ҮНДІСТАНДАҒЫ
БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕЛУІ
1Турар А.C., 2Пернекулова
М.М.
1, 2Әл-Фараби
атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы
қ.
1turar_aidana.95@mail.ru
Аннотация. Бүгінгі таңда кез келген мемлекет
мықты экономика мен сенімді банк жүйесін қажет ететіні сөзсіз.
Үндістан да солардың
қатарында, мемлекеттің қаржы нарығының негізгі
құраушы бөліктері келесідей: несие нарығы, ақша
нарығы, валюталық операциялар нарығы, капитал және
қаржы міндеттер нарығы. Әлемнің басқа банктерімен
тығыз интерграциялық қатынастағы үнді
банктері қазіргі уақытта бизнес талаптарының әртүрлі
қиындықтарына төтеп беруге бағытталған. Бірнеше онжылдықтар бойы үнді
үкіметі Үндістанның банк жүйесін дамыту және
жетілдіру мақсатында көптеген іс-шаралар қолдануда және
ауыз толтырып айтарлықтай қол жеткізген жетістіктерінің бірі тұтынушылар
санының артып келуі болып отыр. Қалыптасып құрылу
сатысында үнді банктері тек ірі мегаполистерге (Бангалор, Дели,
Калькутта, Хайдарабад, Мумбай және т.б.) қызмет көрсеткен
болса, қазірде үнді банктері Үндістандағы барлық
штаттарда бүкіл кеңселер желісін құрды және
ең шалғай аймақтарға да жетіп және де банк
жүйесінің Үндістанда кеңінен дамып
отырғандығының дәлелі ретінде соңғы жылдары
экономика үрдісінің табысты
дамуының негізгі себептерінің бірі болып табылатындығы
сөз етіледі.
Кілт
сөздер: Үндістан, банк
жүйесі, банктік қызмет, реформа, бизнес.
Үндістан елінде банк жүйесі XVIII-XIX ғасырларда
бүкіл Үндістанды билеген «Британ Ост Үнді Компаниясы» кезінде қалыптасқан. Ең
алғашқы банктер қатарына 1786 жылы құрылған
«Гиндукуш» және «Үндістанның Бас Банкісін» жатқызамыз,
алайда қазір аталған банктер жұмыс жасамайды. Кейіннен 1806
жылы Индостан және Бенгал Банктерінің негізі қаланды. XIX
ғасырдың I жартысында «Британ Ост Үнді Компаниясы» Калькутта
Банкісінің негізін салды, кейін 1809 жылы «Бенгал Банкі» атанды. 1840 жылы
Мумбайда «Бомбей Банкі», 1843 жылы Ченнайда «Мадрас Банкі» пайда болды [1, 109]. Міне, осы аталған үш банк сол
уақыттағы ең мықты банктер болып саналды және осы
жұмыс жасаған үш банк «Президиум Банктері» (Presidency Banks)
деп аталған банк ұйымын құрды. Бұл үш банк
1920 жылы қосылып «Император Банкі» атанып, мемлекеттегі ең
мықты коммерциялық банк болып есептелді. Бұл банк акционерлік
банк болды және оның акционерлері еуропалықтар болған
еді. Үндістанда банктерді тек
қана шетелдіктер негізін құрған десек
қателесеміз, 1865 жылы Уттар Прадеш штатында негізін үндістер
қалаған ең бірінші банк «Аллахабад Банкі»
құрылды. 1894 жылы Лахор қаласында (қазіргі
Пәкістан) Пэнджаб Нэшнл Банк (PNB) құрылды. Бұл банк
қазіргі күнге дейін жұмыс жасайды және
Үндістанның төрт алдыңғы қатарлы,
мықты банктерінің бірі. PNB Банкі әлем бойынша 80 миллион
клиенті бар, 6300-ден аса филиалдары банк [2, 36]. Штаб
пәтері Нью Дели қаласында орналасқан. PNB банкінің
қазірде Қазақстанда да филиалы бар. Аталған
банктің бас кеңсесі Алматы қаласында орналасқан.
«PNB-Қазақстан Банк» АҚ атауы 2016 жылы 9 мамырдан бастап
«Tengri Bank» АҚ деп өзгертілді. 1934 жылы Хилтон Юнг
британдық комиссиясының кеңесі бойынша Үнді
Үкіметі «Үндістанның Резерв Банкісін құру» туралы
заң қабылдайды. Осы заңның негізінде «Үндістан
Резерв Банкі» 1935 жылы 1-ші сәуірден бастап өз жұмысын
бастайды [3, 83]. Қазіргі таңда «Үндістан
Резерв Банкі» мемлекеттегі ақша
тұрақтылығын қамтамасыз ететін, банкноттарды
шығару, несие және валюта қаржы жүйесінің
жұмысын қадағалайтын жауапты орталық банк болып
табылады. Мамандардың пікірінше, XX ғасырдың 1-ші жартысында Үндістанда
банк жүйесінің даму ырғағы ақырын болды.
Коммерциялық банктердің жалпы саны бар болғаны 1100 болды
және олардың көбісінің капиталы өте аз
көрсеткішті көрсетті. Мамандардың айтуынша, халық сол
уақытта жинақтаушы банктерден гөрі пошталық аударым
жасау қызметін қауіпсіз деп таныды. Орын алған бұл
жағдай 1913-1948 жылдар аралығында елдегі банктердің
жұмыс жасауын біраз уақытқа тоқтатты. Осы қиын
жағдайдан шығуды ойлаған Үнді Билігі коммерциялық
банктердің қызмет етуін және қызметін оңтайландыру
үшін шаралар қолдануға мәжбүр болды. Осы
мақсатта «банктік компаниялардың және банктердің
қызметтерін реттеу» туралы заң қабылданады. Он алты жыл
өткен соң, осы нормативтік актілер 1965 жылы
қабылданған заңда өзгертіліп енгізілді. Сонымен
қатар, «Үндістан Резерв Банкі» орталық банк әкімшілігі
ретінде елдегі банк қызметін қадағалау туралы өкілеттіктерге
ие болды. XX ғасырдың 2-ші жартысында Үндістан мемлекетінде
де үнді банктерінде де үлкен өзгерістер орын алды [4]. 1947 жылы 15 тамыздаҮндістан өз
тәуелсіздігіне қол жеткізеді. Ал 1950 жылы 26 қаңтарда
Британ отаршылдығынан азат болып, Үндістан Конституциялық
Республика атанады. Тәуелсіздігін алғаннан кейін Үндістан
банк секторын реформалау мақсатында бірнеше маңызды қадамдар
жасайды. Бірінші кезекте, 1955 жылы «Император Банкін» мемлекет меншігіне айналдырды.
Банкті «Үндістан Мемлекеттік банкі» деп атап қайта
ұйымдастырды. Оның штаб пәтері Махараштра штатындағы,
Мумбай қаласында орналасқан [5].
Үндістан
Үкіметінің елдегі банк жүйесінің даму мақсатында
жасаған қадамдарын қорытындылап айтатын болсақ, келесі
тізім пайда болады:
1. 1949 жылы
банк қызметін реттеу туралы заң қабылданды;
2. 1955 жылы
Үндістан Мемлекеттік банкі мемлекет меншігіне алынды;
3. 1959 жылы
Үндістан Мемлекеттік банкінің еншілес ұйымдары мемлекет
меншігіне айналдырылды;
4. 1969 жылы
14 ірі коммерциялық банк мелекеттендірілді;
5. 1971 жылы
кредиттік кепілдік беру корпорациялары құрылды;
6. 1975 жылы
аймақтық ауыл банктері қаланды;
7. 1980 жылы
200 крор депозиті бар 7 банк мемлекет меншігіне айналдырылды. (крор= 10 миллион) [6].
Батыс
мамандарының пірінше, Үндістан қаржы жүйесі
соңғы бірнеше онжылдықта үлкен
тұрақтылықты көрсетуде. Бұл жүйе кез келген
дағдарыстан оңай шығуға мүмкіндік береді.
Үндістан банк жүйесі ішкі және сыртқы
экономикалық факторлар мәселелерін шешуге, сондай-ақ,
қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар
қажеттіліктерін қанағаттандыруға деген елеулі
көңіл бөлуде [7, 203].
«Tengri Bank» АҚ Қaзaқcтан
Республикаcындағы кoммeрциялық банктердің біpі. Нeгізгі
акционерлері: 1) Үндістанның «Punjab National Bank»
атты 6000-нан астам түрлi кeңсeлeрі aрқылы 87
миллион клиeнтке қызмeт көрсeтeтін мемлeкeт мeншігінe
айнaлғaн банкі (49% иeлeнeдi). Әлемдегі ең ірі деген
қалаларында филиалдар мен өкілдіктері бар. Бүгінгі
күні Үндістанның Punjab National Bank-і банктердің
арасында тұрaқты жәнe өз зaманына сaй бaнктің
дәстүрін сaқтaй кeлe қaуіпсіздiгі,
сенiмдiлiгi және бaнк ici бойынша мықтылaрдың бiрі болып
саналады. 2010 жылы Үндістанның Punjab National Bank-i
Қазaқстандық «Дaнабанк» АҚ-ның aкциялардың
бaқылау пaкeтiн сатып aлды, соның нәтижeсiнде бaнк атayы 2011
жылдың тамызындa «Punjab National Bank» – Қазақстан» Eншілec бaнкі» Aкционерлік
қоғамы болып өзгертілді. 2016 жылдың 9 наурыз
күні «PNB Қазақстан Банкі» АҚ, банктің жаңа
даму стратегиясына байланысты атауын «Tengri Bank» АҚ етіп өзгертті. Қазіргі
таңдағы «Tengri Bank»
АҚ-ның Басқарма Төрағасының Орынбасары
Динеш Кумардан сұқбат алынып, төменде Үндістанның
банктік жүйесі және банк ісі жайында айтқан пікірі беріледі:«Banking
in India has been in existence for more than a century. It was a traditional
banking system till the 1990. However, after initiation of globalization, the
banking sector in India has undergone a revolutionary change. In order to be in
sync with rest of the world, the banking sector has adopted all modern global
policies and techniques. Banking in India is based on strong fundamentals and
thorough systems and procedures.India has adopted different Basel norms from
time to time for maintenance of capital adequacy by banks and also for asset
classification and provisioning. Indian Banking system is based on latest
technology as stress is more on alternate delivery channels. There is a
conscious shift from brick and mortar banking to online banking. Іnternet
Banking and Mobile banking are being used extensively. In order to achieve the
goal of financial inclusion, business correspondent model is being adopted to
reach each and every citizen. There has been massive expansion in banking in
India during the last two decades.Banks in India are presently following GAPP
system of accounting. However, they are now moving towards full implementation
of IFRS system of accounting by 31.03.2017. Banking in India is on strong
footing as proper system of monitoring is implemented by the Reserve Bank of
India. Banks have to maintain the statutory requirements of Statutory Liquidity
Ratio and Cash Reserve Ratio and they are fundamentally strong. Banks in India
are fully geared up to meet the various challenges of the modern day business
requirements. They have strong integration with the banking in rest of the
world.»Scheduled Commercial Banks in India are categorized into five different
groups according to their ownership and/or nature of operation: State Bank of India and its Associates, Nationalized Banks, Private Sector Banks, Foreign Banks, Regional
Rural Banks.
With
the upgradation of technology impact of Hindi and other regional languages is
increasing. Use of Hindi in Public Sector Banks is governed by the Official
Languages Act (OLA), 1963 (as amended in 1967) and the Official Language Rules
(OLR), 1976 (framed under the Act by the Ministry of Home Affairs, Department
of Official language (DOL), Government of India (GOI). The uses of Hindi are
increasing in Banking Sector and Government of India support and appreciate
using of Hindi languages on all levels. Reserve Bank of India organizes Rajbhasha Shield competition (National Language) every year
for promoting use of Hindi in Nationalized Banks and Financial
Institutions.
«Банк ісі Үндістанда бір ғасырдан астам
өмір сүруде. 1990 жылға дейін Үндістан банк
жүйесі дәстүрлі болған, алайда жаһанданудан
кейін, Үндістан банк секторы революциялық өзгеріске
ұшырады. Басқа әлеммен Үндістан байланыста болу
үшін, оның банк секторы заманауи жаһандық саясат пен
техниканы қабылдады. Үндістан банк ісі мықты негіздерімен,
әрі жоғары деңгейдегі жүйелеріне негізделген.
Үндістан банк жүйесі соңғы технологияларға
негізделген. Атап айтсақ интернет-банкинг, мобильді банкинг.
Бүгінгі таңда бұл қызметтердің қолданылу
аясы өте кең. Қаржылық интерграцияға жету
мақсатында Үндістан әрбір азаматқа бизнес тілін
үйретуді жолға қойып отыр. Соңғы екі
онжылдықта банк жүйесі біраз кеңейді. Бүгінде банктік
іс GAPP жүйесін қолдануда. Алайда, олар қазір 31.03.2017
жылға дейін есепке ХҚЕС жүйесін толық жүзеге
асыру бағытында әрекет жасауда. Мониторинг «Үндістан
Резервтік Банкі» арқылы жүзеге асырылады. Банктер Нормативтік
өтімділік коэффициентін және қолма-қол ақша
резервтік жарғылық талаптарын сақтауға тиіс және
олар түбегейлі орындалуда. Үндістанда Банктер қазіргі
күні бизнес талаптарының әртүрлі
қиындықтарына төтеп беруге бағытталған. Олар
әлемнің басқа банктерімен тығыз интеграциялық
қатынаста. Үндістандағы коммерциялық банктер келесі 5
категорияға жіктеледі: Мемлекеттік Үндістан Банкі және
оның қауымдастықтары; Мемлекет меншігіндегі банктер; Жеке
меншік сектордағы банктер; Шет ел банктері; Аймақтық
Ауылдық Банктер».
«Tengri Bank» АҚ-ның
Басқарма Төрағасының Орынбасары Динеш Кумар хинди
тілінің қолданысы жайында былай дейді: «Технологияның
әсер етуінен хинди тілі және басқа да аймақтық
тілдер модернизацияланып келеді. Хинди тілін қоғамдық банк
секторларында пайдалану туралы заңдар 1963 жылы Ресми Тілдер Пактісінде,
Ресми Тілдер Ережесінде және 1976 жылы Үндістан Үкіметі
Құжатында шығарылған. Қазіргі таңда
банктерде банктік қызметтерді хинди тілінде қызмет көрсетеді.
Банктік секторларда хинди тілін барлық деңгейде қолдануды
Үндістан Үкіметі қолдайды және бағалайды.
Әр жыл сайын Үндістан Резерв Банкі «Раджбхаша Ревард» атты конкурс
ұйымдастырады. Бұл конкурстың мақсаты: хинди
тілінің қолданысының ынтасын арттыру.
Тұжырымдай
келе, біз Үндістан елінде банк
жүйесі XVIII-XIX ғасырларда бүкіл Үндістанды билеген
«Британ Ост Үнді Компаниясы»
кезінде қалыптасқанын білдік. Үндістанда банк
жүйесі пайда болғаннан бері көптеген даму үрдісін
басынан кешкен. Үндістанның қаржы нарығының
негізгі құраушы бөліктері мыналар: несие нарығы,
ақша нарығы, валюталық операциялар нарығы, капитал
және қаржы міндеттер нарығы. Бірнеше онжылдықтар бойы
үнді билігі Үндістаннің банк жүйесін дамыту және
жетілдіру мақсатында көптеген іс-әрекеттер жасауда. Бұл
мемлекет осы кезде ауыз толтырып айтарлықтай жетістерге жетті.
Үндістан банк жүйесінің негізгі жетістіктерінің бірі – өздерінің клиенттерінің санының кең
қамтуында. Өзінің құрылу сатысында үнді
банктері тек ірі мегаполистерге (Бангалор, Дели, Калькутта, Хайдарабад, Мумбай
және т.б.) қызмет жасаған болса, қазірде үнді
банктері Үндістандағы барлық штаттарда бүкіл
кеңселер желісін құрды, және ең шалғай
аймақтарға да жетіп, қызмет көрсетіп жатыр
Сарапшылардың пікірінше, бұл факт соңғы жылдары
Үндістанның экономикасының процесінің табысты дамуы
үшін негізгі себептерінің бірі болып табылады. Қазіргі Үндістан банк ісі мықты негіздерімен,
әрі жоғары деңгейдегі жүйелеріне негізделген.
Үндістан банк жүйесі соңғы технологияларға
негізделген. Бұл елдің банк саласы басқа елдердің банк
жүйелерінен ешбір кемшілігі жоқ деп сеніммен айта аламыз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Синха Н. К., Банерджи А. Ч. История Индии. – М.: Изд. иностранной литературы, 1954. – 394 с.
2. Антонова К. А., Бонгард – Левин Г. М., Котовский Г. Г. История Индии (краткий
очерк). – М.: Мысль, 1973. – 426 с.
3. Чарльз Дж.Вулфел Индия. Энциклопедия банковского дела и финансов.
/ Пер. М.Федоров, 2000. – 306 с.
6. Галищева Н. Всеобщая кредитная обязанность // Журнал
международный бизнес. – 2010. – №12.
7. Абрамян Р. Армянские
источники XVIII в.
об Индии. - Ереван, 1968. – 524 с.