П.ғ.к., доцент Белгібаева
Г.Қ.
студент Қайырбекова Т.К.
студент Айдар Ұ.М.
Қазахстан, Академик
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Жеке тұлғаны
қалыптастыруда тәрбиенің алатын орны
Тәрбие –халықтың ғасырлар бойы
жинақтаған ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың
бойына сіңіру және балалардың қоршаған
ортадағы қарым-қатынасы мен өмірге деген
көзқарасын қалыптастыру. Адам баласы өмір көшінде
қандай кезең,қандай заман,қандай кез келседе
ұрпақ қамын, оның тәрбиесін бір сәтте де
ұмыт қалдырған емес. Өйткені әркім өзі
өмірге әкелген ұрпағына ғұмырының
жалғасы, болашағы ретінде қарайды. Әбу Насыр
әл-Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие
берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас
жауы»-деген екен.
Тәрбие–адам тағдырын шешетін ұлы іс. Ал
тәрбиенің негізгі мақсаты-дені сау, ұлттық сана
сезімі бар, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, ар-ожданы мол, іскер,
бойында игі қасиеттері қалыптасқан адам тәрбиелеу.
Тәрбиелі жеке тұлға қалыптастыруда ата-ана мен
ұстаздың алатын орны ерекше.
«Балапан ұяда нені көрсе, ұшқанда соны іледі»
демекші, Отбасы-адамзат бесігін тербеткен ұя болса, сол отбасындағы
баланың басты ұстазы-ата-ана. Бала тәрбиесі ана сүтінен
басталып, өмір бойы қалыптасатын күрделі құбылыс.
Ата-ана немесе отбасы –қоғамның негізі. Қоғам
отбасынан басталады. Әрбір отбасы болашақ қоғам
мүшелерін дұрыс тәрбиелесе, ол қоғам мықты
болады. Бұл қағида ғасырлар бойы қалыптасып
келеді. Себебі бала өмірі отбасынан басталады, ол бала үшін
ең жақын орта. Бала отбасында ата-тегін біліп,әулеттің
жағымды өнегелерімен, мұраларынан сусындап өседі. Отбасындағы
басты мәселелердің бірі-баланың тіршілік әрекетін
ұйымдастыру. Бұған баланың күн тәртібі, міндеттері,
қойылатын талаптар, оның
үй еңбегіне қатысуы, оқу, іс-әрекеті, бос
уақытын ұйымдастыру жатады [1].
Жалпы оқушылардың өмірінде мектептегі
тәрбиенің рөлі зор. Баланың тәрбиесі туралы
айтсақ, ұстаздың алдында қолын созған, өмірге
ерекше талпынған жас ұрпақ тұр. «Адамның
адамшылығы ақыл, ғылым, жақсы ата-ана,жақсы
ұстаздан болады »,-деп Абай атамыз айтқандай, санасына сызат
түспеген періште көңіл сәбиді өмір
баспалдағына жетелеп, адамгершілігін ақ желкеніне отырғызатын
рухани дүниесін байытып, біліммен нәрлендіретін абзал жан-ұстаз.
Ақ сүтімен тәніне қуат беріп,бесік жырымен тербеткен
ана, асырап-сақтаған әке тәрбиесінен кейінгі жан жылуын
бала бойына дарытатын да-ұстаз [2].
Мектептегі басты тұлға ұстаздың міндеті-тек білім
беру ғана емес, сонымен қатар әрбір оқышының
жүрегіне жол тауып, оларды тәлім-тәрбиемен сусындату болып
табылады. Бұл тұрғыда тәрбиенің мынадай
құралдарын қолданғанымыз жөн, сөз, ойын, өнер,әлеуметтік орта, еңбек
құралдары, спорт. Себебі сөз әрдайым көңіл
құлпын ашатын кілт болып есептеледі, яғни оқушыға
кейде сыни көзбен қарап, қоғамдық пікір айта
білсек, талап қойып, болашыққа ұмтылуға
сендірсек, келешекте абзал азамат шығары сөзсіз. Сондай-ақ
оқушының қоршаған ортасы, дос-жарандары, құрбы-құрдастары
иманды, адамгершілігі мол, ізгілікті, елжанды болуы керек.
Оқушының бойына осындай игі қасиеттерді
қалыптастыруда сынып жетекшінің рөлі зор. Бүгінгі кезде
сынып жетекушісі-кәсіпкер-педагог, оқушымен
қоғамның арасындағы рухани жалғастырушы.
Түрлі іс-шаралар барысында оқушылар арасында
ынтымақтастық қарым-қатынасын қалыптастырушы, олардың
жеке тұлға ретінде дамуын бақылаушы, тәрбие жүйесін
жан-жақты ұйымдастырушы, оқушының күнделікті
өмірінде кеңес берер көмекшісі,сыныпта қолайлы ахуал
тудырушы,үйлестіруші.
Қазіргі кезде білім берудің мақсаты жылдам өзгеріп
отыратын дүние жағдайларында алынған терең
білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін
бағдарлай білуге, өзін-өзі дамытуға және өз
бетінше дұрыс,адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер
қабылдауға қажетті жеке тұлғаны қалыптастыру
міндеті туындап отыр. Президентіміз Н.Ә Назарбаев «Ғасыр
мақсаты –қоғамның нарықтық
қарым-қатынасқа көшу кезінде саяси-экономикалық
және рухани дағдарысты жеңіп шыға алатын,ізгіленген, ХХI
ғасырды құрушы іскер ,өмірге икемделген,жан-жақты
мәдениетті жеке тұлға қалыптастыру»-деген тұжырым
жасады[ 3]. Тұлғаның жан-жақты ашылуына дұрыс
ұйымдастырылған оқыту мен тәрбиелеу септігін тигізуі
тиіс.
Мектеп оқушыларына тәрбие беру тұжырымдамасында «Жеке
тұлғаның қалыптасуы үздіксіз күрделі
үдеріс. Әрбір балаға жеке тұлға ретінде
қарап,оның өзіне тән сапасы, еркі, өзіндік
әрекет жасай алатын қабілеті бар екенін ескере отырып,баланың
білімге, ғылымға ықыласын арттыру, олардың
ақыл-ой қабілетін,жеке бас қасиеттерің дамытып,оны
қоғам талабына сай жүзеге асыруға көмекетеседі» делінген.
Қазіргі кезде сынып жетекшісі болу ауыртпашылығы бар,
жауапкершілігі мол, қиын да, қызықты міндет. Оқушылар
ұжымын жан-жақты топтастыру,қалыптастыру,психикалық
ахуалын, әлеуметтік тұрмысын жақсы танып көргендік
таныту, оқушыларға сенім білдіре отырып,олардың
көзқарасымен санасу, жаңашыл, ізденімпаз ұстаз-тәрбиеші
бола білу. Оқушы тәрбиесінде әрбір сынып жетекшісі
тәрбиелеп жүрген балаларды жақсы білуі қажет.
Бала тәрбиесі –қызығы мен қиыншылығы
қатар жүретін күрделі процесс.
Бір кісі ғұламадан:«Мен баламды тәрбиелеуді қай
жастан бастауым керек? »-деп сұраса, «Балан нешеге келді?»-деп,қарсы
сұрақ қояды. Сонда кісі:«Туылғанына екі апта болды»-дейді.
Сонда ғұлама: «Дәл екі апта кешіктіңіз »-деген екен. Бала
тәрбиесіне ерте кезден көңіл бөлген дұрыс. Жеке адамдардан
топ, топтардан қоғам, қоғамнан мемлекет құрылады.
Сол адамдар, топтар, қоғамдар «өмір, мектеп»деген
теңізден жүзіп өтеді.
Мектеп баланың білім мен
тәрбие алатын ортасы. «Жас көңіл тың жер тәрізді,
не ексең соңы орасын»,- дегендей мектеп-оқушы
тәрбиесінің айнасы. Мектептегі ұстаз –баланың екінші
ата-анасы, болашаққа айқын жол сілтер ақылщысы.
Оның мейірімге толы жүрегі шәкірт бойындағы талай
ағаттықты кешіре біледі. Оның бойындағы білім мен
ақыл, ойының қуаты талай тентекті жуасытып, небір еркені
сабасына түсіреді, тәртіпке баулып, есейтіп, ержеткізеді.
Сондықтан әрбір шәкірт өзіне үлгі-өнеге
болған сүйікті мұғалімін ұстазым, деп атайды [5].
Осы тұста Абайдың:Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегін кетпес далаға.Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға,-деген өлең жолдары дәл
арналғандай. «Бала тәрбиесі –мемлекеттің маңызды
міндеті»-деген Платонның сөзін естен шығармауымыз керек.
Әрбір қоғамның өз дамуына байланысты бұл
мәселе әрқалай шешіліп отыр. Бүгінгі таңда
мектептің басты мақсаты –білімді, мәдениетті,
шығармашыл, белсенді және адамзаттық
құндылықтары толысқан тұлға
қалыптастыру.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы » Заңында
білім жүйесінің ең маңызды міндеттерінің бірі «жеке
тұлғаны ұлттық, жалпыадамзаттық құндылықтардың,
ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде қалыптастыру, дамыту және кәсіби
тұрғыдан жетілдіру» болып табылатындығы көрсетілген [4].
Сол себепті әрбір оқушыны жеке тұлға ретінде
жан-жақты зерттеп білу-оның даму бағытын айқындаудын
басты шарты. Яғни, жеке тұлғаның рухани- адамгершілігін
дамыта оқытуда тұлғаның жеке басының ерекшеліктері
ғана емес,оның айналасындағылармен бірге дамуының да
мәні зор екендігін белгілі педагог Ю.П Азаров: «Тәрбиелеу
өнері» деген еңбегінде: «Адамның табиғатпен, адамның
басқа адамдармен және өзінің өзгемен
үндестігі болғанда ғана тәжірибе нәтижелі болады»,-деп
түсіндіреді.
Тәрбие тәрбиешінің өз ісін
шығармашылықпен жүргізуіне көмектеседі. Бұл ретте
тәрбие ісін жауапкершілікпен ұйымдастырады, оның
өлшемдерін ескереді, тәрбие саясатын
сыңаржақтылықтан сақтандырады, ғалымдарды
ғылыми ақиқат іздеуге бағыттайды. Ұрпақ
тәрбиесіне көңіл бөлмеу ұстаздар мен
ата-аналардың халыққа жасаған қастандығы
секілді. Олай болса,бар күш-жігерімізді елдің болашағы-жас
өркендерге арнау-абыройлы іс. Сондықтан әрбір ата-ана,
әрбір ұстаз бала тәрбиесі үшін жауапты екенін толық
сезіну қажет.
Қорытындылай келе, «Әр бала белгілі борышпен өмірге
келеді. Және әрбір сәбидің тек өзіне тиесілі
жаны-ішкі дүниесінің сәулесі бар. Ата-ана мен педагогтың
міндеті сол сәуленің жоғалып кетуіне жол бермей, балаға
өз өмір жолына бағыт көрсету»-деген Ш.Амонашвилидің
сөзін естен шығармаған жөн [5, 321].
Ата-ана мен ұстаз-баланың өзі жеке тұлға ретіндедамуына
жағдай жасаса, баласының таза жүрегіндегі, бұзылмаған
ар-ожданына бір сәт назар аударса, оның бастауы тәрбиеге
деген бейімділік екенін ұғады.
Бала көзін ашқаннан бері жан-жағындағы барлық
жаратылыстың адамға қызмет етіп тұрғанын
және айналасындағы әртүрлі ғажайып істердің
атқарылып жатқанына таза жүрекпен, кірленбеген ар-ожданмен
сезінуі тәрбие бастауының дұрыстығынан.
Мұғалім мен ата-ананың махаббаты балаға сенімділік пен
қорғаныс береді.
Пайдаланған
әдебиеттер тізімі
1.С.А.Мұсаева,Т.Б.Бегалиев Жас ерекшелік педагогикасы: Оқулық.
- Астана: Фолиант,2006.-472 б.
2.Б.О.Есембекова Тәрбие туралы ойлар.- Алматы: Атамұра, 2013.-265
б.
3. https://bilimsite.kz.Білімділер сайты.
4.Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың жолдауы: Қазақстан жолы
-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ.
5.Кудайбергенова М.Б., Қуанышбаева З.Б.,Қалымбет М., Білім
берудегі интеграциялық үрдістер: мәселелері және
болашағы- Шымкент: Әлем баспаханасы, 2016.-592 б.