Қазтұтынуодағы
Қарағанды экономикалық университеті, Қазақстан Республикасы, Қарағанды
қ.
филология
ғылымдарының кандидаты, доцент Акатаева Ш.Б.,
Асқарова
Аяужан ГМУ-11к тобы студенті.
Стильді теориялық
тұрғыда зерттеу күрделі мәселе. 30-жылдардағы
әдеби-теориялық ой-пікірде
ақын - жазушылардың стильдік ерекшеліктері
нақты
тексерілмесе де, С.Мұқановтың «Поэзия мәселесі», «Қазіргі
сатымыз»,
Қ.Өтеповтың «Көркем әдебиеттің тілі туралы»
және Е.Ысмайыловтың «Әдебиеттегі натурализм мен формализмге
қарсы», «Сәкеннің поэзиясы» сын мақалаларында
поэзиядағы жаңашылдық көркемдік ерекшелік мәселелері
теориялық
тұрғыда қарастырылған. Мұнда стиль негізінен
көркем туынды тақырыбы, тілдік ерекшелігі деңгейінде түсіндірілген.
Е.Ысмайыловтың
сан қырлы шығармашылық тұлғасының
даралық ерекшелігі - сыншылдық келбетін зерттеу - күрделі
мәселе. Себебі ұлттық әдеби сын тарихында өзіндік
орыны бар ғалымның сыншылдық шеберлігін ашып көрсету -
ғылыми еңбектерінің жетістіктері мен кемшілік тұстарын
қарастыру ғана емес, оның күрделі таным процесіне,
эстетикалық мұратына, шынайы азаматтық болмысының
қыр - сырына үңілу деген сөз.
Сыншы
тұлғасын қалыптастыру 30 - жылдардағы күрделі
саяси - әлеуметтік өзгерістер, ұлт зиялыларының жаппай
жазықсыз жапа шеккен, әдебиеттануда тұрпайы социологизм
қарқыны басылмаған кезеңмен тұспа - тұс
келген - ді. Сол тұстағы қоғамдық
өзгерістер сыншы ғалымның дүниетанымына, ғылыми ізденісіне
ықпал еткені анық.
Алайда, әр
дарынның ғылыми ізденісі мен сыншылдық бағытының
өзіндік ерекшелігі болатыны дау тудырмаса керек. Осы ретте
В.Г.Белинскийдің «Егер бір ұлы адам өнерде өзінің
жаңа әлемін ашса, сонымен бірге соған сәйкес сынды да
әкеледі» деген талант табиғатын байыптаудан туған
ғылыми пікір ескерсек, онда күрделі таным процесіне сай сыншы да
әдеби дамуға ықпал етіп қана қоймай,
өзінің шығармашылық шеберлігіне тән сынды
өмірге әкелуі заңды құбылыс.
Қазақ
әдебиетінің даму барысын жіті қадағалап отырған
сыншы -ғалым оның шын мағынасындағы көркемдік -
идеялық, эстетикалық бағытын айқындауға,
ондағы басты ол қылықтардан арылтуға,
қаламгерлердің шығармашылық өсуіне ықпал
ете білді. Сыншы мақсаты : «бүгінгі әдебиеттің ең
көкейкесті творчествалық мәселелеріне күнбе - күн
белсене араласу» болды.
«Е.Ысмайылов
көркем шығарманың ішкі сырына терең бойлап, жетістігіне
қуана, кемшілігіне налый пікір айтудан тартынған емес.
Әдебиетті өрге өрлетуде көздеген өрелі
мақсат тек шындықты айтқызып отырды» (Т.Кәкішев).
Қазақ
әдебиетін өрге өрлетуді биік мұрат тұтқан
сыншы - сөз өнеріне қойылар талап пен талғамды жеке
басынан әдіптеп алып бастаған болатын. Төл
өлеңдер жинағына биік сыншылдық тұрғыда
қарауының басты себебеін Е.Ысмайылов «көркемдік қасиеті
жетілмеген, ешкімді қызықтырмайтын жадағай
өлеңдерді төтеп жаза беруге болар еді, бірақ
соның бәріне беделің сатып. «Тандамалы» жинақ етіп
бастырып шығара берсең, қалың оқушы
жұртшылығы мен әдебиетті қадірлемеу болып шығар
еді» деген терең де өткір пікірімен түсіндірген болатын.
Л.Толстойдың «Жер жырт, етік тік, тағы бірдеңе жасап
тамақ асыра, бірақ жазушылықты кәсіпке айналдырушы
болма!» деген өрелі ойымен үндесіп жатыр.
Е.Ысмайыловтың
сыншылдық, әдебиет теоритегі тұрғысындағы
қырын ашып көрсеткенімізде сонымен бірге оның белгілі бір
ғана ғылыми зертеушілік тақырып аясында шектеліп
қалмай, әдебиеттанудың өзге де саласына қатысты
ой - пікірін кеңінен өрбітіп отыруын ашып көрсетуді өз
жұмысымызда басты мақсат еттік. Бұл - ғалым
шығармашылығындағы әдебиеттану салаларының қанаттаса
қиысуын көрсетумен бірге, оның тұлғасындағы
әмбебаптық талант сипатын тануға да мүмкіндік берді.
Бұған
халық ауыз әдебиеті үлгілері мен рухани
құндылықтарымызды
жалпы адамзаттық мәдениеттің құрамдас
бөлігі тұрғысынан қарап, оны бөле жармай жариялау
ісіндегі табандылығы, екіншіден, Кенесары сынды тарихи
тұлғаны әдеби тарихи шындыққа сай зерттеуі,
М.Әуезовтың «Абай» романындағы Кенесары образын өмір шындығына
сай зерттелуі толық дәлел бола алады.Ұлттық тарихты
шовинистік таным салқынында аршып, ұрпақ күрескен
Е.Ысмайылов Кенесары Қасымұлының тарихи шындыққа
сай зерттеуін : «Сол не үшін еді? Ата - бабамыздың жақсы
қасиетіне кір жұқтырмау үшін ғой.
Мансаптың, өнештің, мақтанның құлы
болсақ жүз жыл бұрын өліп қалған Кенесарыда
не жұмысымыз болар еді» деген ұлағатымен түсіндіреді.
Ғалымның
назардан тыс қалып келген осы бір шынайы азаматтық тұлғасын
ақын Ә.Тәжібаев. «Елін сүймес, ер азаматын
сүймей, ол елдің өнерін, өнерпаздығын сүю
оңай емес. Демек, шынайы әдебиетшінің таланты да, таза
адамгершілігі де оның көңілінің тазалығы мен
жүрегінің үлкендігіне байланысты» деп бағалайды.
Қорыта келгенде,
қазақ кеңес әдебиеттануының алғашқы
кезеңінде жазылған Е.Ысмайыловтың теориялық
еңбегі ұлттық әдеби-теориялық ой-пікірдің
дамуында ерекше маңызды болды. Бүгінгі күн биігінен
қарағанда бұл зерттеудің олқы
тұстарының болуы заңды құбылыс. Ол кезде әдебиет
теориясы мәселелерінің орыстың әдебиеттану
ғылымында да баянды шешіліп болмағанын және бұл
жөніндегі оқулықтардың тұрақты
қалыптасқанын үлгілерінің аз екендігін ескерсек,
аталған кітапта бірсыпыра тақырыптардың үстірт
жазылғанына тандануға болмайды. Осындай олқылықты
айтқанымызда сыншы еңбегі қазақ тіліндегі әдебиет
теориясын жазу iciн қолға алуда оның түйінді
мәселелерін шешуде батыл қадам әpi кейінгі зерттеулерге
мұрындық болғанын ерекше атаған жөн. Бұл еңбекте
біріншіден, әдеби ағымдар алғаш жүйелі баяндалды,
екіншіден, әдеби жанрларды айқындауда ұлттық
әдебиет ерекшеліктері басты назарда ұсталып, жанр түрлері
тереңірек қарастырылып,
үшіншіден,
қазақ
өлең құрылысына қатысты құнды
пікірлер айтылып, ұлттық өлеңтану ілімінде
ұйқасқа ат қою, атау тудыру мәселесі
оңтайлы шешімін тапты. Ең бастысы, А.Байтұрсынов негізін
салған әдеби терминдердің жүйелі қолданылуы
арқылы ғылыми қолданыстан шығып қалмай жетілдіре
дамытылудағы құндылығында. Сонымен бірге, бұл
еңбектің сол тұстағы ғылыми - эстетикалық
ролін, ана тілімізде теориялық мағлұмат берудегі өз
кезеңіндегі маңыздылығын баса көрсетеміз.
Ғылыми
диапозоны мейлінше кең Е.Ысмайылов сынның ғылыми -
эстетикалық, әдеби - теориялық сипатын еселеуге, бұл
саланың қордаланған өзекті мәселелерін шешуде
өзіне тән принциптік бірбеткейлігінен танған емес.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ
1.Кәкішев
т.Қазақ әдебиеті сынының тарихы. А.: санат, 1994
2.Ысқақұлы
Д.Сын шын болсын. А.: Қазақ университеті,
1993
3.Ысмайылов Е.Сын мен шығарма. А.: ҚМКӘБ,
1960
4. Ысмайылов Е.
Сәкеннің поэзиясы // Әдебиет майданы. 1935, №5
5. Ысмайылов
Е.Сәкен және қазақ поэзиясы