ӘОЖ 631.671.1:633.18

 

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ЕГІС АЛҚАПТАРЫНДА СУ ШЫҒЫНЫН АЗАЙТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Бұланбаева П.О. - а-ш.ғ. магистрі, оқытушы

Оразғожаева Ғ. - магистрант

Полатбек Б.Р., Сахи М.О., Бектай А.Б. - 4 курс студенттері

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Қызылорда

Суармалы алқаптардағы жүзеге асатын мелиоративтік шаралар егіс топырағының ылғал-тұз, қоректік, жылу режимдері көрсеткіштерінің тиімді мөлшерде болуын қамтамасыз етуі тиіс. Сондықтан, суармалы егістегі агромелиоративтік шаралардың барлығы егіншілік тиімділігін өсіріп, егіс алқабының құнарлылығын арттыруға бағытталуы тиіс [1-2]. Қызылорда облысы ауыл шаруашылығының егіншілік саласы түгелдей суармалы әдіске бейімделген. Сондықтан, өңір  үшін суды тиімді пайдалану — аса маңызды мәселе екені белгілі.

Осы өңірде орналасқан суармалы алқаптарда өндірілетін дақылдардың суару режимдері тиімді көрсеткіштерге сай болмай  отыр. 1-кестеде келтірілген мəліметтерді талдай келе, дақылдарға ылғал негізінен қажеттілігінен артық мөлшерде берілуін байқауға болады. Осыны дақылдардың өндірістік суару мөлшерінен көруге болады. Бұның екіталай зияны бар. Біріншіден, су қоры тиімсіз жұмсалуда. Екіншіден, егіс топырағына мелиоративтік жүктеме көбеюде, бұл өз кезегінде суармалы алқаптың ылғал, гидрогеологиялық режимдерін нашарлатуда.

1-кесте. Қызылорда облысының суармалы аймақтарында  дақылдардың маусымдық суару мөлшері [3]

 

 

 

Дақылдар

Аудандар

Жаңақорған

Шиелі

Қызылорда қ

Сырдария

Жалағаш

Қармақшы

Қазалы

Арал

Облыс бойынша

 

 

 

 

Дәнді дақылдар

 

 

 

Ауданы, мың га

3,01

1,65

0,15

0,49

0,2

0,04

1,57

0,02

7,13

Маусымдық суару мөлшері, мың м3/га

3,06

3,74

5,13

4

5,2

2,75

3,56

6,5

3,51

Суару саны

2

2

3

2

3

2

2

3

 

Суару мөлшері, мың м3/га

1,53

1,87

1,71

2,00

1,72

1,38

1,78

2,16

 

 

 

 

Бірінші жылдық жоңышқа

 

 

 

 

 

 

Ауданы, мың га

0,01

1,21

0,08

0,04

0,06

0,12

1,08

0,03

2,63

Маусымдық суару мөлшері, мың м3/га

16,11

12,34

13,37

10,25

16,75

10,31

9,26

17,58

11,11

Суару саны

5

5

5

5

5

4

4

5

 

Суару мөлшері, мың м3/га

3,22

2,47

2,64

2,05

3,35

2,56

2,31

3,51

 

 

 

 

 

Көкөністер

 

 

Ауданы, мың га

1,53

2,35

0,45

0,46

2,04

1,78

2,22

0,02

10,85

Маусымдық суару мөлшері, мың м3/га

1,84

2,26

4,02

5,09

5,26

2,05

2,82

5,32

3,03

Суару саны

2

2

3

4

4

2

3

3

 

Суару мөлшері, мың м3/га

0,92

1,13

1,34

1,27

1,32

1,00

0,94

1,78

 

Облысымызда 226,8 мың га суармалы жерлер, оның ішінде инженерлі-дайындалған жерлер көлемі 179,3 мың га. Инженерлі-дайындалған жерлер негізінен үлкен суармалы алқаптары бағытталған. Түгіскен суармалы алқабында 28,3 мың га; Жаңақорған-Шиелі суармалы алқабында 25,8 мың га; Қызылорда оң жағалау және сол жағалау суармалы алқаптарында 103,4 мың га; Қазалы суармалы алқабында 21,4 мың га.

Өңірде күріш өндірудің жаңа технологиясы зерттеліп, енгізілген. Соңғы жылдары дақыл өнімділігі әр гектар егістіктен 45-50 центнер аралығында болды. Алайда, осы саланың одан әрі дамуына Сырдариядан алынған суды барынша үнемді, тиімді пайдалану қажеттілігі алға шығып отыр. Бүгінгі күні күріш дақылыныңң маусымдық суару мөлшері бір гектарға шаққанда 25-27 мың текшеметр. Төменгі кестеде Қызылорда облысы суармалы алқаптарындағы ауылшаруашылығы дақылдарының маусымдық суару мөлшерлері және өнімділігі келтірілген.

 

2-кесте. Қызылорда облысы суармалы алқаптарындағы ауылшаруашылығы дақылдарының маусымдық суару мөлшерлері және өнімділігі [3]

Жылдар

Маусымдық суару мөлшері,

мың м3/га

Өнімділігі,

ц/га

1 ц өнімге жұмсалған су мөлшері, 

м3

күріш

жоңышқа

күріш

жоңышқа

күріш

жоңышқа

1982

26,0

5,7

47,7

56,0

545

102

1984

25,3

5,0

49,4

49,0

512

102

1986

23,8

5,60

49,2

46,10

484

121

1990

25,3

6,4

52,0

47,0

486

136

1994

26,8

7,0

49,4

27,8

543

252

1997

27,4

6,6

48,6

22,0

564

300

2000

25,8

7,1

40,0

20,1

645

353

2003

26,0

6,8

42,1

18,4

617

369

2006

25,7

5,8

33,2

22,5

774

258

2009

26,9

6,6

42,9

26,5

627

249

2012

27,7

8,2

37,5

25,3

739

324

2015

30,33

8,2

48,4

26,4

627

311

Қазір өңірдің күріш шаруашылықтарында дақылдың суару тәртібі топырақ сортаңдылығына сәйкес ұсталмайды. Өйткені шаруашылықтарда әрбір атыз топырағының сортаңдылығын айғақтайтын мәлімет жоқ.

Әдетте Сыр өңірінде орналасқан суармалы алқаптардың жарты метрлік топырақ қабатының сортаңдығы 0,2-1,0% аралығында болатыны белгілі. Күріштің ерекшелігіне сәйкес топырақтағы тұздар мөлшері 0,3% төмен болса, ол өсімдіктің өсіп өнуіне айтарлықтай кедергі болмайды. Бұл осы өңірде бұрын атқарылған ғылыми-зерттеулер нәтижесінде анықталған [4-5]. Сондықтан жарты метрлік топырақ қабатындағы тұздар мөлшері 0,4%-дан жоғары болғанда зиянды тұздарды күріш өсімдігі түптеп болғанға дейін 0,3%-ға дейін төмендету қажеттілігі туындайды. Осының барлығы жинала келе күріш дақылының экологиялық тиімді суару режимін анықтау қажеттілігін дәлелдейді.

Сонымен суармалы егіншіліктің тиімділігін арттырудың бір жолы ол суару мөлшерін дақылдың биологиялық ерекшеліктеріне сəйкес жəне топырақ құрамына, оның ылғалдық көрсеткіштеріне байланысты ұстау. Дақылдың суару мөлшері оның суару əдістерімен де үйлесімділікте болуы керек. Осыған байланысты біз дақылдың суару мөлшерін есептеу формуласына жоғарыда айтылған ерекшеліктерді ескеретін коэффициентті қолдануды ұсынудамыз [6]. Сонда суару мөлшерін төменгі формуламен анықтауға болады:

m= 100γH (βmax – βmin) К,

 мұнда: К – суару мөлшерінің өндірістік жағдайдағы өсу көрсеткіші.

            Жоғарыдағы формула бойынша есептеулер нәтижесі 3-кестеде келтірілген. Суару мөлшерінің өндірістік жағдайда өсу коэффициенті шаруашылықтағы дақылдың суару мөлшерін оның есептеу арқылы анықталған тиімді көрсеткішіне бөлу арқылы табылды.

3-кесте. Дақылдар суару мөлшерінің өндірістік жағдайда өсу коэффициентін есептеу

Аудандар

 

Дәнді дақылдар

Жоңышқа

Көкөністер

Өндірістік суару мөлшері, мм

Есептік суару мөлшері,мм

Суару мөлещерінің өсу коэффициені, К

Өндірістік суару мөлшері, мм

Есептік суару мөлшері,мм

Суару мөлещерінің өсу коэффициені, К

Өндірістік суару мөлшері, мм

Есептік суару мөлшері,мм

Суару мөлещерінің өсу коэффициені, К

Жаңақорған

153,0

47,0

3,3

322,0

88,0

3,7

92,0

56,5

1,6

Сырдария

200,0

49,0

4,1

205,0

93,0

2,2

127,0

61,5

2,1

Қазалы

178,0

58,5

3,1

231,0

106,0

2,2

94,0

68,0

1,4

Əсіресе осы көрсеткіш дəнді дақылар мен жоңышқаны суарғанда күрделі жоғарылаған. Біздің ойымызша, осының басты себебі сол дақылдарды суарғанда қоланылатын əдістердің кемшілігіне байланысты болуы мүмкін. Мұнда негізінен көлдетіп жəне беткейлеп, тақталап суару тəсілдері қолданылады. Осыған байланысты егіс бетінен тыс жаққа ағып үлгеретін ылғал көлемі көбейеді.

Егіс топырағы бетінде су қабатының пайда болып, біраз уақыт (2-3тəулік) тұратындығына байланысты топырақтан төмен қарай сіңіп кететін ылғал көлемі жоғары. Көкөністер көпшілігінде жүйекпен ылғалданады. Мұнда ылғал өсімдік тамырына негізінен топырақты бүйірлеп, тұсынан сіңірілуіне сəйкес, оның шығыны анағұрлым кемиді. Сондықтан, көкөністің өндірістік жағдайда берілген суару мөлшері төмен, осыған байланысты суару мөлшерінің өсу көрсеткіші де мұнда біршама азайған.

4-кестеде есептеулер негізінде анықталған дақылдың тиімді суару мөлшері келтірілген.

4-кесте. Өндірістік жағдайда қолданылатын дақылдардың тиімді суару мөлшерлері

Дақылдар

Есептеулер негізінде анықталған дақылдың тиімді суару мөлшерлері, м3/га

Суару мөлшері өсу коэффициенттерінің ұсынылған көрсеткіштері

Өндірістік жағдайдағы тиімді суару мөлшерлері, м3/га

1-ші жылдық жоңышқа

1000

1,20

1200

2-ші жылдық жоңышқа

1100

1,25

1375

Жүгері

800

1,15

920

Бидай

600

1,10

660

Арпа

500

1,10

550

Дегенмен, бүгінгі күні Сыр өңірі суармалы алқаптарында дақылдардың суару мөлшері жобалық деңгейінен анағұрлым жоғары. Бұл, өз кезегінде соңғы кезде қымбат табиғи реурсқа айналып бара жатқан аймақтың ылғал қорының тиімсіз пайдалануына кезіктіруде. Сондықтан, осы аймақта өсіріліп, өндірілетін дақылдардың суару əдістерін зерттеп жетілдіру қажет.

Қорыта келе, дақылдардың суару мөлшерлерін азайтып, есесіне олардың санын көбейтіп, өсімдіктің өсіп-өну дәуірінде оған тиімді ылғал және қоректік режимдерді ұстау қажеттілігі дәлелденді. Өндірістік жағдайда ұсынылған тиімді суару мөлшерлерін қамтамасыз ету үшін егісті ылғалдандыруда дақылды суарудың тиімді әдістерін қолдану қажет.

Әдебиеттер

1. Голованова А.И. Мелиорация земель / Под редакцией А.И.Голованова. – Москва: КолосС, 2011. – 824 с.

2. Кошкаров С.И. Мелиорация ландшафтов в низовьях реки Сырдарьи. - Алматы: Ғылым, 1997. – 268 с.

3. Отчет по водопользованию Кызылординского областного комитета по водным ресурсам. – Кызылорда, 2012г.

4. Нургизаринов А.М., Кошкаров С.И., и др. Динамика воднорастворимых солей на рисовых картах-чеках // Гидротехника и мелиорация.  – Алма-Ата, 1979. -  № 11. – С. 76-78.

5. Серенко Г.Р. Режим орошения риса в условиях засоленных земель Кзыл-Ординской области. // Мелиорация земель и развитие рисосеяния в Казахстане. – Алма-Ата: Наука, 1975. – С. 102-114.

6. Қошқаров С.И., Бұланбаева П.О. Күріш ауыспалы егісін суару. – Алматы: «Білім», 2014. - 168 б.

7.   Қошқаров С.И., Әлімбаев Е.Н., Абуов Ж.М. Қызылорда облысы суармалы егістікте суды тиімді пайдалану // Хабаршы. Қызылорда, 2011. -№1(31). – С. 35-28.