Болашақ  педагог-музыканттың кәсіби  құзіреттілігі мен дайындығы.

Байғонова А.С. магистр аға-оқытушы

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты, Шымкент, Қазақстан.

 

 

Абай атамыздың: «Ақырын жүріп анық бас, Еңбегін кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға» - деп айтқанындай, мұғалім үшін кәсіби дайындыққа  жету, өз мамандығының данышпаны болу бір күнде пайда болатын дүние еместігін біз жақсы түсінеміз. Мұғалім – мамандығы өмір бойы ізденішулікті, зерттеушілікті талап ететін мамандық екенін анық аңғарғанда ғана толық нәтижеге жетуге болады.

Еліміздің болашағы бүгінгі мектеп қабырғасындағы ұрпақ екені даусыз. Ертең ел тізгініне ие болар жеткіншектеріміздің ғаламдық өркениеттен қалып қоймай, білімді, мәдениетті, тәлім-тәрбиелі, жан- жақты болып қалыптасуының қамтамасыз етілуі - мемлекеттік маңызы бар іс. Осы өзгерістерді жүзеге асыру, әсіресе, болашақ педагог-музыканттардың біліміне, кәсіби дайындығына көп байланысты. Парасаттылықты, адалдықты шәкірттерінің бойларына жас кезінен ұялататын ұстаздар десек, қателеспес едік. "Ұстаз дегеннің өзі - биік атауға тең. "Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз!"- деп ұлы данышпан Абай айтып кеткендей, және де ұстаздың өзі- адам құндылықтарды терең сіңірген, рухани жаны таза адам болуында. Қазіргі кезді технологиялық дәуір деуге болады. Жаңаша білім беру жағдайында педагог оқытудың белсенді технологияларын өмірге енгізуге дайын, оқу-тәрбие ісіне жаңашырлық танытатын, қоғамның ең озық өкіліне айналуы тиіс. Осыған орай қазіргі кезеңнің талабына сай өскелең ұрпақты білімді, мәдениетті, ұшқыр ойлы, халқының салт-дәстүрін дәстүрлей білетін, туған Отанын, жан- тәнімен сүйетін азамат дәрежесіне тәрбиелеу және осыған жетелеудің өзі педагогикалық шеберлікке жатқызуға болады.

Болашақ музыка мұғалімінің әрбір сөзі мен ісі, қимылы, киімі, аяқ алысы, жүрісі, көзқарасы психологиялық және ізгілік тұрғысынан шәкірт жүрегінен үлкен орын алуында. Әрбір педагог-музыкант үшін оқу – тәрбие процесін ұйымдастыруда мол білімділікті, ақылдылықты, дұрыс іскерліктер мен дағдыларды қолдануды қажет етеді. Мұғалімнің кәсіби дайындығы, зерттеушілік қызметі мұғалімдік жұмысқа дайындық барысында, іс – тәжірибеде және қайта даярлау кезінде қалыптасып тәрбиеленеді.

Әрине, білім беруде тиімді нәтижеге жету үшін оқыту әдістері мен құралдарын іріктеу, технологияны таңдау, оқу үрдісін құрау–мұғалім құзырындағы іс. Осы орайда біліктілікті арттыру ұйымдарының міндеті мұғалімдерді жаңа теориялық материалдармен қаруландырып, оларды қолданудың тиімді жолдарына бағдарлау екені анық көрінеді.

Мұғалімнің мақсаты-оқу тәрбие үрдісінің мазмұнына және ұйымдастырылуына кешенді тұрғыда қарайтын, зерттеушілікке бейім, теория мен практика іс-әрекетін біріктіре білетін, өмірлік құндылық қағидалары: адамгершілік, ізгілік, еңбекқорлық, парасатты мінез-құлық қасиеттерді бойына сіңірген маманды қалыптастыру.

Педагогикалық кәсіптің құпиясы тек оқыту ғана емес, не үшін және қалай оқыту. Бұл ретте мұғалім кәсіптілігі үлкен роль атқарады. Ал кәсіби шеберліктің жоғарғы шегі шығармашылық еңбек, оқу-тәрбие үрдісінің жаңашылдықпен, өзгеріспен құра білу, яғни инновациялық қызметті жүзеге асыру. Болашақ музыка пәні  мұғалімінің кәсіби деңгейін жетілдіру жалпы білім беретін және кәсіби мектептердің реформасының құрамының бір бөлігі болып табылады.

Кәсіби  құзіреттілік  ұғымы  білім, ептілік, дағдылар мен  педагогикалық  іс-әрекетті  дамытады, ал  оның  даму  көрсеткіштері   білімділік, кәсіби  даярлық, кәсіби  тәжірибе, кәсіби  шеберлік, кәсіби  мәдениет  және т.б. жатқызуға болады.

Жалпы педагогикада кәсіби  білім  беру  теориясы   жағынан   зерттеген   ғалымдардың еңбектеріне сүйенеміз: орыс ғалымдары: Н.В.Кузьмина, Ю.Н.Кулютин, А.Н.Леонтьев, А.К.Мариева, Б.А.Соколов, Н.Ф.Талызина, В.Д.Шадринов  және т.б. зерттеген. Жалпы алғанда, «құзыреттілік» ұғымы жайлы ғалым К.Құдайбергенова «Құзыреттілік ұғымы -  соңғы жылдары педагогика саласында тұлғаның субьектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым. Құзыреттіліктің латын тілінен аудармасы  «competens»  белгілі сала бойынша жан – жақты хабардар білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді» деп көрсетеді. Бұл жайлы Б.Тұрғынбаева «…өзінің практикалық әрекеті арқылы алған білімдерін өз өмірлік мәселелерін шешуде қолдана алуын – құзырлылықтар деп атаймыз» деп анықтаса, Ресей ғалымы Н. Кузьминаның көзқарасы бойынша, «Құзырлылық дегеніміз – педагогтің басқа бір адамның дамуына негіз бола алатын білімділігі мен абыройлылығы». Ш.Таубаева: «Құзыреттілік–ол тұлғаның оқыту мен әлеуметтену процестері барысында меңгерген білім мен тәжірибеге негізделген,  оның жалпы қабілеті мен іс-әрекетке даярлығы ретінде айқындалатын, тұлғаның кіріктірілген қасиеті» -деп қарастырылады.

Болашақ педагог-музыканттың кәсіби құзіреттілігін зерттеу кезінде  педагогикалық  салмағы  бар  мәселелер, педагогикалық  мониторинг, ақпарат   банкі  жүйенің  жағдайы  жалпы  диагностикалау  мен   талдау, ғылым  мен  практикадағы   инновациялық   үрдісті  қарастыру   сияқты  мәселелер   бірінші  орынға шығаруға болады. 

         Яғни, бұған  қоса  педагогтың   кәсіби  құзіреттілігі  де  маңызды   мәселе   болуда, 

         Бұл мәселе білім беру жүйесінде  басқару  прогностикалық  моделін   құрастыру   арқылы  шешеміз. Бұл  деген   басқару   обьектінің    өзбетінше   әрекеттенуі, «ішкі»  басқару мен  педагогтың   жүйелі  ойлау   қабілетін   қалыптастыру деген сөз.

Басқару  субьекті   республикадағы   педагогтар  қауымы, ол  қызметі   әртүрлі   құрылымдардан   құралған: басқару  аппараты, мекеменің  әдістемелік   кеңесі, мұғалімдердің   әдістемелік  бірлестігі   педагог   тәжірибесі   және  т.б. жатқызуға болады.

Болашақ педагог-музыканттардың кәсіби  құзіреттілігін   дамыту  бойынша  басқару моделі білім беру өзгешелігін айқындайды да оның негізгі белгілері төмендегідей:

        -кәсіби  құзіреттілікті  дамыту   мақсаты мен  міндеттері білім  беру  жүйесінің   қалыптасуы   әлеуметтік   және  психология   педагогикалық  заңдылықтарға   бағынышты;

        -кәсіби  дамыту  субьектілерінің   іс-әрекеті   нысаны   екі  жақтамалы   үрдіс, жалпы  білім  беру  жүйесі  мен  жүйені  қосымша  бөлігі   ретінде   музыкалық  білім  беру;

        -кәсіпті  жетілдіру   кезіндегі   субьектердің  өзара  әрекеттесуінің      мазмұны   болып  табылады, ол  жалпы   мәселелерді   шешуге   бағытталған, өйткені,  ол   және   музыкалық-педагогикалық  жетілдіруге   бағытталып, оған   кіретіндері: кәсіби   бейімделу, кәсіби   шеберлікті  қалыптастыру, кәсібилік;

        -кәсіби  құзіреттілік   дамуын    басқарушы    құрыл-үздіксіз   педагогикалық    білім   беру  жүйесі;

        -музыкалық-педагогикалық  даму  табыстылығы   кәсіби   құзіреттіліктің    «нормативті  диагностикалық  эталоны» мазмұнына   сай  бағаланады, оған  кіретіндер: іс-әрекет  компоненттері, оның  қызмет  атқару  алгоритмі, кәсіби  қатынастар мен  тұлға   сапа-қасиеттер мен  қабілеттері.

«Нормативті  диагностикалық  эталон»  мазмұнының   заңдылық, нұсқаулық  күші  бар, ондағы  талдау  барлық  мәліметтерді  үш   көрсеткішке  сай  жинақтауға   көмектеседі  де   кәсіби   іс-әрекет  сипатын   айқындайды:  кәсіби   қатынас   және    кәсіби  қабілеттер.

          Әдіснамалық:

        -халықтың   мәдени  дәстүрлерімен  адамгершілік   құндылықтардың    философиялық    мәнін  тану,

        -әлемдік  музыка   мәдениеті   жетістіктерін   тірек  ету  музыкалық  білім  беру   мен  өнер  саласының   әмбебеп   білімін   пайдалану,

       -ұлттық  музыкалық  мәдениетті   қайта   жандандыруды   қамтамасыз  ететін   әлеуметтік-педагогикалық   әрекеттер  жүйесін   ойластыру   ретке  келтіру,

        Теориялық:

       -жаңа   тарих  талаптарына   жауап   беретін   ұлттық   музыкалық  мәдениетпен  білім  беру  теориялық  мәселелерін  қарастыру;

      -  музыкалық-педагогикалық   білім беру жүйесінде   халықтың      мәдени-музыкалық   негіздерін   тану;

     -балалар мен  жасөспірімдердің   музыкалық   ойын   қалыптастыратын   мәдени   ортаның   диагностикасы.

        Әдістемелік:

     -музыкалық-эстетикалық   білім  беру   міндеттерін   табиғатына   сай    және  білім  беру   мен  тәрбиелеуді   комплексті   қарастыру   қағидаларына    ескере  отырып   шешу;

     -этнопедагогикалық   мүмкіндіктерін   анықтау  мақсатында   ұлттық  музыкалық   мәдениет  саласында   әдістемелік    зерттеу   жұмыстарын  кеңейту;

     -   музыкалық-педагогикалық білім беру теориясымен практика жетістіктерін     пайдалану;

     -музыка саласы бойынша   қазіргі   күнгі білім беру технологиясын меңгеруде   музыкалық өнерімен мәдени ортаның ерекшеліктерін ескере отырып қолдану;

      - жалпы білім беретін мектептерінде музыкалық фольклор дәстүрлерін негізіне   құралған, музыкалық-педагогикалық тәрбие беру ісі тиімділігін арттыратын ғылыми   әдістемелік жұмыстар  ұйымдастыру.

Педагогтың кәсіби білім, дағдылары мен қатар оның психологиялық даярлық ой  ұшқырлығы, тұлғалық сапа қасиеттері, кәсіби жұмысында шығармашылық потенциалын көрсете алуы - болашақ педагог-музыканттардың біліктілігін арттыру жағдайында жоғары дәрежеде болады. Өйткені қазіргі күн әлеуметтік талаптары кәсіби табыстың жұмыс  істейтін нарықты қатынастың бәсекелестігіне дайын, өз уақытында шешім қабылдай   алатын шығармашыл қызметкер болу.

Бұған қоса, музыка мұғалімі түсінуі тиіс, оның  жалпы кәсіби құзіреттілігі мен дайындығы, интеллектуальды, рухани сапа қасиеттері, кәсіби шеберлігі оқушылардың «музыка» пәнін жақсы көруіне ықпал  етеді. Жоғарыда айтылып кеткендей, болашақ педагог-музыканттың кәсіби құзіреттілігі мен дайындығының нәтижесі тікелей осыған байланысты. Сонымен бірге, біліктілікті арттыру ісінің педагог-музыканттың кәсіби   құзіреттілігін дамытуға бағытталуы міндетті түрде бұл үрдісті жетілдіреді, әрине  педагогика ғылымы мен практика тәжірибесін пайдалана отырып, нақты біліктілікті   арттыру ісінің белсенді формаларын кеңейту арқылы және өзбетінше білімді тереңдету,  кеңейту (интернет, қашықтықтан  оқыту) түрлерін қолдану арқылы, ол болса өз  мезгілінде педагог-музыканттың біліктілігін арттыруда инновациялық ұстанымдарды     қолданатынын   көрсетеді.

Қорытындылай келе, мұғалімнің қазіргі технологияларды меңгеруіде өте маңызды, өйткені, олар пән беделін көтеріп, жұмысты түрлендіруге, өзін-өзі тануға шығармашылық көрсетуге таптырмас құрал болады. Е.Л.Фейнберг, «компютеризациялау интеллектуальды   іс-әрекетін  жаратылыстану  ғылым  ортасы  мен  ізгілендіру, ғылым  мен  өнер  салаларын құрылымдық тұрғыда жақындаттырады» - деді. Қазір компютеризация адам іс-әрекетінің   барлық саласын қамтыған. Бұл әдістемені музыка сабағында қолдану оқушылар   қызығушылығын тек нығайта түсері анық. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Байжуманова Н. С. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі // Білім әлемінде. - 2008.

2. Смирнов С.Д. Педагогика и психология высшего образования: от деятельности к личности. – М., 1995.

3. Құдайбергенова К.А.. Құзырлылық – тұлға дамуының сапалық критерий // «білім сапасын бағалаудың мәселелері: әдіснамалық негізі және практикалық нәтижесі » атты халықаралық ғылыми – практикалық конференцияның материалдары. 2008.