Экономические
науки/Экономика сельского хозяйства.
Студент, Сатимбек Ерлик
Евразийский
национальный университет им.Л.Н.Гумилева, Казахстан
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
ӨНДІРІСІ ДАМУЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МЕХАНИЗМІН ЖЕТІЛДІРУ
Жалпы ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту - халықтың әл-ауқатын
ауыл шаруашылығы өнімдері арқылы жоғарылату, сала кәсіпорындарыныңқаржылық-экономикалық
жағдайын тұрақтандыру, үйлесімді дамыту жолдарын іске
асыру.
Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізіп, өнімін шығаратын
агроқұрылымдарға ауыл шаруашылығы кәсіпорындары: өндірістік
шаруашылықтар, ұжымдық ауыл шаруашылығы кәсіпорындары,
серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, жәнеқосалқы
шаруашылықтарымен шаруа (фермерлік) қожалықтар жатады. Олардың
өндірісі дамуының экономикалық механизмін жетілдіру жағдайын
қарастыру барысында алдымен экономикалық механизмнің мәніне
тоқталайық.
Экономикалық механизм дегеніміз – шаруашылық механизмі мен ұйымдастырушылық-экономикалық
қатынас түрлерінің бөлігі, оның мағынасы өнім
өндіруге әрекет жасаушы әртүрлі әдістердің
дұрысқатынастар жиыны (оның
ішіне баға және қаржылы-несиелік механизмі, салық пен
сақтандыру жүйесі, АӨК инвестициялау мен бюджеттік қолдау
да кіреді) [2,17б].
Экономикалық механизмнің қайта құрылу мәселесі
экономикалық дамудың объективті және субъективті
факторларымен, халық санасының дамуын анықтаумен, қоғамның
экономикалық жүйесінің даму концепциясын қалыптастыру
мен жасақтауға байланысты.
Қазіргі жағдайда экономикалық механизм тұрақтандыруы
мен дамуының жетекші буыны
ретінде қаржы-несиелік механизм жақсы жетілдірілген болуы керек. Ауыл шаруашылығындағы қаржы-несие
механизмі үнемі мемлекет қарауында болып, оны әрқашан
жетілдіруге тырысады, оның тиімді жұмыс жасауының бір шарты–
меншіктің көп түрінің пайда болуы және осыған
байланысты жалпы мемлекеттік қаржы мен мекеме қаржысы арасындағы
нақты шектеудің пайда болуы. Осы механизмнің дұрыс жұмыс
жүргізуінен саланың тиімді қызмет етуі анықталады,
себебі, аграрлық сектордың ұлттық экономикалық өсуге
қосқан үлесін, оның ішкі және сыртқы рынокқа
өнімдерді әкелуін, оған қатысуынан, экономиканың
басқа салаларында өндірілген ресурстарды тұтынушы ретінде
болуынан көреміз.
Ауыл шаруашылықөндірісмеханизмін интенсификациялау саласының
өнімдерін өнеркәсіп саласының тұтынуының
тез өсуіне әкеледі, ал ол отандық өнімдерді өткізудің
ұлғаюы қарқынына әсерін тигізеді.
Елімізде мықты ауыл шаруашылық саласын жасау бір мезгілде басқа
салаларды да көтеруге әкеледі, ол минералды тыңайтқыш өндірісі,
ауыл шаруашылық саласына қажетті машина жасау өндірісі, жеңіл
және тамақ өнеркәсібі т.б. Ал бұл еліміздің
экономикасының тиімділігіне үлкен әсер етеді.
Ел экономикасының негізгі салаларының бірі болып табылатын ауыл
шаруашылықта қалыптасқан ахуалына көңіл бөлу,
соңғы кездері байқала бастаған серпілістерге демеу көрсету
уақыт талабына сай. Селолық тауар өндірушілердің бәсекелестік
қабілеті олардың ғылыми-техникалық прогресс
жетістіктерін қолдану деңгейімен айқындалатынына қарамастан,
ғылыми жетістіктерді пайдалану көрсеткіштері күрт төмендеуде.
Мысалы, егіншілікте егіс айналымындағы жүйеліліктің бұзылуы,
тұқымдық материалдар сапасының төмендеуі, осыған
орай себу кондициясындағы тұқымдарды пайдаланудың
азаюы, ауыл шаруашылық жұмыстарын жүргізудің
агротехникалық талаптарының сақталмауы етек алуда. Осыған
ұқсас кемшіліктер мал шаруашылығы салаларында да қалыптасуда,
көптеген асыл тұқымды мал өсіруші шаруашылықтар
рынок жағдайларына бейімделе алмай, өздерінің маңыздарын
жоғалтып алды. Нәтижесінде асыл тұқымды мал саны күрт
төмендеп кетті.
Қазақстан агроөнеркәсіптік кешені ауыл шаруашылығы
өнімдері мен азық-түлік өндіру бойынша оның
экономикасын дамытуға басым бағыттардың бірі болып саналады.
Дегенмен, ауыл шаруашылықты жүргізудегі экономикалық
механизмнің жетілдірмегенінен ең алдымен, ауыл шаруашылық құрылымдарының
басқа да шаруашылық субъектерімен экономикалық өзара қарым-қатынастарының
жолға қойылмағанынан агроөнеркәсіптік өндірістік
әлеуеті жеткілікті деңгейде пайдаланылмай келеді.
Ауыл шаруашылығы өндірісінің дамуы мен тұрақтандырудың
экономикалық механизмін өзара байланысқан экономикалық
рычаг және ынталандыру жүйесі ретінде сипаттауға болады, Олар
АӨК аграрлық секторын тұрақты
қалыпты жағдайға келтіреді, бұл жағдайды қолдайды
және өсу сатысына өтуге жағдай жасайды, яғни сала
тиімділігінің өсуіне әкеледі. Ауыл шаруашылығы өндірісі
дамуы мен тұрақтандырудың
экономикалық механизмі аграрлық
саясатты дамытудың іргелі серпілісі болып табылады. Сондықтан жүргізіліп
отырған аграрлық реформа өзіне
аграрлық саладағы бұл механизмді практикалық амалдарды жетілдіру және теориялық негіздерді
дамыту мен қалыптастыруды енгізу
керек [3].
Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту
мен тұрақтандырудағы экономикалық механизм құрылысында
өзара байланысқан екі жүйені атауға болады: аграрлық
өндірісті мемлекеттік реттеу жүйесі және нарықтық бәсекелестік жүйе. Бұл
жүйелер өзара байланысты және бір-бірінсіз жұмыс істемейді, аграрлық нарықты және ауыл шаруашылығын
реттейтіні келесілерден белгілі:
Біріншіден, аграрлық сектордың
нарық жағдайындағы көптеген мәселелері ауылшаруашылық өнімге сұраныстың
тұрақсыздығы, азық-түлік кірісі қажеттілігінің әлсіздігі,
бір өнімді екінші өніммен ауыстырудың жоғары ауысымдылығынан пайда болады.
Екіншіден,ауылшаруашылық өнім
өндірушілердің көптігі, географиялық және экономикалық жағдайлар
тауардың базарда белгілі әдістердің көмегімен өнім сұранысына
әсер етуге мүмкіндік бермейді.
Үшіншіден,ауылшаруашылық
мекемелер өз тауарларын кемеліне жетілмеген маркетинг жүйесі арқылы өткізеді, ол өнім
бағасын тез көтереді [4].
Жалпы айтқанда ауыл шаруашылығы саласыныңэкономикалық
механимзмін жетілдіру үшін мемлекет тарапынан төмендегі шараларды
іс жүзіне асыру мақсатқа сай
келеді:
-
Қайта өңдеу кәсіпорындары үшін
жабдықтар лизингін мемлекеттік бюджет есебінен жүзеге асыру.
-
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің, әсіресе
алыс орналасқан аудандарда дайындау тізбектерін дамыту, сатылас
біріктірілген өндірістер құрудың алғышарттарын қалыптастыру
(өзінің меншігіндегі базасымен).
-
Шеттен әкелінетін өнімдер бойынша демпингке қарсы
тергеу жүргізу және қорғау шараларын қабылдау.
-
Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды
қайта құру және жетілдіру түпкілікті техникалақ
қайта жарақтандыру, шикізат аймақтарын оңтайландыру,
дайын өнімдер түрлері бойынша өндірісті мамандандыру бойынша қолдау
көрсету.
-
Қайта өңдеу кәсіпорындарының
қосымша тізбектерін шикізат шығарылатын жерлерде (немесе соларға
жақын), цехтар мен кешендер және модулдер салу есебінен құру.
-
Қайта өңдеу салаларының әлеуметтік
және өндірістік инфрақұрылымдарын салу.
Әдебиеттер:
1.
«Қазақстан халқының әл-ауқатын
арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты»Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан
халқына Жолдауы. Астана, Ақорда. 6 ақпан 2008.
2.
Нұрманов А. Қазақстанда бәсекеге қабілетті
ауыл шаруашылығы мен азық-түлік өндірісін басқару
мәселелері.- Алматы.- 2009.- 17 б.
3.
Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің
инвестициялық белсенділігін реттеуге бағытталған экономикалық
механизмдерінің жүйесі //ҚазЭУ хабаршысы 2011, №3
4.
Кужиев Б.С. Қазақстандағы
ауылшаруашылық өнімдерін шығаратын бәсекеге қабілетті
ауылшаруашылық тауарларын шығарушыларға мемлекеттік қаржылық
қолдау көрсету//КазЭУ хабаршысы, 2011, № 3.