Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ
Шетел тілі
факультетінің студенті Баубек Фариза
Қазақ
тілінің практикалық курсы кафедрасының
аға
оқытушысы А.Ш. Смаилова
Үш тілді меңгеру – жарқын болашақтың
кепілі
Тілден
артық қазына жоқ,
Тілден
артық қасиет жоқ.
Н.Ә. Назарбаев
Бүгінгі таңда тілді білудің
маңыздылығы ешкімде дау тудырмасы анық. «Неше тіл білсең – сонша адамсың» - деп халқымыз бекер
айтпаған. Тек қана бір тілде сөйлеу жеткіліксіз, себебі
кез-келген маман өзге тілді білмей
тұрып өз мамандығына қажетті мағлұматты
тереңірек ала алмайды. Әсіресе, ғаламтордан өзіңе
керекті ақпаратты іздегенде тіл білгеннің пайдасы көп екенін
сезінесің. Көптілді меңгерген
адамның алар белестері де биік.
Үштілді білім беру – еуропа елдеріндегі
секілді, екі шетел тілін мемлекеттік тіл негізінде оқыту.
Үштілді білім берудің мақсаты –
бәсекеге қабілетті қазақ, орыс, ағылшын тілдерін
жетік меңгерген мамандарды дайындау,
қазақстандықтардың адами құндылығы
әлемдік нарықта жоғары бағалануын жолға
қою. Осы мақсатта күресуіміз қажет.
Үштілді білім беруде оқушылар мен
студенттердің үш тілді меңгеру дағдылары мен
машықтарын жетілдіру, көптілді білікті кадрлардың
жылдық мониторингін жүргізіп отыру, электронды әдебиет
базасын және кітапхана, сондай-ақ мультимедиялық
материалдарды жинақтау, арнайы кеңселер үйымдастыру,
көптілді топтарда жүргізілген пәндердің
оқу-әдістемелік кешендерін ұйымдастыру, студенттерге
арналған оқу-әдістемелік құралдар бойынша
тапсырмалар ұйымдастыру, үш тілде білім беру бағдарламасы
бойынша шетелден арнайы мамандарды тарту, көптілді топ студенттерін
академиялық ұтқырлық бойынша алмасуын ұйымдастыру
керек.
«Қазақстан –
2050» бағдарламасында 2025 жылдан бастап қазақ әліпбиі
латын әліпбиіне ауысады деген тапсырма қойды. бұл
қазақ тілінің модернизацияға ауысуы деп
көрсетеді. Мемлекеттік тіл саясатының негізгі мақсаты – 2025
жылға дейін 95% қазақстандық қазақ тілін
жетік білуі керек.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 2007 жылы
үштілді білім беруді дамыту міндетін қойды. «Тілдердің
үштұғырлығы мәдени жобасын кезеңдеп
жүзеге асыруды қолға алуды ұсынамын.
Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді
пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар -
қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық
қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық
экономикаға ойдағыдай кіру тілі», - деді Елбасымыз
өзінің Қазақстан халқына жолдауында. Менің ойымша, Елбасының бұл
саясатының негізінде терең ой жатыр. Біз ағылшын тілін
білумен жеңбесек,
жеңілмейміз.[1].
«Тілдерді қолдану
мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы» осы жоспарды жүзеге асыруға арналған.
Жобаны ұсынған ҚР мәдениет
министрі М.Құл-Мұхаммед болды. Жоба мақсаты:
·
мемлекеттік тілдің
мәртебесін көтеру;
·
шетел тілін
меңгерту;
·
орыс тілін жетік білу[2].
Бүгінде Қазақстанда 100–ден
астам мектепте үштілділік саясат қолданылып жатыр, оның санын
700-ге дейін көтеру көзделген. Бұл факт. 2020 жылға
дейін ағылшын тілін білетіндердің саны Қазақстанда
20%-дан кем болмау керек делінген. Мұғалімдерді жыл сайын даярлап
отыру үшін төрт айлық курстар үйымдастырылған.
2017-2018 жылдан үштілді оқыту 5- сыныптан басталады. 2018-2019
жылы 6-сынып оқушылары оқу тіліне қарамастан «Қазақстан тарихын»
қазақ тілінде, «Дүниежүзі тарихын» орыс тілінде
өтетін болады. 2019-2020 жылы жоғарғы сыныптарда
«Информатика», «Химия», «Биология», «Физика» пәндері ағылшын
тілінде өтіледі. Осы тұрғыда бір мәселеге
тоқталып өткім келеді. Мысалы, мектепте жаратылыстану
бағытындағы сабақтарды ағылшын тілінде ғана
өткен оқушы сол
пәннен тест тапсырғанда, ол қазақ тіліндегі терминдік
ұғымдарды түсіне алмайды, өйткені ол ағылшын
тіліндегі баламаларын ғана біледі. Сондықтан, менің ойымша,
ағылшын тілі мен қазақ тілін байланыстыра отырып
түсіндірген дұрыс болар еді[3].
Бізге керекті ақпаратты біз шетел тілінен
алғанда, оны аудару үшін орыс тілін қажетсінеміз. Ал
үштілде білім беру жүзеге асса, бізге қосалқы
тілдің қажеті болмайды. Біз қазақшадан ағылшын
тіліне, ағылшын тілінен қазақ тіліне еркін аудара аламыз.
Үштілде білім беру осындай мүмкіндіктерді бізге бере алатын
бірден-бір жоба деп ойлаймын. Ал осы жоба күтілген нәтижені беруі
үшін мемлекеттік тілде база құру керек: сапалы
сөздіктер, оқулықтар, әдебиеттер, қазақ
мектептері үшін шет тілдері мұғалімдерін дайындаса,
қазақ мектептерінде, ЖОО-дағы қазақ
бөлімдерінде шет тілдерін орыс тілінде емес, қазақ тілінде
үйретсе нұр үстіне нұр болар еді.
Үштілді білім берудегі маңызды
сұрақтардың бірі – оқыту жасы. Психологтар мен
педагогтарды осы сұрақ мазалап келеді. Баланың тек қана
психологиялық емес, сонымен қатар саяси
мінез-құлқының қалыптасқанынан бастап
үйрету керек. Оның тілдік
базасын толықтырып отыру керек. Балалар шетел тілдерін кішкентай кезінен үйренсе
тілдері тез жаттығады. Әр
түрлі мультфильмдер көру, ертегілер оқу, әндер айту
секілді қарапайым тәсілдер балалардың шетел тіліне қызығушылығын
арттырады. Сондықтан бірінші сыныптан бастап ағылшын тілін
оқыту керек деген пікірдемін.
Үштілділіктің жақсы
жақтарын көрсететін болсақ, мәселен сыныпта
ағылшын тілін жақсы білетін, бірақ физиканы біле бермейтін
оқушы немесе керісінше, физиканы жақсы білетін, бірақ
ағылшын тілін нашар білетін бала бар. Бұл жерде бірігу процесі
жүреді. Ағылшын тілінде физика сабағы басталған кезде,
балалар біруақытта әрі ағылшынды, әрі физиканы
меңгеретін болады. Олар тек біздің елдің университеттерінде
ғана емес, шет ел университеттерінде де білім алу мүмкіндігіне ие.
Қалада тұратын балалар арнайы тіл үйірмелеріне барып
үйрене алады, ал ауыл бұдан жырақта. Сондықтан
бұл бағдарлама қаланың да, ауылдың да балаларына
бірдей білім алуға көмектеседі. «Білім – инемен
құдық қазғандай» деген сөз бар
халқымызда. Сондықтан да, жаңа бағдарламадан
қашудың қажеті жоқ [4].
«Өз тілің – бірлік үшін,
Өзге тілің – тірлік үшін» дегендей дамыған елдер
халықаралық тілдерді үйренуге көңіл бөліп
отыр. Қазақ, ағылшын, орыс тілдерін білу біз жастарға
әлемдік нарыққа шығудың, ғылымға
және жаңа технологияларға бет бұрудың кілті болып
табылады. Ағылшын тілін білместен біз әлемдік бизнес-ортаға
да кіре алмаймыз.
Ағылшын тілін меңгерумен қатар,
бүкіл қазақ халқы
мемлекеттік тілді білуі керек – бұнсыз алға қарай
жылжу мүмкін емес. Ағылшын тілін білгеннен мәңгүрттеніп қалмаймыз.
Ол біздің қазақ тілімізге еш зиянын келтірмейді.
Өйткені, ешқандай шетел тілі қазақ тілімен
бәсекелес бола алмайды. Өзге ешбір тіл оның орнын баса
алмайды. Ал ағылшын тіліне келер болсақ, ол – тек дамыған
елдердің қатарына кірудің кілті ғана. Біз шет тілдері
арқылы әлемге таныламыз. Мысалы,
Әуезовтың «Абай жолы» романын шет тіліне аударып,
Абайды әлемге таныттық. Қазақ тілі өзге тілдерден
кем түспейді, өйткені қаншама жылдық тарихы бар
ұлы тіл, бай тіл [5].
Тіл – бұл мәдениеттің негізгі
құбылысы, ұлттық бірліктің көрінісі.
Үштілділік – бұл қазіргі таңда мемлекет тарапынан да,
қоғам тарапынан да көп көңіл бөлініп келе
жатқан бағыт. Бүгінде үштілділік мәселесі, оны
дамыту әдіс-тәсілдерін әркім әрқалай
жүргізіп келе жатыр. Бірақ бұл біздің ортақ
міндетіміз бен жауапкершілігіміз екенін
есте сақтау керек. Себебі, біз бүгін болашақты
құрып жатырмыз. Мына қағиданы естен шығармауымыз
керек: «Біз бәріміз туған тілімізде сөйлейміз, бірақ
бір-бірімізді түсінеміз». Бұның айғағы ретінде
немістің атақты ақыны Иоганн Вольфганг фон Гетенің мына
сөзін келтірсем: «Өзгелердің тілін білмейтін адам, өзі
туралы ештеңе біле алмайды».
Егер сен
адамға ол түсінетін тілде сөйлесең, сөзің
оның басына жетеді. Егер оның ана тілінде сөйлесең,
сөзің оның жүрегіне жетеді. Біз 70-тен астам тіл білген
әлемнің екінші ұстазы Әбу- Насыр
Әл-Фарабидің ұрпағымыз. Бізге үш тілді
үйрену ешқандай қиындық туғызбайды деп ойлаймын.
Сөзімді Ғабиден Мұстафиннің мына
сөзімен қорытындылағым келеді: «Адамның адамдық,
ұлттың ұлттық ең жоғарғы қасиеті
– тіл өткірлігі мойымасын, тіл сұлулығы кемімесін!»
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі
1.
Назарбаев Н.Ә.
(Қазақстан халқына жолдауы). Жаңа әлемдегі
жаңа Қазақстан. – Астана, 2007
2. «Үштілді білім беру:
ұлттық басымдықтар және халықаралық
тәжірибе» халықаралық қатысумен аймақтық
ғылыми-тәжірибелік конференция материалдарының жинағы,
28-32 беттер.
3. Учитель из ниш рассказал, какие плюсы дети получат от трехъязычного формата
обучения. https://pandaland.kz/articles/nashi-deti/shkolnoe-obuchenie/chto-nas-zhdet-s-novoj-shkolnoj-programmoj
4. Әбдуәли
Т.Үштұғырлы тілден түңілмейік // Жетісу, №31.
2008
5. Тәңірбердіқызы
Т. Ағылшын тілі мемлекеттік тілмен бәсекелес емес //
Қазақ әдебиеті, №48. 2008