Мухаримова А.
Октябрь-Жеміс
орта мектебінің мұғалімі,
Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы
Шағын комплектілі мектеп:
проблемалары және оларды шешу жолдары
«Шағын комплектілі мектеп:
проблемалары және оларды шешу жолдары» тақырыбындағы
мақала барысында, ауылымыздағы шағын жинақты мектеп
жұмысының қазір қалай жүргізіліп
отырғандығы және осы саладағы кейбір
қордаланған мәселелердің шешу жолдарына тоқталмақпын.
Тәуелсіздік алғаннан
кейінгі жылдары елімізде шағын жинақты мектеп көбейгені рас.
Ауыл халқының қалаға көшуі, бастауыш сыныптар мен
кейбір жоғарғы сыныптарды шағын комплект етуге себепкер
болды. Бұдан ертерек жылдарда мамандардың жетіспеуі және
сапасының нашарлығы біздің мектепте актуальды болатын.
Дегенмен де, қазіргі уақытта Октябрь-Жеміс шағын жинақталған мектеп –
білім саласында қол жеткізген жетістіктер мен жақсы
нәтижелері бар, тәрбие тұрғысынан алғанда
қазақи болмысы бұзылмаған ауыл мектебі.
Қазіргі білім беру
саласындағы басты мақсат – еліміздің әлеуметтік,
экономикалық және саяси өміріне белсене қатысуға
дайын, бәсекеге қабілетті жеке тұлға дайындау. Ұстаздардың
кәсіби деңгейі ұдайы көтеріліп, олардың
теориялық білімі мен әдістемелік білігін үздіксіз жетілдіру
жұмыстарына үнемі басшылық жасалып отырылады. Кембридж
бағдарламасымен деңгейлік
курсты 5 мұғалім оқып, әр түрлі деңгейдегі
байқауларға қатысуда. Мектептегі 34 оқытушының 26-ы жоғары
білімді, 5-і орта арнаулы білімдері болса, соның ішінде 6 –ы
мұғалім жоғары санатты, 20-сы – бірінші және екінші
санатты мұғалмдер.
Сондай-ақ
оқытудың озық тәсілдерімен қаруланып,
шығарма-
шылық жұмыстармен жас мамандарға жол көрсетіп, сапалы
білім беріп жүрген тәжірибелі Ж.Досқожа, Ф.Истаева,
Н.Құлымбетова сияқты ұстаздарымыздың
болғаны да еңбегіміздің жемісті болуына септігін тигізуде.
Мектеп
оқушылары – облыстық, аудандық байқаулардың
жеңімпаздары. Атап айтқанда: Тоқтаралиева Айгерім, Ілесбек Аружан облыстық олимпиада жеңіпаздары.
Мамбеталы Диана, Тоқтаралиева Сымбат ауданға танымал спикерлер.
Жылдан –жылға оқушылырымыз Республикалық «Ақбота»,
«Кенгуру математика» , «Алтын жабағы» интеллектуалдық
жарыстарға қатысып жеңімпаздары атануда.
Шағын
жинақталған мектептердегі жұмысты жақсарту
мүмкіндіктері олардың жаңа моделін қалыптастыру,
олардың жаңа формасын іздестірумен тікелей байланысты, яғни
басқа мекемелермен біріктіре ірілендіру дегенді білдіреді. Мысалы; «Мектеп
– балабақша», «Мектеп – мектеп алды даярлық», «Мектеп – клуб»,
«Мектеп – кітапхана», «Мектеп – ауылшаруашылық комплексі», «Мектеп –
спорт орталығы» және т.б. Бірнеше мекемелердің басын
қосып, ауыл интеллигенциясын тығыз қауымдастыққа,
барлық күшті өскелең ұрпақты
тәрбиелеуге жұмылдыруға бағыттайды. Міне, осы мақсатта
мектебімізде «Ботақан» шағын
орталығы
ашылды.
Мектеп – ауылды алға
сүйрейтін нысан. Яғни шағын жинақты мектеп –
ауылдың, елдің, ұлттың тағдыры.
Елімізде болып жатқан саяси
әлеуметтік, мәдени-этникалық, экономикалық
өзгерістер халыққа білім беру мен тәрбие ісінің
мазмұнын түбегейлі өзгертуде.
Бүгінгі таңда
әлемдегі бірінші міндет – ол дүние жүзі елдерінде жастарды
бейбітшілік рухында ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
Әлемдік мәдениет пен әр халықтың ұлттық
мәдениетіне кіріктіре меңгерту.
Екіншіден, жастардың
бойындағы жалпы адамзаттық құндылықтарды дамыту,
сондай-ақ оларды әділдікке, зорлық-зомбылық
жасамауға, бақытты бағалауға тәрбилеу.
Үшіншіден, білім беру
жүйесінің басым- бағдарын оқытудың
тәрбиелік сипатына аудара отырып, жеке тұлғаның
рухани-адамгершілік тұрғысынан кемелденуіне ықпал ету
болғандықтан, мектебімізде оқушылардың ата-аналары
қоғамдық – педагогикалық жұмысқа
үнемі тартылады.
Өйткені
тұлғаның адамды адам ете түсетін қасиетін ашып
көрсету, яғни руханилылығын дамыту – заман талабы. Егер адам
руханилылығынан айырылса, онда ол эмоция мен сезімнен, ақ ниеттен
айырылады, жалаң рацинализм мен прагматизмнің құлына
айналады.
Ауыл мектебінің, оның
ішінде жинақталған мектептердің жайы да – Елбасын
толғандырып отырған мәселелердің бірі. Бұл ретте
Президенттің: «Ауыл – бұл халық өмірінің бейнесі,
мәдениетінің, дәстүрінің, салты мен рухани
өмірінің қайнар көзі. Тек осы факторлар жиынтығы
ғана бізден ауыл мәселелеріне, соның ішінде оның
мектебіне өте сергек қарауымызды талап етеді» деген сөздері
бізді, яғни, ауыл ұстаздарын ойландыра түседі.
Шын мәнінде, бүгінгі
таңда білім беру жүйесіндегі көптеген проблема осы
шағын жинақталған мектептер төңірегінде
қалыптасып отыр. Атап айтқанда:
1) мектептің салыну
жобасының қазіргі жаңа заманға сай келмеуі;
2) мектеп
зертханасының жоқтығы;
3) мектеп спорт
комплексіның жоқтығы;
4) ақпараттық
технологиялардың (компьютердің) аздығы, интернет желісі
арқылы қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру;
5) шағын кешенді
мектептерге арналған әдістемелік құралдардың
аздығы;
6) оқушылар санының
төмендеуі.
Нәтежиелі іске себепкер
болатын фактордың бірі – марапаттау мен сынау, материалдық
және моральдық көтермелеу, қажетті психологиялық
климатты қалыптастыру. Бірлігі жоқ ұжым бір қиындыққа
немесе сәтсіздікке кездескенде әр жаққа тартса, бірлігі
қалыптасқан ұжымның бір тұтастығы
нығая түсетіндігі, қандай күрделі де қиын
міндеттерді ұйышылдықпен шеше алатыны анық.
Жалпы білім беретін
мекемелердің бірі болып табылатын шағын жинақталаған
мектептің оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру
жұмысындағы оның өзіндік ерекшеліктерінен,
ауылдың әлеуметтік-экономикалық жағдайынан туындайтын
қиындықтар да ұшырасады.
Жаһандану
құбылысының біртұтас ақпараттық
кеңістіктің пайда болуы соңғы жылдары
қоғамдық сананың, адамдардың дүниетанымы
мен мақсат-мүдделерінің, өмірлік идеяларының
өзгеріске ұшырауына әкеліп соқты. Осыған
байланысты Қазақстан Республикасының білім беру
саласындағы мемлекеттік саясатында жастар арасындағы тәрбие
жүйесін жетілдіруге, жасөспірімдердің рухани-адамгершілік
деңгейін көтеруге басым назар аударылып отыр.
Ауданмызда
тірек мектептерді құру жұмысы 2015-2016 оқу
жылында басталды. Ә.Тарази
атындағы тірек мектебіне мектебіміздің 8-11 сынып оқушылары
қатынайды. Тірек мектептерді (ресурстық орталықтарды)
құру жұмыстары жалғастырылады деп Қазақстан
Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 –
2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында
көрсетілген. 2020 жылға қарай олардың саны 200 бірлікке
дейін жеткізілетін болады. 2014 жылдың 27
қаңтарындағы Елбасымыздың жолдауында айтқандай: «Еліміздегі
барлық мектебіміздің білім беру дәрежесін Астанадағы
Нұрсұлтан Назарбаев мектебінің білім беру дәрежесіне
жеткізу қажет» – деген сөзінің іске асырылуы үшін
бүгінгі білім жүйесінің басты міндеті – еліміздің
экономикалық және рухани тәуелсіздігін баянды ету, рухы биік,
мәдениеті жоғары, білімі терең, салауатты ұрпақ
қалыптастыру. Жалықпай ұстаздық еткен
әрқайсысымыз осы міндетті орындауға өз үлесімізді
қосайық!
Пайдаланылған әдебитеттер:
1. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды
дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ Астана, 2016
жыл.
2. Ғылыми-әдістемелік
«Ұстаз» журналының қосымшасы №1, 2012 ж.
3. «Қазақстан мектебі» журналы, №10,
2012 ж.
4. «Қазақстан мектебі» журналы, №11,
2013 ж