PhD докторант, Құрманбаева Қ.C.

 

Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты, Алматы, Қазақстан

 

Жер аудару мәселесі жөнінде

халық наразылығы тарихи дерек ретінде

(ХХ ғасырдың 20 – 30 жылдары)

 

Халқымыздың тарихында өткен ғасырдың басында Ақпан және Қазан революциялары, оларға жалғасқан азамат соғысы қоғамның саяси және әлеуметтік өмірінде түбірлі өзгерістердің орын алуына алып келді. XX ғасырдың 20 – 30 жылдары қазақ халқының қайғы-қасірет пен  ауыр зардабқа ұшыратқан оқиға болды.

Ірі байлардың, «жартылай феодалдардың» еңбек құралын, мал-мүлкін тәркілеп алу, сол сияқты олардың өздерін үй-ішімен тұрған аймағынан жер аудару мәселесі кеңінен етек алды. Осы кезеңде құнды дереккөздерінің бірі халықтың Кеңес өкіметінің партия, кеңес органдарына түсіп жатқан арыз-шағымдары болды.

Тәуелсіздік жылдардан кейін, отандық тарих ғылымында XX ғасырдың 20 – 30 жылдары мәселесі бойынша, диссертациялар мен монографиялар кеңінен зерттелді [1]. Бірақ арыз-шағымдармен хаттардың осы уақытқа дейін арнайы тақырып ретінде шынайы кешенді тұрғыдан зерттелмеді.

Қазақстанда 1928 жылғы 27 тамызда қазақ байларын тәркілеу және жер аудару мәселесі туралы қабылданған декреті [2], қазақ халқын әбігерге түсірді. Қарапайым халықты бай қатарына санап, олардың мал-мүлкін кәмпескелеп, бала-шағасынан айырып жер аударып отырды. Осы тақырып төңірегінде, мұрағат құжаттар негізінде өрбітілмек.

Оқымаған, сауатсыздығының арқасында керекті уәкілдерге ерте өтініш бере алмаған, Ордабайұлы кеңес органдарына сауаты бар адамдар арқылы, өзінің қандай қиянатқа ұшырағанын жазады (Ордабайұлының бір қиянаты деп аталады): Кәмпескеден кейін өзіне қалдырдым деп ұсақ-түйекті тастап, көп нәрсесін өзіне тастадым деп тізім жазып ауыл кеңесіне мөр бастырып қол қойдыртып беріп отыр. Және кәмпеске кезінде үкіметтің тастайтын тұрмалы малында тастаған жоқ. 9-жаныма 10-қара, ол қараларымнан 1-арық өгіз 2-дөнен, арық 2-кәрі сиыр осы сияқты малдар. Арық өгіз арық дөненмен Қостанайға жетесің деп осындай қысым көрсетті, жалғыз тралейкі арба берді.

Жалғыз тралейкімен 3-арық көлікпен барып оның үстіне тастаған боқтық жүн жорқаларды елімнен көшерде тастамай алып кетесің деп зорлап, ол жалғыз тралейге қалай сыяды. Амал барма жалғыз тралейкеге балаларымды отырғызып ұсақ-түйегім жұртта қалды. Осы күнге шейін кім алғанын білмеймін. Қатын балаларым тырдай жалаңаш.

Жасым 72-де осы уақытқа дейін еш бір адам баласына зорлық үстемдік істеп көргенім жоқ. Қазақтың дала таласында жолағаным жоқ. Өзімде болған балдарымды кедейлермен ортақтасып күн көргеннен басқа ешбір нәрсе пайдаланғаным жоқ. Мысалы: Малшы ақысы сияқты. Сондықтан жоғарыдағы басымда болған қиянаттарымды айтып өтініп сұраймын. Қиянатпен алынып отырған ұзатқан қызымның һәм қатын балаларын өзімнің киім-кешегімді әділ заңға ортақ болып, өзіме қайтаруларыңызды сұранамын [3, 12-13 бб.].

Кәмпескелеу науқанында қолданылған зорлық-зомбылық әдістері, күштеу саясаты, одан кейінгі шаруашылықтық-саяси науқандарға – күшпен ұжымдастыру, кулактарды тап ретінде жою, көшпелілерді зорлап отырықшыландыру шаралары кезінде одан әрі қатыгездік сипат алды. Мұның өзі халықтың кеңестік саясатқа қарсы стихиялық көтерілістерін туғызды. Кеңес өкіметі органдарының науқаншыл саясаты қазақ халқының елеулі бөлігінің ата қонысын тастап, көшуіне әкеліп соқтырды. Дәлел ретінде бірнеше мысал келтірейік.

 

Қазақстан ортаткомінен төрағасына жер ауған Қарқаралы округі Балқаш ауданы 10-ауыл азаматы Өмірбек Ахметұлынан

Шағым-арыз

 

Менің 1928 ж. 10-ноябрь күні барлық мал-мүлкімді кәмпескелеп алып өзімді Қостанай округіне жер аударып отыр.

Аймақтық аткоммен ірі байлардың малдарын компескелеп өздерін, жер аудару туралы құрылған комиссия 1928 ж. 27 августе Қазортаткомімен халық комиссарлар кеңесінің ірі байлардың малын компескелеу заңына тура келеді деп айыптады.

Жоғарыдағы зан жобасы 30 ауғыстағы біздің Балқаш ауданы шала көшпелі аудан бойыншаа мал 300 толу керек. Ол менің малым толмайды. Бірақ өздерінше толтырады, онысы қате деймін. Қазір қыс түсіп суық болып кеткен соң Қостанайға жете алмай Ақмола округі Ақмола ократком рұқсатымен:

І. Мен Өмірбек Ахметұлы бұрыннан келе жатқан бай емеспін. Кеңес

үкіметінің ел шаруасын өркендету жөніндегі біткен малымды 14-15 жыл біткен мен кісі еңбегін пайдаланып кедейлерден еңбегін пайдаланып солардың табан ақы маңдай тері еңбегін пайдаланған емеспін, өз еңбегіммен істеп отырған момын қара шаруамын.

ІІ. Бұрын Николай заманында атақ алып мен шекпен киген емеспін, бек сұлтан дуан бас елубаста болған емеспін. Қайта кеңес үкіметі келген соң 1922 жылдан 1923 ж қарай Балқаш болыстық қызметін атқарып 50 жылдай ондада  мен нашарларды жылатып қой сорған емеспін [3, 35 б]. Кедейлердің еңбегін пайдаланып солардың табан ақы маңдай терін жеген емеспін.

ІІІ. Менің әкем кедей болған, әкемнен 13-жаста кедей қалып, содан 20 жасыма шейін шешемнің тәрбиесінде болдым. Әкемнен қалған азын-аулақ малды жетім бала жесір қатын болып бағып тұрдық. Содан 40-жасымда әкемнен қалған шарқын-шақтан азғана малдан ауқат бітіп осы ауқат 20-жыл ішінде болды. Кеңес үкіметінің ел шаруасын өркендету жөніндегі тиістісімен біткен малым еді. Кісі еңбегін пайдаланып өсім беріп байыған адам емеспін.

ІV. Сондықтан осы жоғарыдағы кемдіктерді айта келіп момын шаруа екендігімді, кәрілігімді Николай заманынан елу бас болмағынымды, 1928 ж. бері қарай үй шаруам балама берілгендігімді жергілікті қосшы мүшелері әрқашан өз ауыл кеңесіне қолдарын куәләндіріп берген мінездемесін яғни ақтық қағаздарын нұсқаларымен беріп отырмын. Берген ауыл Кеңестер 4-8-9-10-13 барлығы 5-әкімшілік ауыл.

Көз жасыммен наразылық білдіріп сұраймын көрсетілген дәлел қағаздарыммен толық естеріңізге алып мені комиссияға салып жер аударғаннан босатуларыңызды сұраймын [3, 36 б.].

Қол қоюшы: Ахмет Құбылтайұлы.

1928 ж. 24 декабрь

 

Қазақстан Орталық аткомына!

Жер ауған Қарқаралы округі Балқаш ауданы 10-ауыл азаматы: Ахмет Құбылтайұлынан

Шағым арыз

 

Менің 1928 ж. 20 ноябрь күні барлық мал-мүлкімді кәмпескеге алып өзімді Қостанай округіне жер аударып отыр. Аймақтың аткомінен ірі байлардың мал-мүлкін кәмпескелеп өздерін жер аудару туралы құрылған комиссиялар

1928 ж. 28 ауғыстағы Қазортаткомінен халық комиссарлар кеңесінің ірі байлардың малдарын кәмпескелеп өздерін жер аудару туралы қаулысына тура келді деп

Жоғарыдағы комиссиямен һәм іске асыру туралы сол 30 ауғыстағы комиссарлар Кеңесінің нұсқау жобасы бойынша біздің Балқаш ауданы шала көшпелі аудан сол жобада кәмпескелену мал саны іріге айналдырған 300 толу керек еді. Менің малым толмайды. Бірақ өздері толтырды. Қазірде қысы түсіп суық болып кеткен соң айтылған Қостанай округіне жете алмай жолда Ақмола округі Ақмола ауданы 4-ауылда қыстап отырмын, ократком рұқсатымен.

Мен Ахмет Құбылтайұлы жасым 70-де, кемпірім 68-де аурумыз. Сол кәмпескеленіп алынған малымнан еншім ретінде 16-қара соммасын беріп еді. Содан қазірде 10-қара бар. Мені басқа округіне жер аударып отырсыздар. Мен сол жерге барғанда жер аударып егін еге алмаймын себебі өзім кәрі, аурумын.

І. Мен 1928 ж барлық мал-мүлкімді өзімнің кенже балам Шұғайбек Ахметұлының атына беріп өзім үй атынан шыққанмын. Ондада үй ісіне жарамайтын болған соң. Бұған дәлел қағазымда бар 10-ауыл аткомі менің үй атынан шығып кенже балама бергендігін туралы справкі қағазы, салықтарды баламның атынан есептеп алатын. Кедеймін Қарқаралы уезіндегі справкені алсаңыздар екен.

ІІ. Бұрын Николай заманында би болыс керек болса елубаста болған емеспін. Ұру-талас көтеріп еңбекшілердің, арасында іріткі, салғаным жоқ [3, 37 б.].

 

Байлардың малын алып өздерін жер аудару туралы құрылған Қазөкір комиссиясына:

Балқаш ауданы 13-ауыл қосшы комиссиясымен ұпа бастықтарынан һәм жаба-а мүшелерінен

Өтініш / Тілек/

 

І. Малдарын кәмпескелеп өздерін жер аусын деп отырған Балхаш ауданы 10-ауыл азаматтары: Ақмет Құбылтайұлы, Өмірбай Ахметұлы, Қоғамға зиянсың әлеуметке қауіпті еместігін білдіріп төмендегілерді айтып ұсынамыз. Ахмет Құбылтайұлы бұрын капиталшыл шағында би-болыс болып шен алып шекпен киіп еңбекшілерді Патша үкіметіне сатқан емес.

ІІ. Пікір таласып қызарып кедейлердің игілікті ісіне кедер жасап кір келтірген емес. Мал баққан момын шаруа. Өзі қартайған адам жасы 70-де, жұбайы Дария 68-де, кемпір шал болып отырған момын шаруа.

ІІІ. Ахмет Құбылтайұлы 1923-жылдан бүгінге дейін (яғни 1928 ж.) өзінің кенже баласы Шұғайыпбек Ахметұлының атына барлық малын һәм мүлкін соның атына жазғызып қойған. Бұл туралы дәлелдеме қағазыда бар.

1.     Өмірбек Ахметұлын алсақ мұныңда малындығанан басқа әлеуметке

келтіріп жүрген кесірі жоқ. Ел ортасында төңкеріп заңын орнатып елге кесір тигізіп жүрген жоқ. Еңбекші пайдаланған емес. Николай заманынан ауылнай болған емес. Кеңес үкіметі тұсында яғни 1922-1923 ж Балқаштың аткомында қызмет атқарған. Сіздерден Қабылтайұлымен Ахметұлы туралы айта кетіп растаймыз, осымен бірге тізімдерімізді тігіп ауыл кеңеске куәландырып мөр басқызып береміз.

Қосшылар. 14.ІХ.28 жыл [3, 16 б.].

 

Осы науқан барысындағы көне-көрнеу бұрмалаушылықтардың бірі – «Байлардың жартылай феодалдардың мал-мүлкін тәркілеу және өздерін жер аудару» жөніндегі заңда көрсетілген кәмпескелеуге негіз боларлық мал басы санын асыра көрсетушілік еді.

Қазақ орталық атқару комитетіне Қарқаралы округі Балқаш ауданы 10-ауыл азаматшасы Мария Ахмет әйелінің арыз-шағымын білдіреді: Мен Мария Қобылтай келіні жасым 56-да өзімнің үй тұрмысым Николай заманынан, осы жер ауған Ахмет Құбылтайұлы қатын үстіне алып еді. Содан Ахметтен 3 еркек бала тауып едім өздеріңізгеде мәлім, Байып үстіне тоқал болып жүріс алмай, еркек Есіркеп, Саттар деген баламның арқасында қазақ ғұрпымен еншіледі алып едім. Жесір болып тұрып Кеңес өкіметі ел шаруасын өркендету жөніндегі тыныштығының арқасында.

Сонымен ер жеткен екі балам 4-жыл ішінде 24-27 жаста болып еді. Абылқан деген балам жасы 14-де, 1910 жылы еншімді алғам содан бері салығым басқа кедеймін. Мен Ахмет Құбылтайұлынан үш қайнасада сорпам қосылмайтын. Ол маған күйеу болмаған. Керек десеңіз ауылға анда-санда келгенде тамақ бермей айдап шығатынмын. 1928ж 20 сентябрь аймақтық аткомімен, кәмпесклеу, окр комиссиялары малымды қосып кәмпескеге алып отыр. Мені Ахмет Құбылтайұлының тоқалысың деп: егер мен тоқалы болсам өзі кәмпескеленіп жер аударылып отырған Балқаш ауданы Шалмағамбет Салмамбетұлының мен сияқты енші алған тоқалы олда қалып отыр.

Оралбай Тұғамбайұлыныңда тоқалы малымен қалып отыр. Т.б. көп. Жоғарыдағы Қазақстан орталық аткомімен комиссерлер кеңесінің қаулысы һәм оны іске асыру туралы сол 30-ауғыстағы нұсқау жобасы бойынша біздің Балқаш ауданы шала көшпелі аудан. Сол қаулымен нұсқау жобасында біздің аудандарда кәмпескеленген тұғын малды іріге айналдырғанда 300 толу керек. Нұсқалаған жоба бойынша менің малым іріге айналдырғанда 300 толмайды.

Сонымен Кеңес үкіметінің әйелге берген теңділіктің арқасында окркомиссиядан басына бостандық алып жер аумай өз мекенімде отырмын. Өзім нашар атанын баласы едім, бұрын Николай заманында жуандардың жұдырығынан құтыла алмай жүр едім. Һәм ұру-талас көтеріп еңбекшілердің шырқын еңбекшілер ырқын кетірген адам емеспін.

Осы жоғардағы кемшіліктерді айта келіп, малын қара шаруа екендігімді, Николай заманында елубас болмағанымды, 1922-23 ж. атком қызметінде жүргенімде өз ауданымыздың жалшы қосшыларына өз ауыл ағаларына қол қойдырып куәланады. Осы арызға қоса сіздерге беремін.

Берген ауыл кеңестер 4-8-9-10-13, 5-әкімшілік ауыл. Көз жасыммен наразылық білдіріп сұранамын жер аударудан босатуларыңызды [3, 33-35 бб.].

 

Халықтың арыз-шағымдарында шаруашылыққа қатысты ғана емес, келелі саяси мәселердің көтерілуі бұл құжаттардың танымдық мүмкіндіктерінің молдығына, ресми тарихнамаға өзгерістер енгізуге жағдай туғызатынына көзімізді жеткізеді. Сондай-ақ, ХХ ғасыр басындағы қазақ халқының ғұмыр-тарихындағы,  дербес саяси тәуелсіздікке ұмтылыстың соқпақты жолдарын танып-білуге мүмкіндік береді.

 

Пайдаланылған әдебиеттер мен дереккөздер тізімі

 

1.     Жакишева С. Баи-полуфеодалы в Казахстане на рубеже 20 – 30-х гг.:

исторический анализ проблемы. Дис. ...  канд.истор.наук. Алматы, 2001. ­­­­– 128 с.; Абылхожин Ж.Б. Очерки социально-экономической истории Казахстана. ХХ век. Алматы.: Университет «Туран», 1997 – 360 с.; Омарбеков Т. 20 – 30- жылдардағы Қазақстан қасіреті. А., 1997; Қозыбақова Ф. Қазақ байларын тәркілеу тарихынан. А., 1998; Мұхатова О.Х. Қазақстандағы ХХ ғасырдың 20 – 90 жылдарындағы аграрлық өзгерістер тарихнамасы. Алматы, 1999; Кадысова Р.Ж. Советсская модернизация Казахстана (1917 – 1940 гг.): историография проблемы. А., 2004.; Зияда Ижанов. Кәмпеске // Ана тілі. 2004жыл. Қыркүйектің 30-ы. № 40. – 11 б.

2.     Омарбеков Т. 20 – 30- жылдардағы Қазақстан қасіреті. А., 1997. – 320

бет.

3.     ҚРОММ 135-қор., 1-т., 61-іс.