Тұлғаның психологиялы-жүйкелік бұзылыс болмысы түсінігінің ғылыми бағыты

 

Жанибекова С.С.,п.ғ.к.,профессор,Қызылорда

Елшібаева К.Ғ. PhD докторы, РЖА профессоры,Алматы

Абдалиева Д.С. психолог, Алматы

 

Қазіргі заманда, отандық әдебиеттерде психогендік және басқа да шектес жай-күй кезіндегі патологиялық көріністердің бірнеше ескертпелерді ең бастысы невроз бен психопатия («кемелденген тұлға мен ересектер мінездерінің бұзылысы» - МКБ-10) рамкасында қарастыру қабылданған.

Неврозды зерттеу тарихын талдау төрт басты бағытты айқындауға мүмкіндік береді: нейробиологиялық, психологиялық, мәдениеттік және көпфакторлы. Биологиялық факторға тұқым қуалаушылық, түзіліс (конституциясы), ағзаның биотонусының төмендеуі және соматикалық қолайсыздық; әлеуметтікке – отбаслықы факторлар, тәрбие, оқыту немесе еңбектену қызметтерінің ерекшеліктері; психологиялық – тұлғаның преморбидті ерекшеліктері.

Шығуының ең басты критерийі болып невроздың даму факторлары мен болмысын түсіну, тұлғаның невротикалық бұзылысы болып келеді. Төменде үш подходы қарастырамыз, төртіншісі – бөлек қарастырамы, себеі, ол біздің зерттеуіміздің көздеген мақсатына жатады. 

Скругленный прямоугольник: Психологиялық                                        З. Фрейдтің психоанализі; А.Адлердің неопсихоанализі; К.Хорнидің тұлғаның әлеуметтік-мәдени теориясы; К. Юнгтің аналитикалық психологиясы; Дж.Уотсон, Б.Скиннердің бихевиоризмі; В.Франкл, Р.Мей, Ф.Реолз, К.Роджерстің экзистенциальді-гуманитарлық теориясы; Дж.Келли, А.Бек, А.Эллистің когнитивті теориясы.


      

Скругленный прямоугольник: Нейробиологиялық
И.П. Павловтың патофизиологиялық концепциясы;  П.К. Анохиннің функционалді жүйе теориясы; Б.И. Бирманның теорисы;  И.К.Липгард, А.Н. Молла-Заде,  ; А.Р. Аллахвердов, Г.М. Дюковтардың биологиялық теориясы


     

 

                                                                                                             

èè

 

Скругленный прямоугольник: Көпфакторлық М.Н.Мясищев, С.Н.Давиденков, Г.К.Ушаков, В.К.Мягер, Е.Т.Соколова, В.В.Ковалев, Б.Д.Карвасарский, Н.Д.Лакостина, Н.В.Тарабрина, М.И.Буянов, А.И.Захаров, т.б. еңбектеріндегі невротикалық бұзылыстардың дамуындағы жекелік еркешеліктерінің рөлін зерттеулері
Скругленный прямоугольник: Мәдениелік                             Д.Мацумотоның жан дүниесі концепциясы; Л.Итон, Ч.Вейл, М.Паркер, В.Б. Миневич, С.А.Рожков, А.Б.Холмогорова, Н.Г.Гаранян, т.б. еңбектеріндегі невротикалық бұзылыстар дамуының кроссмәдени аспектілер зерттеуі
 

 


                                                                                                                

 

 

 

 

 

1        - сурет – невроздар болмысын түсінудегі негізгі подходтары

 

Нейробиологиялық бағыт

Осы бағыттың жақтаушылары неврозды анықтаудағы негіз ретінде биологиялық критерийлерді алады, яғни, «органикалық негіз» - ми субстратының өзгеше жағдайы. Бұл көзқараспен алғанда, кез келген невротикалық көрініс, диагностикалық технологияның әрі қарай жетілдірілілуімен байланысты айқындалатын, ми субстратының өзгерістерінің патологиялық салдары ретінде қарастырылады. Неврозды зерттеудің берілген подходын қолдаушылардың алғашқыларының бірі патофизиологиялық концепцияның негізін қалаушы И.П. Павлов болды [30]. Ол невроздың клиникалық көрінісін, зорлану немесе қолайсыздықтан пайда болган жоғары жүйке қызметінің патологиялық жай..күйі қозу мен тежелу процестермен түйіскен байланысты негіздеді. Оның іліміне бойынша, жүйке жүйесі, оның ерекшеліктері, қоздырғыш және тежегіш процесстерінің, олардың салмақтылығымен және қозғалғыштығының күшімен анықталады. И.П. Павловтың өзі невроз деп қалыпты жоғары жүйке қызметінің ұзақ уақытқа созылған, апталап, айлап, тіпті жылдап ауытқушылығын түсінеді. Бұл ауытқушылықтарды ол, қозғыштық немесе тежелушілік процесінің зорлану позициясынан және осы процестердің ширақтығы, қозу мен тежеудің қақтығысы - олардың бір-бірінің итерілісінен деп қарастырған. Осы шарттар болған кезде, оның көзқарасы бойынша, қалыпты жағдайдағы жоғары жүйке жүйесінің іс-әрекеті бұзылады делінген. Сонымен, невроздың пайда болуның жалпы патофизиологиялық себептері мен механизмі, қозу мен тежелу процестеріне күш түсу салдарынан жоғары жүйке жүйесінің іс..әрекеті бұзылысына әкеледі. Невроздың физиологиялық болмысы, Б.Н. Бирманның пікірі бойынша, негізгі жүйке процестерінің ширақтығы мен байсалдылығының функционалды бұзылысы алып келуі мүмкін, сонымен бірге, белгілер жүйесінің қыртысы мен қыртыс астының күштелген өзара қарым-қатынасына апаруы ғажап емес. П7К7 Анохин, невротикалық жағдайға физиологиялық талдау жасай отырып, сол тәжірибені ұсына, бұрындары ұмытылып кеткен, бірақ ұзақ уақыт конфликтілі күйде болған, дау..дамайлық жай бірі..бірімен өзара күшейе түскен жүйелерде тым аса қозу пайда болуынан деп есептейді, ең соңында қозудың ең жоғары деңгейдегі әлдебір созылмалы тоқырауы жинақталады [30].

            Невроздар - бұл әртүрлі “психикалық динамизмдер” қозғалысының процессі емес - қандай да бір формадағы ауыр уайымның психикалық шырықты бұзатын көрініс, нақты клиникалық синдроммен анықталатын, бірінші және екінші белгілер жүйесінің қыртысы мен қыртыс асты қатынастарында5ы физиологиялық тәртіпсіздіктің көрінісі. Зерттеушілердің көбісі, осы дерттің физиологиялы жағын жоққа шығармастан, оның шығу тегінің психогендік сипатына сілтеме жасайды. П.И. Эмдин атап өтті: психогения, сондай-ақ осы тұлғаның психикалық және соматикалық механизмдерін кірістірумен жауап ретінде адекватты емес реакциясын күрделі құрастыру, және де осы реакцияны ұстама немесе үздіксіз көрініс беру формасында ұзақ мерзімге шегендеу. Невроздар – қандай да бір дәрежедегі конфликтілі уайыммен байланысты, психогенді дерттің болмысы.

Невроздар – дау-дамайлық күйзелістің қандай да бір деңгейімен байланысты психогендік дерттің төркіні боып келеді. Н.К. Боголепов психогнедік фактордың маңыздылығын ерекше баса айта отырып, «невроз» түсінігін тым шартты түсінік дейді, ол үлкен дәрежедегі амплитудасы бар, конституциялық жағдайдың асқынуын, және тұлғаның реакциясы мен дамуын жиі қосып отырады. Оның айтуы бойынша адам өміріне қауіп төндіретін апат, жер сілкінісі және тағы басқа да жағдайларда ояу жүрген адамдарда жарақатты невроздың ауыр түрімен ауырады, ал сондай жағдайларда ұйқыда болған немесе естімей, көрмей қалғандар сап-сау күйде болады екен [30].

            Осындай позицияны Ю.В. Каннабих та қолдайды, «нероз» сияқты патогендік құбылыстағы топты айқын көрсетіп отыр, олар психоген деген ерекше қасиетке ие деп атап өтуде. Психогенді сәт, оның айтуы бойынша әртүрлі белгіге ие: 1) психиканың өзінде, 2) психомоторикада, 3) вегетатикада және басқа да бір қатар соматикалық функцияларда. Психогендік сәттің қандай да бір белгіленуі тұлға құрылымы мен ағзаның ерекшеліктеріне байланысты. Психогендік факторлар болып, қарама-қайшылық, үстірт, инстинктивті әуестенушіліктермен, ниеттермен, әлеуметтік талаптар және тиым, сонымен бірге тұлғаның осы жағдай үшін тіпті де толық емес әлеуметтік бағыттықта, салдарында терең эгоистік түрткі мен альтуристік талаптар және мақсатты нұсқаулардың арасындағы диссоциация болуы мүмкін.

Невроздың өзіндік биологиялық платформасы, әлеуметтік факторлардың есебінде, көп дәрежеде – қоғамдық қарым-қатынаспен, көбінесе елдің идеологиялық жағдайымен мәжбүрленетіндігі белгілі. 

В.А. Гиляровский, невроз проблемасындағы басты сәттерді талдап ұғыну арқылы, нервоз – бұл тұлғаның психикалық факторлардың пайда болған, органикалық өзгерістермен шартталмаған, белсенді өңделу мен компенсациямен бағыт алған, соматикалық саладағы оның қоғамдық қарым-қатынаспен ауыр түрдегі күйзеліске ұшырауы екендігін атап көрсетті. Көптеген ситуацияларда бұл компенсация психикалық жарақаттардың арқасында пайда болған ауыр өзгерістердің пайда болуы бойынша басталады. Оның айтуы бойынша, олардың жекелік ыңғайлы жағдайлары болғанда туа біткен тұрақсыздық, жалпы немесе жеке жүйеге деген әлсіздік түрінде дерт туралы құқылы және табанды күйде айта алады деп есептейді. Невроз уақытында тұлғалық өзгерістердің биологиялық компоненттерде де болатындығына көрсетеді, алайда ол үшін негізгі ретінде қоғамдық қарым-қатынастағы бұзылыстармен байланысты бұзылысты айтады .

Невроз бен олардың формалары жөнінде 40-шы жылдары Ұлы Отан соғысындағы тәжіибелерді есепке ала отырып, оларды келесі күйде топтастыруға болады екен:

-  невроздар жұқпалы, токсикалық, мидың қан тамырлары немесе қандай да бір органикалық дерттермен негізделмеген жүдеулік пен астениялық күй;

-  невроздар, беймазалық күймен және мазасыз секемшілдікпен көрініс беріп сипатталады;

-  истерикалыжарақаттарға ұшырауды қоса истерикалық бұзылыстардың барлық варианттары;

-  эмоциялық невроздар, қорқыныш немесе психогенді-реактивті жағдай деген атпен сипатталатын өзге де реактивті невроздардың барлығы.

Невроздарды зерттеудегі биологиялық подход оларды психоз және қандай да бір айқын психикалық бұзылыстар және олардың салдарларымен салыстырумен көрініс алады. Мысалы, М.О. Гуревич неврозды жүйке жүйесінің деструктивті зақымдануына негізделмеген қатерсіз, функционалды сипаттағы қайтымды дерт деп сипаттайды. Ол невроздарға, психозға тән тұлға бұзылысы жоқ дерттерді атайды, салдарында невроздар психикалық дерт сияқты әлеуметтік зардабын бермейді, ол өзінің науқас екендігін саналы түрде қабылдай алады. Ол эмоция мен вегетативті жүйке жүйесінің тығыз байланыста екендігін көрсетеді, бұл бір жағынан эмоциялық құбылмалылық соматикалық функцияларда білінеді, екінші жағынан соматикалық бұзылыс эмоциялық жайсыздыққа шалдықтырады, ал бұл олардың өзара әрекетін негіздеуге мүмкіндік береді. Невроз уақытындағы бұзылыстың психотикалық сипаты олармен зардап шеккен пациенттердің жағдайының ауыр жеңілдігін жеткілікті түрде бағалауға алып келеді. Сонымен, Л.Л. Рохлинның айтуы бойынша невроздар – қоғамға деген қарым-қатынасының бұрмаланбайтын, іс-әрекетінде кенеттен бір өзгерістер пайда болмайтын, қоршаған ортасына деген түсінігі бұзылмайтын, салыстырмалы түрде тез жазылатын жүйке жүйесінің бұзылысы. Неврозға шалыққан адамдар, жай-күйі нашар болса да күнделікті тіршілігін жасап, жүйке жүйесіндегі қолайсыздықты «жүре-бара» шешіп жүре береді, сол күйінде жұмыстарын жасайды.

Сонымен, неврозогенездің биологиялық платформасы біркелкі болмайды да невризмнің теориясына сүйенбейді. Осы позицияда тұрған көптеген ғалымдардың еңбектерінде, невроздардың шығу тегіндегі психоәлеуметтік факторлар мен невротикалық бұзылыстар мен олардың ағымы рөлдерінің түсінігі қадағаланады. В.Н. Мясищев тіпті сонау 1935 жылы тұлға мен оны қоршаған ортаның нақтылығы арасындағы қарама-қайшылықтың салдарынан  пайда болған дей отырып, психоневрозды ауыр түрдегі жүйкелі-психикалық жағдай деп түсіндіреді, ал бұл қарама-қайшылық тұлғаның өте маңызды аффективті қысым түсіреді, өнімді, рационалды түрде қорытындылыққа келмегендіктен функционалды бұзылыстардың осындай картинасын беретіндігін атап өтті.  Бұл ретте, Н.В.Иванов, клиникалық картинаны құруда, тұлғаның жарақат беруші жағдайды қайта өзгерту ерекшеліктеріне байланысты, дәлірек айтқанда қандай да бір сиптомдардың алғашқы жоспарға жылжытуда, тұлғаның жағдайға деген қарым-қатынасының айтарлықтай мәні бар екендігін атап айтады. В.Н. Мясищев тұлғаның преморбидті ерекшеліктерін психожарақатты жағдайға ыңғайлы рұқсатты қиындататын ерекшеліктер деп сипаттады. Оған объективтілік пен логикалыққа (импульсивтілік, эгоцентризм, қыңыр-қырсықтық, сензитивтілік, т.б. қатысты) субъективті және аффективті басымдылықты, сонымен бірге ауыр уайымдаушылықтың тұтқыр домининатын құрушы аффективті наздануға аффективті енжарлықтың үстемдік етуін санайды.

Н. К. Липгарт, А. Н. Молла- Заде, Г.М.Дюкова, А.Р.Аллахвердов неврозды психожарақат тек іске қосу механизмі ретінде ғана болушы тұқым қуалаушы-биологиялық дерт ретінде қарастырады. Мұны растауға болатын бірқатар невротикалық фенмендердің дамуын зерттеген, үлкен генетикалық үлестің мәліметтерімен негізделген ғалымдардың еңбектерін айтуға болады.

Нейробиологиялық подход невроздардың жалпы теориясын мойтқанына қарамастан, биологиялық концепцияның аясында осы патологияның психоәлеуметтік түсінігі маңызды дами алмады. Бұл тапшылықты психологиялық подход аясындағы зерттеулер жоқ етті. 

Психологиялық бағыт төмендегідей подходтардан тұрады: психоанализ, неопсихоанализ, бихевиризм, экзистенциально-гуманистік когнитивтік.

Психаналиткалық концепциялар невроздың пайда болу себептерін түпсананың психологиялық факторларымен түсіндіреді .. психоаналитикалық жорудың көмегінің арқасында ұғынуға мүмкіндік алатын психологиялық “жабылғымен” жасырынған түпсаналық элементтер деп түсіндіріледі. Әртүрлі психоаналитикалық теориялар невроз бен оның симптоматикасын негізінде тереңдеген психологиялық конфликтінің салдары ретінде көрсетеді. Олардың көзқарастары бойынша, мұндай конфликт адамның маңызды бір қажеттілігін қанағаттандыруға кедергі келтіретін немесе оның болашағына деген төнген қауіптен құтылу амалын жасап тырмысады, бірақ қолынан келмейді, міне осындай ұзаққа созылған әлеуметтік ситуациядан барып қалыптасады.

З. Фрейд, невроз адамның балалық шақтан бері қалыптасқан адамгершіліктің мораль мен заңдарын білдіретін Супер..эгоның тиым салуы мен Ид инстинкті құштарлықтың арасындағы қарама..қайшылықтың нәтижесінде құрылады. Оның айтуы бойынша құштарлық дериваттарының белсенділігінің жұмылуынан қорқыныштың пайда болуы невротикалық конфликтінің іске қосылу механизмі болып табылады екен. Бір жағынан, эго, қорқыныштың шығу көзі болса, екінші жағынан конфликтіні қайта ұқсату агенті ретінде функциясын орындайды. Ал Ид бұл қорқынышты қауіп инстинктілерінен шыққан белгі ретінде қолданады да, “қорғаныш” ретінде белгіленетін әрекеттерді ғана жібереді. Қорғаныш жұмылдырылған наразылықты .. қорқынышты саналауға жеткізбеуді мақсат ету үшін қызымет етеді: наразылық қаупін шақыруды шектейді немесе жояды. Адамдыық тұлғаның ерекшеліктері мен биологиялық анықталған құштарлықтардың терең байлынысын қадағалай отырып, З. Фрейд, индвид өмірін егжей..тегіжейсіз білмей және сыртқы жағдайдың әсерінің қалыптасуын білмейінсіз неврозды түсіну мүмкін емес дегенді басып айтты. З. Фрейдтің ашқан жаңылығының негізін салушы интрапсихикалық конфликттің құбылысы, тұлға дамуы мен неврозды қалыптастырушы жағдайды түсінуде ауқымды перспективаның дамуына түрткі болды.

Фрейдтің тереңнен қаланған іліміне сүйенбесе, “мәдениет пен тұлға”, “мәдениет пен дерт” проблемаларына деген әртүрлі психологиялық мектеп пен бағыттар көзқарастарының әрі қарайғы эволюциясы мүмкін емес еді. Дәл осы уақытта, тұлғаралық коммуникациясы бұзылыстарының нәтижесі ретіндегі психикалық бұзылыс жөнінде айтылған А. Адлер, К. Хорни  еңбектері де жарық көреді. Невроздың міндетті құрамдасы ретінде, невротикалық конфликт идеясынан серпілісе, олардың зерттеу қызығушылығы неге невроздар басқадан емес, өзгеше конфликтіден “өсіп” шығады дегенді түсінуге шоғырланды. З. Фрейд, осы проблеманы қозғай отырып жорамалдады, атап айтқанда осы мәдениеттегі либидо мен объективті қарым..қатынас қатаң тіркелген, биологиялық жағдаймен негізделген .. әлеуметтік мораль институттарын қалыптастыру негізін жеңіп шығатын, тұлға дамуының прегенитальді фазасы мен Эдипова кешені. Проблеманың мұндай қойылымы көбінесе психоанализдің бірнеше бағытының болашақтағы тармақталып шығуының біразын анықтап берді, атап айтсақ, А. Адлер невроз бен “еркектік наразылықтың” өзіндік концепциясының тұжырымын, К. Хорнидың .. невротикалық тұлғаның теориясын дамытуға, В. Райхтың .. еуропалық өркениеттің невротикалық эндемиясын түсінуге әкелуге көмектесті. Бұл тұлға мен неврозды мәдениеттің қалай қалыптастыратындығын түсіну үшін, мәдениет проблемаларын жалпы түрде зерттеуді талап етті.

Жалпы идея, невроз ағзадағы “өкінішті сынық” ретінде қарастырылмай, тұлғамен тікелей тығыз байланыстағы, немесе шын мәнінде мінез..құлық құрылымы болатындай, симптомнан да жоғары тұратын ұғым екендігін көрсетті. Невротикалық тұлғаның идеясын дамыта келе К. Хорни неврозбен зардап шеккен адамдар туралы айтқанда олардың жалпы ерекшеліктерін ғана айтып қоймау керектігін қорытындылады. Осы уақыттағы осы мәдениетке тән, өз негізінде қиындықтарды шақыратын бұл базистік ұқсастықтарға көңіл аудару керектігін айтты. Сонымен, қоғамда кездесетін кәдімгі невротикалық конфликтілерден айырмашылығы, олардың мазмұнын мен түпсаналық негізінде ғана емес, невротиктерде конфликт тым қатты айқын көрініп тұрады. К. Хорнидың пікірі бойынша невроздың тірегі, жауласқан әлемде дәрменсіздікті сезінумен байланысты негіздік үрей болып табылады [39].

Негіздік үрей, ата.ананың баланың қауіпсіздік қажеттілігін қамтамасыз етуге себепкер болмауынан пайда болған негіздік өшпенділіктің салдарынан шығады. Әртүрлі ситуацияға невротиктердің реакциясы тұлғааралық әрекеттің үш түрлі стратегиясының біріне ғана сүйенеді: “адамдардан”, “адамдарға қарсы”, “адамдарға”. Атап айтсақ, қорлау, әлеуметтік оқшаулану, балалық шақтағы ата..анасының сүйіспеншіліктерін тотальді бақылау жасауы, ата..анасының өз баласына кемсіту мен агрессиялық қарым..қатынасы төңірегінде пайда болатын невроз жағымсыз леуметтік факторлардан сақтану ретінде пайда болады. Қорғаныштың (“адамдардан”, “адамдарға қарсы”, “адамдарға қозғалыс”) үш негізгі амалы тұлғада қорғаныш ретінде балалық кезде қалыптасады. Адамдарға деген қозғалыс көбінесе бағынуға, сүйіспеншілікке, қорғанышқа деген қажеттілік көрінісін береді. Аадамдарға қарсы қимыл..әрекет .. адамдардың үстінен қарау, атаққа, мойындатуға, жетістікке деген жеңіске деген салтанатқа, мықты болу үшін, өмір сүруге шамасын келтіру мақсатындағы қажеттіліктер. Адамдардан қашқақтау қозғалысы тәуелсіздікке, еркіндікке, адамдардан алшақтау қажеттілігінен туындайды екен. Әр невротикте осы үш типтің үшеуі де бар. Сонда да болса, осы үшеуінің бірі басымдырақ болып келеді, және ол “бағынушы”, “агрессивті”, “оқшауланған” деп классификация жасауға мүмкіндік береді. Өзінің клиникалық бақылауларын жинақтай келіп, және антропологиялық және әлеуметтік материалдарға кеңінен сүйене отырып, К. Хорни батыс мәдениетіне тән қарама..қайшылық, невротиктің өзіне шақталған дәл осы конфликт болып есептеледі  деп қорытынды шығарды. Невротик болып мәдениетпен негізделген қиындықтардың асқынған формасын басынан өткізген, оларды балалық шақ арқылы билей отырып, қорытындысында оларға шешім қабылдауға қабілетсіз болып шығады немесе өзінің жеке басына үлкен нұсқан келтіре шешімге келеді.  

К. Юнг невротикалық бұзылыстар болмысын түсінудегі әртүрлі подходтардың адептлары (жақтаушылары) жастарға бағытталғандығына назар аударған. Алайда табиғатын айқындаудың маңызды дәлелі жас ерекшеліктері болып табылады, өйткені жас невротик өмірден үркеді, онда кәрі невротик өлімнің алдында шегінетіндігі сияқты. Атап айтқанда тап осыдан соң ол, әр үшінші невротик пациент өз өмірінің мәнсіздігінен және мағынасыздығынан жардап шегуде.   

  Болашақ психоаналитикалық дәстүрдің ізбасары ретінде, невроздың себептерін ақыл..ойға, ерікке бағынбайтын, түпсананың жұмысында қарастырды. Сонда да болса, З. Фрейдтен айырмасы, невроздың түсаналық факторы ретінде агрессиялық және сексуальді инстинкт әсері емес, рухани нұсқау негізінде жатқан және оның ең ықпалды, идеяларды бағыттаушы қуатты психикалық әсері деп есептеді. Осы ықпалдың әсерімен ұжымдық санадан тыс түпсананың автономдық мазмұнының саласы ретінде жобаланды: бұл өшпенділік көрініс емес, өшпенділік мүмкіндіктері, тіпті түсананың басымдылығы арқылы бұрыннан келе жатқан, айқындалған ұғымды жаңадан жасауға бағытталған қажеттілік. К. Юнгтің концепциясында, невроздың шығу көзі – түпсананың терең түбіндегі тығылып жатқан, шешілмеген өмірлік проблемалардың ең өзекті әртүрлі қайшылықтарымен санадан тыс табысуының шығуы болып табылатын моральді конфликт. Невроз ойлары, сезімдері мен бейнелерінің қатынасын көрсететін, толымсыздық сезімінің болуының нәтижесіндегі тұлғаның диссоциациясының салдарынан дамиды. Оның пікірі бойынша, толымсыздық кешені әртүрлі механизмдердің – психикалық жарақат, моральді конфликт есебінен болуы мүмкін, және де әрқалай формаларда болады. 

 

Қолданылған әдебиеттер

1.      Ганнушкин П.Б. Постановка вопроса о границах душевного  здоровья // Избранные труды по психиатрии. / Под ред. проф. О.В. Кербикова  Ростов-на-Дону, 1998. - 294-308 с.

2.      Семичев С.Б. Предболезненные психические расстройства. - Л.:Наука, 1987. - 184 с.

3.      Малкина-Пых И.Г. Психосоматика./Новейший справочник. - М., 2005,  - 249 с.

4.      Манойлов А.Е. Соматоформные расстройства и основы психосоматики. –  Челябинск, 2004. - 402 с.

5.      Рохлин Л. Л. Очерки психиатрии / Л. Л. Рохлин; под ред. Д. Д. Федотова. - М.: Моск. НИИП, 1977. - 390 с.

6.      Зозуля Т.В. Основы социальной и клинической психиатрии. – М., 2001. 224 с.

7.      Фрейд З. Психология бессознательного./Сб.произведений/Составитель, научный редактор М. Г.Ярошевский. - М.:Просвещение:1989. - 561 с.

8.      Хорни К. Невротическая личность нашего времени. Самоанализ / К. Хорни. – М.: Прогресс-Универс, 1993. - 480 с. – (Мастерская психологии и психотерапии).

9.      Юнг К.Г. Аналитическая психология. Прошлое и настоящее. - М., 1995. – 228 с.