Есбол.Ғ.Ш

А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университеттің аға оқытушысы

А. Байтұрсынұлы менТ.Рысқұловтың Отаншылдық ой толғаулары    

                                                                                             Жақсылардың үлгісі,

             Жанып тұрған шамдай.

             Шешендердің сөздері,

             Ағып тұрған балдай.

                                                                                                                                                                  ( мақал )

         XХ ғасыр басында бүгінгі Егемендігіміздің орнығуына тікелей жол

сілтеген, ұлттық сананың оянуына еңбек сіңірген алаштың біртуар арыстары Ахмет Байтұрсынұлы мен Тұрар Рысқұлов болды. Алдында патшалық империяның отаршылдық саясатына қарсы күресіп, кейін қызыл кеңес үкіметінің озбырлық саясатын әшкерлеуге бой ұрды. Ахмет пен Тұрар секілді ұлтжанды игі жақсылар сол кездің өзінде-ақ қазақтың елдік идеясын алға тартты. Оны іске асыруды азаматтық парызымыз деп білді.

         Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаев « Тарих толқынында » кітабында алаштың ұлы тұлғалары турасында: '' ХХ ғасырдың басында ұлттық бірлікті нығайту идеясын алға тартқан рухани-игі жақсылар қазақтың ұлттық идеясын жасау міндетін өз мойнына алды. ''  [1]   ( 1. Назарбаев Н. Тарих толқынында.- А.-1999.-156 бет. )   – деп, өзінің әділ бағасын берді.        

          А.Байтұрсынұлы 1913 жылы  ’’ Бас қосу турасында “ мақаласында: '' Біз кірсіз пікір, таза амалмен жұмыс істеу үшін, мысалы, мұң-мұқтаждарымызды кеңесіп, дертімізге ем қарап, ісімізге жөн қарап, жоғымызды іздеуге, барымызды сақтауға ақылдасу үшін жиыламыз дерміз; ''  [2] (  2. Байтұрсынұлы А. Бас қосу турасында .5-том.-А, 2006.-211 бет ) – деп,  '' ақылдаса пішкен тон, келте болмас .'' дегендей, бізге мынау, алмағайып заманда әрбір істе пайдалы, көпшіліктің мұң-мұқтажын өтейтін іс-әрекетпен айналасу керектігін айтады.

         Егемендігімізді алғаннан кейін, Елбасы Н.Назарбаевтің ұсынысы бойынша, Қазақстан Халықтар Ассамблеясы ( ҚХА ) құрылды. Қазақстандағы 120 ұлттың өкілдерінен тұратын, бұл ұйым елдің тұрақтылық пен татулықтың кепілі болып отырғанына төрткүл әлем куә.

     Енді Т.Рысқұловтың қоғамдық ой-пікірлеріне зер салайық: «Біз теориялық

тұрғыда былай дейміз, – деп атап көрсетті ол, – царизмнің кеңес өкіметінен айырмашылығы царизм тұсында патшалық капитал, атап айтқанда орталықтың тоқыма өнеркәсібі шет аймақтарды басты шикізат көзіне айналдырды және жергілікті өнеркәсіптің дамуына мүмкіндік бермеді, қайта керісінше, барлық жағынан артта қалушылығын қолдады». [2]  ( 1.Қоңыратбаев Ордалы «Тұрар Рысқұлов қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметі»  6-13бет, 63-77бет. )- деп, патшалық империяның отаршылдық саясаты қазақ елінің дамуына ешқандай мүмкіншілік бермегенін және де оны қаламағанын, олардан рақымшылық күтуге болмайтынын жақсы түсінеді. Сондықтан алаштың игі жақсыларынын басын қосып, азаттық үшін  күресуге бел буды.

      А.Байтұрсынұлы 1913 жылы « Орынбор 13-нші октиабір »     шығармасында: '' Әр халықтың бұрыннан жүріп келе жатқан дағдылы жолы бар, ол жолда түзеткенде жарамды жеріне тимей, жарамсыз жерін ғана өзгерту тиіс ''  [3]  ( 3. Байтұрсынұлы А. Бас қосу турасында .5-том.-А, 2006.-211 бет Байтұрсынұлы А. Орынбор 13-нші октиабір. 5-том.-А, 2006.-221 бет ) – деп, бұл уағызы қандай да болмасын қиын-қыстау заманда ата дәстүріне сай, рухани құндылықтарымызды сақтай отырып, заман ағымына икемделу, жаңа технологияларды меңгеру арқылы ғана тәуелсіздіктің іргетасын нығайтамыз дегені емес пе.

   

                                            Әдебиеттер  тізімі

        1. Назарбаев.Н. ''  Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. ''  Егеменді Қазақстан.-№-230.-01.12. 2015 ж.-1бет.        

        2. Байтұрсынұлы А. Соғысушы патшалар .5-том.-А, 2006.-240 бет.   

3. Шоқай М. Көтерілістен - ұйымшылдыққа.-  1-том.-А,  2007.- 88  бет.