«Филологические науки»\2.Риторика и стилистика
Исаев С.І.
Л.Н.Гумилев
атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана,
Қазақстан
Аға
оқытушы, филология магистрі
Мұратов Н.И.
Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі, Тараз,
Қазақстан
Оқытушы, филология магистрі
Сленг пен жаргон ұғымдарының дефиниция мәселесі
Сленг
түсінігі қазіргі филология назарын өзіне көп аударуда.
Қазіргі кезде кейде бір-біріне қарама-қарсы келетін
сленгтің көптеген анықтамасы бар. Бұл даулар ең
алдымен «сленг» түсінігінің көлеміне қатысты: даулар
жалғасып жатыр, бір ғалымдар сленгті әдеби
эквиваленттің синонимі болып келетін көркем, ирониялық
сөздер десе, екінші ғалымдар стандартты емес лексикаға енгізу
керек деп есептейді. Жалпы Ғ.Қалиевтің «Тіл білімінің
түсіндірме сөздігінде: «Дефиниция (лат. defermino анықтаймын)
– белгілі бір термин не сөз арқылы бейтаныс басқа
терминнің (сөздің) мағынасын ашу; зерттеу объектісіне
мінездеме беру; пайымдау» делінген [1.440].
Көп
жағдайда «сленг» сөзін «жаргон» сөзіне синоним ретінде жиі қолданады.
Сондықтан,
алдымен сленгке анық анықтама беріп, оның жаргоннан айырмашылығын
ажыратып алу керек.
Бұл
мәселені этимологиядан бастаған жөн болар. Қазіргі
лингвистикада «сленг» сөзінің пайда болуына байланысты
көптеген күдіктер бар. Жалпы пікір бойынша, «сленг» сөзі
“sling” (лақтыру, сыпыру) сөзінен пайда болған, яғни
“to sling one’s jaw”, оның мағынасы «тіл тиетін немесе қорлау
сөздер айту» [2.25]. Тағы бір нұсқасы бойынша, «сленг»,
slanguage сөзінен шығады, алдындағы s әріпі thieves
сөзінің жоқ болуынан пайда болған, яғни
ұрылар тілінен (thieves’ language) шыққан делінеді.
Slang сөзі
ағылшын ауызекі тілінде қашан пайда болғаны белгісіз. Жазба
түрінде, алғаш рет, Англияда XVII ғасырда пайда болған.
Сол кезде «қорлау» деген мағына беретін. 1850 жылға
қарай, «заңсыз» лексика ретінде кеңінен қолдана
бастады. Сол уақытта, көбінесе қоғамның төменгі
қабатында қолданатын, сөздің синонимі slang – lingo
пайда болды.
«Сленг» концептісінің
көлемі туралы кеңінен пайда болған анықтамалар айтады:
мысалы, «цензуралы емес ауызекі тіл» сленг – дегеніміз ол «жай адамның
поэзиясы» және т.б. ғылыми тұрғыдан
қарағанда мұндай анықтаманың құны
жоқ екені түсінікті, бірақ олардан, сленг, жай, қарапайым
адамдардың тілі екені көрінеді.
Енді, біз нақтылы
түрде сленгтің кейбір ғылыми анықтамаларын
қарастырайық.
Орыс тіл білімінде
көбінесе В.А. Хомяковтың анықтамасы беріледі: «Сленг –
бұл белгілі уақытқа салыстырмалы тұрақты,
кеңінен қолданылатын стилистикалық төмендетілген,
лексикалық пласт, әдеби тілге кіретін, экспрессивті жай
сөздің компоненті, өзінің қайнар көзі,
әдеби стандартқа жақындау дәрежесі бойынша бір текті
емес» [3.58].
О.С. Ахмановтың «Лингвистикалық терминдер
сөздігінде» тіпті басқа түсініктеме
беріледі. [4]
Сленг - 1. Белгілі бір кәсіби
топтың жай сөйлеу түрі.
2. Кәсіби немесе әлеуметтік
топтың сөйлесу түрінің элементтері, осы адамдар тобына
қатысы жоқ адамдардың сөзіне немесе әдеби тілге
кіре, осы тілдерде ерекше экспрсссивті-эмоциональды реңкке,
(қызу-мәнерлік) бояуға ие болады.
Байқап отырғандай, бірінші
анықтамада сленг – бұл, терминологиялық мағынада
қолданатын,
терминдер емес, сөздер тізбегі, мысалы «дворник»
немесе автомобилшілер тіліндегі «запаска». Мұндай
сөздер ресми нұсқауға жарамсыз, бірақ
кәсіпкерлердің іскер әңгімесіне қолайлы болып
келеді.
Екінші жағдайда, тіпті басқа:
біздің
алдымызда, кәсіби саласындағы мағынасынан мүлдем басқа сөздер
және пайда болған. Бәлкім, мысал ретінде «шестерка» сөзін
алуға болады: ұрылар әлемінде бұл сөздің
бір мағынасы - «ұрыларға қызмет ететін адам».
Қазіргі орыс тілінің сөзінде «шестерка» -
жексұрын адамды белгілеу. О.С. Ахманов көрсеткен тағы бір
маңызды сапа: барлық осындай сөздер
өте экспрессивті реңкте болады.
1980 жылғы энциклопедиялық
сөздікте басқа шешім беріледі. Бұл
жерде де екі анықтама.
1. сленг - әдеби тілге
қарама-қарсы, кәсіби жекешеленген топтың сөзі.
2. әдеби тілдің нормасымен сәйкес
келмейтін, ауызекі тілдің түрі. Көріп тұрғандай,
бірінші жағдайда - кәсіби тілдің синонимі ретінде,
әдеби тілге анық қарама-қарсы тұр.
Түсініксіз жай, сленгтің бұл жерде терминологиядан
айырмашылығы неде және әдеби тілмен қандай қарым
қатынаста. Екіншісі нақты емес анықтама
болып табылады.
Бұл анықтамалардан, 1998 жылғы
Үлкен энциклопедиялық сөздіктің дефинициясы ерекшеленеді:
сленг - ол жаргон.
Байқап отырғандай, бұл жерде сленг тек
жаргонның синонимі ретінде берілген.
1985 жылғы «Лингвистикалық
терминдердің сөздігі» сленг, жаргон және
аргоның арасына теңдік белгісін қояды: Сленг - белгілі
кәсіп және әлеуметтік топтың өкілдері
қолданатын, сөздер жиынтығы. Жүзушілер сленгі,
суретшілер сленгі, арго, жаргон. [5]
Осындай «сленг» анықтамасының тұрақсыздығы И.Р.Гальперинге «сленг-тің»
бар болу
фактісін жоққа шығаруға себеп болды. Сондықтан, Н.Р. Гальперин «сленг» терминін тек ағылшын сөзі «жаргонның» синонимі
ретінде қабылдады [6.107].
Ағылшын
зерттеушілерінің көбісі slang сөзін
жаргон, арго
сөздерінің синонимі ретінде қабылдайды. Бұл белгілі сленг зерттеушісі
Эрика ІІартридж пікірі.
«Сленг» терминінің
дефинициясы бойынша анығырақ сленг сөздігінің авторы
Р.Спирс былай деген: «сленг» термині алғаш рет, кэнт (cant) сөзіне синоним ретінде, британдық қылмыс жаргоның
белгілеу үшін қолданатын. Жылдар бойында, «сленг» өз мағынасын кеңейтті және
қазіргі кезде өзіне жаргон, жай сөз, диалект және тіпті
вульгарлы сөздер сияқты әдеби емес лексиканы ендіреді.
Қорыта келе,
өзінің атағына қарамастан, қазіргі кезде
«сленгтің» нақты
анықтамасы жоқ, терминологиялық нақтылық
белгісіне ие емес. Бірақ, жоғарыда келтірілген пікірлер
нәтижесінде, сленгке ортақ қасиеттер, олар:
1. Сленг –
бұл әдеби лексика емес, яғни - қазіргі әдеби норма
талаптарына сәйкес
әдеби ағылшыннан (Standard English) тыс жатқан сөздер
2. Сленг бұл,
ауызекі тілде пайда болып, қолданатын лексика.
3. Сленг бұл эмоционалды
боялған лексика.
4. Қолдану
саласына байланысты, сленг екіге бөлуге болады: кең
қолданыстағы сленг (General Slang) және тap қолданылатын
сленг (Special Slang).
5. Сленгтің
көптеген сөздері, халықтың үлкен бөлігіне
түсініксіз болып келеді, өйткені олар ең алдымен
өзіндік айтулы формасымен байланысты. Сленг сөздерінің шетел жаргондары мен диалектіден
алынған сөздер екендігі, түсініксіздіктің бір себебі
болуы мүмкін.
6.
Сленг өзіне көптеген сөздерді енгізеді,
соның көмегімен адамдар
өзін белгілі әлеуметтік және кәсіптік
топтармен теңдестіре алады.
7. Сленг - бұл әдеби емес лексиканың
жарық, экспрессивті қабаты, ресми тілге қарама-қарсы
тұрған, тіл стилі. Сленг - бұл уақытпен бірге жүретін және
мемлекеттегі және қоғамдағы
барлық өзгерістерді сезінетін тірі, қозғалмалы тіл.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қалиев
Ғ. «Тіл білімінің түсіндірме сөздігі». 440б.
А., 2005
2. Спирс
Р. Сленг сөздігі. М., 2001
3. Хомяков
В.А. Нестандартная лексика в структуре английского языка национального периода.
Автореф. докт. Дис. ... канд. филол. наук. Л., 1980
4. Ахманова
О.С. Словарь лингвистических терминов. М.: Советская энциклопедия, 1966
5. Лингвистикалық
терминдердің сөздігі. 1985
6. Гальперин
И.Р. О термине «сленг»// Вопросы языкознания. №6. 1956. С.107-114.