Кумарова М.У.
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті,
Қазақстан
ИНВАЗИЯЛЫҚ АУРУЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЛТІРЕТІН
ЗАЛАЛЫ
Бүгінгі таңда
инвазиялық аурулардың аты бірыңғайланып, олардың
қоздырғыштарының зоологиялық туыс атауынан
шыққаны белгілі. Ең алғашқыда
(1928) К.И.Скрябин мен Р.С.Шульц
гельминтоздарға ғылыми атау енгізіп, олар
қоздырғыштардың туыс атауына “оз” немесе “ез” деген
қосымша қосуды ұсынды. Әр зоологиялық
түрдің латынша қос аты бар: туыстық және
түрлік. Мысалы: Dіcrocoelіum Lanceatum, Monіezіa expansa; ал бұлар
қоздыратын ауруларды дикроцелиоз және мониезиоз деп атайды.
Кей кезде гельминтоздардың
топтама атауларын қолдануға болады. Ол
ішқұрттардың тобына қарай: трематодоздар, цестодоздар
және нематодоздар деп те аталады. Мұндайда тектік,
тұқымдас атаулары да ескерілуі мүмкін. Мысалы: Strongylata тектік тармағына жататын
қоздырғыштар тудыратын ішқұрт ауруларын топтама аты
стронгилятоздар. Ал кейбір таспа құрттардың балапан
қуықшалары қоздыратын ауруларды сол қуықша
сатысының атымен атайды. Мысалы: ценуроз (қазақша айналма),
оның қоздырғышы
Coenurus cerebralіs.
К.И.Скрябиннің ұсынысы
бойынша осыған ұқсас атаулар арахноэнтомолияға да
енгізіліп отыр. Мысалы: қотыр аурулары қоздырғышының
атына байланысты: псороптоз, саркоптоз, хориоптоз және т.б. бірнеше
аттары бар. Ал бөгелек құрттары қоздыратын аурулар
гиподерматоз, эстроз, гастрофиллез атаулары, Hypoderma, Oestrus,
Gastrophіlus деген
бөгелектердің туыс аттарынан шығады.
Атау берудегі осы бастама
протозоологияға да енгізілген. Мысалы: Eіmerіa туысына жататын қарапайымдылар - эймериоз ауруын, ал Pіroplasma туысына жататындары пироплазмоз
ауруын қоздырады. Ғылыми атаулармен қатар кейбір басты-басты
аурулардың жергілікті қазақша аттары да бар. Мысалы:
су-ауру-трипанозамоз, айналма, тентек-ценуроз, жылауық - цистицеркоз
(тенуикольный), бөген-оксиуроз, бауыр-құрт ауруы-фасциолез,
өкпе құрт ауруы-диктиокаулез, оқыра-гиподерматоз,
құмыр-цефалопиноз, киеңкі, қарақаптал-трипаносомоз
және т.б. Бұл ауру атаулары жергілікті халық арасында
кеңінен қолданылады.
Инвазиялық аурулардың
ішінде жануарларға тікелей жанасқанда жұғатындары аса
көп емес. Бұған шағылысқанда жұғатын
киеңкі ауруы, соз ауруы, саркоптоидоз немесе қотыр аурулары, биттеу
және т.б. жатады. Көптеген эктопаразиттер
өсіп-өнуінің бір бөлігін қоршаған ортада
немесе аралық иесінде, немесе тасымалдаушыларда өткізеді.
Инвазия қоздырғышы
сыртқа әр түрлі жолдармен шығады: қимен,несеппен,
танаудан аққан жалқаяқпен, сілекеймен, сүтпен,
көзден аққан жаспен, қанмен және т.б.
Қоршаған ортада инвазиялық
сатыға дейін дамитын қоздырғыштар, яғни
топырақта, шөпте, суда дамитын геогельминттер мен
кокцидиялардың инвазиялық сатыға дейін даму және сыртта
тіршілік ету мерзімі табиғи жағдайларға:
ыстық-суыққа, жауын-шашын мөлшеріне, топырақ құрамына және оның құрылысына
байланысты. Бұл жағдайда инвазия көзі-ауру мал мен паразит
тасығыштар, ал індет топырақ пен су арқылы жануарларға жұғады.
Инвазияның таралуына буынаяқтылар, кеміргіштер, құстар,
адамдар және т.б. механикалық
тасымалдаушылар да әсерін тигізеді. Сондай-ақ, кейбір
ішқұрттарда қоржинағыш иелер болады, олардың
денесінде балаң құрттар жиналып, көпке дейін
сақталады. Мысалы, құстардың гетеракис,
шошқаның аскарида балаң құрттары шемен немесе
жауын құрттарының денесінде қорланып жинала береді.
Инвазиялық ауруға бейімді
жануарларға оның қоздырғыштары ауыз арқылы, тері
арқылы, тасымалдаушылар және тікелей жанасу арқылы да,
сондай-ақ аралас жолмен де жұғады (ауыз және тері
арқылы).
Паразиттерге қарсы шараларды
жүргізгенде, олардың табиғатта өсіп-өнуіндегі ерекшеліктерін,
сондай-ақ тасымалдаушылары мен аралық иелерін, яғни
аймақтық, эпизоотологиясын ескеру шарт.
Инвазиялық аурулар үй
хайуанаттары мен аңдардың барлық түрлерінде
кездесетіндіктен, олар халық шаруашылығына қыруар зиян
келтіреді. Көптеген инвазиялық аурулар, әсіресе
протозойдтық және ішқұрт аурулары жануарларды жаппай
өлім-жітіміге ұшыратады. Ірі қара малдың тейлериоз бен
бабезидоздардан әжептеуір шығынға ұшырайтыны барша
жұртқа мәлім, сондай-ақ тауық балапандары және үй
қояндары эймериоздан және көптеген ішқұрт ауруларынан, қой мен
бұзаулардың диктиокаулез бен мониезиоздан, қой мен ірі
қара малдың фасциолездан, қойдың ценурозбен мониезиоздан көп шығынға
ұшырайтыны белгілі.
Бірқатар инвазиялық
ауруларда тікелей өлім-жітім болмағанымен жануралардың
өнімі төмендейді, сондай-ақ олардың
қалыптағы
физиологиялық өсіп-жетілуі тежеледі. Мысалы, астыртын
өтетін ірі қара малдың фасциолез ауруында сүт
өнімі 20-50% дейін, ал кейде одан да көп төмендейді.
Фасциолезбен ауырған қойдан,
сау малмен салыстырғанда, 10-30 % жүн кем
қырқылады.
П.П.Вибенің деректерінше,
эхинококкозбен ауыр зақымданған қойдың орташа
салмағы сау жануарлармен салыстырғанда 8 кила аз. Эхинококкозбен
орта дәрежеде зақымданған әр қой: 1 кг ет, 140 грамм
тоң май және 105 грамм жүнді кем береді.
Ал аскаридозбен ауырған
торайлар 3 ай бордақылағанда жоспарлы салмағының
үштен бірін жоғалтады.
Аскаридоз және гетеракидозбен
зақымдалған тауықтардың жұмыртқа
өнімі 15-20% дейін төмендесе, ал простогонимоз ауруында
тауықтың жұмыртқа салуы мүлдем тыйылады.
Ішқұрт ауруларына
шалдыққан мал өнімінің сапасы да төмендейді.
Мысалы, фасциолез ауруларында витаминдердің деңгейі әжептеуір
төмендейді, жануарлар денесінде микроэлементтердің мөлшері
өзгереді, ал белок мөлшері азайғандықтан және
гидремия (қанның сұйылуы) салдарынан ет сапасы мен
қоректік қасиеті де күрт төмендейді. Мысалы:
эхинококкозбен ауырған шошқаның, сау малмен
салыстырғанда етінің ылғалдылығы 4,48 % артық, ал
майы 1,11 % және протеині 3,36 % кем болады. Сондай-ақ, ауру
шошқаның 1 кг етінің жылу беру қабілеті 194,2 калория
кем.
Ірі қараның
трихомонозында, жылқының киеңкі ауруында мал іш тастайды, қысыр қалады және бедеулікке шалдығады.
Оқыра ауруының мал шаруашылығына келтіретін зияны
көпшілікке мәлім.
Терісінің сапасы күрт
төмендеуімен қатар, гиподерматозға шалдыққан
әрбір сиыр жылына 50-80 л сүтті кем береді.
Көптеген қансорғыш
өрмекші тәрізділер адам мен малдың бірқатар
инвазиялық және инфекциялық ауруларын тасымалдайды.
Сондай-ақ, бірқатар инвазиялық аурулар, әсіресе ішқұрт
аурулары малдан адамға жұғады. Сонымен инвазиялық
ауралардың халық шаруашылығына көптеген зиян тигізуімен
қатар, олардың әлеуметтік маңызы да зор.
Осы ауруларға қарсы
емдік-дауа шараларын ұйымдастыруға жыл сайын қыруар
қаржы жұмсалады.
Америкалық ғалым А.Фостер
белгілегендей АҚШ да
жануарлардың инвазиялық ауруы жыл сайын бір миллионға долларға
жуық зиян тигізеді.
Паразиттік аурулардың адам
денсаулығына да залал келтіретіні белгілі. Кейде олар, тіпті, адам
денсаулығын нашарлатып, өлімге жеткізуі де мүмкін. Мысалы,
описторхоз, альвеококкоз, эхинококкоз сияқты аурулардың емі тек
хирургиялық операция. Кез келген операция адам өміріне қауіп
төндіретіні аян. Мысалы, эхинококкоз аурун емдеп шығу үшін
әр адамға орта есеппен 25 мың доллар қаржы кетеді екен.
Енді есептеп көріңіз, Қазақстанда жыл сайын орта
есеппен 1000 адамға эхинококкоз ауруы бойынша хирургиялық операция
жасалады екен. Бұл тек бір паразиттік ауру айналасындағы
әңгіме! Басқа паразиттердің адам денсаулығына
келтірер залалын өзіңіз есептей беріңіз.
Қазіргі кезде инвазиялық
аурулардың аты бірыңғайланып, олардың
қоздырғыштарының зоологиялық туыс атауынан
шыққаны белгілі. Ең
алғашқыда (1928)
К.И.Скрябин мен Р.С.Шульц гельминтоздарға ғылыми атау
енгізіп, олар қоздырғыштардың туыс атауына “оз” немесе “ез”
деген қосымша қосуды ұсынды. Әр зоологиялық
түрдің латынша қос аты бар: туыстық және
түрлік. Мысалы: Dіcrocoelіum Lanceatum, Monіezіa expansa; ал бұлар
қоздыратын ауруларды дикроцелиоз және мониезиоз деп атайды.
Кейде гельминтоздардың топтама
атауларын қолдануға болады. Ол ішқұрттардың
тобына қарай: трематодоздар, цестодоздар және нематодоздар деп те
аталады. Мұндайда тектік, тұқымдас атаулары да ескерілуі
мүмкін. Мысалы: Strongylata
тектік тармағына жататын қоздырғыштар тудыратын
ішқұрт ауруларын топтама аты стронгилятоздар. Ал кейбір таспа
құрттардың балапан қуықшалары қоздыратын
ауруларды сол қуықша сатысының атымен атайды. Мысалы: ценуроз
(қазақша айналма), оның қоздырғышы Coenurus cerebralіs.
К.И.Скрябиннің ұсынысы
бойынша осыған ұқсас атаулар арахноэнтомолияға да
енгізіліп отыр. Мысалы: қотыр аурулары қоздырғышының
атына байланысты: псороптоз, саркоптоз, хориоптоз және т.б. бірнеше
аттары бар. Ал бөгелек құрттары қоздыратын аурулар гиподерматоз,
эстроз, гастрофиллез атаулары, Hypoderma, Oestrus, Gastrophіlus деген бөгелектердің туыс
аттарынан шығады.
Атау берудегі осы бастама
протозоологияға да енгізілген. Мысалы: Eіmerіa туысына жататын қарапайымдылар - эймериоз ауруын, ал Pіroplasma туысына жататындары пироплазмоз
ауруын қоздырады. Ғылыми атаулармен қатар кейбір басты-басты
аурулардың жергілікті қазақша аттары да бар. Мысалы:
су-ауру-трипанозамоз, айналма, тентек-ценуроз, жылауық - цистицеркоз
(тенуикольный), бөген-оксиуроз, бауыр-құрт ауруы-фасциолез,
өкпе құрт ауруы-диктиокаулез, оқыра-гиподерматоз,
құмыр-цефалопиноз, киеңкі,
қарақаптал-трипаносомоз және т.б. Бұл ауру атаулары
жергілікті халық арасында кеңінен қолданылады.
Әдебиет: