Айдарбекова К.А., Малтабарова А.Е.

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

БАСТАУЫШ МЕКТЕПТІҢ ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕ

ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ

Қазіргі таңда білім беру жүйесінде өзекті мәселелерінің бірі — жеке тұлғаны тәрбиелеуде, жан-жақты дамытуда, білім беруде, ғылымның соңғы жетістіктерін қолданып, оқытудың жаңа технологияларын тиімді қолдана білу, шығармашылық жұмыстар істеуге қабілетті, дүниетанымдық көзқарасы кең, рухани бай азамат дайындау болып табылады. Нарықтық қатынастар орныға бастаған егеменді еліміздің ертеңі — жастардың білім тереңдігімен өлшенеді. Білімді, жан-жақты қабілетті ұрпақ - ұлтымыздың баға жетпес қазынасы.

Соңғы уақыттарда заман ағымына қарай, қоғамдық әлеуметтік-экономикалық даму қарқындылығына байланысты көптеген жаңа жоспарлар жасалуда. Қоғамның даму деңгейі мен әлеуметтік сұраным талаптарына үндес жүйеленген білім көлемі оқыту мен тәрбиелеудің басты ұстанымдарьна сәйкес іріктеліп, оны меңгеру үдерісі психологияның жаңа бағыттарын басшылыққа ала отырып ұйымдастырылған жағдайда көздеген мақсатқа қол жетісізетіні аян. «Адам ұрпағымен мың жасайды» - дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз - оқу. Қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет - оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру. Шәкәрім Құдайбердіұлы «Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым болатын адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек.

Ұрпақ тәрбиесі - бұл болашақ тірегі, мемлекеттік маңызды іс.     Міне, өз ұрпағының өнегелі, өнерлі, еңбексүйгіш, абзал азамат болып өсуі үшін халық педагогикасының негізгі мақсатын шығармашылықпен оқу - тәрбие үдерісіне тиімді пайдалану әрбір ұстаздың міндеті болып табылады. Сондықтан, ұстаз - мұғалімдер қауымының алдына өте үлкен міндет жүктелді. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі - жаңа технология негіздері болып табылады.

Қазіргі кезде білім беру саласында болып жатқан ауқымды өзгерістер түрлі ынталы бастамалар мен түрлендірулерге кеңінен жол ашылуда. Осы тұрғыдан алғанда, ұрпақ тәрбиесімен айналысатын әлеуметтік - педагогикалық қызметтің тиімділігін арттыру, оны жаңа сапада ұйымдастыру қажеттігі туындайды. Бұл үшін мұғалімдердің инновациялық іс - әрекеттің ғылыми - педагогикалық негіздерін меңгеруі мақсат етіледі. Ал жаңа технологияны пайдалану міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып мүмкіндік деңгейге жеткізеді. Сондықтан бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін көтеру мен шығармашылық, педагогикалық әрекетін ұйымдастыруда қазіргі педагогикалық технологияларды меңгерудің маңызы зор. Оқытудың жаңа технологиясы дегенде, ең алдымен, педагогикалық технология деген ұғымды түсіну керек. Оқыту, білім беру тәжірибесі педагогикалық үдерістің сапасын үнемі арттырып отыруды талап етеді. Осыған байланысты ғылым мен тәжірибеде педагогикалық үдерістің сапасын көтерудің бай тәжірибесі жинақталған.

Педагогикалық технологияның тиімділігі: оқушы өздігінен жұмыс істеуге мүмкіндік алады, соған дағдыланады; оқушының жеке қабілеті анықталады; іштей бір - бірінен қалмауға тырысып, талпынады; тапсырмалық күрделену деңгейіне сәйкес оқушының ойлау, орындау қабілеті артады; өзін - өзі тексеруге дағдыланады; мұғалім жекелеген оқушыларға көмектесуге мүмкіндік алады; орындау қабілетіне қарай бағаланады.

Бастауыш білімүздіксіз білім берудің баспалдағы. Мұғалімнің негізгі ұстанған мақсаты - білімнің жаңа үлгісін жасап, белгілі бір көлемдегі білім мен білік дағдыларын меңгерту, оқу мен тәрбие үдерісін ұйымдастырудың сан түрлі жаңа әдіс - тәсілдерін іздестіру, жаңа технологияларды сабаққа тиімді пайдалана білуі, бір сөзбен айтқанда - оқу үдерісін дамыту.

Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары: балаға ізгілік тұрғысынан қарау; оқыту мен тәрбиенің бірлігі; баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту; баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту; баланың танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту; әр оқушының дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу; оқу үдерісін оқушының сезіну.

Жаңа технологияны жүзеге асыру, тиімділігіне қарай пайдалану үшін, әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогикалық мақсат - мүддесіне байланысты, өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алады.

Оқушы тұлғасының дамуына, қабілетінің артуына жаңа технологиялар айтарлықтай ықпал жасайтыны сөзсіз және бұл қазіргі таңдағы білім беру жүйесінің дамуындағы елеулі бағыт. Сондықтан да болар қазіргі кезде біздің ұстаздар да осы жаңа технологиялар элементтерін өздерінің тәжірибелерінде пайдаланып жүр.

Сабақ барысында жаңа технология арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырып, шығармашылыққа баулуға көп көңіл бөлемін. Оқушыларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту-бүгінгі күннің басты талабы. Осы талап тұрғысынан алғанда оқутәрбие үдерісін ұйымдастырудың сан түрлі әдіс-тәсілдерін іздестіру жаңа технологияларды тиімді пайдаланудың маңызы ерекше.

Қандай технологияны пайдаланған кезде де оқушының белсенділігі, мақсатқа ұмтылуы, ақпаратты өзі іздеп табуы, шапшағаңдығы мен еркіндігі, шығармашылдығы, көңіл-күйінің көтеріңкі болуы қамтамасыз етіледі.  Қорыта келгенде,  қазіргі кезде мектептерде жиі қолданылып отырған жаңа технологиялар  ойлауды дамыту,  қабілетті қалыптастыруға бағытталған әдіс-тәсілдер.   Оқушыларымның сабаққа деген қызығушылықтары артып, сыныптың білім сапасы көтерілді. Егер де жаңа технология элементтерің сабақта өз дәрежесінде ұйымдастыра білсек, өз нәтижесін береді.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. М.Валиева «Жаңа педагогикалық технологиялар» Əдістемелік нұсқау, 2002 жыл

2. Ізденіс және даму перспективалары. Әдістемелік оқу құралы. Алматы, 2016 жыл.