Т.Рысқұлов
атындағы ҚазЭУ
магистрант Аяпов Р.
Қазақстан
Республикасындағы шағын кәсіпкерлік дамымауының
мәселелері және оның шешу жолдары
Кәсіпкерлік
дегеніміз - адамдар мен олар құрған
бірлестіктердің белсенді, дербес шаруашылық қызметі.
Оның көмегімен адамдар мүліктік жауапкершілікті сақтай
отырып, пайда табу жолын көздейді.
Кәсіпкер қабылданған заңға қайшы
келмейтін қызметтің қандай да болмасынтүрімен айналыса
алады. Олар: шаруашылық-өндірістік, сауда-көтерме
сату,жаңартпашылық, көрсетілген консультациялық
қызметтер және т.б. коммерциялық делдалдық, сол
сияқты құнды қағаздар операциялары.
Қазақстан Республикасының
нарықтық экономикаға көшуінің алғашқы
кездерінен бастап кәсіпкерліктің дамуы мемлекеттің
экономикалық саясатының маңызды бағыттарының бірі
болып келеді.Нарықтық қатынастар көптеген
адамдардың "өз ісіне" деген табиғи ұмтылуды
тудырып, өздерінің меншіктерін арттыра түседі. Ең соңында
бұл қызметтің ерекше түрі - кәсіпкерлік
қайраткерліктің пайда болуына әкеліп соғады.
Шағын
бизнес — ешқандай монополистік бірлестікке кірмейтін
және экономикада монополияға қатысты бағынышты
рөл атқаратын жеке меншіктегі ұсақ және орта
кәсіпорындардың қабылданған жиынтық атауы.
Шағын кәсіпкерлік секторы бірқатар әлеуметтік
атқарымдарды орындайды, олардың қатарына жұмыспен
қамтылу, әлеуметтік шиеленісті бәсеңдету және
нарықтық қатынастарды демократияландыру жатады. Шағын
бизнесті шағын кәсіпкерлік деп те атайды. Республикада шағын
кәсіпкерлік тиімді нарықтық экономиканың дамуы
үшін құрылымдық түзуші фактор ретінде
маңызды рөл атқарып отыр. Шағын
кәсіпкерліктіңартықшылығы — жұмсалған
күрделі қаржының тез өтелуі, өндірушілердің
аймақтық нарыққа бағдарлануы,
сұранымның өзгеруіне жедел икемделу, жұмыспен
қамтылудың өсуі. Шағын кәсіпорынның ел
экономикасындағы ролі аса үлкен. Біздің республикамызда
шағын кәсіпкерліктің үлесі қазіргі кезде 90
%-ға жетеді. Кәсіпкерлік саласы жөнінде біршама мемлекеттік
бағдарламалар қабылданып, олар негізінен шағын
кәсіпкерлікті қолдау мен дамытуға бағытталған.
Шағын
кәсіпкерлікті дамыту қоры —
бейкоммерциялық қаржы ұйымы. 1997 жылы сәуірде Алматыда
құрылған. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің
қалыптасып, дамуын ынталандыру, шағын кәсіпкерлікті
қолдауға жұмсалатын мемлекеттік қаржыны тиімді
пайдалану мақсатын көздейді. Қордың акциялары
түгелдей мемлекетке тиесілі. “Жеке кәсіпкерлік туралы” ҚР
Заңына сәйкес қордың негізгі міндеттері: жобалық
қаржыландыру; жеке кәсіпкерлік субъектілерінің
қатысуымен кішігірім несие ұйымдарының желісін дамыту;
шағын кәсіпкерлік субъектілері 2-деңгейдегі банкілерден несие
алған кезде оларға кепілдік беру жүйесін құру;
қаржы лизингін дамыту; шағын кәсіпкерлік субъектілеріне
ақыл-кеңес беру, оларды кәсіпкерлікке баулу; шағын
кәсіпкерлік субъектілері үшін сапа менеджменті жүйесін енгізу
операцияларын бірлесіп қаржыландырудың кепілді жүйесін
дамыту. Қордың барлық облыс орталықтарында
аймақтық бөлімшелері, Астана қаласында өкілдігі,
39 аудан орталығы мен облыстық бағыныстағы
қалаларда 40 өкілі жұмыс істейді. Қордың негізгі
бағдарламалары республикалық бюджеттен арнайы бөлінетін
қаражаттан, халықаралық және отандық қаржы
институттарының бағдарламалары бойынша түсетін қаражат
есебінен қаржыландырылады. Бүгін таңда қордың
несие қоржыны мына бағдарламалардың есебінен қалыптасып
отыр: Еуропалық Жаңғыру және Даму банкінің
Қазақстанның шағын бизнесі бағдарламасы; Азия
Даму банкінің ауыл шаруашылығы секторына арналған
бағдарламалық қарызының ҚҚ траншы;
Отандық тауар өндірушілерді қолдау шараларының
бағдарламасы; шағын кәсіпкерлік субъектілерін
республикалық бюджет есебінен несиелендіру, соның ішінде
әйелдердің кәсіпкерлік қызметін несиелендіру
бағдарламасы; шағын қалаларды дамытудың 2004 — 06
жылдарға арналған бағдарламасы; шағын кәсіпкерлік
субъектілерін қордың меншікті қаражаты есебінен
қаржыландыру; шағын кәсіпкерлікті Ақмола
облысының әкімдігімен бірлесіп, ортақ қаржыландыру
бағдарламасы. Қордың шағын кәсіпкерлік
субъектілерін меншікті қаражат есебінен қаржыландыру бойынша
негізгі бағдарламалары: “Қазақстанда кішігірім несиелендіру
(микронесиелендіру) жүйесін дамыту” бағдарламасы — кішігірім
несиелендіру жүйесін (Қазақстанның несие
жүйесінің 3-деңгейін) дамыту арқылы экономикалық
белсенді халықтың қаржы ресурстарына қол жеткізу
мүмкіндігін қамтамасыз ету және халықтың
кәсіпкерлік бастамасын ынталандыру; “Шағын кәсіпкерлік
субъектілеріне 2-деңгейдегі банкілер беретін несиені кепілдендіру”
бағдарламасы — шағын кәсіпкерлік субъектілерінің
коммерц. банкілер мен басқа да қаржы ұйымдары алдындағы
міндеттемелері бойынша қордың кепілдіктерін беру жолымен
шағын бизнес аясына көп көлемде ресурс тарту; “Жобалық
қаржыландыру және қаржы лизингі” бағдарламасы
шағын бизнесті мемлекеттік қолдау саясатының басым
бағыттары бойынша шағын кәсіпкерлік субъектілерінің
жобаларын қаржылық қолдау; “Шағын кәсіпкерлік
субъектілерін оқу-әдістемелік, ақпараттық-талдау,
ақыл-кеңес беру тұрғысынан қолдау”
бағдарламасы кәсіпкерлікті қолдау
инфрақұрылымының құрамдас бөлігі ретіндегі
ақпараттық қолдаудың, сапалы оқытудың
және ақыл-кеңес берудің кешенді жүйесін
қалыптастыру.
Жеке кәсіп ұйымдастырудағы
маңызды мәселе болып несиемен қамту есептеледі.
Мұндағы негізгі кедергіге жататыны несие үшін жоғары
пайыз бен қысқа уақыттың берілуі. Бұл
сұрақты шешу барысында қазіргі таңда мемлекет тарапынан
қолдау көрсетіліп, екінші деңгейдегі банктер
жүйесінің түрлі жеңілдіктері қарастырылған.
Жоғарыда аталған мәселелердің тиімді шешімін табу
үшін кешенді құрылымдар арқылы қазіргі
уақытта қалыптасқан мониторинг жүйесін дамытуды
алға қойған жөн. Соның ішінде нарық
конъюнктурасын, талқыланған заңдарды пайдалану және
т.б. Қазіргі Қазақстан Республикасы жағдайындағы
мемлекет тарапынан жүргізілетін қолдау негізінен
кәсіпкерліктің дамуына қолайлы жағдай жасауға
бағытталуы қажет. Ол үшін несиелік жеңілдіктер,
экспортты сақтандыру, коммерциялық ақпараттардың
экспортты сақтандыру Корпорациясы, Қазақстандық
инвестициялық қор, Инновациялық қор, несиелік бюро
және т.б арқылы жүргізіледі. Кәсіпкерліктің дамуы
тек мемлекет тарапынан индустриалдық және
агроөнеркәсіптік саясат түрлерімен қолдау арқылы
ғана емес, сонымен қатар бірінші орында кәсіпкерлердің
өздерінің тиімді шешімдері арқылы , соның ішінде
өндірісті жаңарту мен мамандандыру,кадр біліктілігін
квалификациялау және т.б. қолдану болып табылады.
Жалпы алғанда кәсіпкерлік мәселесін
шешу мен оны алдағы уақытта дамыту негізгі үш бағытта
жүргізілуі қажет:
1. Ғылыми-техникалық мүмкіншілікті
пайдалану мен дамыту арқылы инновациялық жаңартудынегізінен
меншіктегі кәсіпорынды модернизациялау, адам капиталын қолдану
және өнімнің сапасын көтеру болып табылады.
Ғылыми-техникалық және экономикалық серіктестік
тұрғысында көңіл бөлетіні-бұл
экологиялық фактор, яғни табиғи материалды экономикалық
ресурс ретінде тану, бүгінгі таңда материал үнемдейтін түрінен
ресурс сақтаушы технология түріне көшу қажеттігін
тудырады. Міне, осының негізінде постиндустриалды қарқындату
арқылы сапа жағынан жаңаша кәсіпкерлікке көшуге
мүмкіндік береді.
2. Кәсіпкерліктің қоғам
және мемлекет тарапынан қолдау табуы негізінен
қоғамдық келісімдер мен президент қолдауына байланысты
жүзеге асады. Соңғы кездері кәсіпкерлік
іс-қызметтің престижін қолдауда қоғамдық
пікір маңызды рөл атқарады. Соның ішінде елімізде
жүргізілетін конкурстар, атап айтсақ "Жыл
кәсіпкері", " Онжылдықтағы ең үздік
кәсіпкер" секілді түрлі қызмет салаларында
жүргізіліп келеді.
3. Нормативті-құқықтық
базаның, кәсіпкерлікті қолдау
инфрақұрылымының (мемлекеттік органдардың, бизнес
орталықтарының, қызмет көрсету және
қоғамдық кәсіпорындардың) алдағы
уақытта тұрақталуы мен жаңаруы.
Кәсіпкерліктің алдағы дамуы мемлекеттер мен
кәсіпкерліктердің тығыз қарым- қатынас жасауына
бағытталуы тиіс. Ұлттық өнімдердің нарықта
өткізуді кеңейтуде, ортақ сауда ережелерінің
қолданылуына, ҒТП жетістіктерінің жедел өзара
пайдаланылуы мен әрі қарай мамандандырылуына ЕвраЗЭС сияқты
халықаралық ұйымдардың дамуы және Ресей, Украина,
Беларусия және Қазақстан елдерінің біртұтас
экономикалық кеңістігінің (ЕЭП) құрылуы елеулі
әсер етті. Жоғарыда аталған елдер арасындағы
экономикалық ынтымақтастықтың барысы үш
қадамда өткізілуде.
Алғашқыда мүше елдердің арасында тауар
импортының емін-еркін саудасына ешбір кедергісіз орындалуы
қойылады. Екінші қадамында ортақ кеден тарифтері мен
түрлі тауарларға, соның ішінде ауылшаруашылық
өнімдеріне қызмет көрсету, капитал және жұмысшы
күшіне, яғни ортақ кеден кодексінің қабылдануы
көрсетілген. Ал үшінші қадамында кедендік бақылауды
алып тастап, тауарлар мен қызмет көрсетулердің еркін
қозғалуына мүмкіндік беру көзделген.
Сонымен, қорытындылай келе, жоғарыда
баяндалғандай экономиканың жаңа жағдайындағы
нарыққа өтуінде шағын кәсіпорындар
"жанама" өнім ретінде болмайды. Олар еліміздің
ажырамайтын саяси-экономикалық жүйенің бөлігі болып
табылады. Біріншіден, нарықтық қатынастардың
тұрақтылығы, солай болғандықтан, халықтың
көптеген бөлігі осы қатынастар жүйесінде тартылады;
екіншіден, нарықтық жағдайда олар қажетті икемділікті
қамтамасыз етеді, терең мамандандыруда іске асыруды және
өндірісті тармақтанған кооперацияға айналдырады. Онсыз
оның экономикалық тиімділігінің болуы мүмкін емес.
Нәтижесінде, бұл шаруашылық дамудың және
ұлттық экономиканың серпінді өсуіне үлкен
ықпал етеді; үшіншіден, шағын кәсіпорындар
рөлінің өзгеруі орта және ірі
кәсіпорындардың қызмет етуіне тиек болады.