Даникеева А.Б., Тайлыбаева А.Д.,
Нуржанова С.
Тараз
инновациялық-гуманитарлық университеті
Қазақстан
Республикасы, Тараз қаласы
ОТБАСЫ МЕН ЖЕТКІНШЕК АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ –
ҚАТЫНАС
Отбасы
әлеуметтенудің алғашқы сатысы, мұнда пікірлер,
көзқарастар, құндылықтар мен
мінез-құлықтарды меңгере бастайды. Отбасы жағымды
ата-аналар бірлестігін, бір-бірін қолдаушы ата-аналар күшін
құрай алатын болса, балалар неғұрлым жақсы
тұрады. Жалпы адамзат баласын толық қанды адам ететін
қоршаған орта және тәлім тәрбие десек
жеткіншектердің тұлғалық коммуникативтілік
қабілеттерінің қалыптасуына отбасы, отбасылық
қарым - қатынас, отбасының психологиялық ахуалы мен
тәрбиелеу стилінің маңызы зор екені даусыз. Жеткіншек
кезеңде ер балаларда да, қыз балаларда да, бір проблемамен
кездеседі: ол ата-анамен, құрдастарымен, мұғалімдермен
өзара қатынасы, сонымен қатар, алғашқы махаббат,
мамандық таңдау т.б. Жеткіншектерде кездесетін негізгі
проблема- бұл «ата-аналармен» өзара қатынасы болып келеді.
Жеткіншек жаста бала «балалық шақта» (детской) арылады, яғни
олар өзара сенімді, сыйлауды және өзіне ата-анамен
тепе-тең қарым – қатынасқа түсуді қажет
етеді.
Жеткіншектік жас- отбас мүшелерін
әлеуметтік, тұлғалық жағынан тексеретін
уақыт болып келеді. Бұл жас дағдарыс және конфликтті
болып өтеді. Осылай жеткіншек балалар өз ата-аналарынан
бөлінеді, тіпті оларға қарсы да тұрады. Бала осы жаста
дөрекі, қатыгез, өз ата-аналарын және басқа да
үлкендерді сынайтын да болып кетеді.
Жеткіншек балаларды, ата-аналары кей кездері
түсінбей де қалады, өйткені ата-аналар бұл
балағанеге тиым салып, неге рұқсат ету керек екенін білмей
қалады. Сонымен жоғарыдағы
айтылғандарды қорытындылайтын болсақ, көбінесе
жеткіншектердің жүріс-тұрыстары отбасындағы
атмосфераға байланысты екен. Егер жеткіншек ата-ананың өзіне
деген махаббатын сезінсе, оған деген зейін аударуды да сезінсе, онда
бұл жеткіншектік кезең оңай өтпек. Егер жеткіншек
үйде ешкімге керек емес сезімін, зейіннің жетіспеушілігін сезінсе,
онда бала, өзімшіл, дұшпаншыл, балаларға деген агрессияны
сезініп өседі екен.
Жеткіншек жастағы балалар мен олардың ата - анасының
арасындағы конфликт қиындықтың болуы, яғни
жеткіншектер өз бетімен әрекет еткісі келеді, ал ата-аналар
бұрынғы кішкентай кездегідей біздің айтқанымызды
бұлжытпай орындаса екен дейді. Міне осыдан барып қиын конфликттер
пайда болады.
Жеткіншектер үшін болған
проблемалар, олардың ата-аналары үшін түк емес, өйткені
олар бұл проблемаларды кезінде бастан кешіріп, тіпті ұмытып та
кеткен болатын. Жеткіншектер үшін жастық шақ, проблемасыз
сияқты, яғни «идеалды уақыт» сияқты, бәрі
оңай секілді болады. Ал, ата-аналар үшін маңыздысы, яғни
балаларына алдын-алу, ескерулерін айтқысы келеді, ал балалар үшін
бұл маңызды емес болады. Жеткіншектер мұндай 35-45
жастық жауапкершіліктен, тәжірибеден, үміттен әлі
алыста еді.
Үлкендер мен жеткіншектер арасында, кіммен
дос болу керек екендігін, қандай мамандықты таңдау керек
екендігін, заманға сай әндер, кино, сән үлгілеріне келгенде
пікірлері сай келмейді. Балалар өздерін шамданып ұстайды.
Ата-аналарының заманға сай емес талғамдары, жеткіншектерді
тітіркендіреді.
Ата-аналар
шешім қабылдағанда тек өзінің
көз-қарастарын ғана ескермеу керек, яғни балалары
үшін тиімді жағын қарастыру керек.
Ата - ананың міндеті - ескі өмірлік
таптауырындардан бас тартып, адамдар өзара соғыспай,
ынтымақтасатын жаңа таптауырындар жасау. «Жекеше» қаралатын
әлеуметтендіру факторларының ішіндегі ең маңыздысы
ата-ананың отбасы болып табылады, себебі бала өзінің
неғұрлым қабылдағыш кезеңінде отбасының
әсерін бәрінен бұрын сезінеді. Отбасындағы
жағдай, оның ішінде ата-ананың әлеуметтік
жағдайы, қызметі, материалдық деңгейі, білім
деңгейі баланың өмірлік жолын едәуір
анықтауға мүмкіндік береді. Ата-ана баласына саналы
түрде беретін тәрбиеден басқа балаға отбасы ішілік
атмосфера да әсер етеді. Бұл әсердің ізі жеке
тұлғаның құрылымында көрініс тауып,
оның жасы есейген сайын көбейе түседі. Жеткіншек
үлкендерден өзінің есейгенімен, өзбеттілігімен санасуын
әр сала бойынша талап етеді. Қыздар киім киюде немесе өзін
күтуде, ұл бала тиісті міндеттерді өз еркімен,
орындағысы келеді. Бұлардың қарсы шығатын себебі,
баласына сенімбілдіргісі келмегеннен емес, оны «бала» деп бәлендей істі
не тапсырманы бүлдіріп алады ғой деуінен. Бірақ жеткіншек
осыған түсінбей «мені бала деп сенбей отыр», -дейді. Егер осындай
қатынас көп созылса, жеткіншек пен үлкен адамдар арасында
түсінбеушілік болып, бала ызаланып, ерегісуге, не негативті халде болып,
үлкендер не айтса да соны орындамауға тырысады.
Жеткіншектің үлкендерді түсінбеуі, кейін оны
жан-жалға, не сергелдеңге апарып соғады. Мұндай
оқиғалар, әсіресе қалалық жерлердегі отбасыларда
жиі кездеседі. Көпшілік жұрттың мақсаты
үлкендердің абыройын төкпей, тіпті осылардың өзі
жауапты болғанда да, қайткенде де арашалау болып табылады. Жалпы
алғанда жеткіншектің үлкендерге қоятын талабын
түгел қате деуге болмайды: біріншіден, үлкендер
өзінің өмірбаянын мысал ретінде келтіріп, «біз жас кезімізде
мынадай болып едік» деп, өзі сол кезде қандай болса, баласы да
сондай болуы тиіс десе, қателескен болар еді. Себебі
үлкендердің жас кезі мен жеткіншектің қазіргі жас
кезіндегі жағдайлар мен талаптар бір емес. Екіншіден, бір кісінің үйренген,
не қиыншылықты жеңуге қолданған тәсілдерді
өзгелердің игілігіне барлық жағдайда сіңе
бермейді.
Отандық педагогтар ата-аналық тәрбие стилінің
келесідей классификациясын ұсынады: босаң (либералдық),
авторитарлық және демократиялық. Біріншісі қандайда бір
қарым - қатынастың жоқтығымен сипатталады: отбасы
мүшелерінің бір-бірінен алшақтығы, бөлектенуі,
бір - бірінің сезімдеріне немқұрайды болуы.
Авторитарлық стиль қатынас түрлеріне: Әрқашанда
дұрыс. Отбасында ата-ананың бірі билік етеді. Тәкәппар,
өрескел, үстірт, ресми, кейде дөрекі сөзбен де
қатынасады. Отбасылық тәрбие стратегиясына: Қатаң
қадағалау, жазалау, «бастық бағынушы» стратегиясы
қолданылады.
Демократиялық стилдегі қатынас, ол
отбасында баланың дербестігі дамиды. Мейірімді, сыпайы, әдепті,
баланың қабілеті, мүддесі ескеріледі. Отбасылық
тәрбиесә стратегиясы: Достық. Кейде өзара
қамқорлық. Назарбалаға аударылған: бала
отбасының құндылығы ғана емес, отбасын
сақтау құралы, әйел мен еркетің түйісетін
ортақ нүктесін табу құралы.
Либералдық стилде бейтарап қатынас,
индефференттілік тән. Отбасылық тәрбие стратегиясына:
Немқұрайдылық. Кейбір көп балалы отбасында, ата-ана
ішкіш, немесе жұбайлар отбасынан тыс
құндылықтарға көңіл аударады,
қайталама неке болып келеді
Отбасы - баланың ең
жақын әлеуметтендіру ортасы. Осы ортада баланың
өмірдің мақсаты, оның құндылықтары,
не біліп, өзін қалай ұстау керектігі туралы
алғашқы мағлұматтар меңгеріледі және онда
басқалармен қарым-қатынас орнатуға дағдыланады.
ҚОЛДАНЫЛҒЫН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. Күнсләмова Т.К Жеткіншектердегі
өзіндік бағалау, өзіндік реттелу және эго
күйдің белсендірілуі мен агрессиялықтан өзара
байланысын психологиялық-педагогикалық тренинг негізінде зерттеу .
Автореф. канд. дис. Алматы, 2002.
2. Колокина Р.С. Қазақстан балалары мен
жасөспірімдерінің адамгершілігі қалыптасуына және
денсаулығының сақталуына отбасылық
қарым-қатынасының ықпал етуі Валеология. Денсаулық
және өмірлік дағдылар.2009.
3.Баймуканова М.Т. Отбасымен және
балалармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс бойынша практикум:
оқу-әдіст. құрал Карағанды: КарМУ баспасы, 2006. 104 б.
4. Кон И.С.Психология юнешского возраста М:
Просвещение, 1979.176с.