а.ш.ғ.д, профессор
А.К.Қарынбаев, магистрант А. Сарсенбекова
М.Х.. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік
университеті, Қазақстан
ЖАМБЫЛ
ОБЛЫСЫНЫҢ ШӨЛЕЙТТІ – ДАЛАЛЫ ТАБИҒИ ЖАЙЫЛЫМ ЖАҒДАЙЫНДА ӨСІРІЛЕТІН
ҚҰЙРЫҚТЫ ҚОЙЛАРЫНЫҢ ЖҮН ӨНІМДІЛІК
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Зерттеу
жұмыстарының мақсаты мен міндеттеріне сәйкес 2012-2013 жылдар аралығында Жамбыл
облысының шөлейтті-далалы табиғи жайылым жағдайында
өсірілетін құйрықты қой
тұқымының өнімділік-биологиялық ерекшеліктерін
зерттеу жұмыстары арнайы жасалған әдістеме негізінде
жүргізілді. Онда тәжірибелік мал топтарын жасақтау
үшін, «Шалқар» ШҚ-ның отарларынан 517
бас; «Нарұл» шаруа қожалығының малдарынан 593 бас, қой алынды. Тәжірибе жүргізу
үшін алынған малдардың жасы (2,5 жасар), класы бойынша (І кл)
бірыңғай болуы қамтамасыз етілді.
Ал
салыстырмалы топқа тау іргесі-далалы жайылым жағдайдындағы «Бөрілі»
ШҚ–да өсірілген малдардан 587 бас алынып көрсеткіштері
сараланды.
2012 жылы тәжірибелік топтарға
жинақталған әр түрлі жайылым жағдайында
қалыптасқан мал популяцияларының көптеген сандық
және сапалық көрсеткіштері салыстармалы түрде
зерттеліп, анықталды
Құйрықты
қойының жүні ─ қылшық жүндер
қатарына жатқызылады. Жеңіл өнеркәсіпте одан
әр түрлі қалың маталар, одеяльдар, трикотаж
бұйымдарын, киіздер, пималар, әскери адамдар шинельдерін, ал
ақ түсті жүндерден киім тоқуға пайдаланады. Жүннің технологиялық
қажеттілігін анықтауда оның мықтылығын ескеру
керек. Өйткені әлсіз жүн сапасы нашар жіп береді, ал
мұндай жіптен алынған өнімнің тауарлық
қасиеттері төмен болады.
Жүн өнімінің сапасы мен шығымдылығына тері
құрылысы мен олардың қабаттарында орналасқан
жүн талшықтарының өсіп қалыптасуына тікелей
әсер етеді жәнеде қойдың дене бітімі,
конституциялық ерекшелігі, елтірілік типі, түсі және де
басқа көптеген фенотиптік, паратиптік факторларға байланысты
өзгеріп тұрады.
Әр түрлі жайылым жайдайларындағы құйрықты қойларының жүн өнімділік ерекшеліктері жөнінде
көптеген ғалымдардың еңбектерінен белгілі. Осы
бағыттағы ізденіс жұмыстарын Д.О. Приселькова [1];
Д.Т.Алимбаев [2] Ш.К.Турсынов [3]; А.М.Омбаев және басқалар [4];
М.А.Ескара [5]; Д.Хасенов, Н.А.Сарсенбаев [6]; Ж.Абдазимов [7]; О.Х.Раджабов [8]
сияқты ғалымдар жүргізген.
Әр
түрлі қой тұқымдарының: гиссар,
ағылшындық етті-жүнді және жергілікті
қылшық жүнді қойлардың жүн қабатында
өздеріне тән бұйра бедерлері болатынын анықтаған Б.Н.Васиннің
тұжырымы бойынша: «бұл белгі әр қой
тұқымында өзіне тән тұрақты нәрсе
және ұрпақтарына «Мендель заңы» бойынша беріледі.
Бұл белгінің тұрақты болуы қажетті бұйра
суреттері бойынша, бағытты түрде сұрыптау жұмыстарын
жүргізуге мүмкіндік бере алады». Әйтседе, малдардың
жүн өнімділік ерекшеліктерінің олардың
конституциялық типтерімен немесе жайылым жағдайларымен
байланыстылығы туралы мәліметтер өте аз кездеседі.
Сондықтан, зерттеулерімізде әр түрлі жайылым жағдайларында
қалыптасқан малдардың жүн өнімділігі
анықталды (1-кесте).
Кесте көрсеткіштері бойынша жалпы жүн өнімі бойынша І-ші
топтағы малдардың көрсеткіші 2,95 кг, ІІ-ші топтағы
малдардың көрсеткіші 3,07 кг ал ІІІ-ші қой
топтарында
3,2 кг. Салыстырғанда тиісінше 0,13; 0,25 кг артық алынып отыр. Бұл
ерекшеліктерді, тау іргесі- далалы жайылымда өсірілген қойлары ішінде
дене құрылымы бойынша «доғал» конституциялық типіне
жатқызылатын малдар көптеу бөлігін (46,5%) құрауы
есебінен деп есептеу керек. Себебі, «доғал» конституциялық типіне
жатқызылатын малдардың жүн құрамы және
басқада көрсеткіштері бойынша басқа типтермен
салыстырғанда өзгешелеу және молдау болып келеді.
1-кесте –
Тәжірибедегі құйрықты
қойларының жүн өнімділігі
(килограмм есебімен)
|
Жүн өнімдері |
Мал басы |
«Шалқар» ШҚ І топ |
Нарұл» ШҚ ІІ топ |
«Бөрілі» ШҚ III топ |
|
Күзгі |
30 |
0,78±0,034 |
0,84±0,016 |
0,87± 0,025 |
|
Көктемгі |
30 |
1,35±0,17 |
1,38±0,33 |
1,45±0,26 |
|
Күзгі |
30 |
0,82±0,048 |
0,85±0,065 |
0,88±0,056 |
|
Барлығы |
30 |
2,95±0,28 |
3,07±0,37 |
3,2±0,45 |
Жүн өнімділігі бойынша ең төменгі
көрсеткіштер тиісінше І – ші топта күзде 0,78 кг және 2-жылда
барлығы 2,17 кг шөлейтті жайылым жағдайында өсірілген
малдардан алынғаны анықталып отыр. Мұны, осы қой тобы
ішінде дене құрылымы бойынша «нәзік» конституциялық типіне жатқызылатын малдардың үлес
салмағының салыстырмалы түрде көп (10,3 %) болуы
негізгі себептердің бірі деп есептеуге болады. Өйткені, осы типтегі
малдар өздерінің нашар жүн өнімділік
көрсеткіштерімен ерекшеленеді.
Құйрықты қойының жүн жабындысының
фракциялық құрамы талшықтың негізгі үш
типінен: қылшық, аралық талшық және
түбіттерден тұрады.
Жүн
құрамын зерттеген көптеген ғалымдар: «жүн
фракциялық құрамы: жасына, түр-түсіне, елтірілік
типтеріне, конституциялық ерекшелігіне тағы басқа белгілеріне
байланысты өзгешеліктер болады», ─ деген пікір айтады.
Алынған мәліметтерден әр түрлі жайылым
жағдайында қалыптасқан құйрықты қойларының жүндері
морфологиялық құрамы жағынан түрлі болып келетіні
анықталды. Онда: далалы жайылым жағдайында өсірілген
қойы популяциясы ішіндегі «доғал» конституциялық типіне
жатқызылатын малдардың жүн
құрамында қылшықтардың үлесі 50,0%;
ауыспалы талшықтар 40,0%; түбіттер - 10,0% құраса,
дәл осы көрсеткіштер «берік және «нәзік» конституциялық типіне жатқызылатын
малдардың жүн құрамдарында
тиісінше 24,0; 54,0; 22,0 және 36,0; 38,0; 26,0 % екендігі
анықталды.
Тәжірибелік мал топтары ішінде салыстырмалы түрде жүн
құрамындағы түбіттің ең көп
мөлшері ІІІ-ші топтағы қойларда екендігі байқалады. Осы
мал тобындағы «доғал» конституциялық типіне
жатқызылатын қойлардың жүн құрамында түбіт мөлшері 18,0%
болса, «берік» және «нәзік»
типті қойларда бұл көрсеткіш тиісінше 22,0 және 26,0%
мөлшерінде болып отыр.
ІІ -ші
топтағы қойы ішінде «доғал» конституциялық типіне
жатқызылатын малдардың үлесі көп болуы себепті
жүн құрамындағы жалпы алғандағы
қылшық жүндер 36,7%
құрап, басқалармен (І-ші топта 36,0; және ІІІ-ші топта
32,0%) салыстырғанда едәуір көп екені байқалады.
Сондықтан, «бұл ерекшелік осы топтардағы малдарда ірі
бұйралы елтірілердің көптеп шығуына өз
әсерін тигізеді», ─ деп
есептеу керек.
Ауыспалы талшықтардың таралу үлестеріне келер
болсақ барлық тәжірибе жүргізілген уақыттарда
І-топтағы малдарда оның мөлшері ІІ-ші және ІІІ
топтардағы қойлармен салыстырғанда көбірек екені
белгілі болды.
Атап айтқанда, жалпы мал топтары ішінде шөлейтті жайылым
жағдайында
қалыптасқан саулық қойлардың жүн
құрамындағы ауыспалы
талшықтар үлесі 49,3% құрап, тау іргесі және
шөлейтті жайылымдағы қойлармен салыстырғанда тиісінше
5,3 -3,3% артық екендігі анықталды (Р < 0,05).
Бұл ерекшеліктерді, осы топтағы малдардың жүн
құрамындағы ауыспалы талшықтардың екіншілік
жүн ұяшықтарынан түзілуімен байланыстырамыз және
бұл жакет елтірілік типті малдардың көптеп шығуына
өз әсерін тигізеді. Жалпы алғанда барлық
топтардағы малдар ішінде «мығым» конституциялық типіндегі
қаракөл қойларында салыстырмалы түрде ауыспалы
талшық түрлері көп кездесетіні байқалады.
Жалпы,
тәжірибе барысында алынған мәліметтерді сараптай келе,
барлық қой топтарына тән құбылыс ретінде,
олардың жүн құрамында салыстырмалы түрде ауыспалы
талшықтар үлесінің – 54,0; 66,0; 52,0% басқа жүн
фракцияларына қарағанда көбірек екенін көреміз.


4-сызбанұсқа Тәжірибелік мал топтарының
конституциялық типтеріне байланысты жүндерінің
фракциялық құрамдары
пайыз есебімен
Әдебиеттер:
1.
Приселькова Д.О. Связь
настрига шерсти со струкурой кожи у грозненских овец //Сборник научных трудов ВИЖ.
-М., 1959. -Т.23. -С.49-54
2.
Турсынов Ш.К. Возрастная
изменчивость морфологического состава и толщина шерстных волокон каракульских
овец различных смушковых типов //Сборник научных трудов ВНИИК. -Ташкент, 1989.
-С.79-83
3.
Омбаев А.М., Моминов Х.,
Алимбаев Д. Изучение длины и толщины волоса у шкурок, полученных от различных
вариантов подбора родительских пар по смушковым типам //Интенсификация и
повышение качества продукции каракулеводства тез. докл. науч.-теор. конф. посв.
60-летию образования СССР. –Чимкент, 1982. -С.132-135
4.
Ескара М.А., Үсінбаев Б., Түктібаев
С., Абдраманов Қ. Биязы жүнді қой шаруашылығының
экономикалық тиімділігі. Жаршы. Алматы, Бастау 2004. № 8, -Б.17-18
5.
Хасенов Д., Сарсенбаев
Н.А., Раимбаев Б. Шерстная продуктивность каракульских овец различных линии // Тезисы докл. Междунар.научно-техническ. конференции,
посвящен.1500-летию г.Туркестан. - Шымкент, 2000.
-С.130-132
6.
Абдазимов Ж., Сарсенбаев
Н.А. Возрастная изменчивость шерстной продуктивности серых и черных
каракульских овец различного происхождения //Сборник научных трудов КазНИИК.
-Алматы, 1993. -Ч.1. -С.68-72
7.
Раджабов О.Х., Ризаев
Ш.М. Шерстная продуктивность каракуль-ских овец различных смушковых типов
//Сборник научных трудов СамСХИ. - Самарканд, 1973. -Т.29. -С.101-115
8.
Исмайлов М. Шерстная продуктивность
и физико-механические свойства шерстных волокон каракульских овец разных сроков
ягнения //Сборник научных трудов ВНИИК. - Ташкент, 1989. - С.86-88