БІЛІМ БЕРУ
ЖҮЙЕСІНДЕГІ ИНКЮЗИВТІ ОҚЫТУ-МОДЕРНИЗАЦИЯЛАУ БӨЛШЕГІ РЕТІНДЕ.
Қ.Қ.АМАНЖОЛОВА
ТАРАЗ ИННОВАЦИЯЛЫҚ-ГУМАНИТАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ, ТАРАЗ Қ.
Қазіргі
білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті
маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі -
мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің
шығармашылығындағы ерекше тұс - оның
сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол
таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту,
қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің
борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық
шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі
қоғамдағы жаңа формация мұғалімі –
педагогикалық құралдардың барлығын
меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге
талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл
тұлға құзыреті.Жаңа формация мұғалімі
табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық
жағдайындағы мұғалімге қойылатын
талаптар:бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының
жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік
жұмыстағы шеберлігі.Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың
«Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан
мемлекеттің саяси бағыты» атты Қазақстан халқына
арнаған Жолдауы елімізді әлемдік өркениеттің биік
белестеріне жеткізетін басым бағыттарын саралап берген маңызды
құжат, халқымыздың кемел келешегіне, жарқын
болашағына деген сенімін нығайтып, ұлы
мақсаттарға бастап, жігерлендіретін сындарлы бағдарлама.
Соңғы жылдары әлемдік өркениет талабына сай өріс
алған ірі реформалар қатарында білім беру саласындағы
атқарылып жатқан жұмыстардың орны ерекше.
Өйткені, қандай бір мемлекеттің бәсекеге
қабілеттілігі оның білім, ғылым саласының дамуымен,
өркендеуімен өлшенеді. Білім мен ғылым – еліміздің
ең басты байлығы, баға жетпес құндылығы.
Жолдауда «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін
біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек», – деп талап
қойған Елбасы сауаттылық мәселесінің
қазіргі заманда әлдеқайда тереңдей, күрделене
түскендігін атап өтті. Білім, ғылым саласындағы негізгі
басымдықтарды саралап берді.«Қазақстан Республикасында білім
беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы» да Елбасы тапсырмасымен қабылданып, жүзеге
асырылуда. Қазірдің өзінде аталған бағдарламада
көзделген жұмыстардың алғашқы нәтижелеріне
қол жеткіздік. Бүгінгі күні елімізде білім мен ғылымды
дамыту жолындағы атқарылып жатқан жұмыстарға
келетін болсақ, ТМД елдерінде әлі де қолға
алынбаған электронды оқыту, жан басына қарай
қаржыландыру, білім сапасына ұлттық деңгейде
бақылау жасау, жоғары оқу орындары мен колледж
түлектерінің білімдеріне тәуелсіз сараптама жасау,
академиялық ұтқырлық, ғылыми-педагогикалық
кадрларды даярлаудың жаңа жүйесі, жұмыс берушілермен
жоғары оқу орындарының жаңа мазмұндағы
әріптестік байланыс орнату мәселелері оң нәтижелерін
беруде.Қандай мемлекет болмасын оның қарышты дамуы заман
талабына сай еңбек етіп, қызмет атқара алатын
мамандардың кәсіби біліктілігіне байланысты. Осы
тұрғыдан келгенде, Елбасы ХХІ ғасыр мамандарын даярлау
мәселесіне, соның ішінде, инженерлік білім беру мен техникалық
мамандықтар жүйесін дамытуды басты бағыт ету қажеттігін
алға тартты. Елімізді әлемдік деңгейдегі білім
орталығына айналдыру туралы биік мақсат қойып отырған
Мемлекет басшысы жоғары оқу орындарының ғылыми-зерттеу
жұмыстарын дамытуға баса назар аударып келеді. Бүгінгі
күні әлемдегі дамыған елдердің қатарына
қосылуға бағыт алған мемлекетімізде
ғылымның дамуына ерекше көңіл бөлінуде.
«Жаңа технологиялық толқын жалына жармасып, теңдессіз
инновациялар жасау барлық елдің қолынан келе бермейді. Біз
осыны түсінуге тиіспіз. Сондықтан біз өте шынайы, барынша
прагматикалық стратегия құрғанымыз жөн. Біз
шығыны көп емес зерттеулер мен әзірлемелерге ден
қоюға тиіспіз», – деген Елбасы сөзі ең алдымен
ғалымдар мен ғылыми орталықтардың жаңа мазмұндағы
бағыт-бағдарын айқындауға негіз болып
отыр.Осының барлығы айналып келгенде халықаралық
білім, ғылым кеңістігіне интеграциялану мақсатында жасалынып
жатқан жұмыстар. Білім беру
жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен
әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім
беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі
ұйымдастыру құқықтық формадағы,
типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы
тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары
жүйесінің жиыны.Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай,
қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз
білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа
талапқа сай инновациялық технологияларды өз
сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да,
мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында
«Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі –
оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді
ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық
коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен.
Қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында
оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып
отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып,
жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп
өміріне енуде.
Қазіргі
мұғалім:
-педагогикалық
үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын
-педагогикалық
өзгерістерге тез төселетін
-жаңаша ойлау
жүйесін меңгере алатын
-оқушылармен
ортақ тіл табыса алатын
-білімді, іскер, шебер
болу керек
Жаңа педагогикалық технологияның
ерекшеліктері – өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан
–жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу,
жаңа педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды
өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы,
орындаушы болса, ал қазіргі оқушы – өздігінен білім іздейтін
жеке тұрға екендігіне ерекше мән беруіміз керек Инклюзивті
оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы
білім беретін мектептердегіоқыту үрдісін сипаттауда
қолданылады. Инклюзивті оқыту негізінде
балалардыңқандай да бір дискриминациясын жоққа
шығару, барлық адамдарға деген теңдікқатынасты
қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше
қажеттілігі барбалаларға арнайы жағдай қалыптастыру
идеологиясы жатыр. Тәжірбие көрсеткеніндейқатаң білім
беру жүйесінен балалардың бір бөлігі шығып
қалады, өйткеніқалыптасқан жүйе мұндай
балалардың даралық қажеттілігін қанағаттандыра
алмайды.Инклюзивті бағыт мұндай балаларды оқуда жетістікке
жетуге ықпал етіп, жақсыөмір сүру мүмкіншілігін
қалыптастырады. Инклюзивті
оқыту- барлық балаларғамектепке дейінгі оқу
орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене
қатысуға амүмкіндік береді.
Қалай жұмыс істеу керек ?
-Балалардың нақты объектілермен өзара іс-қимыл
-Жеке қызметті ұйымдастыру және мұғалімдерге
нұсқау
-Комбинировандық қызмет (нақты объектілер+
бағдарламалық қамтамасыз ету)
-Әртүрлі деңгейдегі қиындықтар
көмегімен біртіндеп алға басуы
-Материалды бекіту, еркін қызмет
Мүмкіншіліктер -Мақсатқа жетуде екі жүйе
маңызды:
-Дербестік іс-әрекетте білімді сатып алуда қолдануды білу
-Логикалық ойлауды дамыту
-Қауіпсіздік және сенімділік сенімін арттыру
-Логикалық ойлау үрдісін дамыту
-Сылтау табуды қолдану мен оқиғаны түсіне білуін
дамыту
-Кесте мен мәтінде қиыстыра білу
Қорыта айтқанда, егеменді елімізді дүние жүзі
елдерімен терезесі тең болатын дәрежеде өркендететін, негізгі
тұтқасын ұстайтын, дүние әлемін шарлайтын
біздің дарынды да қабілетті ұландарымыз екенін
ұмытпайық. Олардың бойындағы дарынын қабілетін
дамыту – ұстаз, ата-ана және қоғам
қауымының міндеті
Пайдаланған
әдебиеттер тізімі:
1.Руководящие принципы политики в области
инклюзивного образования. Париж, ЮНЕСКО, 2009г
2.Кемтар
балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық
түзету арқылы қолдау туралы. ҚР 2002ж №343 заңы
3.Қазақстан
Республикасының Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарына
арналған мемлекеттік бағдарламасы.-Астана, 2010.
4. Қ.Бисенов .// Егемен Қазақстан, Сенбі,
18 мамыр, 2013
5.Интернет
желісі:1.mail.ru
2.google.ru