Педагогические науки/5.Современные методы преподавания
Фил.ғ.к.
Сейсенбаева Ж.А.
Абай атындағы
Қазақ ұлттық педагогикалық университеті,
Казахстан
Білім
берудің жаңа моделін қалыптастырудың өзекті
мәселелері
Жаңа қазақстан қоғамында
жалпы құндылықтар негізінде интеллектуалды қоғам
қалыптастыру бағдары құрылуда. Интеллектуалды
қоғам құруда
білім берудің жаңа моделін қалыптастыру мәселесі ғалымдарды
толғандыруда. Білім мен
тәрбие осы мәселенің негізі ретінде білім беру ордаларында
отбасындағы толеранттық қарым-қатынасты
тәжірибесін қалыптастырады. Білім беру жүйесі азаматты
қалыптастыра отырып,
қоғамда саяси сфераның дамуына ықпал етеді.
Білім берудің мәдени-тәрбиелік қызметі арқылы
қоғамның рухани даму факторы әсер етеді.
Ұлттық құндылықтар арқылы жалпы
мәдениеттің қалыптасуына негіз болу болашақта
кез-келген кәсіби мамандықтың бағдары болары
анық, мәдени игілікті сақтап ұрпақтан
ұрпаққа жеткізіп,
адамның әлеуметтік мобильді жағдай жасауына әсер
ету.
Бүгінгі
жаңа Қазақстан жағдайындағы қоғам мен
мемлекеттің алдында тұрған
басымды өзекті мәселелерге әр адам мен жеке
тұлғаның заман талаптар негізінде жалпыадамзаттық
және ұлттық құндылықтарды, адамзат перзенті
қол жеткізген ғылым мен техника жетістіктері арқылы санасына
қалыптастыра отырып, өз ретінде қоғам
қажеттіліктерін халық игілігіне айналдыруда
шығармашылық пен
салауаттылық, адамгершілік пен парасаттылық қасиеттерін де
назар аудара отырып атқаруды басты мақсат етіп отыр.
Бүгінгі қоғамның жаңа
баспалдағында қоғамдық
құндылықтардың жаңа жүйесі қалыптасуда.
Тәрбиелеу мен оқытудың үздіксіз үрдісіне
жоғары адамгершілік, парасаттылыққа қол жеткізуді,
толенраттылықты жүзеге асыру республика көлемінде
барлық нысандағы білім ұйымдары атсалысуда. Баланың
тұлға ретінде қалыптасуы – өте күрделі процесс. Тұлға
туралы шынайы ғылыми тұжырым – ол адамның қалыптасуы
нақтылы әлеуметтік жағдайда іс-әрекетпен байланысты
болатындығында. Өскелең ұрпақты тәрбиелеуде
алға қойып отырған негізгі мақсаттардың бірі –
қоғамға пайдалы,мемлекетіміздің болашағы
үшін жан-жақты дамыған жеке тұлғаны
қалыптастыру. Бұл міндетті жүзеге асыру үшін
ұрпақ бойында парасаттылық пен адамгершілік,биік мәдени
деңгейі жүйелі қалыптасу үшін ұлттық
құндылыққа бағдарланған білім беру
үрдісіне негіздеу, жүйелеу интеллектуалды тұлғасы
қалыптасқан педагогтың қалыптасуын тікелей әсер
етеді. Білім мен тәрбиелік білім
қатарын ізгілендіріп, ұлттық
құндылықтарға негіздеу өнеге беру аса жауапты
міндеттердің қатарына жатады.
Білім берудің жаңа моделіне өту жағдайында
және тәрбиенің білім беру үдерісіндегі
рөлінің өсуіне байланысыты білім мазмұнын
қайта бағдарлау даму заңдылығы болып табылады.
Қазір білім беру үдерісінде жеке тұлғаның
рухани-адамгершілік дамуына үлкен мән беріліп отыруына орай,
адамгершілікке тәрбиелеу мен рухани жағынан
қалыптасуы, интеллектуалды тұлға
қалыптастыру барлық білім үдерісінің
өзегі болып отыр.
Қоғам
дамуының үлкен бір саласы және ажырамас бөлігі болып
табылатын педагогика ғылымы көне дәуірден бүгінгі
заманға дейін өзінің қажеттілігі мен
маңыздылығын жоғалтқан емес. Құндылықтың
ұлттық мәдениеттің қалыптасуындағы
әлеуметтік-адамгершілік аспектісі педагогика ғылымында
кеңінен зерттелінген. Ірі этникалық бірлік ретінде қазақ
халқы бүгінгі тәуелсіздік алған кезінде тарихы мен
мәдениетін, жетістігін сипаттайтын үрдісті қайта
қарастыра бастады. Ұлттық құндылықтарды
қалыптастыру қазіргі кезеңдегі нақты әлеуметтік
үдеріс. Сондықтан бұл құндылықтардың
қандай механизмдермен қалыптасатынына, білім беру
бағдарламарында терең ұғындыру жайттарына көп
көңіл бөлінуі керек. Елбасы Н. Ә. Назарбаев
биылғы халыққа жолдауында білім беру жүйесін
жаңғырту барысында жасалынатын іс-шаралардың қатырын
нақтылай келіп, «Алтыншыдан, оқыту үдерісінің
тәрбиелік құрамдасын күшейту қажет.Олар -
патриотизм, мораль мен парасаттылық нормалары, ұлтаралық келісім
мен толеранттылық, тәннің де, жанның да дамуы,
заңға мойынұсынушылық.
Бұл құндылықтар, меншіктің қандай
түріне жататынына қарамастан, барлық оқу орындарында да
сіңірілуге тиіс», - деген болатын. Елбасы нақтылаған
қасиеттер білім алушы бойына ұлттық құндылықтардан
толық мағлұмат алып, білім нәрімен сусындағында
қалыптасатыныны анық.
Ұлттық құндылықтарға
бағдарланған білім беру бағдарында педагог
мамандығының ролі ерекше. Педагог– қоғамға білім
мен тәрбие негізін қалайтын тұлға. Осы мамандықты
оқып білім алған адам бойынан өз елін жерін сүйетін,
отан үшін қызмет ететін тұлға қасиеті
қамтылуы қажет. Ол үшін ол тарихы мен тілін, ұлт
философиясы мен мәдениетін, ұлт экономикасын, заңды сыйлап
құрметтеп, мойынұсынатын, ақпарттық біліммен
толық қамтылған маман болып қалыптасуы қажет.
Аталған бағдардағы білім негізі педагогтың
оқушыларды оны өз елінің патриоты етіп тәрбиеленуіне
мүмкіндік береді. Ол білім қатары бүгіндегі білім бағдарламаларындағы
тұлға тәрбиесіне өте қажет ететін негізгі
факторларды бір-бірімен тығыз байланыста қамтып, ұлттық
құндылықтарды ұғындыра отырып,
сүйіспеншілік оятуға негіз болуы шарт. Ұлттық
құндылық сапаларының мағынасын ашу
қажеттігі ғылым үшін де, ұрпақтар
сабақтастығы мақсатында ұлттық
тәрбиенің тереңіне бойлау үшін де маңызды.
Құндылық -
қоғамдық сананың барлық формаларын, рухани өндірістің
барлық салаларын біріктіретін қоғамдық
мәдениеттің негізгі өзегі. Ол жалпыадамзаттық
триадага - «жақсылық, ақиқат шындық,
сұлулыққа» сәйкес келетін,
әрі адам үшін ерекше мәнді қасиет.
Болашақ маманның ұлттық
құндылықтарға бағдарланған
тұлғасын қалыптастыру мақсатында болашақ
мұғалімдердің интеллектуалды әлеуетін
қалыптастыру үшін білім беру жүйесіне ендірудің қажеттігін
байқаймыз.
Тұлғаны мәдениетке тарту алдымен жеке
құндылықтар жүйесін қалыптастыру үрдісі
болып табылады. Мәдениетті меңгеру үрдісінде индивид тұлға
болып қалыптасады, тұлға адам ретінде қасиеттер
жиынтығынан тұратындықтан, оған қоғамда
оның толық қанды мүшесі ретінде өмір
сүруге, басқа адамдармен әрекеттесуге, мәдениетті
өндіру бойынша іс-әрекетін жүзеге асыруға
мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы»
Заңында ұлттық және жалпыадамзаттық
құндылықтар, ғылым мен практиканың жетістіктері
негізінде жеке тұлғаны қалыптастыру және дамыту
үшін қажетті жағдайлар жасау, жаңа
жағдайларға сай қоғамдық өмірдің
барлық саласында ұлттық және дүниежүзілік
құндылықтарды қабылдауға қабілетті, рухани
адамгершілігі, биік талғам мүмкіндігі мол көпмәдени
тұлғаны қалыптастыру білім беру жүйесінің басты
мақсаты деп атап көрсетілген.
Көпмәдени тұлға - бедерлі тарихи сана
иесі. Нақ осы тарихи сана этникалық та, жалпымемлекеттік те сананың
негізі болып табылады. Ұлттық менталитетті,
этностың мыңдаған жылдарында қалыптасқан
аңыздарды, нышандарды, бейнелерді, ұғымдарды тек халық
тарихын білу арқылы ғана тануға болады.
Аталған ойлар
мен басқа тұжырымдарды қорытындылай келе біздің ойымызша
бүгінгі педагогикалық және психологиялық зерттеулер мен
тәжірибелердің жалпы бағыты жеке тұлғаның
бойындағы ерекше қасиеттерінің ашылып, өз ретінде
оның тарихи тәжірибелерді ой-санасынан өткізіп, болашақ
қоғамның дамуы мен өркендеуіне барлық күш
жігерін арнауына жұмсалғаны шарт.
Интеллектуалды қоғам
қалыптастырудағы білім ордаларының соның ішінде педагог
дайындайтын білім ошақтарының бағдарламаларында
төмендегідей нақты мақсаттар негізделуі қажет:
- Ұлттық құндылықтар
негізінде педагогтың тәрбиесі мен білімін интеллекуалды
әлеуетін дамытудағы маңызының айқындалуы;
- ұлттық құндылықтар
арқылы болашақ педагогтың интеллектуалды тұлғасын
қалыптастырудағы жоғары оқу орындарының
мүмкіндіктері айқындалуы;
- ұлттық
құндылықтарға негізделген интеграцияланған модульдік
кустың бағдарламасы мен тұжырымдаманың дайындалуы;
- ұлттық құндылықтарға
бағдарланған бағдарламаларға негіздеген ҚР
педагог мамандарды дайындауға қажетті оқу-әдістемелік
құралдардың дайындалуы.
Жеке
тұлғаның өзін -өзі іс жүзінде
көрсетуі мен ары қарай дамуына ықпал етуде білім беру
ұйымдары жағдайында жастар мен балалардың
танымдық қызығушылығын, олардың
шығармашылық қабілеттерін, жалпы білімге икемділігін, білім
алу дағдыларын барынша дамыту бейімділігін
қалыптастыру мәселелері жоғарыда ұсынылған
мақсатқа негіздеу тұлғалық қасиетін
қалыптастырады.
Бүгінгі
таңда елімізде ғылыми зерттеу жұмыстары ұлттың
интеллектуалды әлеуетін қалыптастыруға, адам ресурстарын
дамытуға қойылған мақсат-міндеттерге,
заңдық-нормативтік құжаттарға негізінде,
бағдарламалар, мемлекеттік бағдарламалар, тұжырымдамалар
сәйкес жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда: Қазақстан
Республикасының Конституциясы, Қазақстан
Республикасының Президенті, Ұлт лидері Н. Ә.
Назарбаевтың халыққа жасаған жолдаулары,
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы,
Қазақстан Республикасының «Ғылым туралы» заңы,
Қазақстан Республикасының 2010-2020 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасы, адам капиталын және білім
беру бағдарын дамытуға байланысты
концептуальды-бағдарламалық құжаттар қатары. Аталмыш
құжаттар қоғамның интеллектуалды деңгейін
дамытуға бағытталып, халықтың болашағын ілгері
дамытуға бағытталған.
Батыста, Европада
және Шығыста, Азияда тұратын адамдар арасында белгілі
айырмашылықтар бар. Бұл даусыз, дәлелдеуді қажет
қылмайтын нәрсе. Айқын
деректерде негізделген көптеген ғылыми зерттеулер
тұлғаны қалыптастыру процесінің ерекшеліктері,
оның әлеуметтік даму ортасымен, ұлтымен,
тәрбиесінің отбасылық бастауларымен байланыстырады.
Оқу-тәрбие
үдерісіне ұлттық құндылықтарға
бағдарланған білім беру мәслелерін қарастырғанда
алыс-жақын шетелдегі яғни Ресей,Татарстан, Башкортстан және
Турция елдеріндегі тарихи, мәдени, гуманитарлық
байланыстардағы ортақ құндылықтарды білім беруде
пайдалану тәжірибелер қатары қызықтырды. Халықаралық
тәжірибені талдау нәтижесі Еуропа, ТМД, Америка, Жапония,
Қытай, Индия және Турция елдерінде білім бағдарын
өз ұлттарының құндылықтарының білім
бағдарында жастар тәрбиесіне негіздей іске асыру мен әзірлеудің әртүрлі
тәсілдерінің бар екендігі туралы көрсетті.
Барлық елдерде жастар
саясатының басты мақсаты жастардың қоғамда
шиеленіссіз ықпалдасуы мен өзін-өзі дамытуын
арттыруға ықпал ету болып табылады.
Шығыстағы
ағартушылық бағдарлама мен идеология әрқашан
адамзаттық адамгершілік құндылықтар мұраттармен
басшылық жасайтын тұлғаны қалыптастыруға
бағытталған. Аталмыш елдердегі жоғары
оқу орындарында педагог дайындаудағы оқу-тәрбие
үдерісіне, оқу бағдарламасына назар аудару себебіміз.
Осыған орай ұлттық
құндылықтарға бағдарланаған оқыту
жүйесінің интенсификациялық моделінің ерекше белгілеріне
төмендегідей алғышарттарды жатқызамыз:
-
білім мазмұнын тереңдету барысында ұлттық
құндылықтарға бағытталған қарапайым
тақырыптан жалпы құндылықтардың
заңдылықтарына ұласқан генерализациялық
үрдістің қалыптасуы;
-
білім алушының жалпы дамуын қамтамасыз ететін
білім мазмұнын автоматты түрде қабылдауға жол ашып,
мақсатсыз көп тапсырмалардан арылуға мүмкіндік
туғызып, ізденімпаздыққа, өзіндік білім алуға
баулу;
-
білім алу мерзімін оқу стандарттарын сақтай
отырып интеллектуалды тұрғыды тұлға қалыптастырудың
бағдарламасын ендіру;
-
ұлттық құндылықтарға
бағдарланаған бағдарламаны ендіруде білім алушылардың
білім дағдыларын олардың денсаулықтары мен психикалық
жүктемелерінің қалыпты жағдайда сақталуын
қамтамасыз ету;
Біздің ойымызша аталған осы
ұсынылып отырған педагогикалық
шарттар діттеген мақсатына жеткен уақытта, жас өскіннің
білім мазмұнын өзіндік ізденімпаздықпен байланыстыруға,
сапалы меңгеруіне, білім дағдысын қалыптастыру барысында
оқу жүктемелері мен оқу бағдарламаларының ұлттық
құндылықтарға негіздей толық қамтылуы орын
алады. Бұл педагогикалық процесс ғылыми талаптар негізінде
жүйелі тұрғыда бақылауға алынып, сарапталынып
отыруы шарт.
Жас
ұрпаққа білім мен тәрбие беретін оқу орындарына
қойылатын талап – тәуелсіз еліміздің азаматын тәрбиелеу,
жастардың ұлттық сана-сезімін ояту, ұлттық
мәдениетке деген сүйіспеншілік көзқарастарын
қалыптастыру.
Резюме
В данной статье
рассматриваются основные вопросы формирования новой модели образования.
Summary
This article
discusses the basic questions about the formation of a new model of education.