Ақтанберді Гулнұр

Университет Нархоз, Казахстан

КӘСІПОРЫННЫҢ БАҒА САЯСАТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

 

Кәсіпорын баға саясатының барлық кезеңдерін қалыптастыра отырып, шығарылатын өнімнің  бағасын белгілеуде соңғы шешім  қабылдау үшін бірнеше факторларды  ескереді: нарықтың типін, кәсіпорын  қызметінің  мақсаттары мен міндеттерін, маркетингтік шаралар  жүргізу мүмкіндіктерін, нарықтағы бәсекелестік күрес  деңгейін және т.б.

Дұрыс қалыптасқан баға саясаты -  нарықта өнім мен кәсіпорынның  бәсекелестікке қабілеттілік  деңгейін артыруға бағытталған қарқынды үрдіс. 

Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның баға саясатын қалыптастыру  бәсекелестікке қабілеттілік механизмінің маңызды элементтерінің бірі болып табылады. Осыған байланысты кәсіпорын басшылары  баға саясатын қолдануға және оны жасау процесіне көбірек көңіл аударуға тырысады.Олай болмаған жағдайда  нарықтағы өндірушілер арасындағы катаң бәсекелестік сату көлімінің төмендеуіне, табыс деңгейінің, рентабельдіктің  азаюына, нәтижесінде, тауардың бәсекелестікке қабілеттілігі мен жалпы кәсіпорынның әлсіреуіне әкеп   соқтыруы мүмкін.

Кәсіпорын баға саясаты аясында – нарықта жаңалықтар енгізуден көшбасшы болу туралы стратегиялық мақсаттар қойса, бұл мақсат тактикалық мақсатпен алмастырылады: нарыққа барынша жаңа бұйымдар келіп түседі, тауардың жаңа болуына байланысты баға диверсификацияға ұшырайды (жаңа бұйымдар қымбатқа, ескілері арзанға сатылады). Бұл мақсаттар өз кезегінде шұғыл мақсаттар туғызады: мысалы, жаңа бұйымдар сатып алушылардың жеке тапсырысы бойынша, нарықта  ең жоғары X бағасымен,  сериялық өндіріспен шыққан жаңа тауарлар — мейілінше  төмен  Y бағасымен,  ал нарықта  бірнеше жылдан бері келе жатқан тауарлар, ең төменгі жеңілдетілген Z бағасымен сатылады.

 

Ұйымның (кәсіпорынның) баға саясатының қалыптасу кезеңінде:

 

Сурет – 1.Ұйымдағы баға саясатының қалыптасу кезеңінде

Ескерту: Әдебиет негізінде автормен құрастырылған [3]

Жоғарыда көріп отырғанымыздай ұйымның баға саясатынын қалыптастыру негізінде келесідей тәсілдерден құралады:

-         Баға саясатының мақсаттарын  анықтау(нарықтағы тауардың өз дәрежесінде баға белгілеуімен, қатар пайданы  максимизациялау  шарттарын орындау)

-         Баға құрайтын факторларды талдау(сұраныс пен ұсыныс икемділігін талдап, өндіріс шығы,дарын талдау)

-         Баға құрайтын тәсілді  таңдау(өнімнің өзіндік құнынын бағалау, сондай-ақ нарықтағы бәсекелестік баға қарқынына бейімделу)

-         Баға  стратегиясын таңдау (жаңа тауар енгенде бағаны дұрыс құрайтын факторлармен сүйену)

-         Бағаны бекіту(баға диверсификациясы)

Нарықта ұйымның баға белгілеу  ең алдымен заманауи бәсекелестік орын алады, осының негізінде кәсіпорындар баға саясатын негізгі мақсат етіп отыр. Барынша бәсекелестікке қабілетті ұйымға тиесілі, яғни кәсіпорын баға бәсекелестік құпиясын келісімге келмей-ақ, белгілі бір нарықта жалпы баға деңгейін көтеруге мүмкіндік бере алады.[2]

Нарыққа жаңалықтар енгізу  көшбасшылығы ең жаңа жоғары  сапалы тауарларға ҒЗТКЖ-ын жүргізу  шығындарын жабу үшін ең жоғары  баға белгілеуді қарастырады.  Мұндай кәсіпорындар тұтынушылар  сұраныстарын мейілінше қанағаттандыру  үшін және тұтынушылардың артық  қаражатын тарту үшін жаңа  тауарлар жасаумен және қолданыстағы  үлгілерді модернизациялаумен тұрақты  түрде айналысады.[2]

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.                Экономика предприятий торговли учеб.пособие/Рук.Авт.Кол. Т.И.Николаева; Н.Р.Егорова.-Екатеринбург: Изд-во Урал.Гос.экон.Ун-та, 2001г

2.                Бланк И.А.Управление торговым предприятием.-М:Ассоциация авторов и издателей.ТАНДЕМ.Изд-во ЭКМОС,1998

3.                Ульянов И.П. Детализация учета и цены. –М,1998