Музыка
и жизнь/1. Изучение и преподавание
Жақсыбекова С.С,Жақсыбеков А.С.
Оңтүстік
Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты, №3 Эстетикалы
– музыкалық балалар мектебі Қазақстан
Музыка сабағының баланың
шығармашылық қабілетінің дамуына әсері
Өнер – қоғамдық
сананың формасы ретінде адамдардың эмоционалдық сезіміне
тікелей ықпал етуші тәрбие құралы. Өнер –
адамзаттың рухани азығы, жан серігі. Елбасымыздың “2050 Бір
мақсат, бір мүдде, бір болашақ” жолдауында
жеткіншектеріміздің рухани дүниесін кеңейтіп,ойлы да
парасатты, білімді, мәдениетті, өнерлі етіп тәрбиелеуді басты
міндет, деп белгілеп берді.
Ұрпақ тәрбиесін
дүниежүзілік құндылықтар негізінде
жетілдіру,қазіргі педагогика ғылымының алдында
тұрған ауқымды істердің бірі. Әрбір жас
ұрпақтың жеке тұлғалық сапаларын
жан-жақты дамыту жаңа мектептің басты мақсаты болып
табылады. Қазіргі мектептерімізде жеке оқушы рухани
құндылықтарға, көркем шығармашылық
әрекеттерге тарту басым бағыт алуда. Музыка өнері жеке
тұлғаның дамып, қалыптасуында аса маңызды
рөл атқарады. Музыка адам саласына, жүйке жүйесіне
ықпал ететін ерекше психофизиологиялық құбылыс болып
табылатын дыбыстар арқылы бейнеленеді. Ал ол дыбыстар түрлі биіктік
пен күштіліктегі жай дыбыстар емес, адам сезімін бейнелеуші, реттеуші
сұлулық заңына сәйкестенген әсерлі әуен
өрнектері. Музыка өнері өмірдің ажырамас бөлігі
ретінде эстетикалық, танымдық, тәрбиелік функциялар
атқарады. Музыкалық шығармаларды тыңдау, ойнап
үйрену, орындау барысында оқушылардың өмір
тәжірибесі байытылады, ой-өрісі кеңейеді, ойлау процестері
жеделдетіледі
Музыкамен қарым-қатынаста
болу әуен-саздың өзара байланысын, мәнерін, құрылымын
танып білуге көмектеседі. Оқушылардың музыкалық іс-әрекеттерінде
дамитын, ойлаудың осы сферасы олардың болмысты тануына
көмектеседі, дүниетанымын кеңейтеді, ақыл ой
қабілеттерін жетілдіреді. Қабілеттілік жалпы қиялдың, фантазияның
дамуы тәлім тәрбиенің маңызды жақтарының
бірі. Осы ретте бала қиялын шарықтатып, арман
мақсатының өрісін биіктетуде шығармашылыққа
жетелеуде музыканың маңызы зор. Бүгінгі болашақ музыка
мұғалімінің әлеуметтік білім беру кеңістігінде
білім алу жолын оң шешіммен қарауы, оны жүйелі түрде
қарастыруы, ғылыми тұрғыдан өзінше тұжырым
жасай отырып, оқу-тәрбие процесінде пайдалана білуі бастауыш
сыныптарда өтілетін музыка сабағындағы негізгі
мәселенің бірі болып саналады. Ұстаз өзінің іс-әрекетін
үнемі педагогикалық жаңашылдыққа, көркемдік
құндылықтар мен білім берудің негізгі жолдарын
меңгеруге, оны жеткізе білуі арқылы мектептегі тың
бастамалардың қолдаушысы
болуы тиіс. Бүгінгі музыка мұғалімі жан жақты білім
алған, оқушылардың бойында әсемдікке, көркемділікке
деген нәзік сезімін шыңдай алатын шығармашылық
бағыттағы тұлға болуы қажет. Болашақ
ұрпақтың білімділігі мен оның рухани байлығын
музыка сабағы арқылы байытуда мәдениетті, білімді, өзіндік
ұстанымы мен таным көзқарасы жетілген тұлға
тәрбиелеудің маңызы зор. Музыка мұғалімі жеке
тұлға ретінде өзін өзі
шығармашылықпен жүзеге асырған жағдайда
ғана зерттеушілік мәдениеті қалыптасады,өзінің
кәсіби шеберлігін шыңдауда өзін-өзі зерттеу, кәсіби
іс-әрекетін талдау, оқу-тәрбие жұмысында
қолданатын әдіс-тәсілдерінің тиімділігін пайымдау, музыкалық
білім мазмұнын жобалау, болашақ нәтижелерді талдау
сияқты толып жатқан іскерліктерін үнемі жетілдіріп отыруы
тиіс. Педагогикалық талаптарына сай балаларды ән өнеріне
баулуда тәжірибеде қолданылатын арнайы ән
жаттығуларының алатын орны ерекше.
Музыка мұғалімінің
педагогикалық шеберлігінің негізі ең алдымен, олардың
ғылыми тұжырымдама жасау әдістемесін бойларына
сіңіруіне байланысты. Балалардың бойындағы танымдық
қызығушылықтың өз уақытында пайда болып, дамуымен
шығармашылық белсенділігі, қызығушылығы, өз
бетінше жұмыс жасауы қалыптасады. Балалардың сабақта
ойлануы бұл әңгімелесу процесі сияқты музыкамен
көркемдік байланыс кезінде туындайтын іс әрекет. Оқушылар
әрқашан тыныш ойлануға,ал мұғалім осы ойларды, пікірлер
мен айтылған сөздерді шебер дамытуға үйренуі керек. Музыка
мұғалімінің мәнерлі сөзі, дыбыстау
құралдарының барлық жиынтығы,дыбыс
күшінің өзгеруі, биіктігі, дыбыстың
ұзақтығы мен сапалы бояуы дауыс ырғағының
арқасында жүзеге асады. Мұғалімнің рухани бай
екендігі оның ойлау мәдениеті мен сөйлеу мәдениетінен
көрініс табады. Бұл қабілет сонымен
қатар,тұлғаның қалыптасуында басты
құрал ретінде көрініс береді. В.А.Сухомлинский өз
сөзінде: Мұғалімнің сөзі
тәрбиеленушілердің жанына әсер ететін ештеңемен
алмастырылмайтын құрал. Атап айтқанда, тәрбие
өнері бәрінен бұрын сөйлеу өнері,адам
жүрегімен байланыс жасау ісі.
Адам санасына ғана емес, сонымен
қатар, сезіміне де әсер ету педагогикалық
шығармашылықтың шынайы шеберлігі. Қазіргі кезде
мектептегі музыка сабағын беру әдіс-тәсілі мынадай сенімді
көрсетіп отыр.Ойнаған шығармасын үзіліссіз
байланыстара, айтылған ой немесе айтылған сөздер ішкі жан
дүниесімен қабысса, өзінің дыбыстар үндестігіне
деген қарым қатынасының өзінің өмірлік
тәжірибесімен жалғастырса мұғалім сонда ғана
өз ісінің шебері, жасаушысы. Шебер музыка мұғалімі
алға қойылған тапсырманы, музыкалық
сабақтың идеясын өз
жүрегінің елегінен өткендей сезінуі қажет.
Болашақ мамандар мектепте
оқытудың мақсаттары мен міндеттерін есепке алып, негізі
бағдарлама материалдарының мазмұнын, оқушылардың
шынайы мүмкіндіктерін, оқу процесінің қамтылу
деңгейін, ең соңғысы өзінің қабілеті
мен қазіргі музыка мұғаліміне деген талап олардың
педагогикалық шеберліктерін арттыру себебінен екенін білулері керек. Музыка
мұғалімі шеберлігінің құпиясы оны зерттеу ісінде
ғана емес, жинақтаған мұраға және
оқыту әдістеріне шығармашылық шабытпен келуі, оларды
жаңа өзгерген жағдайларға байланысты қолдана
білу, сонымен қатар, ғылыми жаңалыққа өз
сараптамаларын жасай білу талаптары, кездескен қиыншылықтарға
өз бетінше даяр бола білу мен оларды шешу болып табылады. Оқушыларды
өз бетінше ізденуге, салыстыруға, талдау жасауға және
зерттеу ісіндегі құбылыстарды қоршаған ортамен
байланысын табуға, ақиқат іздеуге, шығармашылықпен
ойлау қабілетін қалыптастыру музыка сабағының
мақсаты болып табылады. Сабақ барысында жас әншілер, күйшілер,
термешілер сайысын, патриоттық, халық, шетел әндері бойынша
сыныпта ән байқауларын ұйымдастырып, оқушылардың
алға қарай ұмтылысын, ынтасын арттырып, Отанымыз
Қазақстанның гүлденуіне өз үлесін
қосатын әрбір жас ұрпақты шығармашыл, ізденімпаз,
бәсекеге қабілетті, рухани бай етіп тәрбиелеуіміз керек. Сонда
ғана, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың: “Мәңгілік ел
болу біздің қолымызда. Бұл үшін өзімізді
үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек”
деген ұраны келешек ұрпақтың санасына сіңіп, өмірлік
ұстанымы болары сөзсіз. Шығармашылық деген әр
адамның бойында өзіне тән қасиет болады, әрине ол
өзінің ата-бабасынан немесе ата-анасынан әр балаға
әртүрлі берілуі мүмкін. Ал сол қасиетті, сол
қабілетті одан әрі дамытпаса ол дамымай қалуы мүмкін. Бала
мектепке келгеннен кейін олардың бойындағы қабілеттерін
дамыту, тәрбиелеу ұстаздың міндеті.
Пайдаланылған
әдебиеттер
1.Н.Назарбаев.,Қазақстан
жолы-2050 Бір мақсат,бір мүдде,бір
болашақ.,Қазақстан халқына жолдауы.,17.01.2014
2.А.С.Макаренко.Психология труда
учителя.М.Просвещение,1993
3.Қадырбаева Н.,Музыка сабағында
оқытушылардың шығармашылығын дамыту жолдары//Мектептегі
музыка,2006,№3,б.17-19;
4.Қасенова Р.К., Танкешова Ф.С.,Мектептегі
музыкалық тәрбиенің әдістемесі – Шымкент,ОҚМУ
,2003;