Жанибекова Сара Сериковна

Кишкенбаева Алия Кенжегалиевна

 

Облыстық балалар оңалту орталығы

Қызылорда қаласы

 

Ойын технологиясы : балалардың қызығушылығын арттыру жолдары.

 

                             Қазіргі уақытта балаларды оқытуға арналған әдістемелер соның ішінде ойын

                     технологиясы  кеңінен пайдалану үстінде.

    Яғни, ойындарды игеру балаларды жан - жақты болуына зор ықпалын тигізеді. Балалардың оқу іс - әрекетін арттыру үшін ойын элементтерін тиімді пайдалану керек. Ойын арқылы бала қоғамдық тәжірибені меңгереді, сондықтан әр сабақ барысында қандай ойын түрлерін қолдануға болатынын сабақтың мазмұнына, мақсатына, жас ерекшелігіне сәйкес таңдалуы керек екендігі назарға алынғаны дұрыс. Яғни, бала тілін дамыту барысында ойын элементтерін қолдана отырып, құзіреттілік тапсырмалар арқылы балалардың өздігінен дамуға, жетілуге қабілетті тұлғаны қалыптастыруға арналған бірден - бір таптырмас технология. Ұлы педагог А. С. Макаренко ойынға үлкен мән бере отырып, өзі басқарған мекемелерінде ойынды тәрбиеленушілер өміріне міндетті түрде енгізіп отырады. Ойын баланың өмірін қызыққа, қуанышқа бөлеуін қамтамасыз ету үшін ол балалардың ойынға деген сүйіспеншілігі мен қызығушылығын тәрбиелейді – деп қарастырады.
         Ойынның технологиялық негізгі ерекшелігі – балалар үн - түнсіз ойнамайды. Тіпті жалғыз болғанның өзінде де сөйлесіп жүреді. Ойын барысында сөйлесу қарым - қатынасы үлкен рөл атқарады. Сөйлесе жүріп, балалар пікірлесіп, әсер алысып, ойынның түпкі ниеті мен мазмұнын анықтайды. Ойынның негізгі құрылымдық элементтері мыналар: ойынның өзінен туатын                                                                             және балалар жасайтын немесе тәрбиешілер ұсынатын ойын ережесі.
        Ойынның түпкі ниеті – бұл балалардың нені және қалай ойнайтынының жалпы анықтамасы. Мысалы: сюжетті – рөлдік ойындар «Почта», «Дәріхана», «Дү
кен», «Аурухана», «Кітапхана», «Отбасы», «Балалар бақшасы» болып ойнайды. Сол сияқты ойындарда топта жас ерекшелігіне сай жүргізіледі: ойын балаларға сабақта да, серуенде де өте қажет, тіпті бала жай демалып отырғанның өзінде де ойын үстінде болады. Өмірдегі түсінігі еліктеуі, бақылауы осы ойын үстінде көрініс табады.     Көбінесе бұл ойындар күннің 2 жартысында ойнатылады.
        Ойын дегеніміз - жас ерекшелікке қарамайтын, адамның көңіл - күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойын - төзімділікті, алғырттықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденімпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігінің, көп білуді, сондай - ақ, басқа да толып жатқан сапалылық қасиеттердің қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық, тиімді әдістерінің бipi.
         В. А. Сухомолинскийдің сөзімен айтар болсақ, «Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы жоқ» және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз – ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты.
        Психологиялық тұрғыдан алып қарағанда мектепке дейінгі балалар белсенді және өте қозғалмалы болып келеді. Бұл жастағы балалар өздерін еркін ұстап, ойынға аса қызығумен қатысады, өзінің айналасындағы нәрселерді көріп, соны бейнелеуді ұнатады. Рөлдік ойындарды табысты және қарқынды жүргізе біледі. Сөйлеу әрекетінде қозғаушы күш - ырғақ. Сөйлеу ырғағын құру тәрбиешілердің рөлдік ойындарды ұйымдастырудағы ең қиын іс - әрекеті. Балалардың қызығуын арттыру мақсатында тәрбиеші ойынға қатысушының өзіндік сөз ырғағын бейнелеп көрсетіп, тапсырманы дұрыс құра білуі керек. Тақырыптық «рөлдік - ойындар», «қимылды ойындар», «дидактикалық ойындар» жас өспірімдердің дағдысының қалыптасуындамытады.
       Ойын арқылы балалардың негізгі іс -әрекеті және олардың айналадағы өмірден алған білімдерін, әсерлерін  жинақтаған тәжірибелерін өз бетінше іс жүзіне асырады. Ойын барысында берілген тапсырмаларды шешуде балалардың ақыл- ойы дамиды.  Міне осыдан баланың логикалық ойлау, қиялдау қабілеті шыңдалады.Бала ойын дамытуда логикалық ойындар ерекшеліктерін алуға болады.  

           Балалардың ойлау қабілетін дамытатын, қызығушылықтарын арттыратын жұмыс түрі – логикалық ойындар. Логикалық ойындар баланы тапқырлыққа, логикалық ойлауға баулып, ойының ұшқырлығына, өздігінен шешім қабылдауға, салыстыруға, дәлелдеуге әсер етеді.

         Баланың бойындағы қабілетті ашу шығармашылық бағытта дамуына жетелейді. Осы орайда логикалық ойлау қабілетін дамытудың өзіндік іс -әрекетін ұйымдастырудың мынандай заңдылықтар: «Нені отырғызу керек?»  «Нені орналастырсам екен?» «Сыңарын табыңдар?»  «Әзіл жұмбақтар»  «Логикалық есептер» «Пішінді орналастыр» логикалық ойын түрлерін айтуға болады. Осындай ойындарды тапқырлықпен, ізденпаздықпен орындаған балалардың білімділік дағдылары қалыптасып жақсы нәтиже береді.   

           Мектепалды даярлық,  балаларының логикалық ойлауларын дамытудың негізгі кезеңіне жатқызуға болады. Өйткені балалардың ойлары осы кезде нақты –бейнеліден абстрактылы ойлауға қарай дамиды. Сондықтан мектепалды даярлықта балалардың ой - өрісі қалыптасып және заттарды тиісті ұғымдарға жатқызып, өздерінің ойларын дәлелдеуге үйрене бастайды.  

         Негізінде баланың логикалық ойлау қабілеті дегеніміз-қарапайым математикалық алғашқы ұғымдарын меңгертуден басталады десек қателеспейміз.Оны жүйелі түрде шыңдау тәрбиешінің басты міндеті. Педагогика және психология зерттеулері бойынша балалық шақ – баланың жеке тұлға болып өзін - өзі сезінуінің алғашқы сатысы, демек адамгершілік қасиеттер,ақыл –ойы, логикалық және басқада қасиеттерін қалыптастырудың ең негізгі кезеңі болып табылады. 

   Баланың ақыл –ойының дамуы тек белгілі бір білім көлеміне емес, танымдық іс -әрекет амалдары мен тәсілдерін игерумен бірге еске сақтау, ойлау, елестету, танымдық шығармашылық қабілеттерінің дамуын тұтас қамтиды.   Бала дамуы үшін есте сақтауы мен ойлау қабілетінің мәні өте зор. Бұлардың бәрі қоршаған орта мен білім, білік дағдысының қалыптасуы, есте сақтау және ойлау қабілетімен тығыз байланысты.  Баланың ойлау әрекетін ойдағыдай дамыту үшін, тиімді тәсілдер қолданып, арнайы жұмыстар жүргізу қажет.   Ойлау аса күрделі психологиялық процесс. Бұлардың ішінде психология мен логиканың орны ерекше. Психология бірнеше жас ерекшеліктердің ойының пайда болу, даму,  қалыптасу  жолын, яғни жеке адамның ойлау ерекшелігі мен заңдылығын қарастырса логика –бүкіл адамзатқа ортақ ой-әрекет заңдары мен формаларын айқындайды, ол адам ойының нақты нәтижесі болып табылатын ұғым, пайым, дәлел сияқты ой формаларының табиғатын зерттейді.  

               Ойынның бірнеше түрлері бар: қимыл- әрекеті, логикалық, ұлттық, грамматикалық, дидактикалық, рөлді- сюжетті. Тиімді қолданылған ойынның түрлері оқытушының түсіндіріп отырған материалын, оқушылардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені, төменгі сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап тұрады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез серігіп, тапсырманы ықыласпен орындайды.                   

              Ойын кезіндегі баланың психикалық ерекшеліктері өзгереді, олар ойланады, ерік қасиеті артады, эмоциялық әсері пайда болады, қиял елестері дамиды, белсенділігі артады. Сабақ барысында ойын түрлерін дидактикалық әдіс ретінде пайдаланудың маңызы зор. Бала ойын арқылы өзі өмір сүріп отырған белгілі бір әлеуметтік ортадағы норма мен әрекетті қабылдайды.        

            Ойын арқылы баланың бойына адамгершілік қасиеттермен қатар білімге, өнерге құштарлығы қалыптасады. Тіпті нашар оқиды-ау деген оқушылардың өздері де ойын түрлері араласқан сабаққа зер салып, ынталана түседі.  Сабақта ойын түрлерін пайдалану оқушылардың ой-өрісін дамытуға әсер етеді.Тілдің дамуына да, ақыл-ой дамуына да әсер етеді, бала ойын үстінде заттар мен іс-әрекеттерді жалпылауды, сөздің жалпылама мағынасын қолдануды т.б. үйренеді.

    Ойын арқылы ұйымдастырылатын сабақ балаларға жеңіл әрі тартымды, түсінікті болады. Оқытудың түпкі мақсаты- оның сапалы болуы, яғни сабақтың түрлері мен әдістерін, мазмұнын жетілдіруге, оның әдіскерлік, танымдық, білімдік, тәрбиелік жағынан сапалық жаңа деңгейге көтеру.Ойын түрін оқу үдерісінде пысықтау, жаңа сабақты пайдалану тиімді.Ойын түрі сабақтың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса оның танымдық, тәрбиелік маңызы да арта түседі.Баланың әдепті, көрегенді, қайырымды болып өсуі қоршаған ортасына, үлкендерге байланысты екені мәлім. Ойын қызметінің тағы бір ерекшелігі- оның өз әрекеттік сипаты. Балалар ойын шығарушылар,ойынды жасаушылар болып табылады. Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін театр түрлерін қолдану арқылы дамыту. Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін театр түрлерін қолдану арқылы дамыту. Білім мен тәрбие бастауын балалар балабақшадан алады. Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында мектепке дейінгі тәрбие саласы мамандарының алдында жан - жақты дамыған, сауатты, саналы, өзіндік орыны бар үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін азаматты тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Бүлдіршіндердің білімді, білікті, саналы болуында ойынның алатын орны ерекше.

       Ойын - баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, танымдық қасиеттерін, зейінін, есте сақтау қабілетін, ауыз екі сөйлеу мәдениетін дамытады. Ойын - баланың өмірді танудағы алғашқы қадамы. Ойынның түрлері көп, қазақ тілін үйретуде театрландырылған ойындардың маңызы зор. Театрлық іс - әрекетте ертегілерді пайдалана отырып баланың ой - өрісін дамыту, сонымен бірге тыңдай білуге, есте сақтау, түсіну, рөлге бөліп, қазақша әдемі сөйлей білу мәнерін арттырамыз. Балаларға театр, әртістік өнер, сахналау, қойылым, сахна туралы түсінік беріп қызығушылығын оятамыз. Көріністерді өзара сөйлесу дағдыларын дамыта отырып, бүлдіршіндердің тілді меңгеруіне деген сүйіспеншілікті арттырамыз.

 

 Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

 

1.   Минайдарова М.И. Ойын арқылы балалардың танымдық-қызығушылығын арттырудың   тәрбиелілігі

2.     Қазақстан Республикасының 2015жылға  дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. –       Астана. 2003.

3.     Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. – Астана. 2011.

4.     Меңжанова А.Н. Мектеп жасына дейінгі педагогика Алматы 1992