Педагогические науки /2.Проблемы подготовки специалистов.

Таубаева Р.К.

 

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты,Қазақстан

 

МЕКТЕПТЕ МУЗЫКА САБАҒЫН ӨТУДІҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ

 

Қазіргі заманғы педагогикада оқыту әдіс-тәсілдері оқытудың белгілі объективті заңдылықтарын өрнектейді және бастапқы ереже есебінде түсіндіріледі, ол өз кезегінде оқытушы, мұғалімнің қызметін аныктайды, оқушылардың танымдық қызметін көрсетеді. Окыту принципі оқыту стратегиясы мен тактикасын камтамасыз етеді, оқу процесінің кұрылуына, жұмыс істеуіне қажетті құрамдас бөлігі болып табылады [1].

Жалпы білім беретін мектептегі «Музыка» пәннің ерекшелігіне байланысты музыкалық білім беруге теориясы өзіне тән эмоциялық пен саналылықтың бірлігі, көркемдік пен техникалықтың бірлігі, музыкалық материалды іріктеу әдіс-тәсілін алға қояды. Бұл әдіс-тәсілдер оқушыларды музыкаға деген  қызығушылықтарын, музыкалық қабілеттерінің дамуына, жалпы талғам мен музыкалық мәдениеттерін қалыптастырып тәрбиелеуге бағытталған.

Оқытудағы эмоциялық пен саналылықтың бірлігі музыкалық педагогикадағы маңызды әдіс болып табылады. Музыка сабағының басқа сабақтардан айырмашылығы - өнер сабағы екендігінде. Музыканы оқытуды ақыл-оймен эмоция, түйсіну мен сезіну қатар жүзеге асырылады. Музыка арқылы оқыту үрдісінде тек ойлау арқылы түсініп қана қоймай, сонымен қатар ақыл мен көңіл-күйдің, сана мен сезімнің бірлігін қажет етеді. Музыканың басқа өнерлермен байланысы адамның сезімдерін тереңдетеді, ақыл-оймен ой-өрісін дамытады. Музыка сабағында қолданылатын іс әрекеттер оқушылардың белсенділігін арттыру үшін эмоциялық пен саналалылықтың бірлігі тәсілін  міндетті түрде алға қояды.

Мектепте музыканы оқыту әдістемесі негізінде музыканы тыңдау, қабылдау барысында оқушылардың психологиясына, физиологиялық үрдістеріне өнердің кешенді әсер етіп, олардың бүкіл музыкалық-шығармашылық қабілеттерін дамыту міндеті жатқызылады

Оқушы тек қуанышты жігерлілікті, көтеріңкілікті сезінуімен бірге оның ағзасында еркіннен тыс өзгерістер болуы мүмкін, мәселен, тамыр, жүрек соғыстары, қан қысымының өзгеруі және т.б.

Кез келген мектептегі музыка сабағы өте қызықты өткізілу керек, қызық емес сабақ ішті пыстырады, яғни музыка жоқ деген сөз. Музыка мұғалімі оқушыларға музыка тындатып, ән айтқызып олардың мән мағынасын түсіндіріп, сезіндіре білуге тәрбиелеуі тиіс.

Мұғалім тындататын шығарманың алдында әңгіме жүргізгені дұрыс, әнді үйретпес бұрын өзі орындап, оның әдемілігін, тәлім-тәрбиелік мәнін түсіндірудің орасан маңызы зор. Яғни бұл музыканы қалай болса солай тыңдауға емес саналы түрде қабылдауға тәрбиелейді.

Эмоциялылық пен саналылықтың бірлігі  музыкалық шығарманы дұрыс түсінуге, сол шығарманың мазмұнын аша білуге, балалардың музыкалық тәжірибелерін толықтырып кеңейтуге септігін тигізеді.

Бұл әдіс оқушылардың ішкі рухани дамуларын байытады, ой сезімдерін толғандырады. Осы әдісті қолдана отырып, оқушылардың қабылдай білу қабілеттерін, олардың қызығушылығы мен талғамын қалыптастырамыз.

Музыка сабағында эмоциялық жағдай туғызу – музыканы саналы қабылдауға жол ашатын сәттердің бірі. Оқушы да музыканың әсерінен пайда болған сезім шығарма тілін, кейде жете қабылданбайтын тұтастарды түсінуге көмектеседі.

Әсерлілік – тыңдаушының орындалған музыкалық шығармадан әсер алуы. Эмоциялық ықылас оқушыдағы ынтаны зейінге бағыттайды. Зейіннің жинақталуы оқушының қабылдауын белсендіреді. Музыкалық шығармаларды педагогикалық мақсатқа сай меңгеріп түсіндіру барысында оқушылардың эмоциялық-танымдық іс әрекеті байқалады. Музыканы өмірмен байланысын саналы түсіну – сезімнің оянуына әсер етеді. Түсінген кезде тыңдаушы шығарма мазмұнындағы оқиғаны басынан өтізеді, яғни бірге қуанады немесе ренжиді, кейде терең ойға батады.

Ойлау мен сезім арқылы музыканы қабылдау жүзеге асады. Адамдардың жалпы сезіну мүмкіндіктері мен ойлау қабілеттері әртүрлі. Сондықтан да мұғалім музыка сабағында оқушының осы қасиеттеріне сүйенеді. Әсерленіп, сезіне тыңдаған оқушы музыканың көркемдік құралдарын ажыратады, оның музыка мазмұнын ашудағы рөлін түсінеді.

Эмоция саналылыққа жол ашса, саналы түсіндіруде ғана әсерлі сезім пайда болады, оянады. Оқушылардың сезімдерін оятып, толғаныс тудырмаған сабақ нәтижесіз болады.

Мектептегі сабақта музыканы қабылдау мен орындауда балалардың эмоциясы мен саналылығына жету практикада қалай жүзеге асырылады?

Шығарманың музыкалық поэтикалық әлемі саналы тұрғыда болса оқушылар шығарманы эмоциямен орындайды.

Мұғалімнің басты міндеті балалардың назарын әннің музыкалық мәнімен жұмыс жасауға аудару болып табылады. Идеялық мазмұн мен мәнерлі құралдардың сәйкестігін табудың маңызы зор.

Музыка сабағында оқушылар музыкалық шығармаларды аса қызықпай үйренсе, соншалықты эмоцияның болмайтындығы практикада дәлелденген. Сондықтан мұғалімнің міндеті музыканы меңгеруде сыныптағы оқушылардың нақты эмоциялық көңіл-күйін қалыптастыра отырып, арнайы әннің мазмұны, жанрлық сипаты және т.б. жөнінде білім беруде шығармашылық ізденісті ұйымдастыра білгені жөн. Осының нәтижесінде білім алушыларға шығарманың идеялық-эмоциялық бейнесін жасауға, мазмұнның эмоциялық ойын ашуға және үйретілетін туындының көркемдік бейнесін жасайтын музыкалық мәнерлі құралдарды табуға толығымен мүмкіндік болады.

Сөз мәтініне көп жағдайда көңіл бөлмейтіндігі педагогикалық практика кезінде байқалады. Сөз мәтінінің мазмұнын, оның логикалық идеясының жүзеге асуын анықтау, музыкалық шығарманы терең сезініп қабылдауға мүмкіндік береді.

Бұл жөнінде белгілі дирижер А.М.Пазовский былай дейді: «Әннің сөзі тек музыкаға ғана бағынып қоймай, түрлене түсіп, өзі де музыкаға айналады, сонымен қатар, ол өз кезегі келгенде музыканы психологиялық интонация бояуымен түрлендіреді, адам жанының жылылығына бөлейді» [2].

Атақты зерттеуші педагогика ғылымдарының докторы, профессор

О.А.Апраксина вокальды шығармаларды орындау кезінде сөздің маңыздылығына аса мән бере отырып, былай түсінідіреді: «Оқушылардың музыкалық тәрбиесінде сөз өте қажет, ол өзінің рөлін музыкалық шығармаға деген өз ойын, қиялдауын оята алса, эмоциялық қатынасына жағдай жасаса ғана орындайды» [3].

Бір мезгіл қазақ халқының ән фольклорына үңілсек, байқайтынымыз: халық әндері халықтың рухани байлығын нақты көрсетеді, сонымен қатар ұлттық мәдениетіміздің тарихынан, өнері мен дәстүрінен мағлұмат береді.

Қазақ халқының әндерінің әуені қарапайым, мәнерлігімен, нақты ырғағымен, өзіндік поэтикалық мәтінімен ерекшеленеді. Олар қазақ халқының қазірі музыкалық өнерінің дамуна негіз бола отырып, ұлттық мәдениетіміздің «алтын қорына» енгізілуі жай емес.

Әнді орындау барысында балалардың эмоциялық сезімін оятып қызықтыру үшін музыка мұғалімінің өзі өнермен айналысуға құштар болып, өзі сезіне алатын ойлар мен сезімдердің олардың санасына жеткізе білуге ұмтылуы керек. Сондықтан да ол өзі музыканы мәнерлі орындай отырып, ол жөнінде бейнелі де нақты мағлұматтар беруі тиіс.

Музыкалық материал сыныпта көңілді, белсенді, шығармашылық тұрғыда жүзеге асырылғаны дұрыс. Сондықтан мұғалім дауыс бояуын, тембрін, диапазонын, әуенін, мимикасын, денесінің қозғалыста болуын, қимылын жасай алатын көптеген мәнерлік құралдарды қолдануы тиіс.

Музыка сабағы өнер сабағы болғандықтан оның барлық компоненттерінің көркем болуы талап етіледі. Бұл тек тыңдалатын музыка мен айтылатын әнге ғана қатысты емес, сонымен қатар орындалып отыратын кез келген жаттығуларға да қатысты болады. әңгіме тек музыкалық материал туралы ғана емес, керісінше сол материалдың орындалу сапасы жөніндек болу керек. Яғни музыкалық дыбыс өте әдемі де көркем болуы қажет. Көркем орындау үшін еңбектену керек яғни материалмен техникалық түрде жұмыстар жүргізіледі.

Музыкалық материалды іріктеу әдісі музыка сабағын ұйымдастыру кезеңінде қажетті басты талап ретінде қарастырылады. Әсіресе, мектеп оқушыларына арналған репертуарды меңгеруге көп көңіл аудырылуда, өйткені болашақ мұғалім оқушыларға арналған музыка материалдарын жеткілікті білумен қатар, әнді мәнерлеп айтуға дағдыландыру әдісін және музыкалық шығармаларды қабылдай білуге үйрету тәсілдерін меңгеруі тиіс.

Репертуар бүгінгі өмір деңгейіне сай терең мазмұнда, көркемдік-педагогикалық талапты қанағаттандырарлықтай дәрежеде және оқушылардың жас ерекшеліктеріне, аспапта ойнау мүмкіндіктеріне сәйкес болуға тиіс. Демек, музыка мұғалімі сабақта айтылатын әрбір ән мен тыңдалатын шығармаларға шығармашылық тұрғыда қарап, оның идеялық-эстетикалық мәнін көркемдік ерекшелігін дұрыс ашып таныта білгенде ғана оқушылардың музыканы терең сезініп, дұрыс түсіне білу қабілеті дамып, ой-өрісі мен дүниетанымы кеңейе түседі.

Репертуар іріктеуде бірімен-бірі тығыз байланыста бірнеше мәселеге көңіл аударған жөн.

Соның бірі – тыңдалатын музыкалық шығарманың немесе үйретілетін әннің мазмұны мен көркемдік ерекшелігі. Бұған репертуардың жан-жақтылығы жатады. Онда қазақ халқының ән-күйінен бастап, кеңестік кәсіби композиторлардың шығармалары, басқа республика және дүниежүзі классиктерінің туындылары кеңінен қамтылып, ал іріктелген шығармалар тақырыбы, құрылысы, тілі, жанрлық ерекшелігі жағынан жан-жақты болып келуге тиіс.

Репертурадың жан-жақты болуы оқушылардың музыка сабағына қызығушылығын қалыптастыру мәселесін шешеді. Ән үйрету үрдісі, балардың шығарманы қабылдауға дайындалуына, қабылдау сәтіне және тыңдаған музыканы талдай білуіне сүйенеді. Ең алдымен, оқушының назары композитор, сөз мәтінінің авторы, шығарма, оның сипаты, музыкалық-көркемдік құралдары және т.б. жөніндегі деректерді жинауға бағытталады. Жиналған ақпараттың шамасы музыканы терең түсіндіруге, оны білуге, қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, музыкалық білім беру үрдісінде оқушыларға білім беру, тәрбиелеу және дамыту бірлігі музыка сабағында ерекше байқалады, себебі жоғары сапалы-көркем шығармаларды үнемі қолдану, нақты тақырып айналасында сабақты ұйымдастыру, оқушылардың музыканы орындауы, басты оқыту әдістерін қолдану толығымен тұттастыққа жетудегі беріктіктің негізін құрайды.

Музыкалық білім берудегі нәтижелер бойынша беріктілік және әрекеттілік әдісін  қарау келесі ережелерге негізделеді:

1)денсаулығы жақсы баланың жүйелі түрде музыкалық дамуына қажетті алғашқы нышаны болу керек;

2)музыкалық өнермен арласу үрдісі оқушының жеке тұлғасының эмоционалды және интеллектуалды өрісінің дамуына жағдай жасайды;

3)барлық оқушылардың музыкаға қызығушылығын музыка өнерінің негіздерін меңгерту қабілетін және музыканы қабылдауда жүйелі түрде оның мазмұны бағдарын дамыту.

Осыған орай, оқушылардың музыкалық даму деңгейінің объективті көрсеткіші ретінде оқуту нәтижелерін қарау үшін оны оқытудың басты міндеттері арқылы бастапқы деңгейін есепке алу керек.

Музыкалық білім берудегі нәтижелер бойынша беріктілік пен әрекеттілікті сипаттайтын негізгі көрсеткіштер:

- тыңдау және орындау кезінде шығарманы эмоционалды қабылдауда, ең алдымен, музыкаға деген қызығушылық пен сүйіспеншіліктің, эмоционалдық қатынастарының дәрежесі;

- музыкалық білімді меңгеру және біліктілікті қалыптастыру шамасы (оқушылар алған білімдерін қолдана отырып музыкаға деген саналы қарым-қатынасы, музыканы қабылдау қабілеті, шығарманы эстетикалық бақылауда көрінеді);

- орындаушылық дағдыларын қалыптастыру деңгейі: вокальдық-хор, музыкалық аспаптарда ойнау және т.б. Бұл көрсеткіш бастапқы екі – музыкаға деген іс әрекеттілік және практикалық қатынаспен тығыз байланыста болады.

Жалпы сыныптың да, жеке оқушылардың да музыкалық білім нәтижелерінің берктілігі мен әрекеттілігі қорытынды сабақта - әр оқу жылының концертінде айқын көрінеді.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

1.Педагогика дәріс курсы –Алматы: “Нұрлы әлем”

2.Пазовский. А.М. Записки дирижера.М., Советский композитор, 1968-179б.

3. Апраксина.О.А. Методика музыкального воспитания в школе. М., Просвещение, 1983.

.