Қазақ
жырауларымен «сахна тілі» шеберлігін асқақтату
Рахымбаев
Әділет Маратұлы
Т. Жүргенов атындағы
Қазақ
ұлттық өнер академиясының
магистранты
Қазақтың
Абайға дейінгі ақын-жырауларының бәрі де
қазақтың рулық, патриархалдық-феодалдық
құрылысы ішінен шықты. Қараңғы, оқуы
жоқ надан ортадан, мешеу тұрмыс жөргегіндегі ортадан
бары-жоғы табиғи дарындарымен бөлектенгені болмаса, бұл
ақындар да күнделікті тұрмыста қазақтың
самарқау күйде болған тіршілігі ішіндегі өмірдің
атам заманнан өзгеріссіз, бір қалыпты баяу ағын ортасында
болды. Бұл табиғи дарын
иелері қай заманда да болып отырған. Олар қазақ
халқының ауызша әдебиетін-
көшпелі халықтың жазба әдебиетке дейін жердегі
поэзиясын жасады. Ал бұлардың көбінің сөздері
қалды да, өздері көп ұмытылған жандар
сияқты ұмытылып кете барды. Тек қазақ
халқының басынан өткен ірі оқиғаларға-
кейін аңызға, үлгі тұтар, мақтан тұтар
мирасқа айналған тарихи оқиғаларға қатысты
сөз иелерінің аты ғана осы «ауызша тарихнамасымен» бірге
өлмей, өшпей аман қалып отырған. Анығында
өсиетшіл қария, толғаушыл жыраудың негізгі міндеті
өлеңшілік емес, елге басшылық істеп, бас алқа айту
болатын. Бұның екеуі де ең алдымен елдің ақылшы кеменгері,
заманның сыншысы, қарағысы болатын. Сондықтан әр
қайсысы өз елі, өз табының не биі, не
батагөйі болады. Екеуі де
жалғыз ел ақылшы емес, елді меңгерген хан мен бектің
ақылшы, уәзірі есебінде болған . Хан шеше алмаған ауыр
түйін, қиын жұмбақ, көмескі келешек болса,
барлығына да шешу сөзді солар айтады. Тыныштық заманда
қыюы қашып, арасы ашылған қарындасты табыстырып,
қысылшаң заманда сасқан елге жол табатын, бет
нұсқайтын кемеңгер, көрегені болған. Жер
таңдау, ел таңдау, көшу, қону да, соғысу, бітімдесу
де, барлығы да ханның ең алдымен ақыл қосатын
кісілері солар болатын. Бұлар хан қасына қалың
елдің ішінен қосылған қариялар кеңесі
сияқты. Сондықтан хан аузынан ұшқары сөз болса,
жөнге салатын да осылар. Көп елге хан жарлығын орнату керек
болса, айтқан сөзі ем болатын дуалы ауыз да осылар. Кей кезде
қалың ел ханнан да осылардың ауызынан шыққан
сөзді толымдырақ көреді. Ел тіршілігінің балық
ауыр істері осылардың қабылдауымен іске асатын. Қауым
тіршілігінде олардың саяси салмағы сондайлық зор
болғандықтан, аузынан шыққан сөзде олқы
болмауға керек. « Ақ дегені алғыс, қара дегені
қарғыс» болатын жақсылардың сөзі
көптің көзінде мінсіз, толық болуы шарт. Көлденең
кісі мін таба алмайтындай, қорғасындай ауыр, оқтай
жұмыр, өтімді болуы керек. Сол себепті бұлардың
сөзі асыл өлең өлшеуімен шығуы шарт болған.
Әрбір
ырғақтың өз әуез үйлесімі болады. Бұл
әсіресе жыраулар поэзиясында үйлесім тапқан. Мысалы : Шалгез
ақын.
Сен –
алтынсың, мен – бұлмын,
Сен –
жібексің, мен – жүнмін,
Сен –
сұлтансың, мен – кұлмын,
Сен –
сұңқарсың, мен – қумын,
Жемсауыңа
келгенде
Сом
жүрегім аяман.
Саған
дұспан – маған жау,
Керекті
күні алдыңда
Ғазизлеген,
сұлтан, жанымды аяман, -
деп
мақтау жыр айтты. Ал Жиембет сияқты батыр-ақындар бірде
«терезесі тең кісінің» сөзін айтып, өрлік
көрсетсе, бірде:
Сырым
саған түзу-ді
Садаққа
салған бұлыңдай
Жұмыскерің
мен едім
Сатып
алған құлындай,
Жүруші
едім араңда
Өзіңнің
інің менен ұлыңдай, - деп, қызметінде жүрген
күнін айтып, жығыла тіл қатты.
XVI-XVII
ғасырдың бұл ақындарында бұқаралық
түсінік, қарапайым халықтың мүддесі
айтқызар ой жат болды. Өйткені олар өздерінің
айналасына бұқара
халықтың, жыраулар нашардың, құл мен
күңнің көзімен қараған жандар солған
жоқ. Сол үшін де Жиембет Есім ханды құлды
өлтірдің деп айыптап, сынап жатқан жоқ. Бұлай
айыптай сынау Жиембет сияқты батыр-ақынның ойына кіріп
шықпайтыны жай. Ол болса тек сұраусыз өле беретін,
өлсе, сұрауы жоқ, құны жоқ құл
мен емес дейді. Құлдың өлімі Жиембет үшін
заңды нәрседей. Сөйтсе де бұл жыраулар өздері
жасаған тарихи дәуірдің рулық-патриархалдық
қоғамының қайраткерлері болды. Олар ең
әуелі өз руларының мүддесіне, онан соң, өз руы
кірген хандықтың мүддесіне қызмет етті. Ой-топшаулары
да осы екі салада болып отырды. Ол заманның жыраулары үшін
қауым өз ішінде «бұзылмаған», «бір бүтін» күйінде көрінеді де,
қауымның ішкі қайшылығы адамдардың (онда да хан,
сұлтан, би, батыр) жеке басы әрекетіндегі, мінезіндегі міні,
кемшілігі түрінде ғана көрінді, «жолдан жорадан айну»
сияқты бағаланды. Мұндайда жыраулар «Бас сынса – бөрік
ішінде, қол сынса – жең ішінде», «Алтау ала болса, ауыздағы
кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді»,-деп
береке-бірлікке, ынтымаққа шақырған қалпымен
ғана көрінді. Айыпқа, жолға хан да, қара да –
«жығылып» жатты. Ол заманның жалпы қауым көлеміндегі
ең үлкен ортақ проблемасы біреу-ақ болды: ол –
сыртқы елдің шабуылы, шапқыншылығы. Бірақ
мұнда да сан рет қайталаудан барып туған нақты
практикалық нәтижелер бар еді. Бұл шақта жыраулар
халықты не ұлы жорыққа үндеді (мұндайда
өткен бабалардың ерлік ісіне, батыл ісін өнеге
тұтарлық жырлар шығарып, патриоттық сезімге жел беріп
отырды). Немесе жау жақтың күшін шамалап барып, оны зор сарын
түрінде ұлғайта
суреттеп, халықты қаша көшуге, жау аяғы жетпес жер
табуға үгіттеп, толғау жырлар айтты. Малшы
халықтың тұрмыс қалпы үшін көшу қанда
өмірлік қажеттік болса, бұл көшу соғыс
жағдайында да сондай керекті іс болды. Асанқайғыдан бастап
Бұхарға дейінгі жыраулардың «Жиделібайсын – жер
ұйық» мекенге көшуді айтуы – қазақ
халқының өз басынан сан рет өткізген практикалық
ісін қайталап айту ғана. Сөз жоқ, көшпенді –
бақташы халықтың бұл ақындарының
таным-түсініктері сол кездегі қоғамдық ойдың
жеткен жері еді. Ол заманның жыраулары үшін қауым өз
ішінде «бұзылмаған», «бір түтін» күйінде көрінеді
де, қауымның ішкі қайшылығы адамдардың (онда да
хан, сұлтан, би, батыр) жеке басы әрекетіндегі, мінезіндегі міні,
кемшілігі түрінде ғана көрінді, «жолдан, жорадан айну» сияқты бағаланды.
Мұндайда жыраулар «Бас сынса – бөрік ішінде, қол сынса –
жең ішінде», «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу
түгел болса, төбедегі келеді», - деп береке-бірлікке,
ынтымаққа шақырған қалпымен ғана
көрінді. Айыпқа, жолға хан да, қара да –
«жығылып» жатты. Ол заманның жалпы қауым көлеміндегі
ең үлкен ортақ проблемасы біреу – ақ болды: ол –
сыртқы елдің шабуылы, шапқыншылығы. Бірақ
мұнда да сан рет қайталаудан барып туған нақты
практикалық нәтижелер бар еді. Бұл шақта жыраулар
халықты не ұлы жорыққа үндеді (мұндайда
өткен бабалардың ерлік ісіне, батыл ісін өнеге
тұтарлық жырлар шығарып, патриоттық сезімге жел беріп
отырды). Немесе жау жақтың күшін шамалап барып, оны зор сарын
түрінде ұлғайта суреттеп,
халықты қаша көшуге, жау аяғы жетпес жер
табуға үгіттеп, толғау жырлар айтты. Малшы
халықтың тұрмыс қалпы үшін көшу
қандай өмірлік қажеттік болса, бұл көшу
соғыс жағдайында да сондай керекті іс болды.
Асанқайғыдан бастап Бұхарға дейінгі жыраулардың
«Жиделібайсын – жер ұйық» мекенге көшуді айтуы – қазақ
халқының өз басынан сан рет өткізген практикалық
ісін қайталап айту ғана. Сөз жоқ, көшпенді –
бақташы халықтың бұл ақындарының
таным-түсініктері сол кездегі қоғамдық ойдың
жеткен жері еді. Ол кездегі
қауымның рулық жүйедегі өте ұсақ
ұйымдарға бөлшектенуі, әрі олардың соншалық
томаға-тұйық күйде өте қарапайым тіршілік
құруы қоғамдық ойдың барынша тар
көлемде, барынша жұпыны болуына себепші болды. Ол кездің
қоғамдық мүддесі көбіне шектеулі болды, ру
мүддесінен көп асып кетпеді.
Осы себепті де бұл
ақындар жасаған поэзияда халық, бұқара
көріне берген жоқ. Олар еске де алынбады. Бір жағынан
бұқара халықтың өзі де ол дәуірлерде
өзін таныған жоқ еді. Себебі олар өз мүдделері
тұрғысынан әрекетке тартылған жоқ. Абай
айтқандай, «екі тізгін, бір шылбырды» ру басы ақсақал,
би-сұлтанға, бек пен батырға беріп, өздері
солардың еркін орындаушылар болды, санасыз күш қана болды.
Сондықтан жырлардың өзі жеке адамдардың-батырлары мен
батыр-хандардың төңірегіне құрылды. Халық
бар істің, жеңістердің шешуші күші болса да, олар сол
жеке батырлар мен хандар туралы жыр-өлеңдер тыңдап,
солардың ерлік ісіне сүйсінді. Қалмақ
шапқыншылығы, «ақтабан шұбырынды, алқакөл
сұлама» жағдайы күн тәртібіне қазақ
халқының басын қайта біріктіретін хандықты, біртұтас
хандық мемелекетті нығайтуды күн тәртібіне қойды.
Осы тұста қазақ халқының бір хандыққа
бірігуінің идеологы ретінде өз толғау-жырларымен Бұхар
жырау көрінді.
Бұхар да қауым
мүшелерін бөліп
қараған жырау болған жоқ. Бұхар былай деді:
Ақсұңқар
құстың баласы
Ұяда
алтау тумас па?
Ұяда
алтау туғанмен,
Оның
ішінде біреуі-ақ
Алғыр
болмас па?
Адамзаттың
баласы
Атадан
алтау тумас па?
Атадан
алтау туғанмен,
Соның
ішінде біреу арыстан болмас па?
Арыстаннан
айрылса,
Қанаты
түптен қайрылса,
Ел
шетіне дау келсе,
Өтініп
оны ала алмй,
Алдына
келген жақсының
Қадірін
онын біле алмай,
Қадір-құрмет
қыла алмай,
Артыңда
қалған жамандар
Бас-басына
тозбас па?-
Осында
Бұхардың «жақсы» әрі « жаман» деп отырғаны тап
мүшелері емес, олар өзі тұтас алып қарап отырған
қоғамның адамдары, мүшелері ғана.
Бұл жікке бөлмеу Бұхардың «Айналасын жер
тұтқан» өлеңінде тіпті айқын.
Айналасын
жер тұтқан
Айды батпас демеңіз,
Айнала ішсе азайып,
Көл суалмас демеңіз.
Құрсағы
құшақ байлардан
Дәулет
таймас демеңіз.
Жарлыны
жарлы демеңіз,-
Жарлы
байға тең келіп,
Жайлауға
жарыса көшпес демеңіз.
Жалғызды
жалғыз демеңіз,-
Жалғыз
көпке теңеліп,
Жапанда
бір соғысып,
Кегін
алмас демеңіз...-
Бұхарда «құрсағы
құшақ байлар» мақтау тауып отырған жоқ,
кемсітіліп отырған кедей тағы жоқ, жырау екеуіне де
әділ көзбен қарайды.
Жыраулар
өнері – ежелгі түркілер поэзиясының тікелей
мұрагерлігін иеленген өнер. Түркілердің көк
семсерге жалынып өткен батырлық ғұмыры, әділдік,
тектілік жолында жанпида мінезі осы жыраулар поэзиясында сақталған.
Жыраулар өнерінің негізгі ерекшелігі – олар қарапайым
бұхараның мұның мұңдап, жоғын
жоқтаушылар.