Филологические науки/Актуальные проблемы перевода

 

М.г.н. преподавательТореханова Р.А.

М.и.н. старший преподаватель Тойшубекова Ж.К.

Казахский Государственный Женский педагогический университет, Казахстан

Көркем аударма және оның маңызы

Аннотация: Бұл мақалада қазіргі көркем аударманың маңызы мен ерекшеліктері көрсетілген. Аударматану ғылымында көркем аударманың алатын орны ерекше, себебі бұл аударма түрі тілі бір елге ғана тән құрылымдық ерекшеліктерге ие, салт-дәстүр және әдет-ғұрып секілді формаларға негізделген ақпаратты қамтиды. Сапалы көркем аударма арқылы ғана біз әлемдік мәдениеттің алып ақын- жазушылар еңбектерімен таныса аламыз.

Кілт сөздер: көркем аударма, тіл аралық коммуникация, сөйлеу қызметі, лингвистика.

 

Көркем аударма ұғымын зерттеу ең алдымен аударма ұғымын зерттеуді қажет етеді. «Аударма дегеніміз не?» Бұл сұрақтың жауабы біркелкі бола алмайды. Сондықтан оның әлеуметттік табиғаты және әлеуметтік болмысымен танысудан бастаймыз. Аударма қоғамнан тыс пайда болып қызмет ете алмайды.

«Аудармаға өлеңдер, көркем проза, ғылымның әр түрлді салаларынан  ғылыми-танымал кітаптар, дипломатикалық құжаттар, іс-қағаздар, газет материалдары жатады» [1,13-б].

Аударма-әрбір мемлекетпен оның халқының рухани мәдениетінің бөлінбейтін бөлігі. Аударманы ғылыми термин арқылы анықтауға болмайды. Ең алдымен тілдік жағынан қарастырып оның лингвистикалық негіздерін, лингвистикалық табиғатын ашу қажет, себебі ол тілдік қызмет атқарады. Аударма тілге негізделеді, аудармашы тілмен жұмыс істейді. Аударма түпнұсқаның бейнесі. Бұл бейне дұрыс әрі толық болған сайын аударманың да сапасы арта түседі.

Аударма жөнінде А.Попович былай деген «аударма арқылы тек түппнұсқаны қайта жасап, оның формасы мен мазмұнын «көшірмей», басқа мәдениет, қоғам және дәуірдің жағдайында өмір сүріп жатқан басқа оқырманға басқа тіл арқылы ақпаратты жеткізу қажет. Аударманың психологиясы ашылмаса ол түсінікті бола алмайды» [1,15-б].

Аударма - қиын әрі нәтижелі шығармашылық үрдіс. Онда адамның барлық:интеллект, интуиция, эмоция, ес, ерік қиял секілді рухани қабілеттері жұмыс атқарады. Аударма адамның белгілі бір тарихи кезеңінде пайда болады және қоғамдық, мәдени және басқа да үрдістердің дамуымен бірдей дамиды.

Аудармаға қатысты айтылған ең көп анықтамаларды қарастырайық:

1.К.Миньяр-Белоручевтың айтуынша: «аударма–сөйлеу қызметінің түрі, оның мақсаты алушы мен дереккөз қолданатын кодтар сәйкес келмегенде хабар тарату болып табылады» [2,21].

2. А.В.Фёдоров аударма деп «бір тіл арқылы оған дейін айтылған ақпаратты басқа тілдің құралдары арқылы беру үрдісін айтады. Аударманың мақсаты-түпнұсқаның тілін білмейтін оқырманды аударылған мәтінмен жақынырақ таныстыру» [3,147-б].

3. Е.В. Бреус «аударма– тіларалық коммуникацияның акті. Аудармада тек тілдердің рухы ғана емес екі мәдениет жанасады» деген пікір айтқан [4,27-б].

4.Аударманың төрт лингвистикалық теориясын көрсетіп  яғни аудармаға  төрт түрлі анықтама беріліп отыр. Денотативті теорияға сәйкес  аударма «түпнұсқа тілінде жазылғанды денотаттарды аудару арқылы сипаттау». Трансформациялық теорияға сәйкес «аударма- түпнұсқа  тілінің бірліктері мен құрылымының аударылатын тілдің біріктері мен құрлымына айналуын айтады». Семантикалық теорияға сәйкес аударма «аударма мен түпнұсқа мазмұны  арасындағы баламалық қарым-қатынастың болмысын ашу болып табылады». Эквиваленттілік деңгейінің теориясына сәйкес аударма сөйлемдерге негізделген, аударма мен түпнұсқа арасындағы  баламалылықтың қарым-қатынасы мәтін мазмұнының  біріңғайлығына қарай орнатылады [5,34-53-бб].

5.Л.С. Бархударов: «аударма деп бір тілдегі сөйлеу туындысының мағыналық жағын сақтап  басқа тілдегі сөйлеу туындысына айналуын айтамыз» [1,58-б].

Әр кәсіби саланың өзіне ғана тән ерекшеліктері болады,сол сияқты аударма да әр түрлі салада әр қилы сипатқа ие болады. Алайда осы әртүрлілікке қарамастан осы мәтіндерде баріне ортақ сипаттарды анықтап оларды жіктеуге болады. Мәтіннің негізгі қызметтеріне сәйкес аударманың келесідей түрлері бөлінеді: көркем аударма, ғылыми аударма, діни  шығармаларды аудару, ақпараттық аударма және т.б. Бұл зерттеу жұмысында бізді қызықтыратын аударма түрі – көркем аударма болып табылады.

Көркем аударма-әдеби шығармашылықтың бір түрі,бір тілде бар шығарманың басқа тілді қайта жаңғырылуын айтамыз. Әдебиет-тілдік шекарасы  өнердің бар жалғыз түрі болып табылады. Көркем аударма тілмен коммуникативті тұрғыда байланысып қана қоймай, сөз мұнда әдебиеттің «алғашқы элементі» рөлін яғни эстетикалық қызмет атқарады. Көркем аударманың ерекшелігі оның аударма нысанына тәуелділігі болып табылады.

Литература :

1 Попович, А. Проблемы художественного перевода. – М.: Высш. школа, 1980. – 199 с

2 Миньяр-Белоручев Р.К. Теория и методы перевода – М.: Московский лицей, - 1996. – с. 201

3 Федоров А.В. Основы общей теории перевода (лингвистические проблемы): Для ин-тов и фак. иностр. яз. Учебное пособие – М.: Высшая школа. 1983. – 303с.

4 Бреус Е.В. Основы теории и практики перевода с русского языка на английский: Учебное пособие. 2-е изд., испр. и доп.-М.: Изд-во УРАО, 2000. – 208с.

5 Комиссаров В.Н. Лингвистика перевода – М.: Международные отношения – 1980 – 167с.