Аденозинмонофосфаттың тәжірибелік жануарларда иммунды статус жағдайына,пуринды нуклеотидтер алмасуы метаболиттеріне, антиоксидантты қорғау жүйесі ферменттерінің белсенділігіне әсерін бағалау

Б.С.Советов, Ж.К.Смаилова, Р.Р.Олжаева, Г.Р. Олжаева

Семей қ. Мемлекттік Медициналық Университеті, Казақстан

 

Жасушалар деңгейінде реттеуші жүйе ретінде, пуринды нуклеотидтер және олардың туындылары (АТФ, АДФ, АМФ, аденозин, инозин, цАМФ) жүйке-бұлшық ет, секреторлы және басқа да физиологиялық қызметтер атқарып қана қоймай, сонымен қатар энергетикалық алмасу және иммунды жүйенің реттеушісі ретінде қызмет атқаратыны белгілі. Әсіресе пуринды нуклеотидтер жүйесінің өкілі ретінде аденозин және цАМФ иммунды жүйе жасушаларының қызметін реттеуде маңызы зор. Лимфоциттерде аденозин ДНҚ репликациясын тежеп, пуриндер синтезін төмендетеді. Аденозиннің ингибиторлық белсенділігі лимфоциттердегі цАМФ деңгейінің артуымен қатар жүреді. Бұл жұмыста тәжірибелік жануарларға аденозинмонофосфатты енгізу арқылы иммунды статустың жағдайын зерттедік (кесте 1) .

 

Кесте 1 – Иммунды статус көрсеткіштерінің 1 мг аденозинмонофосфатты енгізгендегі өзгерістері

Көрсеткіштер

 

Бақылау

АМФ енгізу

Лейкоциттер (109/л) жалпы саны

5,53±0,28

8,06±1,46*↑

Лимфоциттер  абс. мөлшері, мкл

4257,17±437,93

4501,12±585,52

Лимфоциттер  %

52,82±2,85

 

52,87±2,08

Т-лимфоциттер абс. мөлшері, мкл

1005,13±82,16

1275,46±  61,81*↑

Т-лимфоциттер  %

18,75± 1,05

23,25±  2,70*↑

Т-супрессорлар абс. мөлшері, мкл

446,81±53,55

569,03±169,01

Т-супрессорлар  %

12,10±1,11

10,62±0,75

Т-хелперлер абс. мөлшері, мкл

517,82 ±24,50

406,84±35,89

Т-хелперлер %

10,40±1,25

13,5±1,36

В-лимфоциттер  абс. мөлшері, мкл

410,16±9,77

 

314,52±70,91*↓

В лимфоциттер %

7,92± 1,11

7,85±1,09

 

Ескерту: - (*↑) (*↓) –бақылаумен салыстырғанда айырмашылық нақты p<0,05

 

Аденозинмонофосфатты енгізу лейкоциттердің, Т-лимфоциттердің, Т-хелперлердің мөлшерін арттырады. Алайда, аденозин әсерімен салыстырғанда, АМФ В-лимфоциттердің санын төмендетеді. Көптеген ғылыми әдебиетте көрсетілгендей, аденозиннің әсері тек оның мөлшеріне ғана емес, сонымен қатар оның басқа модуляторлар, атап айтқанда инозин, ИМФ және АМФ-пен қатынасына да тікелей байланысты. Зерттеулердің келесі кезеңдерінде жануарларға 1 мг АМФ енгізгенде АМФ-дезаминаза және аденозиндезаминаза ферменттерінің белсенділігі төмендегені және 5′-нуклеотидаза ферментінің белсенділігі артқаны анықталды (кесте 2).

 

Кесте 2 – Пуринды нуклеотидтер алмасуы ферменттері белсенділігінің 1 мг АМФ енгізгендегі өзгерістері

Көрсеткіштер

 

Бақылау

АМФ енгізу

Аденозиндезаминаза, мкмоль/мг

478,92±35,78

386,04±78,29*↓

АМФ-дезаминаза, мкмоль/мг

236,05±9,15

198,33±10,80*↓

5-нуклеотидаза, мкмоль/мг

34,71±5,00

55,18±11,55*↑

Ескерту: - (*↑) (*↓) –бақылаумен салыстырғанда айырмашылық нақты p<0,05

 

Сонымен қатар антиоксидантты қорғау жүйесі ферменттерінің белсенділігінің өзгеруі байқалады. Атап айтқанда, каталаза ферментінің белсенділігі де біршама артатындығы байқалады (кесте 3).

 

Кесте 3 – Антиоксидантты қорғау жүйесі ферменттері белсенділігінің 1 мг АМФ енгізгендегі өзгерістері

Көрсеткіштер

 

Бақылау

АМФ енгізу

Каталаза (мкмоль)

239,37±10,32

288,08±12,02

Ескерту: - (*↑) (*↓) –бақылаумен салыстырғанда айырмашылық нақты p<0,05

 

Бұл өз кезегінде «А» коэффициентінің жоғарылауына және «В» коэффициентінің төмендеуіне әкеледі (кесте 4), басқаша айтқанда «А» коэффициентінің (5’-нуклеотидаза /АМФ-дезаминаза белсенділігінің қатынасы) шамамен 2 есеге артуы және «В» коэффициентінің (аденозиндезаминаза/АМФ-дезаминаза белсенділігінің қатынасы) төмендеуі байқалады.

 

Кесте 4 – «А» және «В» коэффициентінің 1 мг АМФ енгізгендегі өзгерістері

Көрсеткіштер

 

Бақылау

АМФ енгізу

 «А» коэффициенті

0,14

0,28

 «В» коэффициенті

2,02

1,95

Ескерту: - (*↑) (*↓) –бақылаумен салыстырғанда айырмашылық нақты p<0,05

 

Зерттеулерден көріп отырғандай, аденозинмонофосфат пуринды нуклеотидтер алмасуы ферменттерінің белсенділігін реттеуде үлкен роль атқарады. Олай болса, аденозинмонофосфат иммунитет жүйесіне реттеуші әсер көрсетеді. Аденозин иммунды процестерді реттеуге қатысады. Лимфоциттерде оның төмен концентрациясы жасушалардың жетілуін, пролиферациясын, дифференцияциясын, Т-лимфоциттердің супрессорлы қызметін тежейді. Иммунды жүйе жасушаларының қызметін реттеу пуринды нуклеотидтер және нуклеозидтер алмасуы ферменттері, атап айтқанда, 5`-нуклеотидаза, аденозиндезаминаза және АМФ-дезаминазаның белсенділігін реттеу арқылы жүзеге асырылады. Түрлі стрессорлы факторлардың иммунды жағдайға зақымдаушы әсері жасушаларда аденозин, АМФ және инозиннің, сонымен қатар ағзада пуринды нуклеотидтер мен нуклеозидтердің алмасуы мен деңгейін реттеуші жүйелердің мөлшерін өзгерту арқылы жүзеге асырылады. Ағзаның бейімділік процестерінің жағдайын пуринды нуклеотидтер алмасуы ферменттерінің белсенділігі арқылы анықтауға болады. Пуринды нуклеотидтер иммунды жүйенің тек жекелеген жасушаларының реттелуіне қатысып қана қоймай, сонымен қатар, басқа қа көптеген жасушалардың, тіндердің, мүшелердің адаптациялық қызметтерін қамтамасыз етеді. Олай болса, ағзаның иммунды жүйесінің функционалды жағдайын сипаттау пуринды нуклеотидтер алмасуы ферменттерінің белсенділігін және қан сары суында «А» және «В» коэффициенттерін анықтау арқылы жүзеге асырылады. Аденозиндезаминаза, АМФ-дезаминаза және 5’-нуклеотидаза ферменттері пуринды нуклеотидтердің метаболитикалық алмасуын қамтамасыз ете отыра, өзгешелік клеткаішілік модуляторлардың, атап айтқанда АМФ, аденозин, инозиннің, деңгейін бақылайды, аталған заттар түрлі жасушалардың, соның ішінде лимфоциттердің функционалды белсенділігін қадағалайды.

1. Тапбергенов С.О., Тапбергенова Т.С. Биомедицинская химия. – М., 2005. – Т.51, № 2. – С. 199-205.

2. Тапбергенов С.О. Адрено-тиреоидные механизмы и нейрогенный стресс. Молекулярные механизмы формирования патологического процесса. –Л., 1988. – 188 c.

3.Бутенко Г.М.,Терешена О.М. Стресс и иммунитет // Межд. медиц. журнал. – 2000. – № 3. – С. 91-94.

4. Першин С.И., Кончугова Т.В. Стресс и иммунитет. – М., 1996. – 155 с.

Семенов Н.В. Биохимические компоненты и константы жидких сред и тканей человека. М.: Медицина, - 1973. – С. 243.