А. Амирова
Жамбыл облысы,
Жамбыл ауданы, Октябрь-Жеміс орта мектебінің ағылшын тілі
пәнінің мұғалімі
АҒЫЛШЫН ТІЛІН
ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНДЕ ЖАҢА
АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ
ПАЙДАЛАНУ
XXI ғасыр –ақпарат
ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық
қажет. Ақпараттық және телекомуникациялық
технологияларды игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға
үшін қажетті шартқа айналды. Жеке адам мен бүкіл
дүниежүзілік қоғамдастықтың өмір
сүруі үшін жаңа жағдайларды қамтамасыз етуде
жаңа технологиялардың кең көлемде
қолданудың маңызы зор.
Білім беруді ақпараттандыру жағдайында білім беру
көздері, АҚТ-ды пайдалану есебінен, тек өз түрін
ғана емес, маңызын да елеулі өзгертеді, осы
көздердің бірқатары
және ақпараттың көлемі іс жүзінде шектелмейтін
болады: СD, DVD-де де, сондай-ақ Интернетте де таратылатын цифрлық білімдік ресурстардың
әр түрлі типтері; ақпараттық білімдік порталдар; бейне
алқалы жиындар және т.б. Мектеп оқушылары бар
уақыттың көпшілігін дәстүрлі
оқулықтағы емес, ауқымды желідегі, онлайын кітапханаларындағы
керекті ақпаратты іздестіруге жұмсайды.
Жаңа технологиялардың
білім беру құралы ретінде кең таралуының негізгі
алғы шарттары:
1.
Өзге құралдардан
компьютердің ерекшелігі – оның қатынас құрал бола
білуі. Яғни, оқушы, ол арқылы мәтіндерді оқу,
сұхбат жасау, жазу, тыңдау әрекеттері қалыптасады. Тіл
меңгеруде ең маңызды
осы.
2.
Компьютер шексіз ақпарат
әлемінде енуге және ақпаратты жүйелі түрде
талдап, сараптауға мүмкіндік береді. Ақпаратты алудағы
жоғары жылдамдық адамның ақпараттық
мәдениетінің үнемі өсуіне жағдай жасайды.
3. Компьютердің көмегімен жаттығулардың кешенді
түрлерін аз уақытта орындау мүмкіншілігі туындайды.
Жаңа технология – педагогтың мүмкіндігін күшейтетін
құрал, бірақ ол педагогты алмастыра алмайды. Компьютер
мүмкіндіктері психология мен дидактика тұрғысынан талданып,
керек кезінде педагогикалық талаптарға сай қолданылуы керек.
Ұрпақ үшін кітаптың маңызы қандай болса,
компьютерде оқушы үшін қоршаған әлемді танудың
табиғи құралы болып табылады. Олай болса барлық
сабақтарды компьютерлердің қуаттануымен жүргізуді
үйрену – бүгінгі күннің кезек күттірмейтін
өзекті мәселелерінің бірі.
Ақпарат пен қатынасты ұсынудың цифрлық
технологиясы әрбір адамның өміріне дәлме дәл
жөргектен, тіпті одан да ерте, екпіндете кіреді, бір жағынан
қазіргі заманғы баланың тұлғалығының
дамуына және оның қоршаған әлемді
түйсінуіне белгілі бір із қалдырады, екінші жағынан мектептік білім жүйесіне белгілі бір
талапты қалыптастырады. Өткен 5-10 жылда мектепке келген балалар
елеулі түрде өзгерді. Ата-аналар мен педагогтарға
қарағанда елеулі жақсы бағдар жасай білетін
цифрлық ойындар, плеерлер, смартфондар, ықшам компьютерлер
бүгінгі таңда балалар өмірінің маңызды
бөлігі болып саналады. Сондықтан мектепке келе салып, балалар «
өздерінің алдында тақта мен бордан басқа ештеңе
көре алмастан, көңілі қалатын болады. Ал
мұғалімнен бүгінгі таңда баланы еліктіру, оның
«білім алауын» жағу, оған таным қуанышын ашу үшін
бұрынғыға қарағанда елеулі үлкен күш талап
етіледі»
Ақпараттық
технология – ақпараттарды жинау, сақтау және
өңдеу үшін бір технологиялық тізбекте біріктірілген
әдістер мен өндірістік және
бағдарламалық-технологиялық құралдардың
жиынтығы. Қазіргі кезде сабақта ақпараттық
технологияларды бәріміз кеңінен қолданамыз. Қазақ
әдебиетінің классигі, ұлы атамыз Абай
Құнанбайұлы: «Шәкірттерің жақсы оқу
үшін, оның оқуға деген ынтасы және қызығушылығы
зор болу керек», - деген. Расында да, тек ғана жігерлі, әр
нәрсені үнемі білгісі келген, табандылығын, шыдамдылығын
көрсеткен адам ғана мақсатына жетеді.
Үш тілді меңгеруде компьютерді қолдану мәтіндер мен
ақпаратты білуге жол ашады. Тіпті нашар оқитын
оқушылардың өзі компьютермен жұмыс істеуге
қызығады, өйткені кейбір жағдайларда компьютер білмеген
жерін көрсетіп, көмекке келеді. Қазақстан
Республикасының мемлекетаралық тілі – ағылшын тілін
жаңа технологиялар арқылы оқыту ісі күннен-күнге
өзекті болып келеді. Тілді ақпараттық-коммуникативтік
технология арқылы оқыту – тіл үйренушінің өз
бетімен тіл үйрену қабілеттерін жетілдіруіне игі ықпал ететін
тиімді жүйе болып табылады.
Сонымен, үш тілде оқытуда ең алдымен кәсіби
деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық
әлеуеті мол, жаңа технологияларды жетік меңгерген, жаңа
заман талабына сай бәсекеге қабілетті бола алатын тәжірибелі
ұстаз қажет. Осындай педагогтардың білім беру
нәтижесінде оның жұмыс барысына тәжірибелік мақсат
қойылады, оған білім алушы жеке тұлғаның сөздік
қорларын байыту, сауатты жазуға үйрету, сөйлесуге,
көргендерін, естігендерін әңгімелеп беруге үйрету
қажет. .
Бұл деректер
оқушыға әсер етіп, шабыттандырады, толғанысқа,
тебіреніске түсіреді, жүрегіне, сана-сезіміне, ішкі жан
дүниесіне әсер етеді, елі үшін мақтаныш сезімін
тудырады, сөйтіп сабақтың тәрбиелік міндетінің
ойдағыдай жүзеге асыруына, жалпы сапалы өтуіне белгілі
дәрежеде үлес қосады. Міне, көріп отырғанымыздай
дәстүрлі оқулықта жоқ бұл деректер
оқушылардың бойында ұлттық рухты, менталитетті
қалыптастыруға, оның танымдық әрекетін
белсендіруге, логикалық ойын дамытуға, жалпы ой-өрісін
кеңейтуге жағдай жасайды. Менің түсінгенім,
оқушыға да мұғалімге де АҚТ-і
құралдарын пайдаланып өткен сабақ ұнайды. Оқушы
өзін еркін сезініп, ізденісем деген ниет пайда болды. АҚТ-і
арқылы мұғалім өзінің ауызша баяндайтынын видео
арқылы көрсетіп өзі де, оқушылары да тамаша әсер
алады.
Қорыта келгенде ақпараттық коммуникациялық
технологияларды қолдану барысында мынадай артықшылықтары бар:
1.Оқушының танымдық мүмкіндігін кеңейте
түседі.
2.Электронды оқулық білімді есте сақтауға
жақсы әсер етеді. Оқытудың үрдісінде
оқушының өзінің қатысуы оның ойлау
қабілеті мен оқуға деген ынтасын арттырады.
3.Оқушыны тарихи құбылыстарды, оқиғаларды
өзінше талдауға, баға беруге үйретеді.
4.Компьтер арқылы тест тапсырып, бағасын өз көзімен
көреді. Алған бағасын саралап, мен не білмей қалдым ертесіне
тағы да тапсыра алады. Ал
ағылшын тілі сабақтарында көрнекі құралсыз
оқушыларды сабаққа ынталандыру, олардың алған
білімдерінің тиянақты, баянды болуы қиын. Сондықтан да
оқушылардың ақпаратты мәдениетін көтеру
үшін әрбір сабақта АҚТ-і мүмкіндіктерін
қолдануды жолға қою керек.
Қорыта
келгенде, “Тілдердің үш тұғырлылығы”
бағдарламасының негізгі мақсаты мемлекеттік тіл –
қазақ тілін орыс және ағылшын тілдерінің
деңгейіне дейін көтеріп, бәсекелестігін арттыру болып
табылады. Өскелең
ұрпақтың үш тілді: қазақ тілін – мемлекеттік
тіл, орыс тілін ұлтаралық қатынас тілі және
ағылшын тілін халықаралық тіл ретінде оқып
үйренуге ұмтылыс жасауы — замана талабы, болашақ
ұрпаққа қажеттіліктен туындап отыр.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.
Қазақстан
Республикасының «Білім туралы» Заңы. Астана, 2000.
2. Набиев Е. А.
Цифровая школа //Директор казахстанской школы.
– 2010. – № 1. – С.6-9.
4. Тажигулова А. И.
Педагогические принципы конструирования электронных учебников в условиях
информатизации профессионального образования: дисс. … канд.пед.наук: 13.00.08.
− Алматы, 2000.