Заманауи
көпфакторлы подходта психоневротикалық бұзылыстардың
зерттелуінде индивидтің жекелік ерекшеліктерінің рөлі
Жанибекова С.С.,п.ғ.к.,профессор,Қызылорда
Елшібаева К.Ғ.
PhD докторы, РЖА профессоры,Алматы
Д.С. Абдалиева –психолог,Алматы
Невроздардың пайда болуында
негізін қалаушы орын қоршаған ортаға
тұлғаның дағдылануын бұзушы психогенді
әсері. Алайда дерттің (бұл жағдайда невроздың)
себебі ешуақытта әрекетке тең емес. Кез келген
невротикалық бұзылыстың пайда болуы үшін
психикалық қысымды болдыратын үш өзара байланысты
факторлар тобы бар. Біріншіден, эмоциялылықтың
биологиялы..конституционалды типі және ең алдымен, невроздың
формасы мен түріне байланысты және осы адамның физиологиялық
және психологиялық өмірінің алдындағы
барлық тарихымен және оның психикалық таптуырынымен
тікелей байланысты қоршаған ортаға деген реакциясының
сипаты. Екіншіден, адамның бейімделу мүмкіндіктері мен нақты
психогендік ықпалының алдында табандылығының
дәрежесін анықтаушы тұлғаның жеке басының
негізі мен әлеуметтік факторы. Үшіншіден, “ізді невротикалық
фон” (И.П. Павловтың түсінігінде “ізді” тітіркенгіштердің
ұқсастығы бойынша), мүмкін тірілуі тән емес
тітіркендіргіштердің әсерімен болуыш (“екінші соққы”
типі бойынша А.Д.Сперанскому. A. Kreindler (1973) болуы невротикалық
бұзылыстардың этиологиялық себептердің үш тобын
атап шығарады (атап айтқанда, өз бетінше нозологиялық
формасы ретінде бағаланушы астениялық невроз), осылар белгілі
шамада мына көрсетілген факторлармен сәйкес келеді: психогендік
(“анықтаушы”), конституциональді (“алдын ала ұйғарушы”)
және соматикалық немесе анда санда шиелініскен
психожарақаттанғыш (“жіберуші”). Алайда, биологиялық та емес,
әлеуметтік негізделген де емес, бір бірінен алшақтықта,
белгілі де “таяныш та” шекаралық жағдай болмаса да алғашқы
себептері сияқты қарастырылмайды.
Психогенді дерттер ретінде
неврозы түсінігі бір бірімен тығыз байланыстағы,
олардың қалыптасуында қатысы бар екендігін тұспалдаушы
негізгі үш факторды қарастырады: биологиялық, психологиялық
және әлеуметтік. Невротикалық жағдайды зерттеу
мәселесіне заманауи, көпфакторлы подходтың ерекшеліктері
болып, невротикалық бұзылыстарды құрастырушы биолоигиялық, психологиялық,
психофизиологиялық және әлеуметтік біртұтастығын
мойындау негізінде олардың көпфакторлы табиғаты есептеледі.
Замануи психоневрология мен медициналық
психология ең алдыңғы жоспарға патогенетикалық
механизмдерде невроздардвң дамуына жеке бас факторын, оның
биологиялық және әлеуметтік механизмдерімен ажырамас
байланыстарымен қоса қояды. Бұл көзқарас С.Н.Давиденко,
В.К. Мягер, В.В.Ковалев, Б.Д.Карвасарск, Н.Д.Лакостиналармен белсенді
түрде айтылған болатын. Психология мәнмәтінінде
А.Н.Леонтьев, Б.В. Зейгарник, В.В.Столин, Ф.Е.Василюк сияқты
қайраткерлер невротикаалық бұзылыстарды адам ішкі ресурстар
мен қоршаған орта талаптарымен мотивтер,
құндылықтар, мақсаттармен келіспеушілітің салдары
ретінде қарастырды.
Тұлға психологиясын
нормада және патологияда зерттеудегі бағыттардың бірі болып
Е.Д.Узнадзенің қоршаған ортаның нақтылығын
қабылдау, бағалау және әрекет жасауға іштей
дайындық ретінде анықтауда нұсқаулар теориясын жасап
шығарғаны еді. Нұсқаудың басты қасиеті
оның принципті сезінбеу сипаты және бұл жерде адам санасының
мазмұнын анықтау мен бағыттау қабілеті. Мақсатты
әрекетін нұсқаулы ұйымдастыру принципінен бастау
алсақ, қазіргі уақытта невротикалық бұзылыстар
терапиясының теориялық және әдістемелік проблемаларын
шешу үшін подходтар белгіленуде. Алайда тек симптоматикалық
принципке негізделген невротикалық бұзылыстар диагностикасы,
невротикалық деңгейге ғана және зақымдану
тереңдігін ғана қамтып көрсетеді, сондықтан да
бұл жеткіліксіз болып табылады. Патогендік подходтың сипаттамасына
қосымша, айқындалуын ғана емес, клиникалық өзгешелігін
бағалауға болжамдайды, дегенмен интрапсихикалық конфликт типі
сияқты науқастың жекелік ерекшеліктерінің
құрылымы мен тұлғаның компенсатрлық
қорғаныш және бейімделу механизмдерін ашады, сонымен,
себептері мен невроздардың механизмін де жорамалдайды.
Н.Д.Лакосина және
Г.К.Ушаков тұлғаның преморбидті радикалына ауруға
дейінгі тұлға ерекшеліктерін, жоғары жүйке жүйесі
қызметтерінің өзгешелігін, тұлға
құрылымының негізгі кемелденуінің сипаты мен
дәрежесін де қосады.
Невроздардың патогендік
теориясына сәйкес аурудың негізгі үш формасы бөлінген:
неврастение, истерикалық невроз және жабысқақтық
жағдайдың неврозы. Әрқайсысының негізінде
өзіндік психологиялық конфликт жатыр. Конфликтінің
патогенділігі науқастың оны шешуге қабілетсіздігі жатыр.
Неротикалық тұлғалық конфликт
тұлғалық беталыстың қарама-қайшылықты
және өзара жоққа шығарушылық тайталасы
болып келеді. Невроздың ең кең тараған түрі
барлық жүйкелік және психикалық процесстерде
сарқылған, әлсіз дік айқынырақ білінетін
неврастения (64,1%, Б.Д.Карвасарский бойынша,1990) болып есептеледі.
Науқастар кез келген салмақ түскенде тез шаршап қалады,
көңіл-күйі тұрақсыз, тез ашуланғыш,
қызбалық реакциясы жеңіл пайда болады.
Неврастениялық типтегі
негізінде жатқан, тұлға мүмкіндіктері арасындағы
қайшылықтарды білдіреді, бір жағынан, оның
ұмтылыстары мен өзіне деген аса көтерілген талаптары –
басқа жағынан; басқаша сөздермен айтатын болсақ,
талаптанудың жоғары деңгейі және төмен
психикалық мен соматикалық ресурстары арасындағы конфликт.
Неврастенияның түп тамыры әдетте тәрбиеде жатады.
Әдеттегідей, мұндай науқастар үшін икемсіздік,
жеңіліске түсе алмаушылық, тез өзгеру үшін алдына
мақсат қоя алдай алмаушылық .
Преморбидте болсын, дерттің әрі
қарай даму кезеңінде болсын, неврастениямен ауыратын
науқастарда, жауапкершіліктің жоғарылығы және
сынға деген жоғары сезімталдықпен қоса
ұқыптылық, жоғарғы деңгейдегі
жұмысқа берушілік пен серпімділікті түрдегі белсенділік,
айқын көрінген ұреймен эмоцияның
ұзақтығы, батылдылық, орташа көрініс беретін
фрустрациялы толеранттылық және бейімділік сияқты
қасиеттердің аясында төмендеген жұмсақтық
тән. «Керек» - кейде «әлеуметтік үздік» деп аталатын
неврастениктің өмір принципі: кей кездерде күші де
уақыты да жетпесе де барлығы керемет болуы қажет.
Невроздың истерикалық
формасы үшін иланушылық пен өзін өзі иландыру
тән, сондықтан да истерикалық бұзылыстар
әртүрлі және құбылмалы. Бұл жерде
барлық психикалық қызметтің өзгергіштігі
байқалады. Патогенетикалық концепциясына сәйкес,
конфликтінің истерикалық типі, әруақытта объективті
нақты жағдайларды бағаламаушылық немесе толық
ескермеушілік немесе төңіректегілердің талаптарымен
қиылыстыра, тұлғаның шектен шыққан
наразылығымен анықталады. Оны айналасындағыларға деген
талабының өзіне деген талабынан асып түскендігінен
айрыуға болатындығын және өз әрекетіне сын
көзбен қарау сияқты қарым-қатынасын атап
айтқанды жөн көрдік. Истериямен ауыратын науқастар
өзіндік бағасының жоғарылылығымен, эгоистік
және эгоцентрлік қасиеттерімен, салыстырмалы жоғары
белсенділігімен, батылсыздығы және ақсаттылығының
төмендігімен, өзін..өзі сендірудің айтарлықтай
дәрежесі сияқты қасиеттердің тіркесімен ерекшеленеді.
Оларда айқын сезімталдылық және үрейлендің
өзгергіштігі мен серпімділік тіркесі білінеді. Байланыстағы
және билікте жоғары деңгейдегі талап конгіштік пен
жауапкершіліктің орташа дәрежесімен тіркеседі. Истериямен ауыртаны
науқастар қыр көрсетушілікке, айлакерлікке, бейімділікке
деген қабілеттіліке амалшыл таланты бар, өз күшіне
сенімшілдікке, қарым..қатынасқа, өзінің
айрықша адам екендігіне, тек жеңіске деген бағыттала алуы
мүмкін. Алайда осындай байланыстарының көптігіне
қарамастан олардың жақын адамдарының жоқтың қасы, ал көркемөнер әртістігі
өз отбасына салқындықпен білініп жатады. Истерия науқас
мақсатына жеңіл жолмен жеткенді көздейді: жылап..сықтау
немесе ауыра қалу. Мұндай адамның вегетативті аппараты
оның эмоциясын қамтамасыз ету қызметінде болып есептеледі.
Заманауи истерияны аурудың осы формасын патоморфозаның салдарынан
диагностика жасау оңайлықпен мүмкін емес. Эмоциялы..аффектілі
мінездің истериялық симптоматикасы көңіл күй мен
қорқынышының төмендейтін түрімен жиі
көрініс беріп жатады. Берілген бұзылыстардың жалпы
ерекшеліктері, қағида бойынша, кіші..гірім тереңдік,
қыр көрсетушілік, күйзелісі және олардың
негізделуінің жағдайлы анықталуының
толықтығының боямалы көрінісі.
Невроз кезінде
жабысқақтық күй уақытында науқаста еріксіз
ойлар, қорқыныштар, олардың қабылдауында
басқаныкі сияқты әрекеттер пайда болады, бірақ та олар
одан арыла алмайды.
Осы невроздың көрініс
беруіне байлынысты үш варианты ұсынылады:
1) Обсессивті
варианты – еске түсе беретін жабысқақ естеліктер, жабысқақ
сандар, жабысқақ көріністер. Соынмен бірге күдікшілдік
те сипат алады;
2)
Фобилі вариант – жетекші рөл
қорқыныш болып келеді;
3) Жабысқақ-компульсивті
вариант – науқастың жағдайы контрасттылы идеялармен,
еліктеушілікпен және әрекеттермен анықталады. Невроздың
бұл формасының негізінде жатқан обсессивті-психоастениялық
конфликт өзінің жеке бағдары мен
қажеттіліктерінің қайшылықтарымен, ықыласы мен
борышы, моральді принциптерімен жекелік құштарлықтарымен
арасындағы күреспен негізделген. Бұл жерде егер осылардыі
бірі басымдырақ болса да, басқасының
қарама-қайшылығы кездесе береді, нервно-психикалық
қысымның кенеттен күшею үшін және де обсессивті-фобиялық
бұзылыстардың пайда болуына ыңғайлы мүмкіндіктер
туады. Тұлғаның толымсыздық кешені сезімін
қалыптастырға себепкер болатын, оның қайшықты
талаптарын көрсету аса маңыздылығы бар,
қайшылықты өмірлік қарым-қатынасы, өмірден
қол үзуге келтіреді, нақты емес, нақтылықтан алыс
ұйғарымдар көрініс алады.
Неврозбен ауыратын
жабысқақты жағдайдағы науқастар тіпті преморбидті
кезеңде де үрейлі және секемшіл, барлық жерде
бәріне күдікпен қарайды, ештеңеге де сенімсіз,
рефлексия мен өзін-өзі қазбалай беруге бейім, қандай да
бір ой немесе ситуацияда кептеліп, сонда шоғырланып қалуға да
бейім болып келеді. Олар үшін шектен тыс өзін-өзі
бақылау тән. Сонымен оларға тән нәрсе, кейбір
науқастарда, эмоциялық реакцияларының сыртқа
көрінуінің тежелуі кезінде жоғары деңгейдегі
сезімталдық пен әсершілдіктің бірдей болуы тән,
осыған байланысты науқастың ол үшін өмірлік
маңыздылығы бар жағдайға үнемі шегенделуі, онаң
өзін-өзі сендіруге жоғары дәрежедегі бейімділігін
арттырды. Бұл жағдай сонымен қоса жауапкершілік пен
тәртіптілікті, сынға деген жоғары дәрежедегі
сезімталдықты, конфликтілі ситуациялардан қашудың орташа
деңгейін тереңдете түседі. Мұндай психологиялық
ерекшеліктермен тұлға өмірдегі көп нәрселерді
өзі үшін қауіпті деп қабылдайды, үреймен
күрсете өзінше «салт-жораларды» ойлап шығарады да, соны
жеңген уақытта өзін қаупсіздендіре алады деп ойлайды.
Ситуацияның абсурдтылығын түсіну онымен күресті
тудырады, сөйтіп жаңа салт-жораларының, көптеген
фобийлардың да пайда болуына себепкер болады. Мұндай дерттер
көбінесе ұзаққа созылған созылмалы сипат алып
жатады.Тұтастай алғанда, Карварский Б.Д., барлық
невроздарға тән, тұлғаның психологиялық
және әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін бөліп
көрсетеді:
-
еріктік салада – төмен
батылдықтың, сенушіліктің тіркесуімен жоғары
деңгейдегі белсенділік;
-
эмоциялық салада – жоғары
деңгейдегі үрей, сезімталдық немесе эмоциялық
салқындық, сонда да болса серпімді және
ұзаққа созылған эмоция.
Жоғарыда айтылғандардың
барлығы байланыста, көпшілдікте, олардың салдарынан сырттан
берілетін жағымсыз әсерді шектеуге ниеттенуді төмендетіп
қиындатады.
Бұл
жерде ерекше әсер ішкі және тұлғаралық
конфликтілерді асқындыра жоғары деңгейдегі жауапкершілік,
тәртіптілік, сезімталдық пен сыни көзқарасты жасайды.
Сонымен
бірге, кейбір авторлар неврозбен ауырған науқастарға
қосымша басқа да сипаттар беріп жатады. Г.Л. Исурина неврозбен
ауырғандарға тән өзіне
қанағаттанбағандықпен байланысты күйзелісті,
батылсыздығын, өзін өзі құрметтеудің
төмендігін, ішкі қысым және дискомфорт, «МЕН» бейнесіне
қайшылық, өз проблемаларын шешуде жауапкершілік пен
дербестіктің төмен деңгейін
көрсетуші өзіндік бағасының төмендігін
атап көрсетті. Е.Т. Соколова «МЕН» - неврозбен аурыған
науқастардың концепциясын полярлы қасиеттерге ие –
ригидтілікпен немесе «МЕН» бейнесінің тұрақсыздығымен,
өзін-өзі сыйлау мен өзін қабылдаудың
төмендігімен сипаттайды. Мотивациялық конфликтінің және
когнитивті сараланбаудың әсерімен байланысушы өзін-өзі
бағалаудың тұрақсыздығымен анықталады. Н.В.
Тарабрина экстрапунитивтілікті айқындайды, Б.А. Барабаш авторлармен бірге
– экстернальностьтікке, М.И. Буянов инфантилизмді, Э.М. Александровская –
әлеуметтік жасқаншақтыққа, Б.А. Ташлыков стрессті
ситуацияларға назарын шоғырландыра беретіндерге, ал В.Б. Шифрин
өзінің зерттеуінде невроздармен ауыратын науқастар тобында
алекситимия деңгейінің жоғарылығын айқындады.
Репертуарлық тор талдауына негізделген неврозбен ауыратын
науқастың портреті келесі сипаттамалар бейнсеін береді:
«Невротик... өзін басқа адамдардан өзгеше көретін адам,
өз-өздеріне көңілі толмайтын өзінің
ата-аналарын қарағанда нағыз пікірлерге ұмтылады да,
адамдардың денсаулығына қарағанда конструктлердің
күрделірек емес жүйесіне сүйенеді». Е.Т. Соколов өз
зерттеуінде, неврозбен ауырған науқастарда ригидтіліктен,
проблеманы көрердегі аса кешірімшілдіктен пайда болған
конструктінің «монолитті» жүйесі бар, өзгерген
шарттарға бейімделудің мүмкінсіздігі салдарынан олардың
арасындағы айырмашылықты қабылдай алмаушылық немесе
науқастағы өзі туралы тұтас көріністің
жоқтығымен анықталатын конструктлердің «фрагментті»
жүйесін дәлелдейді. Бұл өзін бағалаудың
тұрақсыздығы эффектісіне келтіреді, себебі, оның
өміріндегі әрбір боялған оқиға, өзін бағалауға
толық өзгерістер әкеледі. Неврозбен ауыратын
науқастардың өзін бағалаудың бұрмалануы
тұлғааралық салада қөрінетін өзгешеленген
қорғаныш стратегиясын өзектендіруі анықтайды.
Аласұру
деңгейіндегі адамдар невротиктер мен психотиктер арасындағы орынды
болады. «Аласұру» категориясы ХХ ғасырдың орта тұсында
пайда болғанға дейін тұлға бұзылысының
аралық формасын қолданбай-ақ патологияның
невротикалық пен психотикалық деңгейлері арасында
айырмашылықтар болып өтті. Невротикалық бұзылыстармен
зардап шеккен тұлғаны, нақтылықты толығымен
саналай алатын, ал проблемасы оның өз басына түскен
қиындықтар болып қарастырылды. Ең басты
айырмашылығы ретінде шектен шыққан механикалық
және икемсіз психологиялық қорғаныштары еді.
Осының негізінде Н. Мак-Вильямс метафоралық түрде невротикті
қақпағы тығыз жабылған қазанның
қайнауымен салытырды. Сол кезде психотик нақтылықпен
байланысты жоғалтқанмен сипатталды. Егер невротик проблема
өзінде тығылып жатыр десе, психотик әлеммен бірдеңе
болды, бар пәле сол жақтан келіп жатыр дегенге күмәнсіз
сенетін еді. Метафоралық салыстыруды әрі қарай дамытатын
болсақ, психотик қақпағы нашар жабылған
сарқырап кайнап жатқан қазанмен тең, сондықтан
да, оның бейнетін азайту үшін, қақпақты жауып,
отын сәл басу керек. Екіншімен салыстыру бойынша, олар кейбір
уақытша тұрақтылықпен айрықшаланады – біріншіге
қарағанда. Ж. Бержереге сәйкес, аласұрушылықтың
құрылымы психологиялық жарақаттың салдарынан
пайда болады. Осыған себепті, Л.П. Максименко бойынша, жекелік
ерекшеләктер туады:
- невротиктердің
қолданатын қорғаныштың қарапайым механизмдері
оларға психотиктермен беткейлі ұқсастықты береді.
- ұқсастықтың
бірігу деңгейі көзқарасы жағынан невротикалық
тұлғалар қашылықтармен, «МЕНнің» ажырауымен
сипатталады. Олар өздерін сипаттауда күрделі
қиындықтарға тап болады, сонықтан да
қорғанышқа сияқты агрессиялы
қорғанысқа сүйенеді. Басқа жағынан алып
қарайтын болсақ, психотиктерден айырмашылығы олар
қорқыныш сезімін сезбейді де, өз-өзіне рефлексиямен
батыл айналыса береді.
- Аласұрған
жеке адамдар психотиктерден айырмашылығы нақтылықты
түсінеді де өз патологияларын бақулауға
қабілетті. Олардың негізгі проблемасы айналасындағыларға
деген екі жақты сезімі. Бұл бір жағынан, жақындасу,
сенімді қарым-қатынаста болу ниеті, ал екінші жағынан –
басқа адаммен бірігіп кету, қосылу қорқынышы.
- Аласұрған
адамның ең басты белгісі олар бір уақытта көмек те
сұрайды, және де бас тартуында. Осындай мінезді анасы бар,
бөлінуге кедергі келтіруші немесе көмекке шақырғанда
бас тартатын, ал олар өз беттерінше кеткенде пайда болған
шегіністен соңғы бала сияқты. Қоршаған ортасын
зерттеу процессінде пайда болған қандай да бір жарақаттан
соң ауырған баласына мейірімділік көрсете алмайды
мұндай аналар. Аласұрған адамда диадиялық объективті
қарым-қатынас байқалады.
Ж. Бержереге бағыттала
отырып, Л.В.Максименко, адам жеткіншектік жаста даму қаншалықты
проблеамалы болса, нервотикалық өзгерістегі біріккен МЕН невротикалық
өзгерген және неврозға өтуі мүмкін немесе
психотикалық біріккен МЕН психотикке өтуі ғажап емес.
Тұтасымен алғанда, невротикалық тұлға айыру
белгілері психотикалық тұлғамен салыстырғанда келесіге
келіп тіреледі:
- невротиктер, қарапайымдырақ
қорғаныш механизмдерін өзектілендіру мүмкіндігі бар
бола тұра кемелденгенірек қорғанышқа сүйенеді.
Қарапайым қорғаныштың бары невротикалық
деңгейдегі сипатты структуа диагнозын жоққа шығармайды,
ал кемелденген қорғаныштың жоқтығы осындай
диагнозды да жоққа шығарады. Невротиктер кемелденгендікті –
сыйғызбау, интеллектуализацияны, рационализацияны, және тағы
басқа да қорғаныштарды, сондай-ақ қарапайым –
теріске шығару, проективті сәйкестендіру, оңашалану, т.б.
қолданады.
- олар ұқсастықтың бірігу
сезіміне ие, яғни, өз мінезінің қандай да бір
белгілерін анықтауда, қызығушылықтарында,
артықшылықтарында, темпераменттерінің ерекшеліктерінде,
адамгершілік пен кемшіліктерінде ешқандай қиындықтарды
сезбей-ақ өзін сипаттауға қабілетті. Сол сияқты
невротиктер басқа адамдарды да ойдағыдай сипаттай алады.
- Невротиктер нақтылықпен сенімді
түрде байланыста бола алады, оларда галлюцианциялар,
тәжірибенің маниакльді болжамы жоқ, олар психотерапевпен бір
әлемде өмір сүре алады. Психотерапевтке келуге себеп
болған пациентті мазасыздандыратын өз эголарының кейбір
бөлігі олармен шеттетумен қарастырылады. Ол –
эго-дистондылық.
Сонымен,
невротикалық деңгейдегі параноидты адам, оның күдігі
оның басқа адамдарды өщпенді және агрессиялы етіп
қабылдауына іштей бейімдігінен туады деп есептейді. Параноидты
аласұрушылар немесе психотикалық пациенттердің есептеуі
бойынша олардың қиындықтары сырттай сипатталады және
қоршаған ортаның ерекшеліктерімен, оның
қателіктері мен бұзылыстарынан делінген .
Қолданылған
әдебиеттер
1.
Кабанов
М.М., Личко А.Е., Смирнов В.М. Методы психологической диагностики и коррекции в
клинике. – Л.:Наука, 1983. – 32-37 с.
2.
Соколова
Е. Т., Николаева В.В. Особенности личности при пограничных расстройствах и
соматических заболеваниях. - М.:Междицина, 1995. - 360 с.
3.
Максименко Л.В. Соотношение понятий «невротическая
личность» и «невротическое расстройство» в современной психологии [Электронный
ресурс]. – Режим доступа: http://psymasters.org/content.php?355
4.
Марута Н. А.,
Мороз В. В. Невротические депрессии (клиника, патогенез, диагностика
и лечение). - Харьков, 2002. - 144 с.
5.
Ташлыков
В.А. Психологическая защита у больных неврозами и с психосоматическими
расстройствами. - Спб., 1997. - 48-56 с.
6.
Личко
А.Е. Психопатии и акцентуации характера у подростков. – Л.:Наука.1983. - 78-134
с.
7.
Яхин К.К., Менделевич Д.М. Клинический опросник для
выявления и оценки невротических состояний/ Клиническая и медицинская психология:
Учебное пособие. Ред. В.Д.Менделевич. - М., 2005. - 569 с.
8.
Опросник Шмишека [Электронный ресурс]. – Режим
доступа: http://psylab.info
9.
Леонгард
К. Акцентуированные личности [Электронный ресурс]. – Режим
доступа: www.rulit.net/books/akcentuirovannye-lichnosti-read-32312-17.html.
10. СМИЛ [Электронный
ресурс]. –Режим доступа:
http://www.genderua.narod.ru/test-html/1-20d.htm