Муратканова Жансая, Арыкпи Гулим, Ниязова Асем

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты

Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 2 курс студенттері

Ғылыми жетекшісі: Қанапина Сәуле Ғалымбекқызы

Филология ғылымдарының кандидаты, доцент

АМА қауымдастырылған профессоры

Қазақстан Республикасы

 

Жазушы Ә.Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» атты шығармасында көрініс тапқан мақал-мәтелдердің қолданысы

 

Қазақтың белгілі паремиолог ғалымы Ә.Қайдар мақал-мәтелдерді зерттеп, «Халық даналығы» атты еңбегін басып шығарды. Ғалым Ә.Қайдар мақал-мәтелдер туралы былай дейді: «Қазақ мақал-мәтелдерінің  халықтың өткен өмірі мен бүгінгі болмысын танып білуде дүниетанымдық, логикалық, этнолингвистикалық жағынан мәні өте зор. Себебі, дүниеде, қоғамда, табиғатта қалыптасқан құбылыстардың бәріне мақал-мәтелдердің қатысы бар. Дүние болмысының өзінде о бастан-ақ қалыптасқан табиғи реттілік бар. Ол реттілік барша заттар мен құбылыстарды үлкен үш салаға топтастырып, ішкі жүйесі мен мағынасына қарай шоғырландырып қарағанда ғана көрінеді. Қазақ  тілінде ғасырлар бойы қалыптасып,қауым жадында сақталып, ұрпақтан ұрпаққа рухани мұра болып келе жатқан мыңдаған мақал- мәтелдерді даналыққа балап және оларды халық бойындағы асыл қасиетке теңеп, «Халық даналығы» деп атап отырмыз» - деген. [1, 142-бет]

Ғалым аталған еңбегінде мақал-мәтелдердің пайда болып, қалыптасуы ішкі және сыртқы факторға байланысты болады деп тұжырым жасаған. Ішкі фактор әрбір этникалық қауымның халық болып қалыптасуының ұзақ тарихи процесіне, өзіндік дүние танымына байланысты. Ал, сыртқы фактор сол этникалық қауымның бір табиғи ортада, басқа халықтар мен араласуынан, бір-біріне тигізген мәдени әсеріне байланысты деп көрсеткен. Сонымен қатар, мақал мен мәтелдің ұқсастықтарын және айырмашылықтарын көрсеткен.

Мақал:

- әдетте жалпылама мағынаны білдіреді;

- болатын, болған болып жатқан құбылыс өзгеру, даму, себептерін, одан шығатын нәтижені білдіреді;

Ал, мәтел:

- жеке мағынасы астарлап айтылған ауыспалы, идиомалық мағыналары негізінде қалыптасады;

 - белгілі бір жағдаятқа байланысты іске асқан не асуға тісті құбылыстың, тек өзіне ғана тән  мағынасын білдіруге бейімделеді;

- нәтижесін баяндамайды.

Екеуінің ұқсастықтары: екеуіде даналық сөз және «Аталар сөзі» деген ұғымнан шыққан.

            Ә.Қайдар «Халық даналығы» еңбегінде қазақ мақал-мәтелдерін тілдік табиғатына байланысты іштей 2 топқа бөлген.

 

 


          Прозалық (қара сөз)                 Поэтикалық (өлең сөз)

 

Ал, Ғабдолла Қалиев пен Әсет Болғанбаевтың 2006 жылы жарық көрген «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы» атты еңбегінде: «Мақал дегеніміз – халықтың ғасырлар бойғы дүниетанымы, тәжірибесі жинақталып берілген, мазмұны жағынан ғибрат, өсиет сияқты, ізгі қасиеттерді уағыздайтын, құрылымы жағынан әрі көркем, әрі ырғақты, ықшам нақыл сөз. Мақал формасы жағынан аяқталған сөйлем іспеттес. Мақалдардың көпшілігі екі компонентті, яғни құрмалас сөйлем типтес болып келеді. Мысалы, Түстік өмірің болса, кештік мал жина. Ер бір рет өледі ез мың рет өледі» [2, 197-бет].

 Филология ғылымдарының кандидаты С.Ғ.Қанапина 2010 жылы жарық көрген «Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің танымдық бейнелілігі» атты монографиясында: «Мақал-мәтел-өмір шындығы, әлемнің басталуы мен аяқталуы, адамзат баласының дүниеге келуі мен қайтуы, күннің шығуы мен батуы бар сияқты дүниедегі барлық заттардың, құбылыстардың қарама-қарсы ұғымынан туатынын көрсетеді» -деген [2, 4-бет].

  Филология ғылымдарының кандидаты Шолпан Пернеқұлқызы Қарсыбекова өзінің 2004 жылы жазған «Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдерді топтастырудың этнолингвистикалық принциптері»  атты диссертациясының авторефератында былай деген: «Мақал мәтелдер – халық даналығының қазына байлығы, ол - ғасырлар бойы қалыптасып, сол халықпен мәңгі-бақи бірге жасап, біте қайнасып, етене сіңісіп кеткен дүние. Сондықтан да, жұртшылық оны ел жадында сақадай сай дайын тұрған қазына ретінде ұстап, өзінің күнделікті өмірінде, өзара қарым-қатынасында пайдалануға, сол арқылы өз ойын көрікті де бейнелі түрде білдіруге тырысады» [3,3-бет].

    Жазушының басты құралы көркем тіл мен бай қиял. Осы екі құрал бірігіп, қай-қай заманның болмасын көзге елестеп, көңілге ұялар әсерлі бір суретін жасайды. Жазушы Ә.Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» атты шығармасында көрініс тапқан мақал-мәтелдердің қолданысын ғалым  Ә.Қайдардың классификациясы бойынша топтастырдық.

Подпись: Шығармадағы мақал-мәтелдердің қолданысын ғалым Ә.Қайдардың классификациясы бойынша топтастырдық.Яғни, «Адам», «Қоғам», «Табиғат».

 

 

 


                                          

Подпись: «Табиғат» -
-	жер-су атауын байланысты,
-	жан-жануар дүниесіне байланысты,
-	өсімдік дүниесіне байланысты.
 

 

 

 

 

 

 

 

 


«Адам» тобына жататын мақал – мәтелдер:

1.«Жауға жаныңды берсең де, сырыңды берме» деген емес пе?»  (138 бет)

2.– Орынсыз құмарлық – опасыз жаумен тең. (138 бет)

3.«Ел құлағы елу» деген емсе пе, бәрі де біледі.(61 бет)

 

Қоғам» тобына жататын мақал – мәтелдер:

1.      Бірақ   «айтқан сөз – атқан оқ» деген. ( 21 бет)

2.«Бүлінгеннен бүлдіргі алма» деген  қағидасын берік ұстадым да, еш нәрсеге қол созбадым. (25 бет)

3. «Жаманның ақылы артынан түседі»  деп, маған осындай жақсы ойлар ылғи кейіннен келеді. ( 33 бет)

«Табиғат» тобына жататын мақал – мәтелдер:

1.      «Ат – адамның қанаты» деп білетін қазақ үшін бір жүйріктің болуы қажет – ақ дейік. (45 бет)

2.      «Ажалсызға тау құласа да өлмейді» деген осы екен – ау.(86 бет)

3.      – Рас, «ажалсызға тау құласа да өлмейді» деген ... – дейді Өсеновке, әр сөзін үзіп –үзіп айтып. ( 87 бет)

АЙТЫЛҒАН СӨЗ – АТЫЛҒАН ОҚ

     Ауыспалы мағынада «өмірдің оғындай» деп те қолданылады. Мұнда нысанаға дәл тиетін сөздің тағы бір қасиеті – атқан оқ сияқты, ауыздан бір шыққаннан соң қайтып оралмайтын, тиер нысанасына тиіп, жанын жаралап – жарақаттап үлгіретін, қайсар да қатерлі күш екендігі туралы айтылып тұр.

ЖАМАННЫҢ АҚЫЛЫ ТҮСТЕН КЕЙІН КІРЕДІ

     Жаман адам мәселені дер кезінде түзу шеше алмай, істің оңтайлы сәті өтіп кеткеннен соң, болары болып, бояуы сіңгеннен кейін барып, «е, былай істеуім керек еді» деп өкінетіні бар. Өтіп кеткен іске өкіну де – ақымақтық.

ЖАМАН АЙТПАЙ ЖАҚСЫ ЖОҚ

     Басталған игі істі жүзеге асыру үшін оған тосалғы болатын, қарсы келетін нәрселердің барлығын да алдын ала айтып, ескерген жөн, солардан тазалап алғанда ғана игі істің орындалуына жол ашылады деген сөз.

Статистикалық мәлімет:

    Шығармадан терілген мақал – мәтелдер Ә.Қайдардың классификациясы бойынша «Адам», «Қоғам», «Табиғат» деп бөлінді. Оның ішінде «Адам» тобына – 7 мақал-мәтел, «Қоғам» тобына  - 16 мақал-мәтел, «Табиғат» тобына – 6 мақал – мәтел терілді. Барлығы 29 мақал – мәтел теріліп, оның 15 – іне комментарий жазылды.

          

                            ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1.Ә.Қайдар ‟Халық даналығы”. – Алматы: ‟Тоғанай Т” баспасы, 2004. – 560 бет.

2 С.Ғ.Қанапина ‟Қазақ тіліндегі мақал – мәтелдердің танымдық бейнелілігі (Ғ.Мұстафин, С.Мұқанов шығармалары негізінде)”. – Қостанай. ТОО ‟Центрум”, 2010. – 180 бет.

3.Ш.П.Қарсыбекова ‟Қазақ тіліндегі мақал – мәтелдерді топтастырудың этнолингвистикалық принциптері” Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация авторефераты,  Алматы – 2004. – 29 бет.