындарда
әрбір баланың сюжетке, рольге, рольді орындауға қатысы
көрінеді. Рольге бөліну немесе ойыншықтарды бөліп алу
негізінде туындаған конфликті нәтижелердің соңғы
нәтижелері адалдыққа бағытталған жағдайда
баланың адамгершілік нормаларын меңгеруге бірқатар әсер
етеді. Кей жағдайда педагогтың басқаруымен жүргізілген
ойындар сырт қарағанда жағымды қатынас
болғанымен, дәрігер ролінде ойнайтын баланың орнында
топтағы әрбір бала болғысы келуі мүмкін, яғни
емделуші емес, емдеуші болатын балалардың қалауы болуы да
мүмкін. Осының негізінде балаларда үнсіз келісу туындайды.
Ойын қатынасындағы сыртқы көріністің
тағы бір түрі - рольдік, іскерлік қатынаста педагогтардың,
психологтардың бөліп қойғанына байланысты баланың
жеке басының дамуы адамгершілік бағытта көрінуі мүмкін.
Дегенмен, баланың ішкі жан дүниесі, әсері,
қызығушылығы мен қажеттілігі, өзінің ойында
алған рольдік жағдайына қанағаттану,
қанағаттанбау сезімдері жауапсыз қалады. Ойын кезіндегі
қарым-қатынастың сыртқы көріністерінің бір
жағы - баланың өзіндік, жеке даралық қатынасында
байқалады. Мысалы, бір-біріне симпатиялық, антипатиялық,
селқостық -балалар қатынасында көп байқалмайды,
бұл арнайы зерттеуді қажет етеді. Балалар арасындағы
қарым-қатынас ерекшеліктері туралы көптеген
педагогикалық, психологиялық және
әлеуметтік-психологиялық зерттеулер анықталып келеді. Сонымен
қатар балаға комплексті, жүйелік формадағы
іс-әрекетті ұйымдастыру Л.С.Выготский, В.Н.Мясищев, С.Л.Рубинштейн,
Л.И.Божович еңбектерінде терең қарастырылады. Педагогика
және психология ғылымындағы А.С.Макаренконың ойы: «Жеке
адам ұжымда дамиды және ұжым арқылы қалыптасады».
Балалар арасындағы жүйелі қатынас балаларда болатын
әсерлік жағдайлардың бір-бірімен тығыз қатынас
құратындығын, жеке адам қатынасында эмоционалды
жиынтық құратындығы, топтағы адамдарға
үйреніп қалатындығын, оларда эмоционалдық
қанағаттану, жағымды әсер алатындығын
дәлелдей түседі. Мектеп жасына дейінгі балаларда сыртқы
және ішкі психологиялық конфликтілер кездеседі. Сыртқы
психологиялық конфликті - олардың бірлескен іс-әрекеті
барысында туындаған қарама-қайшы көзқарастарынан
шығады (мысалы: жалпы істі таңдау, міндеттерді бөлісу, ойын,
еңбек материалдарын бөлісу, рольдерді таңдау). Ішкі
психологиялық конфликт - мектеп жасына дейінгі балалардың негізі
ойын іс-әрекетінде өз құрбылары арасында пайда болады
және олар бақылауда байқалмайды. Мұнда міндетті түрде
ересектердің көмегі қажет болады. Баланың
үлкендермен қарым-қатынасының генезисі. А.С.
Выготскийдің позициясына сәйкес әлеуметтік өмір
және қоршаған орта адам дамуының органикалық
қажетті жағдай болып табылады. Бала жастайынан
қоғамға енеді және ол неғұрлым кіші болса,
соғұрлым ол әлеуметтік нәрсе болады. А.С.
Выготскийдің концепциясына сүйене отырып М.И.Лисина ғылыми
мектеп ашады. Ол Кеңестік психологияға жаңа - баланың
үлкендермен қарым-қатынасы атты пәнді енгізіп, оны
зерттеудің жаңаша жолдарын қарастырады. М.И.Лисина
қарым-қатынастың әсерін ғана зерттеп
қоймай, өзінің түсіндірмелік схемасын ұсынады.
Схема қарым-қатынастың жүйесін, спецификасын
көрсетті. Сол арқылы баланың үлкендермен
қарым-қатынас генезисінің концепциясын анықтау мүмкіндігі
туды.
Біз білетіндей, 1970-ші жылдары психологиялық ғылымның
екі жетекші саласы - қарым-қатынас пен іс-әрекет
кеңінен зерттелді. Осыған сәйкес М.И.Лисина
қарым-қатынасты іс-әрекеттің ерекше түрі деп
қарауды ұсынды.
М.И.Лисина баланың үлкендермен
қарым-қатынасының келесідей критерийлерін бөліп
көрсетті:
1) үлкенге деген қызығушылық,
2) үлкендердің әсерінің қабылдануындағы
эмоционалды деңгейі,
3) баланың үлкендерге бағытталған индивидуалды
актілері,
4) баланың үлкендердің оның әрекетіне деген
қарым-қатынасы немесе сезімталдылығы.
Зерттеу нәтижесінде баланың үлкендермен
қарым-қатынасының генетикалық реттелген 4 формасы
байқалды. Олардың әр қайсысы коммуникативті
қажеттіліктің түрлілігімен сипатталады:
I - ситуативті - жекелік (сәбилік шақ)
II - ситуативті - іскерлік (ерте
балалық шақ)
III - ситуациядан тыс танымдық
(мектепке дейінгі ерте орта шақ)
IV - ситуациядан тыс - жекелік
(мектепке дейінгі орта және жоғары деңгей).
Үлкендермен
қарым-қатынас формаларының классификациясы оның
психикасының басқа да қырларының дамуымен бірлікте
қарауға мүмкіндік берді. Қарым-қатынастың
әр бір жаңа формалары өткен формаларына сәйкес
орнығады. Бала өскен сайын барлық коммуникативтік
құралдарды жақсы пайдаланып, әрекет жағдайына
қарай қарым-қатынас формасын өзгерте алады. Қарым-қатынастың дұрыс дамуы -
әрбір қарым-қатынас формасының өздеріне
сәйкес жас кезіңде ретті түрде толығымен
орындалғанда ғана жүзеге асады. Зерттеулер көрсеткендей
үлкендермен қарым-қатынас - бала әрекетінің ішкі
құрылымын (А.В.Болбочану, Г.И.Копчеля), оның эмоционалды
қобалжу сферасын (С.Ю.Мещерякова, А.И.Сорокина), танымдық
белсенділігін (Е.О.Смирнова, Т.А.Землянухина), еріктілігі мен
өзін-өзі бағалауы мен саналылығын (Н.Н.Авдеева),
құрбылармен қарым-қатынасын (Л.Н.Галогузова)
анықтайды. Жеке адамның қалыптасуына тек үлкендермен
қарым-қатынас қана әсер етіп қоймай,
құрбыларымен қарым-қатынас та ерекше орынға ие
болады.
1970-80 жылдары А.Г.Рузскойдің басшылығымен жүргізілген
зерттеулер үлкендермен қарым-қатынас тек ерекшеленетін
құрбылармен қарым-қатынастың спецификалық
ерекшеліктерін анықтауға жағдай жасады:
I- коммуникативті әрекеттің түрлілігі.
II- қарым-қатынастың ерекше эмоционалдық сипаты.
III- қатынастың стандартталуы және регламенттенуі.
Мектепке дейінгі шақта құрбылармен
қарым-қатынас үлкендермен қарым-қатынас сферасына
пара-пар келетіндей бірнеше кезеңдерге бөлінеді:
1) эмоционалды тәжірибелік (1-4 жас аралығы)
2) ситуативті - іскерлік (4-6 жас аралығы)
3) ситуативтіктен тыс іскерлік (6-7 жас аралығы)
Жүргізілген зерттеулер негізінде мектепке дейінгі шақтағы
балалардың қарым-қатынасын дамытушы және түзетуші
бағдарламалары жасалынды. Ал мектеп оқушылары арасындағы
қарым-қатынас сипатына түсініктеме беретін болсақ,
оқушылардың өз сыныптастарымен қарым-қатынас
жасауына, бірлестік әрекеттеріне мұғалімнің жеке
тұлғасы үлкен әсерін тигізеді. Оның
әрекеттесуі әртүрлі аспектілерден көрінуі мүмкін.
Біріншіден, мұғалімнің басқа оқушыларымен
әрекеттесу стилі баланың өзімен жасты балалармен
әртүрлі қарым-қатынасқа түсуінің
алғы шарты болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1 Рояк А.А Проблема социальной
изоляции детей. //Вопросы психологии. 1996г №3 1016.
2 Немов Р.С. Психология. Книга 2.
М., Владос, 2000г
3 Рояк А.А. Психологический конфликт
и особенности индивидуального развития личности ребенка. М., Педагогика 1998г
4 КуницынаВ.Н., Казаринова Н.В.,
Погольша В.М. Межличностное общение. Санкт - Петербург:, 2001г
5 Смирнова Е.О. Теория
привязанности: концепция и эксперимент. // Вопросы психологии 1995. №3.
6 А.В.Дмитриев «Конфликтология».
Изд. Гаролрики, Москва 2001.
7 О.Н.Громова «Конфликтология» курс
лекции, Москва 2000.
8 А.Я.Анцупов, А.И.Шипилов
«Конфликтология». Изд. Юнити. Москва 2001.
9 Е.М.Бабосов «Конфликтология»
учебное пособие. Миниск 2001.
10 Н.В.Гришина «Психология
конфликта» Сборник «Мастера психологии», Питер 2000.
11 Э.А.Уткин «Конфликтология» Теория
и практика. Изд. Экмос, Москва 2000.
12 В.М.Афонькова «Конфликты в
коллективе старшекласников и пути их преодоления». Дис.канд.пед.наук, Москва
1979.
13 Ю.В.Баскина «Методтика
диагностики родительского отношения» Дис.канд.псих.наук, Москва 1989.
14 «Психология» Словарь /Под
общ.ред. А.В.Петровского, М.Г.Ярошевского. -М.: Политиздат, 1990.
15 Л. В. Орлова. Ақыл-ой енжар
оқушылар // Воп. Психол. 45-49-беттер.