Тарих
сабағында жаңа технология элементтерін қолданудың
тиімділігі
Б.Қ.Зинуллина
Орал қаласы, №14ЖОББМ-тің тарих пәні мұғалімі
Қазіргі кездегі мұғалімнің
мақсаты – білім мазмұнын игеруге және оны өзінің
жеке білімдік қорына енгізуге арналған ақпараттық
ортадағы берілген мүмкіндіктерді қолдану болып саналады. Қазір білім беру саласында түрлі технологиялар
енгізілуде, бірақ олардың ішінде қажеттілігін таңдап,
сабақтың әр кезеңінде тиімді қолдану - басты
талап болып табылады. Бүгінгі
күні қай пәнді алсақ та, жаңа технология
элементтерін пайдалану, сол арқылы оқушыларды білім нәрімен
сусындату мұғалімдердің алдына қойылған
міндеттердің бірі десек те болады.
Жаңа технологиялардың басты
міндеті оқушының оқу-танымдық әрекетін жандандыра
отырып, алға қойған мақсатқа толықтай жету
болып табылса, педагогикалық технология кәсіптік
қызметтің ерекше түрі болып есептеледі. Оқытудың
жаңа технологияларын меңгеру мұғалімнен орасан зор
іскерлік пен шығармашылыққа негізделген ізденістерді
қажет етеді. Осындай мақсат көздеген жүйелі ізденістер
мұғалімнің жаңа технологияны меңгеріп,
инновациялық жетілуіне әкеледі. Осы орайда, тарих сабақтарында оқушылардың пәнге деген
белсенділігін арттыру мақсатында өз іс-тәжірбиемде
қолданып жүрген жаңа технология әдістері мен
элементтеріне тоқталсақ, төмендегідей тізбекке келіп
тоғысады:
-Ойын арқылы оқыту – оқушыларды зеріктірмей, білімді игерту
болып табылады.
-Ұжымдық оқыту - оқушылардың арасындағы
қарым-қатынасты нығайтады, бірлесіп жұмыс істейді, бір-бірінің
ойын толықтырып, сөздік қорын молайтады.
-Тірек сигналдар арқылы оқыту - оқушының
тақырыпты жүйелеуге, ең маңыздыларды теріп алуына
дағдыланадырады.
-Ақпараттық оқыту технологиясы - оқушылардың
бұқаралық ақпарат көздерімен жұмыс істеуіне
бағыттайды.
-Сатылай кешенді оқыту технологиясы - тарихи оқиғаны рет-ретімен
жүйелеуге, қарапайымнан күрделі ойлауға, тарихи даталар
мен оқиғаларды сатылай зерттеп оқуға
үйретеді.
-Интерактивті
әдіс – бұл әдісті пайдаланудың тиімділігі сол
оқушының өз ойын еркін, жүйелі айтуына, еркін
ойлауға мүмкіндік береді, ұйымшылдыққа
тәрбиелейді.
Жоғарыда аталған әдіс-тәсілдердерді кеңінен
қолданған жағдайда мұғалімнің сабағы
тартымды, оқушылардың ойы ұшқыр, ой-өрісі дамиды
әрі дүниетанымы
кеңейеді. Осы бағытта сабақты тартымды әрі
нәтижелі өткізу үшін ақпараттық технологияларды
пайдаланудың тиімділігі зор екендігін атап өтуге болады. Оқушының
өз бетімен жұмысына, уақытын үнемдеуге, білім-білік
дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеруде, қажетті
ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігіне, оқушының
ой-өрісін дүние танымын кеңейтуге де ықпалы зор.
Тарих сабақтарын өткенде интерактивті құралдарды, интербелсенді тәсілдерді қолдану
арқылы төмендегідей нәтижелерге қол жеткізуге болады:
-
берілген ақпаратты қарастыра отырып, ондағы
көрсетілмеген жақтарын анықтай алады;
- үйренген білімді дереу қолдана біледі;
- шығармашылық қабілеттері шыңдалып, өмірмен
байланысы күшейді;
- нақты ақпаратты жүйелей алады;
- ынта қызығушылықтары, танымдық іс-әрекеттері,
ойлау белсенділіктері, тапқырлықтары артады;
- оқушының дербестігі, өз-өзіне сенімі, өзін
ұстай білу, өз ойын өзгенің ойымен салыстыру,
толықтыру дағдылары, құзіреттіліктері қалыптасады;
- алған білімін өмірде пайдалануға дағдыланады;
- шығармашылық қабілеттері артады.
Жаңа
технологияның бізге ұсынып отырған тағы бір жетістігі
бұл әрине мультимедиялық оқулығымыз -
электрондық оқулық. Білім
берудің кез келген саласында танымдық белсенділікті арттырып, ойлау
жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен жұмыс
істеуге жағдай жасайтын – электрондық оқулық.
Электрондық оқулықты пайдалану
мұғалімнің ғылыми-әдістемелік потенциалын
дамытып, оның сабақ үстіндегі еңбегін
жеңілдетеді. Электрондық оқулықтарды қарапайым
оқулықтарға қарағанда пайдалану
ыңғайлы және оларда өзін-өзі тексеру
жүйесі бар. Осы электрондық оқулықтың
артықшылығы болып табылады.
Қорыта айтқанда,
жаңа ақпараттық технологияларды тарих сабағында
қолдану келесі нәтижелерге жеткізеді:
- Оқушыларға еркін ойлауға мүмкіндік береді;
- Сабақтың нақты мәнін терең ашуға
көмектеседі;
-Оқушылардың барлығын сабаққа
қатыстыруға мүмкіндік туады;
- Жеке тұлғалық сипатын дамытуға,
шығармашылығын шыңдауға, өзіне деген кәсіби
сенімін қалыптастыруға көмектеседі;
- Тіл байлығын дамытады;
- Өз ойын жеткізуге, жан-жақты ізденуге үйретеді;
- Шығармашылық белсенділігін арттырып, ұжымда бірігіп
жұмыс істеуге тәрбиелейді.
- Өз бетімен білім алатын, ақпараттық технологияларды
жақсы меңгерген, білімді жеке тұлғаны
қалыптастырады.
Жалпы
оқушылардың ақпараттық технология негіздерінен
алған білімі арқылы оқушылардың пәнге, өз
беттерімен білімдерін жетілдіруге деген қызығушылықтары
артады, құлшыныстары оянады. Жылдам ойлауға машықтанып,
білім сапасы артады. Осындай жетістіктер арқылы мұғалім
оқушылардың тарих пәніне деген сүйіспеншіліктерін оята
алады деген ойдамын.