Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ

                                     Шетел тілі факультетінің студенті Абуова Гүлнар

                                          Қазақ тілінің практикалық курсы кафедрасының

                                                                            доценті., ф.ғ.к. М.Қ. Жүнісова

 

АҒЫЛШЫН ТІЛІН ҮЙРЕТУ БАРЫСЫНДА АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛДЕРІНДЕГІ ШАҚ ТҮРЛЕРІН САЛЫСТЫРА ОҚЫТУ

 

Қазіргі кезде төл тіліміз бен ағылшын тілінің грамматика саласындағы көптеген мәселелер әлі де зерттеуді қажет етеді. Әсіресе, ұлттық аудиториямызда шетел тілінің грамматикасын үйретудегі қиыншылықтар толық шешімін таппаған. Етістіктің грамматикалық формаларындағы шақ мәселесі төңірегінде зерттеу жүргізу – лингвистика ғылымына кейбір өзекті мәселелерді, шақ формаларының мәтіндегі қызмет аясын, тіл білімінде, аударма теориясында кейбір шешілмеген тұстарды ашуға көмектеседі. Етістіктің шақ формалары ағылшын тілінде қалай берілген, екі тілдегі шақ формалары арасында белгілі ұқсастықтар мен айырмашылықтарды ескере отырып, аударма барысында байқалатын негізгі тұстарын, қандай тәсілдер арқылы аударылуын білу және олардың берілу жолдарын, қазақ және ағылшын тілдеріндегі күрделі сөз табы – етістіктің шақ категориясының берілу жолдарын жан-жақты қарастыру – зерттеу еңбегіміздің негізгі мақсаты болып табылады.

Ағылшын тілі мен қазақ тілі генетикалық жағынан да бөлек топтарға, яғни, ағылшын тілі үнді еуропа тілдері отбасына, қазақ тілі алтай тілдері отбасына жатады. Типологиялық жағынан, яғни туыстық жақындығына емес, грамматикалық құрылысына қарап топтастыру нәтижесінде ағылшын тілі аналитикалық тілдерге, қазақ тілі жалғамалы (агглюнативтік) тілдерге жатады. Аналитикалық тіл негізінен көмекші сөздерге сүйенеді, немесе сөз түрлендірушілерді қабылдауға бейім емес (ағылшын тілінде көмекші сөздер өте көп және екі септік бар). Агглютинативті тілдерде жұрнақтар мен жалғаулар кең таралған және олар түбірге бірінен соң бірі үстемеленіп жалғана береді де, соның арқасында сөз ұзара түседі. Бұл қосымшалар бір мағыналы болады, ал түбір өз тәуелсіздігін сақтайды, өзгермейді (көше-көшелер-көшелерге-көшелерімізге). Сондықтан, бұл екі тіл арасында ұқсастықтарынан гөрі ерекшеліктері көп. Алайда, бұл екі тіл арасында мүлде ұқсастық жоқ деп те айта алмаймыз. Ағылшын тілінің грамматикасын меңгеруге ана тілінің тигізетін тиімді ықпалын анықтау үшін екі тілдің грамматикалық жүйелерін салыстыра отырып, олардың арасындағы ұқсастықтар мен ерекшеліктерді анықтап алуымыз қажет. Соның ішінде, ағылшын тілі етістіктерінің шақ формалары мен олардың қазақ тіліндегі баламаларына көңіл бөлінуі керек [1, 7].

Мұнда шет тілін жаңадан бастап үйренуге арналған оқу құралының сипаты қандай болуы керек деген мәселе туындайды. Сонымен бірге екі тілдің грамматикасын үйлестіре оқыту мәселесі де алғаш рет Ы.Алтынсарин заманында қолға алынған екен. Бұл кезде шет тілінде дұрыс жазуға үйрету, тіл ұстарту мәселелері көтерілді. Ы.Алтынсариннің оқу құралы тіл үйренудің лингвистикалық негізі тілдің парадигмалық, лексикалық-семантикалық жүйесіне негізделуі керек деген қортындыға әкеледі.

Ғалымдар шетел тілін оқыту барысында ана тілінің тигізетін тиімді, тиімсіз ықпалын ескергенде ғана тіл үйрену жолында жақсы нәтижелерге (танушылық және дамытушылық мақсаттарға) жетуге болатынын көрсетеді. Өйткені, баланың ана тілі шетел тілін меңгеруге елеулі ықпал етеді. Сондықтан шетел тілін ана тілі негізінде салыстыра оқудың маңызы өте зор.

Ана тілі – баланың қоршаған ортаға бейімделуімен қатар ерте жасында қалыптасқан алғашқы қарым-қатынас құралының бірі. Шетел тілі - өмір қажеттілігінен туындаған қосымша құрал. Шетел тілін үйрену мектеп жасынан, яғни негізгі қатынас құралы – ана тілін меңгерген кезден басталады. Ана тілі табиғи бай тілдік ортада қалыптасатындықтан, оны бала еш қиындықсыз меңгереді. Шетел тілін үйрену оқу барысында жүреді. Сондықтан шетел тілінің грамматикасын үйренерде теорияға көп көңіл бөліп, оны ана тілімен салыстыра үйрену керек [2, 325].

Бұл көзқарасты көптеген зерттеушілер (Р.К.Миньяр-Белоречев, Э.Г.Вольтер, Д.Аткинсон, С.Крашен, Л.Продромоу, т.б.) ұстанады. Л.Продромоу өз жұмысында ана тілінің рөлі жөнінде:

«Шетел тілі сабағында ана тілі бұл:

1.ем, дәрі (әрине, пайдалы, бірақ кейбір зиянды жақтары да бар);

2.білім алатын құдық;

3.оқытуда кесел келтіретін жар;

4.кең дүниеге терезе (оқушылардың алған тәжірибелерін, дүние жүзін және мәдениетін көруге мүмкіндік береді);

5.балдақ (ол алға жүруге көмектеседі, сонымен қатар дәрменсіздікті көрсетеді) [3, 109].

Барлық әлем тілдерінде шақ категориясы бар. Етістіктің шақ категориясы – іс-әрекет, жай-күйдің болу мезгілі мен сөйлеп тұрған уақыт арасындағы қарым-қатынасты білдіретін грамматикалық категория. Яғни, етістіктің шақ категориясы қимыл, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәтпен байланысты болып өткендігін немесе болып жатқанын, не әлі болмағанын, бірақ болатынын білдіріп, әр түрлі жолдармен жасалады. Әр түрлі лингвисттер ағылшын тіліндегі шақ жүйесін сегіз, жеті, алты, төрт және екі шақтық жүйеге бөледі. Ағылшын тілінің шақ жүйесіндегі көзқарастардың бұндай әртүрлілігі негізінен, ғалымдар арасындағы осы жүйе жайында бір шешімге келе алмаушылықтан болады.

Ең алдымен шақ (tense) сөзіне түсінік беріп көрейік. “Tense” латын тілінен аударғанда “tempus”, яғни уақыт деген мағынаны білдіреді [4, 34].

Шақ – іс-қимылдың, жай-күйдің орындалу мезгілі мен сөйлеп тұрған уақыт арасындағы қарым- қатынасты білдіретін грамматикалық категория.

Шақ категориясы сөйлеп тұрған сәтпен байланысты қимылдың өту мерзімін, кезін білдіреді, бірақ ол мерзімдік мән жеке сөздер арқылы емес, грамматикалық жолдармен беріледі. Ағылшын тілінде шақтар үлкен үш топқа бөлінеді: Present Tenses, Past Tenses және Future Tenses. Қазақ тілінде де шақтың үш түрі бар екені белгілі. Осы шақ, өткен шақ және келер шақ. Бұл шақтар мағынасы мен жасалуына қарай өз ішінде бірнеше топтарға бөлінеді [5, 3].

Ағылшын тілінде

Қазақ тілінде

Present

Simple (Indefinite)

Осы

Нақ осы шақ

Continuous (Progressive)

Perfect

Ауыспалы осы шақ

Perfect Continuous (Progressive)

Past

Simple (Indefinite)

Өткен

Жедел өткен шақ

Continuous (Progressive)

Бұрынғы өткен шақ

Perfect

Ауыспалы өткен шақ

Perfect Continuous (Progressive)

Future

Simple (Indefinite)

Келер

Болжалды келер шақ

Continuous (Progressive)

Мақсатты келер шақ

Perfect

Ауыспалы келер шақ

Perfect Continuous (Progressive)

Сенімді келер шақ

 

Шақтарды үйрену барысында қазақ тілі сабағында өтілетін етістіктің шақтарымен салыстыра үйренген жөн. The Present Simple (Indefinite) Tense-ті қазақ тіліндегі ауыспалы осы шақпен салыстырған тиімді. Ауыспалы осы шақ -а, -е, -й көсемше тұлғалы етістіктің жіктелуі арқылы жасалады: барамын, айтады т.с.с. Оны кейбіреулер ауыспалы осы шақ деп берсе, енді бірі, жалпы осы шақ деп береді. Мысалы: құс ұшады, әнші ән салады. Ауыспалы осы шақ қазақ тілінде қимыл, іс-әрекеттің дағдылы қалыпта болып тұруын білдіреді. Ағылшын тілінде The Present Simple (Indefinite) Tense describe:

1. Habitual actions. I usually get up at 7.30. Мен сағат 7.30-да тұрамын.

2. Actions and situations which are generally or usually true. We like ice-cream. Біз балмұздақты жақсы көреміз.

3. Facts that are always true. The sun rises in the east. Күн шығыстан көтеріледі.

The Present Continuous (Progressive) Tense-ті қазақ тіліндегі нақ осы шақпен салыстыруға болады. Нақ осы шақ – қалып етістіктің тікелей жіктелуі арқылы не көсемшенің -ып, -іп, -п, -а, -е, -й тұлғасындағы негізгі етістікке осы қалып етістіктің тіркесіп келуі арқылы жасалады. Нақ осы шақ қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәтте істеліп, болып жатқанын білдіреді. The Present Continuous (Progressive) Tense describes:

1. Actions in progress at the present moment. Sorry, I can’t to speak to you, I’m washing my hair. Кешіріңіз, мен сізбен қазір сөйлесе алмаймын, мен басымды жуып жатырмын.

2. Actions happening ‘around now’, but not at the moment of speaking. I’m reading The Lord of the Rings. Мен Сақиналар Әміршісін оқып жатырмын.

Ал The Present Perfect Tense-ті қазақ тіліндегі жедел өткен шақпен салыстырсақ болады. Қазақ тілінде жедел өткен шақ -ды, -ді, -ты, -ті жұрнақтары арқылы жасалып, іс-әрекеттің жуық арада ғана болып өткенін, аяқталғанын көрсетеді. The Present Perfect Tense is used to denote past events which are connected to the present. I’ve hurt my foot. Мен аяғымды ауыртып алдым.

The Past Perfect Tense-ті қазақ тіліндегі бұрынғы өткен шақпен салыстыруға болады. Бұрынғы өткен шақ іс-әрекеттің сөз болып отырған уақыттан бұрын іске асқанын білдіріп, айғақты түрі есімшенің -ған, -ген, айғақсыз түрі көсемшенің -п, -ып, -іп тұлғаларындағы етістіктің тікелей жіктелуі арқылы жасалады. Мысалы: барған, айтқан, барыпты. The Past Perfect Tense is used for the earlier event. When we arrived at Sue’s house, she has left. Біз Сюдің үйіне келгенде, ол кетіп қалған екен.

Ауыспалы өткен шақ есімшенің -атын, - етін, йтын, -йтін жұрнақтары арқылы жасалып, бірде қткен шақ, бірде кеер шақ мағынасында қолданылады. Сол себепті де, ауыспалы өткен шақ деп аталады. Мысалы: тыңдайтынбыз, көретінсіңдер. Ағылшын тіліндегі used to сөзімен салыстыруға болады. Used to is used to describe a habit or state in the past. I used to play tennis, but now I play football. Мен теннис ойнайтынмын, бірақ қазір футбол ойнаймын.

The Future Simple (Indefinite) Tense-ті қазақ тіліндегі ауыспалы келер шақпен түсіндіруге болады. Ауыспалы немесе жалпы (анық) келер шақ — етістік түбіріне көсемшенің -а, -е, -й қосымшалары жалғанып, жіктеліп жасалынады. Мысалы: барады, оқиды. The Future Simple (Indefinite) Tense is used to talk generally about future beliefs, opinions, hopes and predictions. There is usually a time expression. There won’t be any lessons tomorrow. Ертең сабақ болмайды.

Be going to do smth. құрылымын мақсатты немесе сенімді келер шақпен салыстыруға болады. Мақсатты келер шақ етістік түбірге -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек қосымшаларының жалғануы арқылы жасалады: жүрмек, айтпақпын. Сонымен бірге -ғалы, -гелі (отыр, жүр, жатыр) қосымшалары жалғанады. Be going to do smth. is used:

1. For plans and intentions. After I finish university I’m going to travel all over Europe. Университетті бітіргеннен кейін мен Еуропаға сaяхатқа шықпақпын.

2. For prediction when we can see in the present situation that something is going to happen. Look out! You’re going to drop the plates! Қара! Тәрелкелерді түсіргелі жатырсың [6, 20].

Л.Ляховицкий өзінің «Неміс тілін оқытудың негіздері» атты еңбегінде былай дейді: «Шетел тілін меңгеруде ана тілінің ерекшелігін білу оқушы үшін жаңа тілде кездесетін қиындықтарды түсіну үшін өте қажет. Тек қана ана тіліне сүйене отырып, кездесетін қиындықтарды түсінуге болады. Сабақ тек шетел тілінде ғана болса түсініксіз тілдік материалдардың саны көбейе түсіп, ол оқушының шетел тілін меңгеруге қызығушылығын төмендетеді.» Осылайша ана тілінің негізінде екінші бір тілді үйрену жүзеге асырылады. Ал ана тілі – басқа тілді үйренудің негізгі қайнар көзі [7, 8].

Қазіргі таңда ана тіліне сүйене отырып оқыту ұстанымы, ана тілі мен үйренетін тілдің ерекшеліктерін салыстыра оқыту кең қолдау табуда. Бұл ұстанымды жүзеге асыру үшін ана тілі мен шетел тілін әр түрлі деңгейде салыстыру және үйренетін тілдік материалды үйренушінің саналы түсінуі қажет. Мысалы, үйренушілердің шетел тілінің шақтық формаларын қолдануда көп қате жіберуі, көп жағдайда шақтық формалардың мағыналық айырмашылықтарын жете білмеуінен болады.

Салыстыра оқыту шетел тілін саналы түрде үйренуге мүмкіндік береді.

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

 

1.       Даулетьярова Д.Б. «Ағылшын тіліндегі етістіктің шақ формалары және олардың қазақ тіліне аударылу жолдары» // Мектептегі шет тілі. №3, 2010ж., 10-12бет.

2.       Жанпейісов Е. Қазақ грамматикасы. Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. // Астана, 2001 – 515-520 бет.

3.       Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктің шақ категориясы. Алматы,1953. 39-114-б.

4.       Рогова Г.В., Рабинович Ф.М., Сахарова Т.Е. Методика обучения иностранным языкам в средней школе. // М.: Просвещение, 1991 -74-75 бет.

5.       Сагитбаева Б. «Шақтарды меңгерту технологиясы». // Мектептегі шет тілі. №6, 2008ж., 9-10 бет.

6.       Michael Vince Intermediate Language Practice. English Grammar and Vocabulary.// Macmillan Publishers Limited 2010- pp.6-41.

7.       Мектептегі шет тілі «Шақтарды меңгерту технологиясы» 2008-1ОЗб.Мб