Математика есептерін шешуде компьютерлік технологияны пайдаланудың тиімді жолдары

 

Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ

Математика кафедрасының оқытушысы Ж.С.Еркишева 

 

Білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі-оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технология-ларды  пайдалану болып табылады.

 Оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын меңгеру мұғалімнен орасан зор іскерлік пен шығармашылыққа негізделген ізденістерді қажет етеді.Осындай мақсат көздеген жүйелі ізденістер мұғалімнің жаңа технологияны меңгеруіне, инновациялық жетілуіне мүмкіндік береді.

Педагогикалық технология-мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттер көзі.

     Мұның өзі ақпараттық технологияларды пайдаланудың екі бағыты бар екендігін анықтауға мүмкіндік береді.

 Бірінші бағыт тұрғысынан алып қарасақ, ақпараттық технологиялар білім, білік, дағдыны игеру үшін қажетті ресурс болып табылып, оқушылардың саналы тәрбие, сапалы білім алуына жағдай жасайды, ал екінші бағыт тұрғысында ақпараттық технологиялар оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру тиімділігін арттырудың қуатты құралы болып  табылады.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасында «Жоғары білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми-зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық қажеттіліктерімен тығыз байланысты білім беру және техногияларды жетілдіру көзі» деп атап көрсеткендей, қазіргі білім беру саласындағы басты мәселе: әлеуметтік педагогикалық ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестірумен және оларды жүзеге асыра алатын болашақ мамандарды даярлау болып отыр.

Қазіргі нарықтық экономиканың сұраныстарын қанағаттандыруға және экономиканың, өндіріс салаларының дамуына сай жастарды компонентті тұлға ретінде қалыптастыру үшін мұғалімдер оқытудың қазіргі технологияла-рын пайдаланып, оны одан әрі заман талабына сай жетілдіруі қажет.

         Оқытудың нәтижелі болуы оны ұйымдастыру әдістеріне және бастамашылдыққа жаңа педагогикалық инновациялық әдістемелікке байланысты. Өйткені,      ХХІ ғасырдағы технологиялардың соншалық жылдам қарқынды дамуы адамзат өмірінде болып көрмеген шапшаңдықты талап етеді. [1].

         Компьютердің көмегімен шешуге болатын әдістемелік және педагогикалық есептердің аумағы кең. Компьютер - әмбебап құрал, білімді тексеруге және бағалауға, есептеулерге, калькуляторға, тренажерге, бөлшектерді пішіндеуге қолдануға болады, – бұл тамаша электрондық тақта!!! Компьютер мәліметтерді ұсыну мүмкіндіктерін едәуір кеңейтеді. Қазіргі бейне - техниканың көмегімен түстің, кестенің, мультипликацияның, дыбыстың, барлығын пайдаланып, объектіні нақтылауға мүмкіндік береді [2].

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында еліміздегі білім беру жүйесінің басты мақсаттарының бірі – кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді толықтай ақпараттандыру, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желіге шығу [3].

         Оқытудың жаңа технологиясын енгізу мен компьютерді қолдану - бұл сәндік үлгі емес, оқытушының көп қырлы творчестволық еңбегін компьютерге аударып салу әдісі емес. Оның міндеті - оқушының казіргі заман сұранысына сай өзінің өмірлік іс-әрекетінде компьютерлік құралдарын қажетті деңгейде пайдалана алатындай жан-жақты дамыған дара тұлға ретінде тәрбиелеу,оқу-тәрбие жүйесінің барлық деңгейін жетілдіру, оның тиімділігі мен сапасын жоғарлату мақсатында компьютерді жекелеген пәндерде оқыту құралы ретінде пайдалану.Ал біздің мақсатымыз – ақпараттық технологияны терең меңгерген, қажетті ақпаратты іздеп,осыған байланысты өзі шешім қабылдайтын жылдам өзгеріп жататын заманға лайықты, жаңашыл адам тәрбиелеу.

         Сондай-ақ математика пәнін оқытудың оқушы қызығушылығын арттыруда өзіндік ерекшеліктері бар. Сондықтан оқушылардың мектепте алатын білімі мен тәрбиесін жетілдіруде оқытудың жаңа формасы тиімді болмақ. Қазіргі кезде оқыту үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды сабақта қолдану сынып оқушыларының ойлау қабілеттерін, белсенділігін арттырады.

Қазіргі таңда математиканың көптеген есептерін шешуді компьютерлік бағдарламалардың көмегімен жеңілдетуге болады. Заманауи техниканың дамуына байланысты соңғы жылдары математика пәндерін оқытуда компьютерлік бағдарламалардың рөлі артуда. Солардың ішінде пайдалануға қолайлылығы жағынан Maple математикалық жүйесінің мүмкіншіліктерін ерекше атап өтуге болады. Бұл жүйені өмірге әкелген бағдарламашылардың негізгі мақсаты математикалық есептерді шешу кезінде тек мамандар, яғни математиктер немесе инженерлер ғана емес, сонымен бірге студенттер де жоғары математиканы оқу, үйренуде   қолданылатын арнайы компьютерлік жүйені жарату болған. Қазіргі таңда Maple – математикалық есептерді шешуде қолданылатын қолданбалы жүйе деп табылады. Сонымен қатар, бағдарламашы - мамандардың ерекше жұмыс істеуін есепке ала отырып, бұл жүйеде күшті бағдарламалау тілі де жұмыс істейді.

Бүгінгі күннің басты талабы- маман да, белгілі бір маандыққа білім алатын студент те, мектеп оқушысы да өз бойында жоғары қабілетке негізделген логикалық пәрменді ойламды қалыптастыруы тиіс. Ол үшін ізденуші жас бірінші кезекте өз бетіншге жұмыс істеуге, қате кемшіліктерін өзі табуға дағдылануы керек.Осы тұрғыдан алғанда оның жақын көмекшісі,дәл бүгінгі күндері, қажетті математикалық бағдарламамен жасақталынған компьютер болуға тиіс.  

Математиканың көптеген есептерін шешуді дербес компьютерде автоматтандыру арқылы жеңілдетуге болады. Соңғы жылдары математика  есептерін шешуде және математика пәндерін оқытуда қолданылатын  компьютерлік бағдарламалар дамуда.Бұл бағдарламалардың мысалы ретінде  символдық математикада кең қолданылатын жүйелер Maple , MatLAB,Mathematica, MathCAD және басқаларды айтуға болады. Компьютерлік бағдарламалардың көмегімен есептеулердің сандық және аналитикалық шешімдерін алуға болады.

Сандық есептеулер

– теңдеулер жүйесін шешу

– функцияның максимум және минимум нүктесін табу

– сызықтық емес теңдеулерді шешу

– анықталған интегралды есептеу

 дифференциалдық теңдеулерді шешуді орындайтын мүмкіндіктері бар 

         Математикалық есептерді жылдам  шешетін бағадарламалардың бірі, қолданушыға өте ыңғайдысы- Maple.

Maple жүйесінің мүмкіншіліктерін пайдалана отырып

-бір айнымалы функцияның интегралдарын есептеу әдістері.

-анықталмаған интегралдарды есептеу

-анықталған интегралды есептеуде қолданылуын қарастырайық.

Анықталған интегралды жазық фигураның ауданын есептеуге қолдану.

          функциясы               кесіндісінде үзіліссіз болсын. Егер жазық фигура f функциясының графигімен, ОХ өсі және x=a , x=b  түзулерімен шенелген болса, онда оның ауданын

формуласымен табуға болатындығы белгілі.

Мысал . y=1-x   және y=3-2x-x2   сызықтарымен шенелген фигура ауданын табу керек.

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, компьютерлік бағдарламаларды білім беру процесінде пайдалану өте тиімді деп айтуға болады.

         Компьютерлік бағдарламаларды қолдану  аркылы кейбір есептеулердің сандық мәнін алып қана қоймай, формуланың есептелуіне мән беріп, есепке деген қызығушылығы арта түседі. Сондықтан мұндай бағдарламалармен берілген мәліметтер бойынша график , диагарамма құруда ерекше орны бар.   

Сонымен компьютерлік математикалық бағдарламалардың көмегімен оқушы мен мұғалім арасындағы байланыс нығая түсіп, берілген есептерді шешу барысында сандық мәніне және сол есептің графигін құра алған оқушыда математика пәніне деген қызығушылығы ояна бастайды.

         Сондықтан заманауи компьютерлік математикалық бағдарламаларды пайдалану арқылы оқушының творчестволық еңбегінің өсуіне , осы бағдарламаның барлық мүмкіндіктерін пайдалану арқылы математика сабағын түсіндіру аясы кеңеюіне септігін тигізеді. Басты мақсат Математика пәніне деген танымдық көзқарасы оянып, қызығушылығы арта түседі.

 

Пайданылатын әдебиеттер

1. Д.Ж. Кішібаева «Жаңа педагогикалық технологиялар» Түркістан 2010 ж

2. «Оқыту–тәрбиелеу технологиясы». Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал. – №3. – 2010.

3. «Информатика. Физика. Математика» журналы. – Алматы, №3-2005, 2010.

4. Білім заңы. – Алматы, 2010.

5. Шеховцова Д. Н. Использование компьютерных технологий для визуализации математического знания // Вестн. Томского гос. пед. ун-та

6. Апатова Н. В. Информационные технологии в школьном образовании. М., 1994.__