Шаяхметова М.Н., Медиева
С.Х., Қабыкен Қ.
Е.А.Бөкетов атындағы
Қарағанды мемлекеттік университеті
Жоғары оқу
орындарында студенттерді болашақ мамандыққа даярлау үрдісінде
интернетмүмкіндіктерін қолдану
Резюме
В содержании данной статьи авторами раскрыта проблема использования
возможностей интернет в процессе подготовки будущих специалистов в высшем
учебном заведении. В соответствии с современными преобразованиями в системе
образования и требованиями к подготовке конкурентоспособного специалиста,
обоснована эффективность информационных технологий обучения как основы
формирования интелектуального и творческого уровня студентов.
Қазақстан Республикасының ақпараттық
технологиялар саласында барынша құлаш жайып дамуы ең алдымен
тәуелсіздік жылдарымен тұспа-тұс келеді. Қоғамның
қазіргі заманғы даму кезеңінде ғылымның және
білім берудің дамуы әлеуметтік- экономикалық жүйенің
бәсекелі маманды даярлау жағдайында алдыңғы қатарлы
мемлекеттің санына енуіне ықпал етті. Барлық салаларда ақпараттық
технологиялардың, қолданбалы бағдарламалар түрлерінің
кеңінен қолданылауы әрине нәтижеге өз ықпалын
тигізіп отыр.
Осы ақпараттық технологиялардың
арасынан барлық қолданушылар арасында кең қолданыс тапқан
Интернет мүмкіндіктерін атауға болады. Интернет мүмкіндіктерінің
кеңінен таралуы сонша, Интернет көзі барлық мекемелерде, барлық жоғары және
арнайы орта білім мекемелерінде, жалпы білім беру мекемелерінде т.б. орнатылған.
Арнайы статистикалық мәліметтерге сүйенсек Қазақстан
Республикасының тұрғындарының 81% Интернет қызметіне
жүгінсе, 42% тұрғындар өзінің тұрғылықты
үйінде Интернет қызметіне қосылған екен. Бүгінгі
таңда Интернет мүмкіндіктерінің одан әрі дамуы жоғары
оқу орындарында да өзінің жетістіктерін беріп келеді [1].
Жоғары оқу орындарында барлық мамандықтарда
оқытылатын Информатика пәнінде бүгінде «Интернет және
оның мүмкіндіктері», «Электронды пошта және оның қызметі»
тақырыптары арнайы қосылған. Яғни, бұл келешекте
барлық адамдар дербес компьютер мен оның мүмкіндіктерін, оның
ішінде Интернет мүмкіндіктерін өз алдына қолдана алады
дегенді білдіреді. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың
2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес
прогрессивті технологияларды жәнеоқыту жүйелерін жасау және
енгізу жоғары білім берудің даму шарттарының ажырамас бөлігі
болып табылады [2].
Осыған орай келешектің білікті маманы болып
табылатын бүгінгі студенттерді қоғам салаларында сапалы еңбек
ететін қызметкерлер етіп даярлау еліміздегі барлық жоғары оқу
орындары алдына қойылған мақсат. 2008 жылғы Мемлекет
басшысының Қазақстан халқына «Қазақстан халқының
әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты»
атты Жолдауында «Білім беру саласының басты міндеті - 2010 жылға
дейінгі білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны
орындай отырып, осы саланың сапалы қызмет көрсету аясын кеңейту»
- деп атап көрсетуі де білімнің біздің ел үшін маңыздылығын
танытады. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында
адамдардың білім алуға, Конституциялық құқығын
қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік
саясат принциптерінің бірі - білім беру жүйесін
дамытудың басымдығы және оқыту мен тәрбиенің
бірлігі көрсетілген және Қазақстан
Республикасында білім беру жүйесінің міндеттерінің бірі
ретінде ұлттық және жалпы адамзаттық
құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде
жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік
шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті
жағдайлар жасау анықталған. Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030»
стратегиялық бағдарламасына сәйкес тәуелсіз мемлекеттің
қалыптасу процесіне, оның экономикасының нарықтық
қатынастарға ауысуына байланысты оның білім беру жүйесі
де түбегейлі өзгерістерге ұшырайды.
Ақпараттық технологиялар дамуының
белсенділігің, бүкіл әлемдік желі Интернет мүмкіндіктерінің
артуы мен олардың қоғам салаларына тереңінен енуі дайын
өнімдерді жеңілдетудің сапалы дамуын талап етеді. Осы орайда
барлық жоғары оқу орындарында бүгінде арнайы студенттер
қолданысы үшін ашылқан Интернет залдардың жұмыс
істеуін атауға болады. Егер Кеңес Үкіметі кезінде мектеп оқушыларын
атамағанда ересек адамдар үшін мұндай мүмкіндіктің
болмағандығын есепке алсақ, бүгінгі күнгі жағдай
әрине Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі арқасында
қол жеткізілгендігін мақтан ете аламыз. Бүгінде тіпті арнайы
ақпараттық технологиялар салаларына дайындайтын мамандықтарда
(Информатика, Ақпараттық жүйелер, Механика, Ақпараттық
жүйелерді аутоматтандыру т.б.) Интернет желісін оқытатын пәндер
де бар:
·
Компьютерлік желілер;
·
Интернет;
·
Компьютерлік желілерде қорғау;
·
Webтехнологиялар;
·
Web дизайн т.б.
Енді осы пәндерге бойынша қарастырылған
оқыту түрлеріне талдау жасап қарасақ:
·
5N060200-информатика
мамандығындағы «Компьютерлік желілер» пәні бойынша
лабораториялық сабақтар, СӨЖ, СОӨЖ.
·
5N011100-информатика
мамандығындағы «Компьютерлік желілер» пәні бойынша дәріс,
лабораториялық сабақтар, СӨЖ.
·
050602–информатика, 050111-информатика
мамандықтарында «Web технологиялар» пәні бойынша дәріс,
лабораториялық сабақтар, СӨЖ.
·
050602 – информатика, 050111- информатика
мамандықтарында «Web дизайн» пәндері бойынша дәріс,
лабораториялық сабақтар, СӨЖ.
Қолданушылар арасында кең қолданысқа
ие болған сайттар бүгінде бірмезетте бірнеше қолданушыға
сұраныстары бойынша жауап бере алады:
·
www.google.kzт.б.
Қазіргі таңда еліміздегі жоғары оқу
орындарында кәсіби мамандар даярлау үрдісінде айтарлықтай өзгерістер
орын алды. Олардың арасынан оқу үрдісінде қолданылатын
ақпараттық технологиялар туралы көптеген ақпараттарды ағымдық
басылым беттерінен, Интернет материалдарынан, ғылыми еңбектерден
кездестіруге болады. Ақпараттық технологиялардың даму қарқынының
артуына байланысты оқыту құралдары түрлері мен әдістері
де жетілдіріліп отыр [3].
Сонымен қатар қазір дистанциондық оқыту
түрі немесе қашықтықтан оқыту да кең құлаш
жайған. Жоғары оқу орындарының сырттай оқу бөлімдерінде
қолданылатын бұл оқыту түрі де Интернет мүмкіндігіне
жүгінеді. Бұл оқыту түрінің бірнеше ыңғайлылығы
бар:
-
біріншіден, студенттерге берілетін
тапсырмалар алдын ала жіберіледі;
-
екіншіден, студент пен жоғары оқу
орны арасында байланыс үзілмейді;
- үшіншіден, бекітілген оқыту кестесі бойынша
студент өз үйінде отырып байланысқа шығу арқылы
теориялық материалдарды алып, практикалық тапсырмаларды орындай
алады.
Бұл әрине басты басты деген жағы ғана,
осылармен бірге оқудың материалдық жағынан шығындарын
азайтуға да мүмкіндік бар. Яғни, жол қаражатын үнемдеу,
жұмыс орнынан демалыс алмау, моралдық тұрғыдан қарағанда
да өзіндік пайдасы көп. Сондықтан да бізге еліміздің тәуелсіздігімен
бірге келген ақпараттық технологиялар саласындағы, оның
ішінде Интернет саласындағы еркіндік, мүмкіндіктер, таңдау
барлық жағынан да өз тиімділігі мен пайдасын көрсетіп
отыр.
Жаңа технологиялардың оқыту процесіне
енгізілуін студенттің шығармашылық, интеллектуалды және
тәліми дамуын арттыру деп түсінген жөн. Компьютер мойнына
интеллектуалды ауыртпашылықтың жарым жартысын алған кезде қоғамда
бағдарламалардың үлесі жетілген деп айтуға болады.[4].
Қоғамның барлық салаларында ақпараттық
технологиялардың тереңінен енгізілуі кәсіби мамандардың
даярлығы жоғары болатындығын танытып отыр. Осындай шарттардың
барлығы жоғары оқу орындарында оқыту мазмұнына
сапа және деңгей бойынша қойылатын талаптарға ықпалын
тигізеді деп есептейміз.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1.
Есекеев К.Б., Нұрғалиева Г.Қ. Қазақстан
Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендету бағдарламасы
бойынша халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту жөніндегі
оқу-әдістемелік құрал. – Алматы: Ұлттық ақпараттандыру
орталығы, - 2007. – 136 с.
2.
Қазақстан Республикасында білім
беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
// www.zakon.kz
3.
Нұрашев Х., Бүркіт Н., Әжібеков
Қ., Асан Е. Компьютермен оқытудың негіздері // Информатика
негіздері. – 2005. – №6. - Б. 8-12.
4.
Катречко С.Л. Использование интеллектуальных систем при
принятии решений // Проблемы управления в
контексте гуманитарной культуры. - М.:
Университетский гуманитарный лицей, 1997.