Адамзат
қоғамын рухани дамытудағы философияның рөлі
Есен
Анель Жақсылыққызы,
Бекмагамбетова Айдана Талгатовна,
Адылханова
Самал Ерденовна
ҚарМТУ,
Қарағанды қаласы
Философия – бүкiл әлемдi,
оның басты салалары тұтас құбылыс ретiнде алып,
оның жалпы зандылықтарын ашып, объективтiк шындық
жөнiндегi белгiлi қағидалар жүйесiн қалыптастыратын
ғылым. Философия адам өмірінің рухани қызметі ретінде
3000 жылға жуық өмір сүріп келеді. Сол уақыт
аралығында филофиясының қоғамдық мәнін
жоққа шығарған адамдар жетіп артты. Философтарға түрліше
айып тақты, бірақ айыптың негізі бір болды: олар
қоғамға тікелей пайда алып келмейді. Арнаулы бiлiмдер
дамуының жоғары кезеңiнде XIX-ғасырдың екiншi
жартысы мен XX-ғасырдың жеке ғылымдарды дәрiптеп,
философияның маңызын жоққа шығаратын ой-пiкiрлер
шықты. Философиялық бiлiмдер ақиқатқа жеткiзбейдi
өйткенi олар тәжiрибеден тыс деп анықтады О. Конт.
Бұндай айыпты бір жағынан дұрыс деп есептеуге болады.
Философиялық білімді аз ғана адам қолданды. Бұл
адамдардың көбі білімді және шешімдер қабылдайтын
қабілеті болды. Басқаша айтсақ, философия интелектуалды және
саяси элита құралы болды.
Философия - дүниетанымның ғылыми-теориялық
түрі. Философияның басты ерекшелігі – әлемді, бүкіл
дүниені тұтас қарастырады, оның ішкі байланысын, жалпы
даму заңдылықтарын зерттейді. Яғни, ол –
дүниетанымдық ғылым болып табылады. Белгілі бір
адамдардың дербес қызметі ретінде
философия ежелгі шығыс елдерінде – Қытайда, Индияда т.б.
елдерде, кейінірек антика дәуірінде ерекше Греция топырағында
қалыптаса бастаған. Адамдар ортаны игеру нәтижесінде ,
оған дәнекерлі, құрал-саймандар арқылы,
өзара қоғамдасу арқылы қалыптасады.
Дүниеге көзқарастың
негізгі ұғымдары – «дүние» және «адам». Олар ажырамас
бірлікте. Яғни, адамнан бөлектенген дүние және
табиғат,сондай-ақ сыртқы дүниемен салыстырылмаған
адамның іс-әрекеті, ішкі рухани өмірі, әрқайсысы
өз бетінше дүниетанымды құрай алмайды. Адам мен
дүние арақатынастары бір-бірімен жаңа ішкі рухани дүние
туралы түсініктер тиянақталынады.
Осыдан келіп дүниеге
көзқараста, біріншіден, әлем, табиғат және
қоғам туралы, олардың бірлігі туралы, екіншіден, адам
және оның дүниедегі орны туралы, үшіншіден, болмыс пен
болашақтың мән-жайы туралы көңілге қонымды
түсініктер қалыптаса бастайды. Дүниетанымның
тұтастығын құрастыратын негіз – білім. Білім
адамның көкірегіне қоныс теуіп, санасына ұялап,
оның өмір тәжірибесінің елегінен өтіп барып,
сенімге айналады. Сенім дегеніміз – дүниеге көзқарастың
түп қазығы, бағыттаушысы, адамның өз
позициясына, тоқыған ойына, істеген ісіне, ұмтылған
мұрат-мақсатына деген беріктігі. Дүниеге көзқарастың
қалыптасуы табиғи, әлеуметтік және нақты
мәдени ортаға тәуелді. Дүниеге көзқарасты
ғылыми және ғылыми емес, қарапайым деп бөлуге болады.
Дүниетаным - әлемді түсіну, қабылдау,
қоршаған ортадағы шынайылыққа жалпылама
көзқарастар жүйесі. Сондай-ақ философиялық
тұрғыдан қарағанда біздің
айналамыздағы өмір шындығы жөніндегі
көзқарастар жүйесі, дүние туралы және онда
адамның алатын орны туралы анағұрлым жалпы
ұғымдардың жүйесі болып табылады. Яғни,
даналыққа құмарлық деген мағынаны
білдіреді. Адам дүниемен қарым-қатынаста болғанда,
болмыстың екі жағы – материалдыққа және
идеалдыққа душар болады.
1.
Материалды дүниеге айналадағы
қоршаған заттардың бәрі, яғни адамның
санасынан ой жүйесінен
тысқары, әрі одан тәуелсіз, объективті түрде өмір
сүретінің бәрі жатады.
2.
Ал идеалды,
яғни дүниеге санадағы, ойдағы, көкейдегі
субъективті құбылыстар жатады.
Философия – материя мен сана, таным мен
болмыс, адам мен қоғам жайлы адамзат ой санасының дамуы
барысында жинақталған, жүйеленген ғылыми
ой-пікірдің теориялық жиынтығы. Бұл Философиялық сұрақтардың
ішінде ең маңызды орынды
«адам және әлем» мәселесі алады.
Философияның
негізгі мәселесінің мәні шындықтың ескі
жағынан туып түр-объективтік, материалдық және
субъективтік, идеялық ойлаудың болмысқа қатынасы немесе
сананың материяға, рухтың табиғатқа
қатынасы деуге болады. Бұл мәселенің екі қыры
бар: бірінші қыры нақтылықтың басты себебі неде,
дүниенің негізі ретінде нені алуға болады; ал екінші
қыры дүниені танып білуге бола ма деген сұрақ.
Философияның негізгі мәселесінің бірінші жағынан –
дүниенің мәні, табиғаты туралы – онтологиялық
мәселеден екі қарама-қарсы көзқарастар туып отыр,
олар идеалистер мен материалистер. Философияның негізгі
мәселесінің екінші жағы –дүниенің
танымалдылығы туралы – гносеологиялық мәселеге келетін болсақ,
бұл сұраққа көптеген философтар
мақұлдаған жауап береді. Бірақ, дүниені танып
білу адамның танымдық мүмкіндіктерімен шектеледі
(скептиктер), немесе «өзіндік» заттарды оъективті танып білу мүмкін
емес деп есептейтін ойшылдар да болды.
Қорыта
келе, “Философия” термині үш мағынада қолданылады:
біріншіден, философия – дүниеге көзқарыстың бір
түрі; екіншіден, философия – өзінің зерттеу пәні бар
ерекше ғылым саласы; үшіншіден, философия – адамзат өмірінде
айрықша орын алатын адамның рухани қызметінің
үлкен бір саласы, қоғамдық сананың ерекше
формасы. Философия адамның дүниеде болуының
көптүрлі формалары мен жолдарын, сол формалар мен жолдардың
ең алдымен мәнділігі мен мәндігін айқындау, сол
мәндерді адам көңіл күйінде, жан толғанысында
игеріп, әркімнің жеке басының өзіндік рухани
ырзығы етудің түрі, соны жасаудағы рухани қызмет.
“Адам-әлем” қатынасы философияның көптеген
мәселелерін қамтитын танымның жүйелі субстанциясы.
Сондықтан философияның негізгі қызметі – адамның
дүниеде болуының белгілі бір мәнді жолдарын көрсету,
өмірдің осындай формаларын бейнелеу. Философия – жалпы методология,
яғни әдістердің теориясы, ал теория білімнің адекватты
формасы. Философиялық заңдардың, принциптердің,
ұғымдар мен категориялардың табиғат, қоғам,
адам ойлауының дамуын, жалпы дүниетаным үшін маңызы
зор.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1.
Молдабеков
Ж. Философиядағы жаңару идеясы мен ағартушылық
ұстанымдары // ҚазҰУ Хабаршысы . Саясаттану
сериясы. Философия сериясы. Мәдениеттану сериясы. №2 (24). 2005, 12-16
бб.
2.
Мырзалы
Серік. Философия. Оқулық. – Алматы,2008. 45-55 бб.
3.
Андрейченко
Г. , Грачева В. Философия. Учебник. –Ставрополь: изд-во СГУ, 2001.