Ермеккалиева Т.Н.

Батыс Қазақстан облысы

Жаңақала ауданы

Жаңақала колледжі

tolkinnabidullina@mail.ru

 

ДӘНЕКЕРЛЕУ ҚОСЫЛЫСТАРЫНЫҢ ҚАСИЕТТЕРІНЕ ТӨМЕНГІ ЖӘНЕ ЖОҒАРҒЫ ТЕМПЕРАТУРАЛАРДЫҢ ЫҚПАЛЫ

 Білімділік: Студенттердің дәнекерлеу қосылыстарының қасиеттеріне төменгі және жоғарғы температуралардың ықпалы жөнінде мәлімет беру арқылы білімділігін жетілдіру.

Дамытушылық: Студенттердің алған білімдерін жадына сақтау мен ойлау қабілетін, білімге деген құштарлығын ықыласын дамыту.

 Тәрбиелік: Өз бетінше оқып үйренуге, пәнге қызуғышылығын арттыра отырып мамандыққа сай құзыретті маман дайындау.

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгерту.

Сабақтың әдістері: түсіндіру, түрлі интеллектуалды ойындар ойнау, есептер шығару.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, тапсырма карточкілер,  слайд.

Пәнаралық байланыс: физика, химия, электротехника, материалтану

Сабақтың құрылымы:

1.Ұйымдастыру кезеңі 

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау кезеңі: 

Ой шақыру-қызығушылықты ояту кезеңі

ІІІ. Жаңа білімді игеру:

а) Оқытушы лекциясы 

б) Сергіту сәті 

IV. Жаңа тақырыпты бекіту 

ә) сәйкестендіру

V.Үйге тапсырма беру 

VI.Қорытынды 

а) Бағалау

Барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

а) Сәлемдесу

б) Оқушыларды түгендеу.

в) Сабақтың құрылымы, жоспарымен  таныстыру  (Бүгінгі сабақта біз болаттар жөнінде  одан әрі терең оқып, зерттеп «Дәнекерлеу қосылыстарының қасиеттеріне төменгі және жоғарғы температуралардың ықпалы» танысамыз.)

Мұғалім: Сабақты Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың “Елімізге бойына ата-бабаларымыздың елмен жерге деген сүйіспеншілік қасиеті дарыған, егеменді елімізге аянбай қызмет ететін, ой өрісі кең, алғыр да жүректі, сауатты да салауатты азаматтар қажет”, -деген сөзімен бастағым келіп отыр.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау кезеңі:

Ой шақыру-қызығушылықты ояту кезеңі. Интерактивті тақтамен жұмыс. Оқушылар үш топқа бөлінеді. Әр топқа жұмсарту, жасыту және нормалауға презентация құрап, қорғау.

Әрбір топқа  бір-бір есептен беріледі. Шыққан есепті топ мүшелері, және топ капитандары тақтаға шығып дәлелдейді.

o                       1-үстелге:

Түйістірме қосылған, ені 150 мм, қалыңдығы  5 мм  Ст 3  болатының екі бөліктерінің жолағынан жасалған, пісіру тартымға шыдап бере алатын, аса үлкен рауалы күшті анықтау керек?  (Ст 3 үшін есептік кедергі 180мПа)

o                        2-үстелге:

Айқастырма қосылған, ені 120 мм, қалыңдығы  8 мм 

Ст 3  болатының екі бөліктерінің жолағынан жасалған, пісіру тартымға шыдап бере алатын, аса үлкен рауалы күшті анықтау керек?  (Ст 3 үшін кесіндіге кедергі 150мПа)?

ІІІ. Жаңа білімді игеру:

                    Аз көміртекті болаттың соққы тұтқырлығы:

Белгілі шектен төмен температура жағдайында әдеттегі көміртекті болат пен олардан балқытып пісірілген металл болады және олардың соққы тұтқырлығы күрт төмендейді, бірақ соған қарамастан бұл жағдайда болаттың беріктік шегі бірнеше есе артады. Егер +20° температура жағдайында аз көміртекті болаттың соққы тұтқырлығы 13 кгс·м/см2-ға тең болса, онда 40° температура кезінде ол небәрі тек 0,5-1 кгс·м/см2 құрайды. Сондықтан болаттан жасалған пісіру қосылыстары 40° температурадан төмен жағдайда соққы жүктемесінде немесе кернеулер шоғырланған жерлерде жарықша беруі мүмкін. Пісіруден кейін жасыту ішкі кернеулерді жояды. Құрамында 3% жоғары никель бар аз көміртекті қосындылы болат, мәселен, таттанбайтын хромникельді болат, сондай-ақ түсті металдар (мыс, жез, алюминий) тіпті өте төмен температураларда да (-270° дейін) өзінің соққы тұтқырлығын азайтпайды және бұл жағдайда омырылғыш болмайды. Сондықтан оларды өте төмен температурада жұмыс істейтін бұйымдарда, мәселен, сұйық ауа, сұйық оттегі, сұйық сутегі, сұйық гелий және т.б. алуға және сақтауга арналған ыдыстар мен аппараттарда пайдаланады.  

 Төменгі температура жағдайында дәнекерлеу. Дәнекерлеу (суықта дәнекерлеу) кезіндегі төменгі қоршаған температурада да аз көміртекті болаттың балқытып пісірілген металының механикалың қасиеттеріне ықпал етеді.  -20°-тан төмен қоршаған температура жағдайында болатта соққы тұтқырлығы біршама төмендейді де, майысу бұрышы едәуір азаяды. Бұл пісіру жіктері металының омырылғыштығының жоғары екендігін айғақтайды. Сондықтан онда суықта пісіру процесінде әлдеқашан жарықшалар түзілуі мүмкін. Суықта пісіру кезінде құрамында 0,25% жоғары көміртекті болатта, сондай-ақ марганецпен, хроммен, молибденмен қосындыланған, шыңдалуға бейімді болатта біршама қиыншылықтар туады.

Бұл жағдайда жарым-жартылай шыңдалатын және біршама қатты, әрі омырылғыш болатын пісіру жіктерінде тиісті бөліктердің жылдам салқындауы салдарынан жарықшалар пайда болуы мүмкін. Жарықшалардың түзілуінің алдын алу үшін мұндай болатты суықта пісіру орнын алдын ала қыздырып және пісіруден кейін жіктерді баяу салқындатып пісіру керек.

Хромникельді таттанбайтын болат пен түсті металдарды суықта пісіру балқытып пісірілген металдың қасиеттеріне ықпал етпейді, сондықтан толығымен рұқсат етіледі.

Суықта пісіру кезінде бөлшектерді қыздыру үшін 38-суретте кескінделген индукциялық қыздыру құрылғыларын қолданады. Индукциялық қыздыру құрылғысы болаттан жасалған магнит өткізгіш пен электр тогы өткізілетін орамдардан тұрады. 75, а-суретте тұйықталмаған өзекті және орамды қыздырғыш (индуктор) бейнеленген. Өзекше мен (1) қыздырғыш қыздырылатын табаққа (3) орнатылады, ал орам (2) пісіру трансформаторының (5) туынды орнына қосылады.

Қыздырғыш орамдарының бос шеттері және трансформатордың туынды орамдары қыздырылатын бөлшекке тұйықталады. Магнитөткізгіштің айнымалы ток индукторының орамы бойынша өту және өзекшенің полюстері маңындағы ауаның кеңістік бойынша ету жағдайында электрқозғаушы күшті қыздырылатын бөлшектерге индукциялайтын айнымалы магнитті өріс пайда болады. Бөлшектердегі осы электрқозғаушы күштің әсерімен металды қыздырушы құйынды токтар пайда болады.

Аз диаметрлі құбырларды, стерженьдерді және резервуарларды қыздыру үшін арнаулы өзекшесіз қыздырғыштарды (75, б-сурет) пайдалануға болады, өйткені осы жағдайда өзекше ретінде қыздырғыш құбырдың (1) өзі қызмет етеді, құбырдың айналасына пісіру трансформаторының екінші орамына жүйелілікпен қосылған (2) орам оралады.

 

                                                220/380 В                 220/380 В

75-сурет. Қыздыруға арналған индукторлардың сызбасы. а - өзекшемен,

б - өзекшесіз


Қыздыруға арналған жылжымалы (тасымалды) индукторлардың қуаты 9-10 квт және салмағы 30кг-ға жуық. Қыздыру жылдамдығы минутына 70-80°-ты құрайды. Индуктордың айнымалы магнитті өрісі индуктордан 100 мм-ге жуық ара қашықтықта таралатын “магниттік үрлеулерді” туғыза отырып, пісіру доғасына ықпал етеді.

Металды қыздыру температурасы металды қыздыру кезінде (150-200° дейін) қараятын қызыл түсті термобояудың жолақтарын оған жағу жолымен анықталады. Металл салқындатылғанда термобояу өзінің бастапқы түсін қабылдайды. Қыздыру жіктер осьтерінің бойымен 800 мм-ге дейін ұзындықтағы және 800мм-ге дейін ендіктегі бөліктермен жүргізіледі, сол үшін индуктор (бөліктің берілген ұзындығында екі қайтара орнатылады. Көп қабатты жіктерде индуктормен қыздыру тек бірінші білікшені салу кезінде ғана жүргізіледі.

Сергіту сәті:

а) “Арнаулы технологиядан” білім деңгейлерін тексеру мақсатында «БИНГО» лотореялық ойын өткізбекші. Ойын шарты: әрбір амалдардың сұрақтарына нақты әрі дұрыс жауап берген оқушы өзінің билетінен сол нөмірді дөңгелектеп қоюы қажет. Сұрақтар жеңіл, өткенді қайталау бағытында қойылады.

1 амал. Ғалымдар (10 сұрақ)

2 амал. Пісіру ұғымдары (10 сұрақ)

3  амал. Пісіру жабдықтары (10 сұрақ)

ә) Сөзжұмбақ  шешу

IV.Жаңа тақырыпты бекіту 

Сәйкестендіріңіз:

Ø                     -270° температурада соққы тұтқырлығын азайтпайтын металдар-

Ø                      жарықшалар пайда болуына әкеледі

Ø                      Суықта дәнекерлеу кезінде жылдам салқындату  -

Ø                      құйынды токтар пайда болады

Ø                      Суықта дәнекерлеу кезінде бөлшектерді қыздыру үшін

Ø                      хром, молибден

Ø                      Электрқозғаушы күш әсерімен металды қыздырушы -

Ø                      таттанбайтын хромникельді болат және түсті металдар

Ø                      Қыздыруға арналған жылжымалы индуктордың қуаты -

Ø                      индукциялық қыздыру қондырғылары пайдаланылады

Ø                      Индуктордың салмағы -

Ø                      біршама артады

Ø                      Температураны 300°-қа арттырғанда болаттың беріктілік шегі -

Ø                      30 кг

Ø                     Болаттың жоғары температураның қолайсыз ықпалына қарсы төзімділігін арттырады -

Ø                     9-10 кВт

 

V. Үйге тапсырма: Дәнекерлеу қосылыстарының қасиеттеріне төменгі және жоғарғы температуралардың ықпалы. (Тақырыпқа байланысты сөзжұмбақ құру).

VІ. Қорытынды.

       Бағалау.