БЕЙНЕЛЕУ
ӨНЕРІНІҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚТА АЛАТЫН
ОРНЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ.
Ошакбаева
Г.И.
ТИГУ, Казахстан Тараз қ.
Кескіндеме
өнері-өмірде бар нәрсені ғана бейнелейтін нақты
бір өнер түрі» деп- айтып өткен ағылшын
ақыны Гюстав Курбе. Табиғат
әлемі, мәдени мұралар мен өнер түрлері
барлығы адамның рухани дүниесін байытып, ой бейнесін тудырып
оның көңіл күйін, сезімін оятып, көркемдік
талғамы мен танымдық көзқарасын дамытып,
қоршаған орта өміріне бейімдейді. Өнер мен білімге
деген сүйіспеншілік өмірге бейімдеп, адамның өмір
сүру салтының мәнін, оның рухани мүмкіндіктері
арқылы толықтырып отырады. Адам өз бойына біткен
құдіретті сананың күшімен әлемнің сырлы
бейнесін ой бейнесіне ендіріп, өмір мәнін түсінуге
ұғынуға талпынады. Әрине мұндай талпыныс
шығармашылық қиялды тудырады. Шығармашылық
қиял санадағы ой бейнесін көркем-образдық бейнеге
айналдыруға мүмкіндік береді.
«Қазіргі заманғы өнер» галереясы
қоғамның рухани және әлеуметтік талаптарына
сәйкес бейнелеу өнеріндегі жаңалықтар мен стильдік
бағыттар туралы мәліметтер береді. Шығармашылық
қиял санадағы ой бейнесін көркем-образдық бейнеге
айналдыруға мүмкіндік береді. Шығармашылық процестегі
мұндай сезімдік-логикалық реттілік рухани тәрбие тәсілдерін
іріктеуге мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар, өткізіліп
отыратын жеке көрмелерде суретшілердің шығармашылығы
туралы жан-жақты баяндайды. Галереяның басты мақсаты-бейнелеу
өнерінің әртүрлі мәнерде, жанрларда
орындалған біртума полотнарымен таныстыру және суретшілердің
дүниетанымын, ой астарын, армандарын баршылыққа
түсінікті тілде жеткізу болып табылады.Өйткені, әдетте
терең аллегориялық, символикалық, сюрреалистік мәнерде
жазылған туындылардан кескіндемешінің ойын оқуға
қиынға соғады.Сондықтан өнердің бай
мұрасын өнертану ғылымымен ұштастыра отырып, тарихи
даму жолдары мен жаңа сатыларын айқындап, өнерді,өнер
туындыларын зерттеумен нақты айналысады.Галерея экспозициясындағы
Қазақстан бейнелеу өнерінің негізін, тірегін
құраған ұлы кескіндемешілердің
туындыларының жанынан салқынқанды өте алмайтыңыз
ақиқат. Шеберлердің басты мақсаты – қоғамда болып жатқан
маңызды оқиғалар мен халықтың өмірін
жарқын бейнелей білуі болды. Суретшілердің
шығармашылығы өнер саласының дамуында үлкен
рөл атқарды.
Олардың өмірден алған әсерлері мен
тәжірибесі нәтижесінде туындаған көркем кескіндемелері
мән-мағынасы жағынан өте қызықты.
Шығармада ең бастысы шебердің идеясы болып табылады. Идеясына жүгіне отырып
композициялық құрылымын, кейіпкерлер образын сомдайды.
Көрмеге қойылған туындылар әрқайсысы
өзіндік жазу мәнерімен ерекшеленеді. Суретші көрермендерге
негізгі ойын жеткізу мақсатында перспектива негіздері, ырғақ,
түстік шешім мен жарық, көлеңке ауысымдары секілді заңдылықтармен
қатар түрлі стильдерді қолданылады. Көпшілікке
есімдері танымал және шығармашылығы
қызуғышылық танытатын суретшілер: Ә. Кастеев, С.
Айтбаев, С. Мәмбеев, Г. Исмаилова, А. Ғалымбаева, П. Зальцман, Ж.
Шарденов, К. Муллашев, Ә. Сыдыхан, А. Аканаев және т.б.
тұлғалардың кескіндемелері көрермендер назарына
ұсынылған. Солардың ішінде Ә. Кастеевтің
«Жайлау», «Шалкөдегі жазғы жайылым» атты сулы бояумен
орындалған қайтатумас туындыларына көңіл аударғым
келеді. «Жайлау» кескіндемесінде тау бөктеріндегі жайылып жүрген
қойлардың көрінісі бейнеленген. Туындының шеткі сол
бөлігінде отырған шопан мен қарама-қарсы
жағындағы кейіпкерлердің композициялық
орналастырылуында кеңістік пен ауаны сезінеміз. Жоғары
көтерілген жоталардың сызықтары мен шырша
ағаштарының пішіндері, тау жиектері, сарқырама
бұлақтың жағалауындағы үйлер,
адамдардың бейнелеуінде перспектива заңдылықтары
сақталғанын байқаймыз. Акварельді бояулардың
түстері қанық, реңктер түзілімі жылы болып
келеді. Суретшінің (палитрасы белгілі бір түстер қосындысы)
қоңыр, жасыл, көкшіл, күлгін түстерінің
үйлесімділігінен құралған. Ал, «Шалкөдегі
жазғы жайылым» туындысы бұрын кітаптардың беттерінде
басылмаған, тек көрме экспонатында ғана кездестіруге болатын
ерекше жұмыс. Бұл шығармада да ауыл тынысын, күнделікті
тіршілігін көреміз. Табиғат аясындағы жайлау бейнесі.
Ә. Кастеев табиғатты, ауылды жан жүрегінен туындаған
махаббатпен суреттегені оның кішкентай біртумаларынан сезінуге
болады.«Ә. Кастеевтің ұлылығы оның көркем
суретті оқып – үйренуге өз бетімен, өз бағытымен
жетуінде емес, «ресми пайымдауға» суреткер ретінде тұтас та
терең бейнелер жасай отырып шекесінен шерткізбей, ақылгөй,
философ ұстамында шығыстық бекзаттықпен, ақша
қардың сықырынан, таза ауаның хош иісінен аптап ыстық
күннен тараған ызыңқы сегерлік, сезімтал
нәзіктікпен қалып қоюында»- деген суретші туралы
айтылған оймен келісеміз[1].Өйткені, қандай да бір туындысын
алып қарастырсақ та туған жеріне деген сүйіспеншілігі,
ықыласы, ауылдың адамдарының бейнелері мен күнделікті
өмір тіршілігінін сюжеттері көңіліңді бірден баурап
алады куйбің тіршілікке толы өмірлерінің кескіндемеде
айқындап отырды.Кеңес үкіметі кезіндегі Қазақстан
бейнелеу өнерінің өкілдері А. Ғалымбаева, Г. Исмаилова,
С. Мәмбеев, П. Зальцман кескіндемелері жоғары шеберлігімен,
эстетикалы поэтикасымен таң қалдырары хақ.
Тағдырдың таңдаулы қызына өнердің
құдіретін жаратқанның өзі сыйлаған. Онда да
тек кенепке жағар көп бояуды ғана емес, күй
көкірек тыныстар кең дүние – айналасын да әдемі жаратқан.
Табиғат әлемі, мәдени мұралар мен өнер
түрлері барлығы адамның рухани дүниесін байытып, ой
бейнесін тудырып оның көңіл күйін, сезімін оятып,
көркемдік талғамы мен танымдық көзқарасын
дамытып, қоршаған орта өміріне бейімдейді. Сөйтіп
мәдениет астары көркем педагогикалық білім, тәрбие
тәсілдерін жүйелеуге мүмкіндік береді. Сондықтан
өнерде логикалық құрылымдар емес саналы-сезімдік,
көркем-образдық бейне түзілімдері негізгі танымдық
өріс болып табиғи тұрғыда қалыптасады.
Өнердің өзі «болмыстың қолдан шекіп соққан
қалыбы» дейтініміз де сондықтан. Ал, Айша Ғалымбаева өз
әлемінің сол болмысын жүректің жылуымен әлдилеп,
шекімей-шертпей аялап, оны күншуақ пен көлеңкенің
нұр сәулесі тұнған алуан түстерден
дестелейді.Айша Ғалымбаеваның көркем полотноларындағы
образдар жүрек жылуын жер бетіндегі барша тіршілікке сыйлап
тұрғандай. Ал Айшаның болмыс бітімі, жылы жүзді
көзқарас, биязы, жұмсақ үні мен жылы сөзі
адамдардың осынау жарық дүниеге деген
құштарлығын оятады. Оның бейнелеу өнеріндегі
образдарының мейрімі, іңкәрлігі мен ерекше сомдалуы кім де
кімнің жан дүниесіне шаттық пен жарасымдылықтың
сазды әуенін сыйлайды. Өнер мен білімге деген сүйіспеншілік
өмірге бейімдеп, адамның өмір сүру салтының
мәнін, оның рухани мүмкіндіктері арқылы
толықтырып отырады. Адам өз бойына біткен құдіретті
сананың күшімен әлемнің сырлы бейнесін ой бейнесіне
ендіріп, өмір мәнін түсінуге ұғынуға
талпынады. Әрине мұндай талпыныс шығармашылық
қиялды тудырады. Шығармашылық қиял санадағы ой
бейнесін көркем-образдық бейнеге айналдыруға мүмкіндік
береді. Шығармашылық процестегі мұндай
сезімдік-логикалық реттілік рухани тәрбие тәсілдерін іріктеуге
мүмкіндік туғызады. Рухани тәрбие оқушы жан
дүниесін елітіп, ақыл ойы мен сана-сезімін нұрландырады.
Затында адам санасында әр нәрсе материалдық та,
руханилықта бейнелі болуы мәнді. Бұл бейнелеу
өнеріндегі, жалпы барлық өнер түрлеріндегі бейнелілік
сипатқа тән және ол кескіндік, тұлғалық
көркем-образдық әдіс-тәсілдер жүйесін
қалыптастыруға мүмкіндік береді. Ол бейнелі санаға
тәуелді. Адам өз өмірін әлемді бейнелі
қабылдаудан бастайды Сөйтіп ол адамның өмірлік
бағдарын саналылыққа, мәнділікке уағыздап,
түрлі танымдық мәселелерді ой елегінен өткізуге, оны
өмірде сапалы қолдануға көмек береді, түпкілікті
жағымды ойға жетелейді, педагогикалық мәдениет,
әдеп және педагогикалық шеберлік кеңістігіне бойлап
білім мен тәрбиенің жаңа парадигмасын қалыптастырады.
Сондықтан мәдени және рухани мұралар мен көркем
өнер арқылы тәрбиелеуде интеллектуалдық
мәдениетті дамыту философиялық ой-тұжырымдар арқылы
іске асады. Осы себепті қазіргі жаһандану дәуірінде
білімнің философиялық мазмұнын жас ұрпаққа
проблемалық – қызметтік әдістемелер қолданып
үйрету көзделуде. Барлық көркем білім салаларында
рухани мәдениет, көркем өнер көздері мен олардың
философиялық мәнін ашып көрсету арқылы оқыту
ең сапалы біліммен қамтамасыз етеді. Мұнда рухани құндылықтар мен
мәдени мұралардың, өнер түрлерінің
саналы-сезімдік, философиялық үлгілік мәнімен таныстыру басты
орынды иленеді. Мысалы, өнер туындыларының философиялық
мән-мағынасын талдап, ашып көрсету, оны оқушылардың
өз мүмкіндіктерінше интеллектуалдық тұрғыда
жүйелі талдап тұжырымдаулары т.б. Философиялық
ой-тұжырым мазмұны қоршаған орта әлемінен
мән тауып, оны өз өмір салтында, қызметінде
қолдануға талпыну т.б. болып табылады. Дж.Дьюи
философиясындағы адамның қоршаған ортамен
үзіліссіз өзара әрекет тәжірибесі туралы өмірлік
идеясы, осы көрсетілген тұжырымдар мәнін
анықтауға көмектеседі.
Оның
философиялық зерттеулері педагогиканы одан әрі дамытуда
маңызды болған, «ойлау актісі мен оқыту процесінің
сәйкестігі» туралы ойын тұжырымдау мен негіздеуге мүмкіндік
береді [1, с.186].Бейнелеу өнерін оқытуда оқушының
шығармашылық жұмыс орындау творчестволық процесі мен
оқытудағы оқушы мен мұғалім арасындағы
педагогикалық процесс кезеңдерінің сәйкестігі
ұтымды нәтижеге жеткізеді.
Сондайда егер сәті
түсе қалса қыл қаламның ұшынан алуан
бояудың сан түрлі түсі – даналықтың
даралығы танылады. Оны өткен ғасырлардың арманшылдары
қиялдаған. Онда суретшінің қолынан келмейтіні болмайды,
қиялдың өзі тіріліп, сізбенен сырласа бастайды.Айша
Ғалымбаева тумысынан кескіндемеші, дүниенің бар келбетін
айнытпай айқын көреді. Айналасын қоршаған
қарапайым өмірдің өзін өңін өзгертпей
көру – саналуан түрдегі сансыз заттардың атауының
өзінен де көп кескіні мен келбетін, сұлбасы мен сымбатын,
қызығы мен қылығын танып көре білу
дегеніңіздің өзі жаратқанның тек сүйген
құлына сыйлаған ерекше дарыны.Сонау жастық
шағының өзінде Айша Ғалымбаева баяндаумен қатар
(Шопан. 1949) арманшылдыққа бой ұрды (Менің аулам.
1949). Есейе келе суретшінің көкірек көзін кеңістік пен
адамның, барша тірлік дүниесінің бірімен бірі, өзді
өзі сырласуы, аралас-құраласы, толқымалы тынысы
тәнті ететін болды. Сондықтан да ол кейде, сол сәтте
өзге «кейіпкерлермен» тіл қатысуға қабілетті
бірді-екілі кескіндерді ғана бөліп көрсетеді. Бірақ,
нақты айқындалған тұсы тұтастықтың
жасырын толымды тұлғасына сілтеме жасайды. Сондықтан да
образдың бейнеленуі шексіз, алайда соның өзі сізге картинадан
тыс қалған әлемнің сыры мен мәнін
түсіндіргісі келетін тәрізді. Театр мен киноның талантты
суретшілері А. Ғалымбаева мен Г. Исмаилова туындыларын ұлттық
нақышта бейнелейді. Галереяда Г. Исмаилованың
«Құлпырған гүлдер», «Актриса Нұралиеваның
портреті» атты полотналары, А.Ғалымбаеваның «Автопортреті»
көрмеде ерекше орын алады. 1943 жылы Алматыға Ленинградтан келген
П. Зальцманның «Шопандар», «Кілемшілер» атты жұмыстарында
адамдардың психологиялық портреттерін қызықтауға
болады. Оның басты тақырыптары өмірдегі қарапайым
халық, әсіресе статикалы орналасқан бейнелердің
бет-келбеттерінен көңіл-күйді, олардың өмірге
деген көзқарасын жеткізуге үлкен көңіл
бөледі. Осы кезеңдегі суретшілерге тән
қасиеттерінің бірі - өздерін қоршаған орта мен
халықтың тұрмыс салтын, адамдардың мінезі мен бет
әлпеттерінің өзгешіліктерін қапысыз аңғару
арқылы,өздерінің әсем сезімдерін неғұрлым
дәл бейнелеуеді.[2].Ұлы классик шеберлердің ізбасушылары
қазіргі замандағы жеріміздің талантты кескіндемешілері: А.
Аканаев, С.Смағұлов, А.Бегалин, Ғ.Қаржасов, Ә.
Сыдыхан, Ж. Кәкенұлының көркем туындылары
көңілге дөп басады. Кескіндемешілердің
шығармашылығында XX ғасырдағы Еуропада
қарқын дамыған бағыттарда жасаған
тәжірибелерін байқаймыз.Импрессионизм, кубизм, абстракционизм,
сюрреализм мен реализм, символизм мәнерінде орындалған туындылар
ерекше сезімдерге бөлейді. Өнер жолы – қиын жол. Әр
суретші тек өзіне тән бейнелеу тілін, мәнерін іздеумен
күн демей, түн демей шеберханасында жұмыс істейді. Санасына
ұялаған ойын көркем тілде жеткізуге ұмтылады.
Мысалға,А. Аканаев, С. Кәрібай, Ә.Сыдыханның
кескіндемелерін қарастырсақ, олардың алуан түрлі
тақырыптарда бірнеше стильде бейнеленгенін көруге болады.Кәсіби
білім алып, осы сала бойынша мамандасбаса да, әуесқой мүсінші
С. Ишановтың қабілет-қарымы зор. «Шардағы қыз»,
«Ат», «Бақыт», «Ойлану», «Данатэя», «Гимнастика», «Арқар»
сияқты ағаштан жасалған мүсіндерінен тума талантты
адамның қабілеті сезіледі. Жануарлардың бейнелері
стилизацияланған, пішіндері динамикалы, пластикалы орындалу жағынан
өте қызықты. Бұл С. Ишановтың сезімталдық
қасиетінің ерекшелігі мен табиғаттан берілген таланттың
күшінде деп түсінеміз. Кескіндемеші А.Бегалиннің «Оберона
башнясы», «Бейбарыс», «Аққан жұлдыз» шығармаларынан
аллегориялық терең мағынаны ұғынамыз.
Қарағанды қаласының профессоры Жүрсін Балкенов
суретшінің туындыларын «А.Қ Бегалин шығармасында
дәстүрлі жақсылық пен жамандық, күн мен
түннің күресі, моральдық-этикалық мәселелер
негізінде, мифологиялық шеңберде қарастыра отырып,
күрделі фәлсапалық мәселелерді шешуде өзіндік
бейнелеу тілін қарастырады»-деп суреттейді[3]. Ал, біздің
пайымдауымызша оның жұмыстары атақты нидерландық
Иероним Босхтің жазу мәнеріне ұқсас болып келеді.
Әсіресе, қиялынан туындаған өсімдіктер мен жануарлар
бейнелерін күрделі композициялық құрылымында
фантасмагориялық ой-астарымен бейнелегенінен байқаймыз.
Көрмеде, сонымен қатар, Ақанаевтар отбасының
шығармашылығын тамашалауға болады. Мысалы, Амандос
Аканаевтің «Тумандағы ат» атты шығармасына назар
аударайық. Туындыны сағаттап тыныштықта
қызықтауға болады. Тіпті қанша уақытын кеткенін
де сезбеуіңіз мүмкін. Күлгін, көкшіл мен ақ
түстердің түрлі реңктері медитациялық
сабырлық сезімдерін сыйлайды. Көз алдында туманнан бері қарай
көрінген жылқы бейнесі. Ақындар, жазушылар
тұлпардың жүйріктігін, беріктігін ғасырлар бойы
өлең шумақтарында мадақтап келетін болса, суретші
жұмысында оның керемет сұлулығын, нәзіктігін
сомдайды. Кескіндемеде жылқы – жердегі періште, аяннан гөрі елеске
ұқсайтын бейне.«Қазіргі заманғы өнер»
галереясында Шымкент, Павлодар, Қарағанды, Астана
суретшілерінің туындыларымен қатар «Тюрксой»
қоғамының ұйымдастыруымен көрме өткізіліп
жатыр. Тюрксой – әлемде бірінші рет болатын түрік
халықтарының бейнелеу өнерінің мұражайын
құруды мақсат тұтады. Тәуелсіздік сарайында
өтіп жатқан көрмеде Киргизия, Әзербайжан,
Қазақстан суретшілері: П. Кишкис, И. Раков, Г. Тельғазиева,
Сектай, Т.Мажитова, А. Есимова және т.б
шеберлердің
қиялынан
туындаған абстрактілі шығармаларын
көріп машықтанып әбден өнер туындысына
қызыға қарап, қызықтауға
болады.«Әрбір туынды – ол бір әлем» дегендей көрмеге
қойылған шығармалардың философиялық
мағынасын бір мақалада ашып көрсету мүмкін емес. К.Г.
Юнг: «Шығармашылықпен айналысатын әрбір адам
жұмбақ, көптеген ғалымдар оның
құпиясын ашуға тырысқанымен, оны толық
қанды біле алмас»-деген сөздерімен келіспеуге болмас,
сондықтан көрермендерді біртума туындыларымен көзбе-көз
танысып өзіндік әсер алуға өнер әлеміне
шақырамыз.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Қастеев Ә., «Өнер» баспасы,2004.
Байтұрсын Өмірбеков (9-бет) Алматы,2005ж
2.Әлемдік өнертану. Бейнелеу
өнері. Асылбекова А.М. (271-бет) Алматы,2007ж
3.Мәдени
мұра №26/27/ желтоқсан
2009ж. Жүрсін Балкенов (91)
4. Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның
материалдары.-Астана, ЕҰУ 2006. – Б. 167-170
5.Региональная
научно-практическая конференция. – Бийск, 22 января 2010. – С. 301-30
6.Болашақ
мамандардың кәсіптік құзырлығын
қалыптастыру: тәжірибе, проблемалар және перспективалар:
халықаралық ғылыми практикалық конференция
материалдары. – Көкшетау, 2009. – Б. 155-158.