Мұсылман дінінің қазіргі
кезеңдегі идеологиясы
Хамзина
Алуа ,
Жекіжан
Тлеухор
Адылханова
Самал Ерденовна, ҚарМТУ
Ислам біздің заманымыздың 609-632 жылдар
аралығында ( VIIғасыр)-шығыс пен батыс мәдениеттері
тоғысып жатқан Араб түбегінде пайда болған әлемдік
діндердің ен жасы. «Ислам сөзі» арабшада «бейбітшілік»,
«бағыну», «мойынсыну» деген мағыналарды береді.Жаратушының
жалғыз,дара деп қабылдаумен Ислам монотиістік дін болып
табылады.Негізгі ұстанымдары-Құран кітап пен Мұхаммед
Пайғамбардың өнеге етіп қалдырған іс-амалдары
(сүннеті).Деректер бойынша хазірет Мұхаммедке (с.а.с)
пайғамбарлық ақыл-ойы кемелденген 40 жасында
қонған.Елшілік міндеті 610 жылы Рамазан айында Хира тауының
басында Жәбірейіл періште жеткізгені делінеді.Періштенің жеткізген
аяндары «уахи» деп аталған.Тауда
үнгір ішінде отырған бір сәтінде Жәбірейіл періште
хазірет Мұхаммедке(с.а.с).Өз бейнесінде
көрініп,алғашқы аяттарды түсірген.Алғашында
бұл оқиғадан хазірет Мұхаммед (с.а.с) қатты
қорыққан.Кейіннен өзіне елшілік міндеті берілгеніне
нақты көзі жеткенде түскен әмірлерді
қалтықсыз орындай бастаған.Жәбірейіл періште
арқылы,Алла тағаладан аян түсуі өмірінің
соңына дейін үзбей жалғасқан.Исламда адамның
ең үлкен жауы-шайтан мен нәпсі болып табылады.
Мұсылман дінінің қазіргі
кезеңдегі идеологиясы мен практикасын сөз еткенде ең алдымен
оның икемшілдігін, діни насихатын үнемі жетілдіріп
отыратындығын тілге тиек еткеніміз жөн. Сондықтан да
модернизацияланған ислам қазіргі діндарлар үшін
неғұрлым тартымды бола түсті және олар оны тарихи
анохронизм ретінде емес, мұсылмандардың бүгінгі
ұрпағына бағытталған ілім ретінде қабылдап
отыр.
Бүгінгі Қазақстанда ғылыми тұрғыдан шешілуі
қажет көп салалы діни мәселелер бар. Бұл-білім беру,
экономика, сауда, әлеуметтік және саяси өмірде кездесіп
отырған “дін проблемасының” уақыт, кеңістік және
тарихи ахуалына қарай бой көрсетуі деген сөз.
Бүгін діни мәселе туралы
сөз қозғап отырмыз. Кеше Батыс пен Шығыс
блоктарының тепе-теңдігі ыдырап, кеңестік жүйе тарих
бетінен жойылғанда, осы кеңістікте, дін, өшкенімізді жандырады,
жоғымызды түгелдейді деген құлшыныс пен
үміттің көзі болып үлкен құбылысқа
айналды. Шындығында дін-мәдениетімізді,
салт-дәстүрімізді, санамызды, жан сарайымызды қалыпқа
салатын жол. Олай болса, діннің өзі мәселелерді шешу
үшін жіберілген ерекше институт болса, онда дін қалай проблема
болады? Дін, әсіресе, біз мұсылмандар үшін ислам, Алла
тарапынан аян арқылы бір әрпі де қисаймай жеткен
“Алланың жолына тура апаратын рухани азықтың көзі”.
Олай болса, мұндай дін ешқашан проблема бола алмайды.
Сондықтан бұл мақалада дін мәселесі тіркесінің
мазмұнында, діннің ішкі мәні, өзегі емес, оның
уақыт пен кеңістік және тарихи процестегі “оқыту,
ұғыну, ойлау, жоу, түсіндіру және өмірде
қолдану” барысындағы “діни тіршіліктің мәселесі”
қаралып отыр.
Діни тіршілік мәселесі тақырыбы
тарихи процесс ішінде әлемдік құбылыстар деңгейінде,
әртүрлі тартыстар, ағымдар мен мектептердің объектісіне
айналғаны анық.
Бүгінгі біздің халқымыз
үшін дәстүрлі емес діни және жалған діни
ағымдар мәселесі өткір тұр.Жастарымыздың бір бөлігі
өмірге осы жат жалған діни көзқарасты сөзсіз
қабылдайды,өйткені,біздің қоғамның бір
бөлігінде шеттен келген жалған діни әсерлерге иммунитеті
әлсіз.Біздің Конституция сенім бостандығына кепілдік
береді,бұл-факт.Бірақ өздеріңіз білетіндей,шексіз еркіндік
деген болмайды.Ол дегеніміз- хаос.Барлығы да Конституция мен заңдар
аясында болуға тиіс.Әркімнің тандау
құқығы бар.Діни тандауға өте үлкен
жауапкершілікпен қарау керек,өйткені,адамның өмірлік
салты,тұрмысы,көп жағдайда бүкіл өмірі
соған байланысты.Бүгінде,интернет пен жоғары технологиялар
ғасырында,ақпарат тасқындаған заманда, «сүзгі»
адамның ішінде болу керек.
Сонғы деректер
бойынша 1991 жылы елімізде 30 конфессияға жататын 900 діни бірлестіктер
болса,2000 жылы 50-ден астам конфессияны қамтитын 2100 діни бірлестіктер
қызмет еткен.тіпті,осыншама ақылға сиымсыз рухани
бытыраңқылық мемелекет шенеуніктерінің еліміздегі сенім
бостандыңы мен адам құқығы мәселелеріне
қатысты есеп беру жиындары кезінде мақтанышпен
айтылып,халықтың еркіндігі деңгейін өлшейтін шамаға
айналды.Дегенмен,либерплды саясаттың жемісі-көп дінге
бөлінушіліктің зардаптары қазіргі кезде
маман-зерттеушілердің аса алаңдап отырған
мәселелерінің бірі.Дінге бөлігушілік Қазақстан
егемендігіне және біртұтастығына қауіп
төндіретіні ақиқат.
Елдегі 50 діни
бірлестіктің 8-і қазақ қоғамына аса қатерлі
ұйымдар екендігі белгілі болып отыр.Албасты шіркеуі (Церковь
Сатаны),Бірлесу шіркеуі (Церклвь Обьединения),Ақ ағайындық
(Белое братство),Құдай балалары (дети Бога)
сияқтылардың соңғы мақсаты адамдарды
қоғамдың ,отбасынан айыру,жақсылықты кейінгі
дүниеден іздеу,сананы тұмандандырып,ақылдан алжастыру.Сол
арқылы діни секта басшыларының ғана айтқандарын
ұғып,айдауында жүретін зомби-есалаңға айналдыру.
Адам діні
арқылы өмірдің түсінуі,қоғам болса дін
арқылы тәртіпке салады.Дін
адамды Алламен байланыстыратын,оның жазғандарын мойынсұнып
қабылдау арқылы өмірін тәртіпке
келтіретін,жауапкершілік пен онымен тығыз байланысты даналықтын
қайнар көзі болып табылады.
Сонымен
қорытындылай келе, «...Біз мұсыламанбыз,оның ішінде Әбу
Ханифа масһабын ұстантын сүнниттерміз.Бабаларымыз
ұстанатын бұл жол ұлттық салт
дәстүрді,ата-ананы сыйлауға негізделген.Ендеше,бүгінгі
ұрпақ та әлемдегі ең ізгі дін-ислам дінің
қадірлей отырып,ата дәстүрін ардақтағаны
абзал.Қазір кейбір сыртқы күштер жастарымызды ислам
дінінің хақ жолынан адастырып,теріс бағытқа
таратуға тырысуда.
Мұндай
ұлттық табиғатымызға жат келенсіздіктерден бойымызды
аулақ салуымыз керек. Біз мұсылман үмбетінің бір
бөлігі екенімізді мақтан тұтамыз,Ол-біздің
дәстүріміз.Бірақ бізде зайырлы қоғамның
дәстүрлері де бар екенің,Қазақстан зайырлы
мемелекет екенің ұмытпауымыз керек.Біз елдің
дәстүрлері мен мәдени нормаларына сәйкес келетін діни
сана қалыптастыруымыз керек.Біз өзін-өзі
ұстанудың ерекше үлгілерін алуға тиіспіз»-деп «Қазақстан 2050» стартегиясында
айтылған.Ендеше діни діңгегіміздің беріктігіне барынша
жауапкершілікпен қарағанымыз абзал.
Пайдаланылған
әдебиеттер
1.Әділбаева Ш.Хадис –ғұрпымыз, сүннет-салтымыз.
Алматы,2011.-148-15 бб.
2. Маямеров Е. Дін мен дәстүр.- Алматы,2014.-64 б.
3.Кенжеахметов С.Қазақтың салт-дәстүрлері мен
әдет-ғұрыптары.
Алматы,1994-182-183 бб.
4. Байділиев Б. Ата салтын аздырма,қалқам. Алматы 2012-128 б.
5. Нұралы Өсерұлы.
Ислам және Қазақстан Руханият.-Алматы 2003