Педагогические науки. 5.Современные методы преподавания.
Г.П.Мажибаева, аға оқытушы
Қазақ мемлекеттік
қыздар педагогикалық университеті, Қазақстан
Сабақта әр түрлі
әдістер арқылы Информатика сабағының сапасын арттыру
Қазіргі кезде орта білім берудің даму кезеңі теория мен
практика бойынша жаңаны үздіксіз ізденумен сипатталады. Бұл
үдеріс біршама кері әрекеттермен сипатталады, олардың
ішіндегі ең бастысы қазіргі қоғамның дамуындағы
әлеуметтік-экономиканың шарттарына, жаңа білім беру
жүйесінің даму деңгейіне дәстүрлі әдістер
мен оқыту формаларының және тәрбиелеудің
сәйкессіздігі. Орта мектеп үшін қоғамның
әлеуметтік тапсырысы да өзгерді: мектеп
шығармашылыққа ынталы, есті, өз іс-әрекетін
өзі анықтай алатын, алдына қойған мақсатқа
қол жеткізуді қамтамасыз ете алатын, өзін басқара
алатын тұлғаны қалыптастыруға ықпалын тигізу
керек.
Информатиканы оқыту үрдісінде дәстүрлі оқыту
әдісімен шешуге қиындық келтіретін келесі мәселелер
туындауы мүмкін:
·
АКТ бойынша оқушылардың
білімі және біліктілік деңгейі әр түрлілігі;
·
Оқушылардың қызығушылығын
қанағаттандыруда әр түрлі АКТ қолдану
арқылы іздеу мүмкіндігін орындау барысында.
Бір сыныпта оқитын оқушылар
бір бағдаралама бойынша және бір оқулықты оқу
арқылы берілген материалды әртүрлі қабылдайды.
Бұл оқушылардың сабаққа келгендегі
дайындығына, материал көлемінің ұлғайюына,
қызығушылығына және психологиялық
мүмкіндігіне байланысты. Сондықтан
сабақта білім алушыларды жекелеп оқыту мен оларды бағалау
әдісін қарастыруымыз қажет. Мысалы, 9-сынып оқушыларына
«Программалау» тақырыбы бойынша әр түрлі деңгейдегі
тапсырмалар беріліп, сол бойынша олардың алған білімдері
бағаланады.
Оқушылардың жаңа
білімді меңгеруіне және өздігінен білім алуына ықпал
ететін кейбір әдістерге тоқталсақ: практикалық
сабақтар – оқушылардың нақты тапсырмаларды орындау
барысында білімін, біліктілігін, ынталылығын тексеру болып табылады. Информатика
сабағында оқушылардың компьютерде жүйелі
түрде жұмыс жасау
арқылы оқушылардың өзіндік бақылау дағдысы
қалыптасады, яғни программаны немесе басқа да компьютерде
тапсырмаларды орындау барысында компьютер автоматты түрде
оқушының барлық қателіктерін көрсетеді. Шағын жобаларды құру
әдісі - Информатика
курсының мазмұны мен көлемі ақпараттық білімдерін
құруға негізделген және әр түрлі тапсырмаларды
орындауда шығармашылығы, зерттеушілік қабілетін қолдану
біліктілігінің дамуына бағытталған. Осыдан оқытуды зерттеушілік
әдісімен берілетін жобалап оқыту бірінші орынға шығады.
Білім алушылардың жобалық әрекеттері орта мектептен
басталады. Орта буында жобалау әрекеті шығармашылық
жұмыстары, сонымен бірге оқытылатын тақырыптар бойынша
баяндамалар мен рефераттарды дайындауда компьютерлік технологияларды
қолдану арқылы орындалады. Жобалау әрекеттің
практикалық маңыздылығы өз жұмыстарын мектеп
аралық, қала аралық және т.б. конференцияларда баяндау арқылы
біліктілігін қалыптастыру болып табылады.
Информатика сабағына оқушы келген бірінші кезекте компьютермен
жұмыс жасауды үйренуді мақсат етіп келеді, ал мұғалімнің
басты мақсаты оқушылардың қазіргі қоғамда
заманауи АКТ құралдарын меңгеруге көмектесу деп
санаймын.
Пайланаған
әдебиеттер:
1.
Ж.
Садыбекова, «Информатика негіздері»
журналы, N4-2008 ж., «Оқу - тәрбие үрдісінде
ақпараттық-коммуникациялық технологияны
қолдану қажеттілігі»;
2.
Селевко Г.К., Педагогические технологии на основе информационно-коммуникационных
средств. -М.:НИИ школьных
технологий, 2005.