Экономические науки/6. Маркетинг и менеджмент

Анетова Бибигуль Алиакпаровна

Экономика ғылымдарының магистрі, оқытушы

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

 

МЕМЛЕКЕТТІК ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ САЯСАТТЫҢ МАҢЫЗДЫ БАҒЫТЫ

 

 «Қазақстан-2030» және «Қазақстан-2050» стратегияларын жүзеге асыруда шаралар мен әрекеттер жинтығы ретінде индустриалды-инновациялық саясат өнеркәсіптің шынайы жағдайы мен оның даму мәселелерін шешіп, талаптарына жауап беруі үшін толықтай өнеркәсіптік дамудың аса қиын мәселелерін ғылыми негіздеуді қажет етеді. Мұның барлығы экономиканың шикізаттық емес даму әлеуетін және ұлттық бәсекелік басымдылықтарды өмірге енгізуге бағытталған индустриалды-инновациялық саясатты, белсенді экономикалық шараларды жүзеге асыруда оның механизмдерін қалыптастыру өзекті мәселелердің біріне жатады.

Сонымен қатар индустриалды-инновациялық саясатты жүргізу кезінде өзекті мәселелер болып елімізде жоғары қосымша құнды дайын өнім алуға дейін жобаны өткізу жөніндегі жұмыстар кешенін таңдау мен одан әрі оны шегіне жеткізуде жан-жақты пікірталастар туғызады.

Қазіргі таңда қарастырылып жатқан кремний, алюминий, темір рудалары мен басқа жобалар Қазақстанда энергия сыйымды, экологиялық «лас» және білікті емес еңбек өндірісін тартуды талап ететін құрылысты қарастырады, ал соңғы шығару мен қайта өңдеу: күн элементтері, металдық алюминий, түсті және қара прокатты шетелде өндіруді жоспарлайды. Қазақстан енді өз ресурстарын тек жоғары қосымша құнмен ғылыми сыйымды өнімін өндіру ісіне айырбастауға міндетті.

         «30 корпоративті көшбасшы» бағдарламасы шеңберінде жүргізілген шаралар кешенінің нәтижесінде 2015 жылға дейін республика экономикасында индустриалды-инновациялық дамуға, әртараптандыру жүйесі жағына шыққанда шикізаттық бағыттылықтан дайын өнім өндіру негізгі мақсат болуы керек.

Бүгінде республикада, индустриалды саясатты жүзеге асыру мен қалыптастыру кезінде өзін-өзі қамтамасыз ететіндей болуға әлі жеткіліксіз, себебі, адам капиталы мен экономикалық ресурстардың шектеулігі, сонымен қатар, жаңа өндірісті, зауыттары мен фабрикаларды жаңғырту мен жобаландыру, озық технологияларды құру бойынша инженерлік-техникалық және ғылыми әлеуеттің төмедігі болып саналады.

Қазақстан үшін индустриалды-инновациялық саясат екі бірлікті мәселені шешуі керек: бір жағынан, өндірісті техникалық қайта қаруландыру, жаңа технологияларды игеру мен экномикалық өсуді ынталандыру жолымен өнеркәсіпті жаңғыртудың жедел мәселесі тұрса, екінші жағынан, басымды бағыттары бойынша еліміздің озық технологиялардың дамуын қамтамасыз ететін экономикалық дамудың ұзақ мерзімді стратегиясын анықтау мәселесі тұр.

Қазақстанның қолайлы және үйлесімді жолы – экономиканың ерекшеліктерін ескеретін, экономиканың жоғары технологиялық және шикізаттық дамуын бірге қарастыру. Бұл  республикалық инновациялық стратегия деп аталады, ол өндіруші салаларда ұзақ технологиялық тізбектер, жоғары жасамалардың дамуына бағытталған.

Өнеркәсіптік саясаттың маңызды бөлігінің бірі болып – әлеуетті мүмкін экспортты ынталандыру болып табылады. Осыған орай, әлеуетті әлді және бәсекеге қабілетті салалар ынталандырылады. Қолдау біріншіден, ішкі нарықта бекіген кәсіпорындарға және жоғары қосымша құнға ие өнімді экспорттауды жоғарылатуға жақсы мүмкіндіктері бар кәсіпорындарға жасалуы қажет.

Өнеркәсіп қызметінің тиімділігі – тек тауар ретінде өнімге салынған салымдармен ғана емес, сонымен қатар, өнеркәсіптік инновацияның және экономиканың шынайы секторларына әсерін тигізетін қызметтің тиімділігі мен өзгеріс жағдайларымен де анықталады.

Таралып кеткен көзқарастар бойынша отандық кәсіпорындар әлсіз делінеді, бірақ, сонымен қатар шетел бәсекелестерімен салыстырғанда зор басымдылыққа ие болып келеді. Еліміздегі өнеркәсіптік кәсіпорындағы жалақы деңгейі төмен болғанмен, жұмыс күшінің біліктілігі өте жоғары. Бірақ, аумақтарда жүріп жатқан экономикалық өзгерістер бұл басымдылықтың жылдар өте келе өз бағасын жоғалтпайтынын көрсетті. Сонымен қатар, кәсіпорындар отандық шикізат пен құрылғыларды ішкі нарықтардың бағасы бойынша әлемдегіден төмен сатып алу мүмкіншілігі бар. Импорттық шикізат пен құрылғының үлесі салыстырмалы түрде аса жоғары емес.

Салық салу деңгейі де дамыған ел көрсеткіштерінен жоғары емес. Бүгінде микро деңгейдегі шаруашылық тетіктері өзіндік дамуды қамтамасыз етпейді, салықтық саясат пен әкімшілік реттеу тиімділіктің жоғарылауын ынталандырмайды. Әлемдік деңгейден өсуші техниканың артта қалуы соңғы шешуші сәтті жүзеге асыра алмайды. Егер бұл мәселе осыдан әрі осылай жалғаса берсе, оны қайтадан жөнге келтіру өте қиынға түседі және тереңдей бастайды.

Соған қарамастан, қазіргі таңдағы реттеу мен протекционизмнен бас тартса, онда ол қазақстандық өндірістің сақталынған бөлігінің әлеуетін төмендетуге алып келеді. Тәжірибеде тиімділікті жоғарылату кәсіпорындарында қабылданған шешімнің, тұлға пікірлеріне қарама-қайшы болып келеді.

Қағидалы жоспардағы ұзақ мерзімді мәселе ретіндегі себеп-салдар Бүкіләлемдік Сауда Ұйымына енуді келешекті болжамдайтын түрде анықталады.

Мемлекеттік индустриалды-инновациялық саясаттың маңызды бағыты болып шынайы экономика мәселелеріне даму институттары бет бұруы өте қажет. Мұндағы мәнді рөлді индустриалды және экономикалық аймақтарды, сонымен қатар әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың жұмысын жетілдіру болып табылады.

Өнеркәсіп пен энергетиканы біріккен жүйе ретінде өзара байланысқан және өзін-өзі толықтырушы секторы ретінде қарастырған жөн, себебі бұлар бір-бірінсіз алшақтық жағдайда ұзақ мерзімді дамуды қамтамасыз ете алмайды.

Жанармай-энергетикалық кешені мен энергия қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тиімділігін арттыру келесідей негізде болжамдалынады:

- энергетикада құрылымдық қайта қалыптастырулар жүргізу (электр энергетикасы, көмір және мұнай-газ нарықтары);

        - жанармай-энергетика кешеніндегі кәсіпорындарда ресурстарды өндіру мен пайдалануды оңтайлау, энергетиканың келешекті бағыттарын дамыту;

        - жанармай-энергетикалық инфрақұрылымның аймақтық дамуы мен оны әртараптандыру;

        - ресурстық-шикізаттық базаны озық технологиялар негізінде ынталандыру.

Постиндустриалды қоғамда өнеркәсіптің қызмет етуі, оның мүмкіншіліктерінің кеңеюі жаңа технологиялар және ғылыммен тығыз біріккен жолымен жүзеге асырылады. Бұл толықтай өнеркәсіптік-технологиялық кешеннің қалыптасуымен қол жеткізіледі. Бұл кезде ұлттық экономиканы әртараптандыру ісіндегі отандық ғылымның нәтижелерін шынайы пайдалану тетіктерінің қызығушылығын жоғарылату қажет. Мысалы, Финляндия әлемдік ғылыми-техникалық жетістіктерін сәтті пайдалану арқылы жоғары технологиялық өндірістің дамуының басқа елдермен қатар, жоғары баспалдағына көтерілгені барлығымызға белгілі.

Осыдан-ақ көрініп тұрғандай, индустриалды-инновациялық саясатты жүзеге асыру шынайы басқарушылық, ұйымдастырушылық, экономикалық және қаржылық негіздер мен нормативтік-құқықтық жағдайды құруды талап етеді. Осыдан жаңа индустриалды-инновациялық саясат «бір жұмырыққа» жұмылдырылған сипатқа ие болуы керек, бірінші кезекте, барлық ішкі мүмкіншіліктері мен қорларды тартуға жүгінуі керек.

Жоғары дамыған елдерде ұлттық шаруашылықты төрт деңгейлік салалық бөлінуі қалыптасқан:

- шикізаттың өндіру мен алғашқы қайта өңдеу саласы;

- дәстүрлі ауыр өнеркәсіп (материалды және еңбек сыйымды) саласы;

- қосымша құнға, ғылыми-зерттеу жұмыстарына кеткен шығындардың үлкен үлесін, төмен материал және еңбек сыйымдылығын сипаттайтын жоғары технологиялық салалар (nigh tech);

- «жұмсақ» (soft) технологиялар (қызмет) саласы, яғни консалтинг, жүйелік интеграция, бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу білім беру және т.с.с.

«Жұмсақ» технологиялардың ерекшелігі адам капиталына негізделетін және интелектуалды ресурстарды талап етуімен қорытындыланады. Осыған сәйкес, елде адам капиталын сақтап, оны одан әрі дамыта алса, онда «секіріп өту» кезеңі арқылы жеке жоғары технологиялар құрып, «жұмсақ» технологияларға жататын негізде жаңа экономикалық орталықтарға айналады. Белсенді индустриалды саясатты жүзеге асырумен байланысты құрылымдық жобаларды әзірлеу кезінде өндірісті мемлекеттік реттеу көзқарасынан өнеркәсіпті үш секторға бөлуге болады.

 

          Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

         1.   Научно-техническая деятельность в Республике Казахстан за 2005-2010 гг. // Статист. бюлл., 2011.

2. Абдыгаппарова С.Б. Инновационный менеджмент: Учебное пособие. – Алматы, 2003.

3. Роль государства в развитии инновационной деятельности в Казахстане: Аналит. Обзор. - Алматы:КазгосИНТИ, 2005 стр.56.