Білім алушыларға музыка пәнін оқытудың маңызы

 

Абилтаева Канапия Жумажановна

 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті магистр, аға оқытушы

Қазақстан. Алматы қаласы.

 

Түйін сөздер: бағдарлама, көкейкесті, тәрбие, кәсіби, мәселе, мәдениет, музыка, маңызды, мақсат, үрдіс.

 

Ключевые слова: программа, актуальный, воспитание, профессиональный, проблема, культура, музыка, важный, цель, процесс.

 

Мемлекетіміздің білім беру жүйесі ірі оң өзгерістерге ұшырап жатқаны белгілі. Білім сатыларының барлығын дерлік қамтып отырған бұл іс-шара мектепке дейінгі мекемелерден бастап, орта білім беру сатысы және жоғары білім беру сатысына дейінгі жүйелі жұмысты алға қойып отыр. Қазақстан Республикасы құзыретті орындары осы іске жан-жақты да кең көлемде кірісуге бағдарланды. Оның дәлелі ретінде мемлекет тарапынан шығып жатқан білім жүйесін жетілдіруге қатысты заңдар мен іс жүзіндегі аса маңызды бағыттар.

Мемлекетіміздің мәдениет мәселелері мен тарихи өткенін жаңғырту және бағалау мәселелеріне деген көзқарасына 2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» бағдарламасының қабылдануы дәлел бола алады. Бұл бағдарламаның жасалуы мәдени мұралар саласындағы қалыптасқан жағдайға барынша белсенді түрде әсер етудің қажеттілігімен байланысты болып отыр [1].

Бұл мәселені зертеудің қажеттілігі мынадай нақты қарама-қайшылықтан туындап отыр. Біріншіден, қоғамның халықтың мәдени мұрасын қайта жаңғыртуына деген қажеттілігінің өсуі, өскелең ұрпақтың бойында өз халқының мәдени және рухани мұрасына деген жағымды қатынасын музыкалық білім, тәрбие және ағарту ісінде қалыптастыруды өзектеумен байланысты. Екіншіден, музыкалық білім беру мен тәрбиені дамытудың аймақтық ерекшеліктерін зерттеумен байланысты педагогика тарихында жинақталған тәжірибенің жеткілікті зерттелмеуі мен ғылыми қорытындыланбауы арасындағы қарама-қайшылықтар болып табылады.

Бұл мәселелердің көкейтестілігі қазіргі кезеңде музыкалық білім беру мен тәрбиенің аймақтық ерекшелігін зерттеумен байланысты ғылыми еңбектердің жоқтығында жатыр. Қазіргі уақытта жастарлың өз халқының тарихына, өз өлкесінің тарихына деген қызығушылығы өсіп отырғаны байқалады.

Музыка теориясын жасаған Шығыстың  ұлы ойшылы оның басты нысаны – өнердің өкілі болып саналатын музыканың мән-маңызын зерттеу деп есептеген. Ал музыканың тарихи заңдылықтарын зерттеген Әбу Насыр әл Фараби: «Оның дүниеге келуіне табиғи және сезімталдық қасиеттер әсер етті», – деп жазады. Ол бұл қасиеттерге адамның музыканы жазу мен жасауға қабілеттігін, ауыр еңбек бүтіндей тартып әкеліп, шаршаудан серпіліп, демалуға ұмтылуды жатқызады.

Осылайша Әбу Насыр әл-Фараби халық шығармашылығының бастауы болып саналатын – музыкамен поэзияның қызметін былайша айқындайды: біріншіден, тынығу – адамдар ән тыңдау арқылы демалумен қатар рахатқа бөленеді; екіншіден, әсерлі сезімді шығармашылық  – өз тәнінің жағдайына әсер еткісі  келеді:  оның бойындағы белгілі бір жағдайдан, үрей – қорқыныштан жұбату, одан  серпілту немесе бірдеңені ұмыту; үшіншіден, белсенді шығармашылық – ән шырқау арқылы өзінің айтқан ауызекі сөздеріне белгілі бір мән-мағына беріп, тыңдаушыны әсерге бөлеп, оның көз алдына терең түсіністік жағдайын елестету [2].

Яғни, Шығыстың ұлы ойшылы музыкалық мәдениеттің проблемаларын зерттей отырып, тұлғаның рухани жаңаруын, яғни оның педагогикалық мүмкіндіктерін бөлшектеп оқып – білу музыканың негізі боларлықтай міндеті деп есептейді. 

«Музыка» пәні бойынша оқу бағдарламасын қарастыратын болсақ, ол Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген. Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.

Музыка пәнініңоқытумақсаты:

§  білімалушылардыңмузыкалықмәдениетінқалыптастыру;

§  тұлғаныңшығармашылыққабілетіндамыту;

§  әлемдікмузыкалықбейнелердімеңгеру.

Музыка пәнініңоқытуміндеттері:

§  дәстүрліқазақмузыкасыныңөткенжәнеқазіргізамандағыадамөміріменбайланысыжәнеоныңкомпозиторлықшығармашылығындағырөлітуралыбілім беру;

§  түркіжәнешығысхалықтарыныңмузыкалықмәдениетінедегенқызығушылығынарттыру;

§  әлемдік музыка мәдениетініңжетістіктерінбағалауғаүйрету;

§  кәсіптікжәнедәстүрлімузыканыңнегізгіжанрларытуралытүсінік беру;

§  музыкалықталғамдыжәнеэстетикалыққажеттіліктідамыту;

§  білімалушылардыңмузыканытыңдаужәне оны талдайбілуі;

§  ән, термежәнеаспаптаойнаубіліктеріндамыту;

§  музыканыңбасқаөнертүрлеріменбайланысынұғынабілудеп айқын көрсетілген.

Яғни, пәнді меңгеру нәтижесінде білім алушы халықтық және әлемдік мәдениеттің мұраларын меңгерген және өмірлік тәжірибеде қолдана білетін, рухани толысқан тұлға ретінде қалыптасады.Оқу үрдісі барысында «Музыка» пәні көптеген пәндермен пәнаралық байланыста болады [3].

Музыка өнерінің мақсаты - өскелең ұрпақты тамыры терең ұлттық өнер қазыналарымен сусындату, дүниежүзілік үздік музыка өнерінің шығармаларына баулу, олардың әсемдік пен эстетикалық көзқарасын кеңейте отырып, оған деген аялы қатынасын орнату. Көркем талғамын қалыптастыру, сұлулық пен әсемдік дүниесіне өз тарапынан ойлы пайымдауларын білдіруге тәрбиелеу.

Бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі қоғам дамуындағы жалпы адамзат құндылықтарына деген, адамның өзіндік дара қасиетіне бағыттау болып табылады. Тәрбие деген жаңа көзқарас, болып жатқан өзгерістерге қарай педагогикалық процестің жаңа сапасын, тәрбие үрдісінің әлеуметтік саласының өзіндік ерекшелігін болжайды. Тапқырлық, іскерлік, ынталылық, кейбір кезде тіпті прагматизммен рухани қасиеттермен жие жанасады. Қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдай, іскерлік қасиеттері жоғары адамгершілік қасиеттермен (парасаттылық, адалдық, әділдік, адамның адамгершілігін сыйлай білу) үйлесімді келген тұлғаны қалыптастыруды міндеттейді. Міне, осыған байланысты білім алушылардың музыкалық тәрбиесінің әлеуметтік маңызы арта түседі. Бүгінгі таңда елімізде білім беру, жас ұрпақты тәрбиелеу мәселелері саласында түбегейлі шұғыл бетбұрыстар жасап жатқаны белгілі. Тәуелсіздіктің туын тіккен мемлекетіміздің болашағына тұтқа болар білімді де, білгір білікті азаматтар даярлау бүгінгі күннің келелі мақсаттарының бірі.

Жас жеткіншектің тәуелсіз еліміздің мәдениетті де, зиялы азаматы болуы үшін ана тілін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, тарихын білумен қатар музыка мәдениеті саласынанда жан-жақты хабардар болуы қажет.

Қай халық болмасын өзінің ұлттық өнері мен дәстүрін аса бір ыждағаттылықпен дамытуға тырысады, оны жаңа дәуір, жаңа заман әкелген, жаңалықтармен сабақтастыра отырып байытады.

Бүгінгі қоғам талабына сай мектептегі мұғалімнің ой-өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, дүниетану мәдениеті жоғары ізденімпаз ғалым, нәзік психолог, тынымсыз еңбекқор, терең қазыналы білімпаз, кез-келген ортаның ұйытқысы болатын өнерлі, рухани бай, шеберліктің шыңына шыққан маман болуы қажет.

Болашақ мамандардың кәсіби қалыптасуы жоғарғы оқу орнынан бастау алады, сол кезден бастап, болашақ маман иесінің көзқарасы тереңдеп, қызығушылық пен қажеттілік қасиеттері тұрақталып, эстетикалық талғамы қалыптасады. Дәл осы кезеңде білім алушының өзіндік дәрежесі жоғарылап, оның өзін-өзі тану мүмкіндіктері ұлғайып, кәсіби қабілеттіліктері сын көзбен бағаланады. Сондықтан болашақ маманға тән қасиеттер мен әлеуметтік құндылықтарды қалыптастыруда – өнер, музыка арқылы тәрбиелеу зор мүмкіндіктерге ие.

Өнер арқылы берілетін тәрбие жастарды ұдайы сұлулық  пен әдемілікті дұрыс ұғынуға жетелеп, сезім байлығын қалыптастырады.

Музыка – эстетика саласынан жастарға тұрақты білім беріп, өнер жөнінен, оның ішінде музыка саласынан білім беріп, ән айту, музыка тыңдау дағдыларын үйретіп, музыканың өзі практикалық іспен, еңбекпен пайда болатын сезіндіріп, дүние әлемінің тынысын байқатып, аңғартып, оқушының сана сезіміне әсер етіп, оларды білгірлікке, тапқырлыққа өнерге деген сүйіспеншілігін одан ары тереңдетіп, адамгершілік бағытында тәрбие береді.

Музыка өнерінде  кәсіби бағдары жетік болашақ мұғалім өзінің назарын тек қана білімін толықтыруымен музыкалық білімін жетілдіруге ғана бағыттап қана қоймай, музыка мәдениетін көтеру ісін дамытуға өз үлесін қосуы тиіс. Бұл іс-әрекеттер болашақ маман иелерінен музыка иелерінен музыкалық құндылықтарды үгіттеуге қажетті сенімділігінің жоғары деңгейде болуын талап етеді.

Болашақ музыка мұғалімікеремет музыкант болуышарт. Егеролмузыкалықаспаптыеркінмеңгеріп, даусы, естуқабілеті, нотағақарапбірденойнаужәнеимпровизациялыққабілеттілігігіжоғарыболса, бұлоныңкелешектегіқызметініңшығармашылықжеңісіболыптабылады. Белгілі педагог Д.Б. Кабалевский “Музыка мұғалімібойындағыбіліктіліктіңеңмаңыздысы –  аспаптымеңгеруінде”, –  депайтқан [4].

Білікті маман әдебиеттерді, музыка тарихын, оның тілін түсінуі тиіс. Сонымен қатар, музыкалық өнердің қоғам дамуындағы орны мен әдебиет, сурет және басқа мамандықтармен байланысын білуі, яғни өз пәнін толық меңгеруі қажет.

Бүгінгі музыка мұғалімі – жан-жақты білім алған, оқушылардың бойында әсемдікке, көркемдікке деген нәзік сезім қылдарын қозғай алатын шығармашылық тұлға болуы шарт.

Болашақ музыка мұғалімі күнделікті сабақта пайдаланып жүрген әдістері арқылы оқушыларға музыкалық анықтамаларды түсіндіруге, оқушылар шығармашылығын, арттыруына, жеке тұлғаның рухани дамуын тәрбиелеуге көмектесуі керек.

Музыка өнерінің мақсаты – өскелең ұрпақты тамыры терең ұлттық өнер  қазыналарымен сусындату, дүниежүзілік үздік музыка өнерінің шығармаларына баулу, олардың әсемдік пен эстетикалық көзқарасын кеңейте отырып, оған деген аялы қатынасын орнату. Көркем талғамын қалыптастыру, сұлулықпен әсемдік дүниесіне өз тарапынан ойлы пайымдауларын білдіруге тәрбиелеу.

Бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі қоғам дамуындағы жалпы адамзат құндылықтарына деген, адамның өзіндік дара қасиетіне деген үндеуді сипаттайтын бүгінгі жағдайды айқындау болып табылады. Тәрбиеге деген жаңа көзқарас, болып жатқан өзгерістерге қарай педагогикалық процестің жаңа сапасын, тәрбие үрдісінің әлеуметтік саласының өзіндік ерекшелігін болжайды. Аса маңызды өзгерістер жағдайында жеткіншектердің санасында қарама-қайшы процестер дамиды. Тапқырлық, іскерлік, ынталылық, кәсіпқойлық, кейбір кезде прагматизммен, руханилықсыз қасиеттермен жиі жанасады. Қалыптасқан әлеуметік-экономикалық жағдай, іскерік қасиеттері жоғары адамгершілік қасиеттермен (парасаттылық, адалдық, әділдік, адамның адамгершілігін сыйлай білу) үйлесімді келген тұлғаны қалыптастыруды міндеттейді. Міне, осыған байланысты жеткіншектердің музыкалық тәрбиесінің әлеуметтік маңызы арта түсуде. Оның маңыздылығы, әсіресе, жаңа педагогикалық ойдың тұжырымдамасы мен тәрбиедегі жүйелі көзқарас жалпы стратегияға және оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруға үлкен ықпал жасау бұрынғысынан да артып отыр.

Қазіргі педагогика теориясы елеулі өзгерістерге еніп, білім беру мазмұны жақсарып, жаңа көзқарастар пайда болуы мен білім беру құрылымында жаңа технологиялар өмірге келуде.

Скиннер: “Оқыту технологиясы – бұл оқытудың ілімділігін арттыру мақсаты мен білім беру үрдісін зерттеу негізінде оқыту үрдісін бағдарлауды жүзеге асару және бағалаудың жүйелі тәсілі”, – деген [5].

Жалпы сабақтың дәстүрлі, дәстүрлі емес, сайыс, ойын, кірістірілген сабақ, аралас сабақ түрлерін жиі өткізу әдетке айналған жөн. Заман талабына сай оқытудың жаңа технологиясын игере отырып, пәнаралық байланысқа үнемі көңіл бөлген жөн.

Баланы ерте жастан ақ дана халқымыз бесік жырымен, өсиет термелерімен, желдірме термелерімен тәрбиелейтін болған. Бұл тәрбие үрдісінің басым бөлігін құрайтын құрал болатын. Өйткені баланың рухани байлығынан оның білімі де танымы мен түсінігі, мәдіниеті мен ұлттық ерекшелігі сипатталатын болған.

Ғасырлар бойы қалыптасқан тәрбиенің тұтастылығы мен жүйелілігі халқымыздың біте қайнасқан  салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпымен сипатталып отырған. Музыка өнері әрбір баланың жанына  әсемдік сыйлап, өзінің ұлттық  рухани мәдениетін құрмет тұтуға, оны қорғауға және деңгейін көтеруге жағдай жасайтын болған.

Білім беру саласында білім алушыға эстетикалық, этикалық және адамгершілік нормаларын меңгерту міндетін жүзеге асыруда музыка пәнінің орны ерекше. Музыка тәрбиесі білім алушыларға өнер құндылықтарын жете білуді меңгерте отырып, олардың бойында белгілі адамгершілік-эстетикалық мәдениетті, көркемдік талғамды, шығармашылық қабілетті дамытады.

 

Әдебиеттер

1.                ҚазақстанРеспубликасы Президентiнiң»2004 жылғы13қаңтардағы

1277. 2004-2006 жылдарғаарналған "Мәденимұра" мемлекеттiкбағдарламасы.

2.                АльФараби.-Трактат о музыке /Аль-Фараби. Избранные трактаты. Алматы: Ғылым,1994.

3.                «Музыка» пәнінен оқу бағдарламасы. https://www.tarbie.kz/29756

4.                Кабалевский Д.Б. Музыка туралыәңгіме. Алматы,Өнер, 1989. 

5.                 Дүйсембінова Р.Қ., “Музыкалық білім беру педагогикасы”. Талдықорған.:І. ЖансүгіроватындағыЖетісумеемлекеттікуниверситеті, 2006.-216 б.